Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
agrarka_1-20.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
84.65 Кб
Скачать

11. Дифференциация - унификацияға қарама қарсы мағынаны, яғни актінің сол саланың бір тармағына қарай бағытталғандығын білдіреді.

Аграрлық заңдардың дифференциациялық актілер нарықтық жағдайларда меншік

жəне шаруашылық нысанының көптігіне негізделетін өндірістік қатынастардың жаңа

жүйесін құрумен шартталған аграрлық құқықтың нормаларының заңдық қайнар көзі жəне

нысанының көрінісі.

Аграрлық заңдардың дифференциациялық актілеріне мыналар жатады:

- ҚР- ның 1998 жылғы 31 наурыздағы «Шаруа (фермер) қожалықтары туралы» Заңы;

- 1999 жылғы 21 шілдедегі «Ауыл ашрушылық тұтыну кооперациясы туралы» Заңы;

- 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Ауыл шаруашылық серіктестіктері жəне олардың

ассоциациялары (одақтары) туралы» Заңы;

- 2003 жылғы 8 сəуірдегі «Су пайдаланушылардың ауыл шаруашылық тұтыну коопертиві

туралы» Заңы жəне т.б.

Аграрлық құқықтағы дифференциациялық үрдістері ауыл шаруашылық

кооперативінің, акционерлік қоғамдардың жəне серіктестіктердің құрылтай құжаттарын

енгізу бойынша Азаматтық кодекстің талаптарына сəйкес ерекше айқын көрінеді.

ҚР Конституциясы аграрлық құқықтың қайнар көзі ретінде.

ҚР Конституциясы барлық аграрлық заңдардың дамуы үшін құқықтық база болып

табылады. Конституцияда ҚР аграрлық доктринасы бекітілген жəне мемлекеттің аграрлық

саясаты көзделген, сонымен қатар аграрлық құқықтық қатынастарды реттеудің тəртібін,

əдістерін жəне нысандарын бекітетін бастапқы алғышарттар, қағидалар көрініс тапқан.

Мəселен, ҚР Конституциясының 26- бабына сəйкес: «Əркімнің кəсіпкерлік қызмет

еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кəсіпкерлік қызметі үшін еркін пайдалануға

құқығы бар».

Кəсіпкерлік меншік түріне қарамастан азматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға,

жұмысқа, қызметке сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған,

жеке меншікке немесе мемлекеттік кəсіпорынды шаруашылық басқару құқығына

негіздеоген ынталы қызмет. Сондықтан ҚР Конституциясында қарастырылған кəсіпкерлік

қызмет үшін өз қабілеті мен мүлкін еркін пайдалануға құқық аграрлық қатынастарды

құқықтық реттеуде негізгі мəнге ие.

ҚР Конституциясында ҚР Президентінің өеілеттілігі, Парламентінің өкілеттілігі,

Үкіметтің өкілеттілігі жəне басқа да орталық атқару органдарының ауыл шаруашылық

қатынастарын реттеу саласына қатысты бөлігіндегі де өкілеттіктері көрсетілген

Унификация - аграрлық қатынастарды құқықтық реттеу интеграциясы нəтижесəнде

бірыңғай заңдық мазмұнға ие, салалық нормативтік актілердің біртектес органикалық

жүйесін құру үшін негізгі нормативтік материал болып табылатын бірегейлендірілген

нормативтік акт.

Бірегей нормативтік құқықтық актілер ауыл шаруашылық заңдарының ядросы

болып табылады.

Аграрлық экономиканың нарықтық басқару моделіне ауысу механизмін құратын

маңызды бірегей нормативтік қайнар көздердің қатарына агроөнеркəсіптік кешенді

мемлекеттік реттеуге жəне ауылды əлеуметтік қайта құруға бағытталған актілер жатады.

