Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оптика шпор Сагындык толык тури.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.59 Mб
Скачать

20.Призмалық, дифракциялық және интерференциялық спектрлік приборлар және олардың негізгі сипаттамалары.

Жарық дисперсиясы жарық мөлдір призмадан өткенде айқын білінеді, күрделі жарық шоғы спектрге жіктеледі. Сондықтан жарықты спектрге жіктеп зерттеуге арналған кейбір приборлардың негізгі бөлігі призма болып келеді. Ондай приборлар призмалы спектрлік приборлар деп аталады.

Спектрогафтың күрделі жарықты толқындар ұзындықтары бойынша жіктеу қабілеті спектрогафтың дисперсиясы д.а. Призмалы спектрогрфтың бұл қабілеті оның призмасының бұрыштық дисперсиясына байланысты.

Призманың бұрыштық дисперсиясы (D) дегеніміз бұрылу бұрышының толқын ұзындығы бойынша алынған туындысы:

Жарықтың бұрылу бұрышы сыну көрсеткішіне тәуелді, сыну көрсеткіші толқын ұзындығына тәуелді, олай болса бұрыштық дисперсия

-призма затының дисперсиясы.

Спектрографты пайдаланып ажыратуға болатын өте жақын екі спектрлік сызықтың толқын ұзындықтарының орташа мәні сол сызықтар толқындары ұзындықтары айырмасына қатынасы спектрографтың ажырату күші д.а. Бір призмалы спектрографтың ажырату күші R мына формуламен анықталады

призма табанының тұрқы.

Д ИФРАКЦИЯЛЫҚ ТОР

Дифракциялық тор деп ендері бірдей, біріне-біріне параллель, бір жазықтықта орналасқан өте көп N

саңылаудан тұратын жүйені айтады. Саңылау енін а, қара жолақ енін b деп белгілейік.

d =а+b мәні дифракциялық тордың тұрақтысы (периоды )деп аталады.

Дифракциялық тордың интенсивтігінің бас максимум шарты төмендегі өрнекпен анықталады

Дифракциялық тордың негізгі сипаттамасы оның бүрыштық дисперсиясы.

Тордың ажырату қабілеті оның саңылауларының жалпы саны мен спектрдің ретін көрсететін санның көбейтіндісіне тең.

21.ФренельжәнеФраунгофердифракцияларыныңерекшеліктерінсипатта.

О птикада Френель дифракциясымен Фраунгофер дифракциясы деп шартты түрде екіге бөлінеді. Френель дифракциясы – сфералық толқындар дифракциясы яғни, сфералық жарық толқындарының саңылаудан өтуінен пайда болады.

Фраунгофер дифракциясы – параллель шоқтар немесе жазық толқындар дифракциясы. Френель дифракциясы — нүктелік жарық көзінен шыққан жарық толқындарының дөңгелек тесіктен өтуінен пайда болады. Френель дифракциясының шарты: жарық көзі мен тар саңылау арасындағы қашықтық шекті болуы керек. Фраунгофер дифракциясы — шексіз алыстағы нүктелік жарық көзінен немесе параллель жарық толқындарының тар саңылаудын өтуінен пайда болады.

Практикада параллель сәулелердің дифракциясының маңызы өте зор.

Осы құбылысты 1821-22 жылы Фраунгофер қарастырған. Сол себепті параллель сәулелердің дифракциясын Фраунгофер дифракциясы деп атайды. Параллель жарық шоқтары саңылау жазықтығына нормаль түсетіндіктен, толқын фронты саңылау жазықтығына сәйкес келеді, яғни саңылау жазықтығында толқын фронтының барлық нүктелері бірдей фазада тербеледі. Толқын фронтын саңылау енінің шеттеріне параллель болатындай етіп біркелкі жіңішке жолақтарға бөлеміз. Әр жолақ екінші ретті толқын

көзінің ролін атқарады. Жолақтардың біркелкі болуынан саңылау жазықтығындағы толқынның амплитудалары да бірдей болады. Бұндай жағдай лазер сәулелері үшін де орындалады.