- •Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы
- •Оқу құралы Алматы, 20!0
- •І тарау. Шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері Шағын жинақты бастауыш мектептің тарихы мен қазіргі жайы
- •Шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқыту барысын ұйымдастырудың ерекшелігі
- •Шжбм-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама
- •А) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ------------------------
- •Іі тарау. Шағын жинақты бастауыш мектеп оқушыларының білім, білік және дағдыларын меңгеру барысын ұйымдастыру шжбм-дегі математика сабағы, оның түрлері және олардың ерекшеліктері
- •Шжбм-тегі сабақтардың өзара үйлесуі
- •Математика мен қазақ тілі арасындағы байланыстар:
- •Математика мен дүниетану арасындағы байланыстар:
- •Шағын жинақты бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру
- •Өзіндік жұмыс, оның түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі
- •Шжбм жағдайында пәндерді оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін басқарудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары
- •Ііі тарау. Шағын жинақты бастауыш мектепте пәндерді оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар
- •1. Шағын комплектілі бастауыш сыныптардағы математикадан бағалау межесі
- •2. Әр пәндік және бір пәндік сабақ кестесінің үлгілері:
- •3. Шжбм-тегі қазақ тілі және математикадан сабақ жоспарларының үлгілері
- •Біріктірілген 1 және 2 сыныптардың күнделікті сабақ жоспары:
- •1** Ұйымдастыру кезеңі.
- •2** Өткен материалмен жұмыс
- •5. Оқу пәндерінен қолданылатын материалдар (Слайдтар түрінде)
- •Құзыреттілікке бағдарланған жағдаяттық тапсырмалар
- •1. Дыбыс пен әріп туралы алған біліміңді пайдалана отырып, жағдаяттан шығып көр.
- •Тіл дамыту тапсырмалары
- •Логикалық ойлау тапсырмалары
- •Ақпараттық ізденіс тапсырмалары
- •Шағын жинақты бастауыш мектептегі қазақ тілі сабақтарында сөз мағынасымен жұмыс істеу әдістемесі
- •2. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын жетілдіру жұмыстары бірнеше маңызды мәселелерді шешеді:
- •3. Бастауыш сыныпта сөз мағынасымен жұмыс 4 бағытта жүргізіледі:
- •4. Сөз таптарын оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс
- •5. Сөз тіркесін оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс
- •6. Сөйлемді оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс
- •Шағын жинақты бастауыш мектепте «мәтін» тақырыбын оқыту
- •5. Пайымдау мәтіні
- •6. «Мәтін» тақырыбы бойынша мынадай жаттығулар орындатылады:
- •7. Жаттығулар
- •2. Мәтін тақырыбы мен негізгі ойға сәйкес келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді қайта құр.
- •45. Мәтінді көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жазып, ондағы сөйлемдердің бір-бірімен қалай байланысып тұрғанын анықта.
- •5. Ағашқа мәтіннің бұдан басқа да белгілерін жаз.
- •Шағын жинақты бастауыш мектепте «есеп және оны шешу кезеңдері» тақырыбын оқыту әдістемесі (слайдтар түрінде)
- •2.Есептің түрлері
- •Жай есептің түрлері:
- •7. Бастауыш сыныптарда қарастырылатын құрама есептер
- •8. Есепті талдау үлгісі:
- •3. Көрнекіліктер
- •4. Есептеудің кестелік жағдайлары
- •5. Есептеудің ауызша жағдайлары
- •6. Жазбаша есептеулер
- •6. Тестің үлгілері:
- •Тестің келесі үлгісі:
- •6. Бақылау жұмысының үлгілері
- •7. Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын тапсырма түрлері:
- •2. Қазақтың ауызша есептері
- •3. Математикалық фокустар:
- •Пайдаланылған әдебиет тізімі
Шжбм-тегі сабақтардың өзара үйлесуі
Қоғамымызда болып жатқан саяси және әлеуметтік өзгерістер білім берудің негізгі сатысы ретінде бастауыш мектепке аса зор мән беріп отыр. Өйткені, бастауыш оқытудың негізгі көздейтін мақсаты - оқушыларды үздіксіз білім берудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сай жоғарғы сыныптарда ғылым негіздерін терең игеруге дайындығын мүмкіндігінше көтере түсу. Осыған орай, бастауыш мектептегі білім мазмұнын жетілдіре түсудің басты бағыттары айқындала түсуде. Сол бағыттардың бірі бастауыш буында орындалатын әр түрлі ғылым негіздерінің арасындағы үйлесімді жолдарын анықтауға келіп саяды. «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында» осы мәселеге, яғни «бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету» керектігіне ерекше мән берілген.
