
- •Селолық тұтыну кооперативiнiң меншiгiндегi мүлiкке билiк ету кооперативтің жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
- •Жекешелендіру қағидалары:
- •11. Дифференциация - унификацияға қарама қарсы мағынаны, яғни актінің сол саланың бір тармағына қарай бағытталғандығын білдіреді.
- •Қолданылатын аумақтық кеңістігіне байланысты:
- •Қолданылатын аумақтық кеңістігіне байланысты:
- •Реттейтін қатынастың түріне байланысты:
- •2003 Жылғы 20 маусымдағы қр Жер Кодексі аграрлық құқықтың бірегей қайнар көзі
- •19. Аграрлық құқытың құқық саласы ретiнде түсiнiгi жəне қалыптасу тарихы. Аграрлық
- •1982 Жылы Быстров г.Е. Мынадай еңбек щығарды “Сельскохозяиственное право” ,
- •20. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:
20. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:
• Жеке меншікке Қазақстан Республикасы азаматтарына өзіндік қосалқы
шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрлысын дамыту үшін;
• Жеке меншікке немесе пайдалануға Қазақстан Республикасының жеке жəне
заңды тұлғаларға шаруа (ферсер қожалығын жүргізуге, тауарлы ауыл
шаруашылығы өндірісі, орман өсіру, ғылыми зерттеу, тəжірибе жүргізу жəне
оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша жəне мал
шаруашылыңын жүргізу үшін;
• Шетелдіктер мен азаматығы жоқ адамдарға он жалға дейінгі мерзімге жалдау
шартымен уақытша жер пайдалануға беріледі.
Жер учаскелері шаруа ( фермер ) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының азаиаттарына жеке меншік құқығымен немесе өтеулі уақытша жер
пайдалану құқығымен 49 жылға дейінгі мерзімге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын
жүргізу үшін ( маусымдық жацылым ) уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен
беріледі. Жер учаскесін шаруа ( фермер ) қожалығын жүргізу үшін алуға басым құқықты
жеке еңбегімен қатысу негізінде шаруашылық жүргізетін, арнаулы ауыл шаруашылығы
білімі мен біліктілігі бар, ауыл шаруашылығында іс жүзіндегі жұмыс тəжірибесі бар жəне
осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын азаматтар пайдаланады.
Жекешелендірілетін мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің,
сондай – ақ зейнеткерлер мен осы ұйымдардың өндірістік жəне əлеуметтік – мəдени
қызмет көрсету салаларында істейтін жəне олардың аумағында тұратын адамдардың
шартты жер үлесіне құқығы бар. Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын
мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының өздері пайдаланатын жерінің шекарасы
шегіндегі ауыл шаруашылығы алқаптары шартты жер үлесіне бөліске жатады, бұған:
1. елді мекендер шегіне кірген;
2. ауданның арнайы жер қоры құрамына енгізілген;
3. нормадан тыс радиациялық ластануға ұшыраған немесе тұрғын халықтың
өмірі мен денсаулығына өзгедей қауіп төндіретін;
4. пайдалы қазбаларды қазу кезінде бүлінген жəне мақсаты бойынша
пайдалану үшін жарамды күйге келтіріліп жаңғыртылмаған;
5. шалғайдағы мал шаруашылығының уақытша жер пайдаланудағы жер
учаскелері қосылмайды.
Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін
ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы
өндірісіндегі шығасы ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі мен олардың сапасын
қалпына келтіру арқылы ауыл шаруашылығы өндірісінің деңгейін сақтау мақсатында
бюджет кірісіне өтелуге тиіс. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасы жер учаскесіне
құқық беру туралы шешім қабылданған немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының
нысаналы мақсаты өзгерген кезден бастап алты ай мерзімде өтелуге тиіс.
Ауыл жəне орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға
пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қойған кезде, шығасының мөлшері
жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы шешім
қабылдануы үшін негіз болып табылатын жерге орналастыру жобасының ( жерге
орналастыру ісінің ) құрамында белгіленеді.
Өтелуге тиісті шығасының мөлшері жаңа шығасының мөлшері жаңа жерді игеруді
немесе алқаптарды ауыл шаруашылығы өнімін өндіру деңгейіне дейін жақсартуды
қамтамасыз ететін нормативтерді негізге ала отырып, алып қойылатын алқаптардан
алынатын өнімнен немесе олардың сапасы төмендегенге дейін бұрын алынған өнімнен
кем түспейтін көлемінде анықталады. Ауыл шаруашылығына арналмаған жəне ормансыз
алқаптардағы бүлінген жерді жаңғырту шартымен ауыл шаруашылығы алқаптарын
уақытша пайдалануға алып қойған кезде шығасы толық көлемінде өтеледі. Шығасының
мөлшері жер учаскесінің берілуіне мүдделі тұлғамен келісіледі жəне жергілікті атқарушы
органның шешімімен бекітілетін жер учаскесіне құқық беру туралы актімен рəсімделеді.
Жер сапасының нашарлауынан туындаған шығасының мөлшері алқаптарды бір түрден
екіншісіне ауыстыруға байланыссыз жағдайларда олардың сапасының төмендеуіне сəйкес
нормативтердің процентімен анықталады.
Ұйымдар мен азаматтардың қызметі əсерінің нəтижесінде жер сапасының
нашарлауынан келген шығасыны өтеу жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның ( облыстық маңызы бар
қаланың ) уəкілетті органының талап – арызы бойынша сот тəртібімен жүргізіледі.__