Олардың ішінде мыналарды атап өтуге болады:

- 2005 жылғы 8-шілдедегі «Қазақстан Республикасының агроөнеркəсіптік кешенді жəне

ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы;

- ҚР Президентінің 2003 жылғы 10-шілдедегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан

Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы

- «ҚР-ның 2010 жылға дейінгі ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясы туралы» жəне

«2010 жылға дейінгі Ауыл шаруашылығы стратегиясын тарату бойынша шаралардың

айқын жоспары туралы» Үкіметтің Қаулысы.

2003 жылғы 20 маусымдағы ҚР Жер Кодексі аграрлық құқықтың бірегей қайнар көзі

болып табылады., оның заңдық мəні жерге билік ету бойынша мемлекеттік биліктің

атқару органдарының жəне жергілікті өзін өзі басқару органдарының рөлін жəне

функциясын арттырумен байланысты маңызды бірқатар маңызды сұрақтарды қозғау жəне

шешуден көрініс табады. Кодекс ауыл шаруашылық ұйымдарының, шаруа (фермер)

қожалықтарының жерге меншік иесі, жер пайдаланушы ретіндегі құқықтарына кепілдікті

бекітті. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді өздігінше санатқа бөле отырып,

олардың айрықшалығын жəне құқықтық реттеу ерекшелігін анықтады

12. Қолданыстағы жер заңнамасын бұзғаны үшін айыпты лауазымды тұлғалар және азаматтар жауакершіліктің мынадай түрлеріне тартылуы мүмкін тәртіптік;материалдық (азаматтық – құқықтық);жер-құқықтық ,әкімшілік; қылмыстық. Тәртіптік жауапкершілік белгілі бір тұлғамен жерді ұтымды пайдаланумен және қорғаумен байланысты еңбекті міндеттерді орындамау үшін түседі.  Зиян – объективті болатын факт, ол тұлға үшін қолайсыз, теріс салдарларда байқалады. Зиянды ақшалай көрсету шығын болып табылады. Құқық бұзушы жер пайдаланушыға немесе жердің меншік иесіне келтірілген барлық шығындарды өтеуге міндетті.  Жер- құқықтық жауапкершілік спецификалық түоі болып табылады, ол құқығынан айырудан, яғни, заңсыз іс-әрекеттерді жасаумен байланысты азаматтың немесе заңды тұлғаның жер учаскесін еріксіз алып қоюдан тұрады. Мәселен, жерді пайдалану ережесін жүйелі түрде бұзған жағдайда, жер пайдаланушыдан дұрыс пайдаланылмайтын жер учаскелері алып қойылуы мүмкін.  Жерді ұтымды және нысаналы пайдалану ережесін бұза отырып пайдаланылатын жер учаскесін алып қою туралы талап (ауыл шаруашылық өндіріс пен тұрғын үй және өзге құрылыстан басқа) талап қоюға дейін кем дегенде үш айдан бұрын жасалған жер заңнамасының бұзушылықтарын жою қажеттілігі туралы жер пайдаланушының жазбаша ескертуінен кейін және осы мерзімде жер пайдаланушы учаскені пайдаланған кезде бұзушылықтарды жоймаған жағдайда ғана қойылуы мүмкін. Учаскені алып қойған кезде сот шешімімен жер пайдалану құқығы ашық сауда – саттықта сатылады, ал саудадан түскен ақша, учаскені алып қою бойынша шығындарды алып тастаумен бұрынғы жер пайдаланушыға төленеді.  Жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жазалардың шаралары: ескерту, айыппұл, жер учаскеін алып қою немесе жер құқығынан айыру, қызметтің белгілі бір түріне лицензиясынан айыру, әкімшілік тыйым салу болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін азаматтарға салынатын айыппұл, әдеттегідей, 20 айлық есептік көрсеткіштен, ал лауазымды тұлғаларға – осындайдың 50 көрсеткіштен аспауы керек. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін жағдайларға: айыптының шын көңілден өкінуі, айыптымен құқық бұзушылықтың зиянды салдарын болдырмау, зиянды өз еркімен өтеу немесе келтірілген зиянды жою, кәмелеттік жасқа толғандармен немесе екі қабат әйелдермен және т.б. құқық бұзушылықты жасау жатады. Жауаптылықты ауырлататын мән - жайларға мыналар жатады: уәкілетті тұлғалардың оны тоқтату талабына қарамастан, заңсыз мінез – құлықты жалғастыру; әкімшілік жазаға ұшыраған бір жыл ішінде қайтадан біркелкі құқық бұзушылықты жасау; бұрын қылмыс жасаған тұлғамен құқық бұзушылық жасау; тұлғалар тобымен құқық бұзушылық жасау; дүлей апат немесе төтенше жаңдайларда, немесе масандық күйінде құқық бұзушылық жасау. Қылмыстық жаза жіберілген салақтық үшін, яғни, лауазымды тұлғаларға ұқыпсыз немесе жосықсыз болу салдарынан, егер де осы кезде біруге маңызды зиян келтірсе, олармен өз міндеттерін тиісті орындамау немесе орындамау үшін қолданылуы мүмкін.  Жерді өз бетімен басып алу (немесе өз бетімен алып қою) жағдайы болса, халық шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіріледі. Бұл ретте мемлекет меншігі мен мүддесі құқығына қол сұғушылық пайда болады және жер байлығының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етілуіне іріткі салынады, жер пайдаланудың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасалынады. Қылмыстық жазалардың түрлері 25 мыңнан 20 мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегіні айыппұл; Қоғамдық жұмыстарға қатыстыру; Белгілі лауазымды атқару немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыру; Бас бостандығынан шегу; Бас бостандығынан айыру болып бола алады.