Жаңа мемлекеттік стандартқа сай дайындалған бастауыш мектеп бағдарламаларында “Пәнаралық байланыс” деген арнайы бөлім берілген. Математиканы оқыту үдерісінде балалардың білімі мен біліктерін, танымдық қабілеттерін дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. “Математика” курсының бағдарламасында: пәнаралық байланыс - “ғылымның әр түрлі салаларының арасында айқын шекара жоқ екендігі және олардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны туралы түсініктерді, сондай-ақ, дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруда табиғат құбылыстарының біртұтастығын, өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік туғызады” делінген. Сонда оқушының бір сабақта алған білімі, әсері, ойы, қиялы басқа пәнге келгенде тежеліп қалмай, ары қарай жалғасып, дами түседі, яғни бір пәннен басқа пәндерге көшудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
Математика мен қазақ тілі арасындағы байланыстар:
грамматикалық және математикалық ережелердің пайдаланылуы;
математикалық терминдер енгізу арқылы тіл байлығының арттырылуы;
сөйлем құрастыру барысында модельдеудің пайдаланылуы;
сөйлемдегі сөздер байланысының сызбасының көмегімен өрнектелуі;
сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамытылуы;
математикалық тілдің қалыптастырылуы. («Математика» бағдарламасы, 1-4-сыныптар).
Математика мен әдебиеттік оқу арасындағы байланыстар:
ортақ немесе дербес белгілерін салыстыру арқылы анықтау немесе ажырату;
халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер, ойын өлеңдердің және т.б. математика сабақтарында қолданылуы;
көркем шынармаларда сипатталатын ата-дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, үлгі-өнеге, тәлім тәрбиелік материалдарды математика мазмұнына сіңіру;
ауызша шығарылатын халықтық логикалық ежелгі есептердің мазмұнын сапалы түсіну;
Математика мен дүниетану арасындағы байланыстар:
өзіндік пікір айту және оны дәлелдеу, өз көзқарасын білдіру;
математикалық есептердің мазмұны арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтіру;
айналадағы дүниеден танып-білген, жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабағында қолдану;
еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, байлығын, шаруашылығының түрлерін, ғылым мен мәдениетін, табиғатын сипаттайтын фактілерді, деректерді, мәліметтерді және анықтағыш материалдарды пайдалану.
Математика мен бейнелеу өнерінің арасындағы байланыстар:
заттарды түсіне, пішініне, өлшеміне қарай салыстыру, теңестіру, кеңістік жайында түсінік қалыптастыру,;
кескіндеу,бейнелеу, безендіру, құрастыру жұмыстары барысында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.
Ұлттық ою-өрнектер мен таңбаларда геометриялық фигуралардың қолданылуы.
Математика мен еңбекке үйретудің арасындағы байланыстар:
баланың еңбекке дайын болуын, математикалық білімдерін өмірде, нақтылы жағдайларда практикалық мәселелерді шешу үшін пайдалана алуын қалыптастыру.
күнделікті өмірге және тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауда математикалық білім, білік, дағдылардың пайдаланылуы;
құрастыру және бұйым жасау жұмыстарында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.
