Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Makro-mikro_ekonomika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
877.57 Кб
Скачать
  1. Экономикалық талдаудың түрлерін: макроэкономика және микроэкономиканы сипаттаңыз. Позитивті және нормативті талдауды түсіндіріңіз. Экономикалық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Экономикалық талдау тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады. Экономикалық талдаудың мәні, мазмұны және тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады: • кәсіпорын қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін жоғарлату; • еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының экономикалық тиімділігін анықтау; • өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін іздеу және қорды көтеруді анықтау; • кәсіпорын қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау; • жоспарлар және басқару шешімдерін орындауды бақылау; • кәсіпорынның ағымдағы және келешектегі қаржылық жағдайын анықтау. Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты. Экономикалық талдау мемлекеттілілік, ғылымилық, объективтілік, жүйелілік, кешенділік, жеделділік, пәрменділік, бұқарашылдық принциптеріне негізделген.

  1. Тұтыну бағалар индексі мен жіө дефляторына анықтама беріңіз, өзара айырмашылығын сипаттаңыз.

Елде инфляция деңгейлерін сипаттайтын жалпыға бірдей танылған статистикалық көрсеткіш тұтыну бағалар индексі (бұдан әрі – ТБИ) болып табылады. Халықаралық статистикалық тәжірибеде оның құрылысымен және оның ақпараттық ағындар негізінде әр түрлі мақсаттар үшін арналған бағалардың туынды және субагрегат индекстерін қалыптастыру қарастырылады. «Негізгі индекстің қасиеттерін түсіндіретін және кейбiр қолданушылар үшiн маңызды қызығушылық болып көрінетін дәйекті және тиімді болып табылатын қосымша индекстер жариялымы»

Агрегацияның жоғарғы деңгейлерінде жеке индекстің өлшенген мөлшерін бұдан әрі есептеу үшін ТБИ тізімінен тауар бойынша оны анықтау мына формула бойынша жүзеге асырылады:

мұнда,

– тауар бойынша бағалардың өлшенген өзгеруі;

есепті кезеңіндегі тауар бойынша бағалардың өзгеруі;

– базисті кезеңіндегі тауар салмағы (есепті жыл ішінде өзгермейтін өлшем).

ЖІӨ дефляторынан басқа бір индекс тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ) де аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Оның құрамына тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің бағалары кіреді. Бұл жерде тұтынушылық тауарлар мен қызметтер құрамының жиынын «тұтыну себеті» (потребительская корзина) деп атайды. Тұтыну себеті адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және олардың өмір сүруінің негізі болып табылатын бірінші қажеттіліктегі ең маңызды заттарды есепке алады. Мәселен, АҚШ-та ТБИ тұтыну себетінің құрамына кіретін 300-ден астам тауарлар мен қызметтердің бағаларын есепке алады. 

ТБИ-дың ЖІӨ дефляторынан басты айырмашылығы мынадан көрінеді, яғни ТБИ нарықтық тұтыну себетінің құрамын тұрақты, өзгермейді деп болжайды. Жылдан жылға тауарлар мен қызметтердің құрылымы өзгеріссіз қалады. Ал ЖІӨ дефляторы нарықтық тұтыну себетінің құрамы жылдан жылға өзгеріп отырады деп болжайды.

6.Жұмыссыздық түсінігі, түрлері мен деңгейіне анықтама беріңіз, ЖҰӨ-мен байланысын түсіндіріңіз. Жұмыссыздық — іскерлік белсенділіктің өзгеруімен бірге жүретін маңызды көрсеткіштердің бірі. Толық емес жұмысқа тартылу әлеуметтік ыза тудырады әрі үкімет өзінің макроэкономикалық саясатында толық жұмысқа тартылуға ұмтылады. Жұмыссыздық түрлері: Фрикциондық жұмыссыздық – бұл адамдардың жұмыс орнын ауыстыруымен немесе жаңа жұмыс орнын іздеуімен байланысты болатын жұмыссыздықтың түрі. Құрылымдық жұмыссыздық – бұл еңбекке деген сұраныс құрылымының еңбек ұсынысына сай келмеуінен пайда болатын жұмыссыздық түрі. Мұндай сәйкессіздік жұмысшылар мамандығының бір түріне сұраныстың жоғарылап, ал екінші түріне төмендеуінен, ұсыныстың мұндай өзгерістерге баяу бейімделуінен болады. Циклдік жұмыссыздық – бұл құлдырау кезеңімен байланысты пайда болатын жұмыссыздық түрі. Жұмысқа тартылғандар (E) мен жұмыссыздар (U) қосындысы елдің жұмыс күшін көрсетеді (L): L=E+U. Жұмыссыздық деңгейі (u) жұмыссыздар мөлшерінің (U) жұмысшы күшін (L.) көрсетуші адамдар қатынасымен есептеледі, ол пайыздық түрде сипаталады: и =(U/L)*100%. ЖІӨ шынайы көлемі, жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде туындаушы экономиканың өндірістік потенциалын анықтайды. Осылайша потенциалды ЖІӨ – бұл табиғи жұмыссыздық деңгейі шартында туындаған ЖІӨ. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі келесі формула бойынша есептеледі:

, Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне әсер ететін факторлар: а) демографиялық фактор; б) еңбекақының төменгі деңгейі; в) кәсіподақтардың әрекеттері. Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Оукен заңы бойынша  жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің  потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ  толық жұмыспен қамту  жағдайында  өндірілетін өнім.Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда. Еліміздегі жұмыссыздық экономикамыздағы өзектілігі жоғары мәселелердің бірі болып табылады. Соған сәйкес жұмыссыздық деңгейін төмендету жолында әр түрлі шаралар атқарылуда.Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 2010 жылы 5,8%-ды құрап, 2011 жылы 5,4%-ға дейін төмендеген, ал 2012 жылы 5,3% болса, 2013 жылы қаңтарға жұмыссыздық деңгейі 5,4%-ды құрап отыр. Елдегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі Қазақстан үшін экономикалық өсуге септігін тигізуде. Оның үстіне одан әрі жұмыссыздық деңгейін төмендету, яғни жұмысбастылықты көтеру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясаты жүзеге асырылуда. Оның бір дәлелі «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын орындау аясында 2016 жылға қарай -1,5 миллион адамды жұмыспен қамту қарастырылуда.

5.Инфляция түрлері мен есептеу әістеріне анықтама беріңіз, ҚР инфляция жағдайын сипаттаңыз. Инфляция — елдегі жалпы бағалар деңгейінің ұзақ және тұрақты өсуі. Осыдан тауармен қызметтің барлық түріне баға міндетті өспейді: бірқатар тауар түрлері өзгермейді тіпті төмендеуі де мүмкін. Бастысы инфляцияда жалпы немесе орташа баға деңгейі өседі. Маңыздысы инфляцияда баға өсуі тауар топтары бойынша біркелкі емес, яғни салыстырмалы бағалар секіріп, әртүрлі өзгереді. Инфляция келесі белгілер бойынша бөлінеді: 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің дәрежесіне байланысты: Ашық – нарықтық экономикаға тән еркін баға кезіндегі әрекет ететін инфляция. Жасырын – қатаң мемлекеттік реттеу кезінде әрекет ететін инфляция. Ол тауарлар мен қызметтер тапшылығынан байқалады. 2. Бағалардың өсу қарқынына байланысты: Тұрақты – жылдық қарқыны 10%-ға дейін болатын инфляция. Секірмелі – жылдық қарқыны 20-200%-ға дейін болатын инфляция. Гиперинфляция – жылдық қарқыны 200%-дан артық немесе айлық қарқыны 50%-дан асатын инфляция. 3. Алдын ала болжау дәрежесіне байланысты: Күтілетін инфляция әсерінен болатын жоғалтулардың алдын алуға немесе азайтуға мүмкіндік береді. Күтілмеген инфляция нақты табыстардың төмендеуіне және несие беруші мен алушының арасында табыстардың қайта бөлінуіне әкеледі. 4. Инфляцияны тудыратын факторларға байланысты: Сұраныс инфляциясы – жиынтық сұраныстың жиынтық ұсыныстан артық болатындағы инфляция. Шығындар инфляциясы – өнім бірлігіне кететін орташа шығындардың

Инфляцияға қарсы дефляция — бұл бағаның жалпы деңгейінің ұзақ, тұрақты төмендеуі. Инфляция қарқыны — бағаның жалпы деңгейінің өзгеру қарқыны. Инфляция деңгейі мына формуламен есептелінеді: ,

Тұтынушы баға индексін (ТБИ) тұтынушы тауарлары мен қызметтің стандартты қоржынын сатып алуға кеткен уақытпен өлшенеді. Бұл индексті қолдану арқылы инфляция қарқынын келесідей өлшеуге мына формула көмектеседі:

. Ин­фляциялық күту — инфляцияның болашақ қарқыны немесе болашақ деңгейі туралы нарық субьектілерінің көзқарастары.

Олар адаптивті және рационалды деп бөлінеді. Адаптивті инфляциялық күтулер мына формуламен анықталады:

Рационалды инфляциялық күту мына фомуламен анықталады:

Елімізде 2012 жылы инфляция деңгейі 0,7%-ды құрағады.

2013 жылы инфляция 0,3% деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,2% өсті. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,5%-ға өсті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]