13. Жердi бүлдiру

      1. Сату немесе оны басқа адамдарға беру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатын жою немесе заңсыз алу, бұлай алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болдырмау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, -        жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.        2. Сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсiмдiктердiң өсуiн күшейтетiн дәрiлермен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және радиоактивтi заттармен жұмыс iстеу ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған ластау, -        жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi тиiмсiз пайдалану немесе пайдаланбау, -        ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

1. Жердi пайдаланудың табиғат қорғау режимi талаптарын орындамау, -        ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.        2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсіздік), -        жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

14. Ауыл шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады.

Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға жатады. Бұл жерлерді ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол беріледі (осы Кодекстің 90-бабы).        Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелерінде және жеке қосалқы шаруашылықтың егістік телімдерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ объектілер, оның ішінде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді. Бұл ретте мал шаруашылығы кешендерін салуға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстарға және шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарға суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлері, егістік, тыңайған жерлер, көп жылдық екпелер егілген жерлер жататын бағалы ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланыла алмайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылықты, бағбандықты және саяжай құрылысын дамыту үшiн жеке меншiкке;

      2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру үшін, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға беріледі.       Пайдалануға беру мерзімі кемінде он жылды құрайтын шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беру жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiн көрсетілген мақсаттар үшiн жер пайдалану құқығымен беру мерзiмi кемiнде бес жылды құрайды. Жер учаскесiн осы тармақшада көрсетілген мерзімдерден аз мерзiмге беруге оны алуға мүдделi өтiнiш берушiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi;

      3) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға он жылға дейiнгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі.

15. Ауылшаруашылық ұйымдар коомерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді. Ауылшаруашылық коммерциялық ұйымдар өндірістік- шаруашылық қызметпен айналысады және өз қызметінің нәтижесінде пайда табуды көздейді.

Ауылшаруашылық коммерциялық ұйымдарға: толық серіктестіктер; сенім серіктестіктері; акционерлік қоғамдар; өндірістік кооперативтер және

Шаруашылық жүргізу құқығына және жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындар жатады.

Ауылшаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға ауылшаруашылық акционерлік қоғамы болып табылады.

Ауылшаруашылық акционерлік қоғам құрылтай жиналысының шешімінің негізінде құрылады. Қоғамды жалғыз тұлға құрған жағдайда оны құру туралы шешімді осы тұлға жеке- дара қабылдайды.

