
- •Селолық тұтыну кооперативiнiң меншiгiндегi мүлiкке билiк ету кооперативтің жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
- •Жекешелендіру қағидалары:
- •11. Дифференциация - унификацияға қарама қарсы мағынаны, яғни актінің сол саланың бір тармағына қарай бағытталғандығын білдіреді.
- •Қолданылатын аумақтық кеңістігіне байланысты:
- •Қолданылатын аумақтық кеңістігіне байланысты:
- •Реттейтін қатынастың түріне байланысты:
- •2003 Жылғы 20 маусымдағы қр Жер Кодексі аграрлық құқықтың бірегей қайнар көзі
- •19. Аграрлық құқытың құқық саласы ретiнде түсiнiгi жəне қалыптасу тарихы. Аграрлық
- •1982 Жылы Быстров г.Е. Мынадай еңбек щығарды “Сельскохозяиственное право” ,
- •20. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:
Селолық тұтыну кооперативiнiң меншiгiндегi мүлiкке билiк ету кооперативтің жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Селолық тұтыну кооперативiнiң мүлкіне тоқталатын болсақ. Кооперативтің меншiгiндегi мүлiк оның мүшелерiнiң (пайшыларының) пайы және бөлiнбейтiн қоры болып бөлiнедi. Оның мүлкiндегi пайшының үлесiн анықтау кезiнде кооператив мүлкiнiң құнынан бөлiнбейтiн қордың құны, сондай-ақ пайшының үлесiн анықтау күнiне пайда болған залал мен мiндеттеме шегерiледi. Кооперативтiң құндық баламасында құралған мүлкiндегi пайшының үлесi оның мүлiктiк (пайлық) жарнасына пара-пар болады. Селолық тұтыну кооперативiнiң әрбiр пайшысы өзiнің қалауына қарай өз үлесiн сатуға, сыйға беруге, мұраға қалдыруға, кепілге салуға не осы заңда және селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында көзделген шарттарды сақтай отырып, оған өзгеше түрде билiк етуге құқылы. Бірақ, өз үлесiмен қандай да бiр операциялар жасау алдында пайшы селолық тұтыну кооперативiнiң ортақ мүлкiнен өз үлесiн бөлудi талап етiп, кооперативтiң жарғысында белгiленген мерзiмде кооперативтiң атқарушы органына арыз беруге мiндеттi.
2. Аграрлық құқықтың қайнар көздері аграрлық қатынастарды құқықтық реттеу саласындағы заңдық институттардың қалыптасуы мен дамуына әсер ететін маңызды фактор ретінде мемлекеттің аграрлық саясатын анықтаудың және бекітудің нысаны болып табылады. Мемлекет аграрлық саясатты анықтай отырып ауыл шаруашылығы өндірісін ұтымды және аграрлық реформаны тартуға бағытталған шаралар жүргізе отырып, аграрлық қатынастарды реттеу және қорғауды жүзеге асыратын аграрлық заңдарғада үкен мін беріп отыр. Экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда ауыл шаруашылығында жер өндірістің негізгі құралы болып табылады, ал басқа салаларда олар өз объектілерін, яғни өз орналастыратын жер ретінде қарастырылады. Жермен байланысты туындайтын барлық қатынастарды реттейтін құқық саласы ол – жер құқығы. Жер құқығы — құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру; табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу;шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге тиісті құқықтарын қорғау; жерге байланысты жылжымайтын мүлік нарығын жасау және оны белгілі деңгейде дамыту; жер қатынастар саласында заңдылықты нығайту. Қазақстандағы барлық жерге байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының “Жер туралы” (2001) Заңыменреттеледі.