Математика мен саздың арасындағы байланыс:
сазды әуен мен ырғақта матеметикалық дәлсіздіктің және сан мен үлестің пайдаланылуы;
нота сауатында математикалық білімнің пайдаланылуы;
саздық аспаптардың жасалуында және құрылымында математикалық білімнің пайдалануы;
халықтық ән, күй, би, айтыс және терминдерді математика мазмұнына сіңіру;
Математика мен дене тәрбиесінің арасындағы байланыстар:
баланың кеңістікті болжауы және сәйкес түсінікті пайдалануы;
уақыт аралығы жайындағы түсініктердің қалыптастырылуы;
баланың қимыл қозғалысындағы реттік тәртіп пен дәлдік;
қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы;
ШЖБМ-те пәндерді оқытуды жоспарлау
Математикадан оқу барысын жоспарлау оқу жоспары, оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар және оқулықтарда көрсетілген математикадан бағдарламалық материалдардың мазмұнымен анықталады.
Оқу жоспары негізінде күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасалады, онымен толық сәйкестікте белгілі бір тақырып бойынша математиканың әр сабағының жоспары дайындалады.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы төмендегідей болуы мүмкін:
Сабақтың тақырыбы мен типіне, сондай-ақ сол сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай сабақтың мақсаты мен міндеттері анықталады:
білімділік міндеттері: жаңа білімді меңгеру, білік және дағды қалыптастыру, бастауыш математика курсының материалдарын игеруге арналған өткенді қайталау, жүйелеу, жетілдіру, тереңдету, кеңейту және тиянақтау.
дамытушылық міндеттері: балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, есін, логикалық ойын; өзіндік, шығармашылық белсенділігін дамыту; бақылау, салыстыру, ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсете алу, талдау, жинақтау, жалпылау, абстрактілеу сияқты ой операцияларын орындай алу біліктерін дамыту; ауызша санау дағдыларын дамыту; дұрыс, нақты, логикалық математикалық тілді дамыту.
тәрбиелік міндеттері: оқытудың өмірмен, ғылымның практикамен байланысын нығайтуға мүмкіндік туғызатын ғылыми диалектикалық көзқарасты тәрбиелеу; математиканы оқып-үйренуге қызығушылықты арттыру, пәнге сүйіспеншілікке тәрбиелеу; Отанына – Қазақстан Республикасына, туған жерге, туған өлкеге сүйіспеншілікке; біздің республикамызда тұратын халықтарды құрметтеу және сүюге тәрбиелеу; халқымыздың салтын, дәстүрін және мәдениетін құрметтеу; дәптермен жұмыс, практикалық жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу; әдемілікті (әдемі көрнекілік, мұғалімнің сырт көрінісі) көре және сезіне білу; жолдастық өзара көмек, жәрдемдесу, қиындыққа ортақтасу сезімі (топтық, пармен жұмыс, жарыс); еңбек етуге, еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке, еңбекті дәл ұйымдастыруға баулу; дербестікке, ұқыптылыққа, ден қоюшылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу, істі аяғына дейін жеткізе білуге үйрету және т.б.
практикалық мақсаттары: алынған теориялық білімді практикада, математика тақырыптары бойынша білімді келесі сыныптарда және басқа пәндерді оқуда қолдана алу; оқулықты, оқу құралдарын, кестелерді, өлшеу және сызба құралдары мен аспаптарын қолдана алуға үйрету; оқу және қосымша әдебиеттерден өз бетінше білім алу біліктеріне дағдыландыру.
Сабақтың құрылымын анықтау: әр кезеңге бөлінетін уақыт пен сабақтың барлық кезеңдері:
Алдыңғы және кейінгі сабақтар арасындағы байланысты ескере отырып, әр кезеңдегі жұмыс мазмұнын іріктеу. Мұндайда мұғалім:
оқу-әдістемелік топтаманы (ОӘТ);
сабақтың жоспарын шығармашылық тұрғыдан дайындауды жүзеге асыру үшін қосымша әдебиетті пайдалануы тиіс.
Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды, яғни оқушылармен жұмыс формасын ойластыру. Ұйымдастырудың негізгі формаларына сынып жұмысы, сыныптан тыс жұмыс, үй жұмысы жатады. Ұйымдастырудың қосымша формаларына ұжымдық жұмыс, жаппай жұмыс, топтық жұмыс, пармен жұмыс, жеке-дара жұмыс, өзіндік жұмыс, практикалық жұмыс, бақылау жұмысы жатады.