Құрылтай шарты мен жарғы қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Жалғыз тұлға құрған қоғамның құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады.

Қазақстан Республикасында қоғамның екі үлгісі- ашық және жабық үлгілері құрылады.

Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеммелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Акционерлер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және заңда ккөзделген жағдайларды қоспағанд, өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді.

Заңдарда көзделген жағдайларда қоғамның ұйымдық- құқықтық нысанында табысы тек қана қоғамды дамытуға пайдаланылатын коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

16. Жерді пайдалану мен қорғау ҚР ның конституциясына, ҚР жер кодексіне және осы ережеге сәйкес мемлекеттік органдардың, жеке және заңды, лауазымды тұлғалардың Қр ның жер заңдарын оырндауын, ҚР заңнамасының бұзылуларын табуды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді, жер учаскелерін пайдалану ережелерін сақтауды, жер кадастрын жүргізу мен жерге орналастырудың дұрыстығын және жерге ұтымды пайдалану мен орғау жөніндегі іс шараларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Жерді қорғау мен пайдалануға мемлекеттік бақылауды жер ресурстраын басқару жөніндегі барлық уәкілетті органдар мен олардың аумақтық органдары сондай ак өз құзыреті шегінде өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:

Коршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;

Санитарлық эпидемиялогиялық қызметтің мемлекеттік органдар;

Саулет қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган

Осы органдар өз құзыреті шегінде:

Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

Жердің сапалы жай күйінің өзгеруін тексеруді және сараптауды ұйымдастырады;

Жерді мақсатты пайдаланудың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Жер заңнамасының бұзылуын жоюға шаралар қолданылады;

Жерді пайдалану мен қорғауға байланысты нормативтік келісімді әзірлеуге қатысады.

17. Аграрлық құқықтың қайнар көздері.

Аграрлық құқтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi жəне оның ерекшелiктерi.Аграрлық

құқтың қайнар көздерiнiң жiктелу негiздерi, жалпы сипаттама.

«Құқықтың қайнар көзі» термині тиісті құқықтық норманың мазмұнын анықтайтын

нысандар мен əдістер ретінде қолданылады.

Аграрлық құқықтың қайнар көздері дегеніміз аграрлық құқықтық қатынастарды

реттеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық келісім

шарттардың жиынтығы болып табылады.

Аграрлық құқықтың қайнар көздерінің мынадай ерекшеліктері бар:

1. Кодекс түрінде жүйеленген арнайы заңдардың жоқтығы.

2. Əдет ғұрып ережелері мен сот ережелері аграрлық құқықтың қайнар көздері

ретінде танылмайды.

3. Аграрлық қатынастарды реттеуде басқа құқық салаларының заңнамалары

қосымша қолданылып отырады. Мысалы, жер, азаматтық, т.б.

4. Аграрлық құқықтың қайнар көздерінің ішінде халықаралық келісім шарттар

маңызды орын алады. Себебі дүниежүзілік азық түлікті қамтамасыз ету үшін əр мемлекет

ат салысуда.

Аграрлық құқықтың қайнар көздерін анықтау бірқатар қиындықтарға əкеп

соқтырады, ол əр түрлі деңгейде көптеген нормативтік құқықтық актілердің

шығарылуымен байланысты. Осы қиыншылықтардан шығу үшін оларды жіктеу

ұсынылады. Жіктеудің негіздері төмендегідей:

Заңдық күшіне байланысты:

А) Заңдар - ҚР Парламентімен қабылданған нормативтік актілер.

Б) Заңға сəйкес актілер - қалған барлық нормативтік актілер. Яғни, ҚР Президетімен,

Парламентімен, өкілді жəне атқарушы билік органдарымен, министрліктермен жəне

ведомстволармен, жергілікті өзін өзі басқару органдарымен қабылданған актілер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]