- •Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы
- •Оқу құралы Алматы, 20!0
- •І тарау. Шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері Шағын жинақты бастауыш мектептің тарихы мен қазіргі жайы
- •Шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқыту барысын ұйымдастырудың ерекшелігі
- •Шжбм-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама
- •А) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ------------------------
- •Іі тарау. Шағын жинақты бастауыш мектеп оқушыларының білім, білік және дағдыларын меңгеру барысын ұйымдастыру шжбм-дегі математика сабағы, оның түрлері және олардың ерекшеліктері
- •Шжбм-тегі сабақтардың өзара үйлесуі
- •Математика мен қазақ тілі арасындағы байланыстар:
- •Математика мен дүниетану арасындағы байланыстар:
- •Шағын жинақты бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру
- •Өзіндік жұмыс, оның түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі
- •Шжбм жағдайында пәндерді оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін басқарудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары
- •Ііі тарау. Шағын жинақты бастауыш мектепте пәндерді оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар
- •1. Шағын комплектілі бастауыш сыныптардағы математикадан бағалау межесі
- •2. Әр пәндік және бір пәндік сабақ кестесінің үлгілері:
- •3. Шжбм-тегі қазақ тілі және математикадан сабақ жоспарларының үлгілері
- •Біріктірілген 1 және 2 сыныптардың күнделікті сабақ жоспары:
- •1** Ұйымдастыру кезеңі.
- •2** Өткен материалмен жұмыс
- •5. Оқу пәндерінен қолданылатын материалдар (Слайдтар түрінде)
- •Құзыреттілікке бағдарланған жағдаяттық тапсырмалар
- •1. Дыбыс пен әріп туралы алған біліміңді пайдалана отырып, жағдаяттан шығып көр.
- •Тіл дамыту тапсырмалары
- •Логикалық ойлау тапсырмалары
- •Ақпараттық ізденіс тапсырмалары
- •Шағын жинақты бастауыш мектептегі қазақ тілі сабақтарында сөз мағынасымен жұмыс істеу әдістемесі
- •2. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын жетілдіру жұмыстары бірнеше маңызды мәселелерді шешеді:
- •3. Бастауыш сыныпта сөз мағынасымен жұмыс 4 бағытта жүргізіледі:
- •4. Сөз таптарын оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс
- •5. Сөз тіркесін оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс
- •6. Сөйлемді оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс
- •Шағын жинақты бастауыш мектепте «мәтін» тақырыбын оқыту
- •5. Пайымдау мәтіні
- •6. «Мәтін» тақырыбы бойынша мынадай жаттығулар орындатылады:
- •7. Жаттығулар
- •2. Мәтін тақырыбы мен негізгі ойға сәйкес келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді қайта құр.
- •45. Мәтінді көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жазып, ондағы сөйлемдердің бір-бірімен қалай байланысып тұрғанын анықта.
- •5. Ағашқа мәтіннің бұдан басқа да белгілерін жаз.