Сонымен бірге, жұмыс дербес, өзіндік, практикалық та болуы мүмкін.
Қандай жұмыс формаларын біріктіруге болады, сабақтың тығыздығын (мысалы, бір уақытта карточка бойынша дербес жұмысты, тақтада өзіндік жұмысты және барлық сыныппен жаппай жұмысты өткізуге болады) көтеру үшін бір уақытта қандай жұмыс атқаруға болатындығы жан-жақты ойластырылуы қажет.
Әсіресе өзіндік жұмысты өткізу және оны тексеру (өзара тексеру, өзін-өзі тексеру, шапшаң тексеру және т.б.) жұмысына ерекше назар аударылады.
5. Сабақтың әрбір кезеңдеріндегі жұмыстың әдістемесін анықтау. Алдымен оқушының білім, білік, дағдыны өз бетімен алуына, өзін көрсете білуіне, сондай-ақ оқыту мазмұнына сай субъективті қатынастарды жүзеге асыруға себепші болатын қазіргі заман оқыту әдістерін қолдануды; кіші жастағы оқушылардың зейіні 5-7 минут қана тұрақтанатындығын ескеріп, олардың жалығып кетпеуі үшін іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыруды жоспарлау; жаңа материалды қарастыру әдістемесін ойластыру: оны түсіндіру, оқулықпен, дәптермен, оқушылардың дара ерекшеліктеріне сай дидактикалық материалдармен жұмыс, сондай-ақ жаңа материалды алғашқы бекіту мақсатында практикалық жұмыс жүргізу; қандай жаттығулар ауызша, ал қандай жаттығулар жазбаша орындалуы қажеттігін шешу қажет.
6. Сабақтың көрнекілігін дайындау:
- алдын-ала дайындау, қажет материалдар өз уақытында көрсетіліп, артық зат баланың назарын аудармас үшін уақытында алынуын қадағалап, оларды тиімді орналастыруды ойластыру;
- тақтаға жазуды ойластыру: қандай жазулар алдын-ала жазылып, жабылады; қандай жазулар сабақ барысында жазыладыжәне оларға арнайы орын қалдыру, тақтадағы артық жазуды өшіру;
- дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесін дайындау және олардың сапасына назар аудару: әдемілігі, ұқыптылығы, көркемдігі, қолжетерлігі, әсерлілігі.
7. Жұмысты қорытындылау:
- сабақтың әр кезеңінің соңында қандай қорытынды (мұғалім өзі қорытындылайды) жасауға болатынын ойластыру;
- сабақтың соңында қорытынды жасау және жалпылау, мұғалімнің жетекші сұрақтарына жауап бере отырып, оқушылардың қорытынды жасауы: жаңа не білдік? Есептеудің қандай тәсілімен таныстық? Не үйрендік? Не қайталадық? Не ұнады? Нені естеріңде сақтап қалдыңдар?
8. Сабақтың нәтижесін хабарлау:
- қандай оқушылардың жұмыстары бағалануы керектігі алдын-ала ескеріледі;
- мадақтау түрлерін: мақтау, ұялту, жүлде беру және т.б. анықтау.
9. Үй тапсырмасын ойластыру:
- сабақ тақырыбымен қалай байланысты (өтілетін материалдың күрделілігі мен оны игеру деңгейіне байланысты)?
- тапсырма қандай мақсатпен беріледі?
- балаларға қандай нұсқаулар (оны орындауға арналған) беру қажет: нені қайталау керек, кейде оны орындау үлгісін де беруге болады.
Мұғалімнің тәжірибесіне байланысты сабақта жұмыстың жазбаша жоспары жасалады:
а) сабақ жоспары – мұғалімнің сұрақтары және тапсырмаларымен, оқушылардың шамамен беретін жауаптарымен жазылған толық жоспар.
б) ашық жоспар – оқушылардың жауаптарынсыз, әлдеқайда қысқа жоспар.
в) қысқаша жоспар, мұнда мұғалімнің сұрақтары мен оқушылардың жауаптары жоспарланбайды.