- •Шағын жинақты бастауыш мектепте «есеп және оны шешу кезеңдері» тақырыбын оқыту әдістемесі (слайдтар түрінде)
- •2.Есептің түрлері
- •Жай есептің түрлері:
- •7. Бастауыш сыныптарда қарастырылатын құрама есептер
- •8. Есепті талдау үлгісі:
- •3. Көрнекіліктер
- •4. Есептеудің кестелік жағдайлары
- •5. Есептеудің ауызша жағдайлары
- •6. Жазбаша есептеулер
- •6. Тестің үлгілері:
- •Тестің келесі үлгісі:
- •6. Бақылау жұмысының үлгілері
- •7. Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын тапсырма түрлері:
- •2. Қазақтың ауызша есептері
- •3. Математикалық фокустар:
- •Пайдаланылған әдебиет тізімі
5. Пайымдау мәтіні
Пайымдау мәтінінің құрылысы мен бөлімдерінің бір-бірімен байланысы оқушылардың есінде жақсы сақталуы үшін мынадай сызба түрінде берген дұрыс:
6. «Мәтін» тақырыбы бойынша мынадай жаттығулар орындатылады:
Танымдық талдау жаттығулары |
Түзету жаттығулары |
Шығармашылық ізденіс жаттығулары |
Мәтінге ат қою, негізгі ойды анықтау, мәтіндегі тірек сөздерді табу, мәтінді бөлімге бөлу, әр бөлімнің азат жолдан бастап жазылаты-нын байқату, мәтінге жоспар құруға үйрету, мәтіндегі сөйлемдердің байланысу тәсілдерін ажырату, т.б. |
Мәтіндегі сөйлемдер жігін ажырату, бөліктерінің орны ауысқан мәтінді қал-пына келтіру, мәтін мазмұнына сай кел-мейтін бөлікті алып тастау, ұйқасы бұ-зылған өлең мәтінін қалпына келтіру, т.б. |
Мәтін құрастыру, берілген тақырыпқа байланысты өлең шығаруға үйрету, дайын үлгіге қарап жұмбақ құрастыруға үйрету |
7. Жаттығулар
1. Қайсысы мәтін екенін тап. мәтін дегеніңді көшіріп жазып, ат қой.
Қоға – шаруашылық үшін пайдалы өсімдік. Оның сабағы мен жапырағынан себет тоқылады. Ол қағаз жасау үшін де пайдаланылады. |
Құрылысшылар үй салды. Қоға сулы жерде өседі. Құмырсқалар күні бойы тыным таппайды |
2. Мәтін тақырыбы мен негізгі ойға сәйкес келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді қайта құр.
Қабылан.
Қабылан – аңдардың ішіндегі ең жүйрігі. Негізгі мекені шөл дала мен саванна. Қабылан жемін қуып жетіп ұстайды. Ерекшелігі мысықтарша тырнағын ішке жиып ала алмайды. Оның дене тұрқы – 130 см, құйрығының ұзындығы – 75 см, арландарында шағын жал болады.
Бұдан ерте кездерде қалың ну орманда аңдарға арналған автобус жүріп тұрыпты. Оның шофері Қоңыр Аю екен. Ол әр кез таңертең орманның бір шетіндегі кәрі еменнің түбіне келіп тоқтайтын көрінеді. Со арада жиналған аңдарды мінгізіп алып, орманның ішіндегі баратын жерлеріне тасып жүріпті.
Жемін күндіз аулайды, ұсақ киіктерді, қарақұйрықтарды, кейде арқарларды, қояндарды, тіпті ұсақ құстарды азық етеді.
3. Берілген сызба бойынша әңгімелеу мәтінін 3. құра.
45. Мәтінді көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жазып, ондағы сөйлемдердің бір-бірімен қалай байланысып тұрғанын анықта.
Құрманың адам ағзасына тигізетін пайдалы қасиеттерін азиялықтар ежелден жақсы білген. ... 500-ге тарта түрі бар, отаны – қытай. ... керемет жемісті базар сөрелерінен суық түсе бастағанда кездестіреміз. Себебі ... сортына қарай желтоқсан айларында пісе бастайды. бізге әсіресе королек деген түрінің шоколад сорты мен кавказдық сорты танымал.
Халық медицинасы суық тигенде ... шырынын суға араластырып, тамақ шаюға кеңес береді.
5. Ағашқа мәтіннің бұдан басқа да белгілерін жаз.
7. Мәтінді оқы.
Шағын жинақты бастауыш мектепте «есеп және оны шешу кезеңдері» тақырыбын оқыту әдістемесі (слайдтар түрінде)
1. Есеп дегеніміз мынандай мәнді белгілері бар математикалық жаттығудың ерекше түрі:
Есеп мәтінмен беріледі.
Сол мәтінде өмірдегі нақты жағдаят сипатталады.
Есептің сұрағы болады.
Сол сұраққа жауап беру үшін арифметикалық амал орындалады.