3. Ауыл шаруашылығы экономикасының дамуын мемлекеттік реттеудің тұтастай механизмі оның ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі бір тәртіпте жұмыс істейтін тұйық жүйе ретінде ұсынуға болады Мұнда бастапқыда мақсаттары анықталып, болжамдар жасалады, олардың негізінде нормативтік-заңдылық актілер қабылданады, олар бюджетке, бағдарлама мен экономикалық реттегіш жүйесіне түзету енгізе алады. Ауыл аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу мемлекеттің объективті жағдайы мен дамыту міндеттеріне сәйкес оңтайлы макроэкономикалық ортаны қамтамасыз етуде, әлеуметтік саланың басқа салаларымен өзара іс-әрекеті қолайлы жағдайлар жасауда, сондай-ақ саланың дамуының әлдебір параметрлерін түзетуде, едәуір бюджеттік қаржыны талап етеді. Біздің көзқарасымызша, мемлекеттік қолдау деңгейін бағалаудың анықталған көрсеткіштері таратылған өнімнің құнындағы мемлекеттік қолдаудың үлес салмағы болуы мүмкін. Нарықтық қатынастарда мемлекеттік реттеуді келесі топтарға бөлу мақсатқа сай келеді: қаржы, баға және ақша-несие жиынтығында экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық механизмін көрсетеді. Себебі баға табыстар алу мен бөлуде бастапқы экономикалық санаты болып табылады және реттеу үдерісіне едәуір ықпал жасайды, онда экономиканы тұрақтандыру мақсатында баға нарыққа қатысушылардың барлығының мүдделерін нақты білдіруі тиіс.
Бұл факторларды есептеуде ауыл шаруашылығын жүргізудің нарықтық механизмі қызметінің айрықша маңызды рөлі бағаны қалыптастыруға ауыстырылады, себебі нақ солар қоғамдық еңбектің шығыстарын өлшеуге мүмкіндік береді, айырбастың эквиваленттілігін, халық шаруашылығы мүдделерін, өндірісті ынталандыру, сұраныс пен ұсыныстың қатынасын реттеу, нарықта тепе-теңдікке қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Экономикасы дамыған нарықтық елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, мемлекеттік органдармен бағаны реттеу барлық тауар өндірушілер үшін жағдайын түзетуге бағытталған: ықтимал шұғыл бағалық диспропорциялар мен монополистік бағалық диктатты жою. Тамақ өнімдеріне бағаның еркін ауытқуы бұл өнімге тұтынушылардың мүдделерін қорғаушы жоғары шектің арасындағы шекте ғана жол беріледі және оның өндірісінің тауарлары нарықтың толық жағдайында бағаның мүмкін төмендеуінде ауылшаруашылығы өндірушілердің кепілдендірілген ең төменгі табысын сақтау мақсаты бар төменгі шекте де жол берілді. Осы мақсатта арнайы әкімшілік-құқықтық органдар және әдістер құрылды, олардың көмегімен бағаны белгілеу үдерісіне ықпал жасалады. Мемлекет тарапынан мұндай әсер ету негізінен бағаны тікелей реттеу және оған бақылау (жанама бақылау) құралымен жүзеге асырады. Көптеген елдерде заң түрінде бағаны мемлекеттік реттеудің құқықтық негізі құрылды. Баға, олардың деңгейі мен динамикасы туралы статистикалық ақпарат жарияланымдары жалпыға қол жетерлік жүйесі реттелді, олар тауар өндірушілердің табыстарының деңгейін реттеуде және оның индекстеуінде пайдаланылады. Мұнда мынаны атап өту керек ауылшаруашылығы өнімдеріне бағаны реттеу дамыған нарықтық экономикалы елдерде олардың молшылығында жүзеге асырылады
4. Ауылшаруашылық тауар өндірушілердің бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі ауылшаруашылық өндірістік кооператив болып танылады.
Ауылшаруашылық өндірістік кооператив мемлекеттік тіркеуден кейін пайда болатын жалпы құқық қабілеттілігі бар, жалпы азаматтық және арнайы кооперативтік заңдардың нормаларына сәйкес жиналыста құрылтайшылары қабылдаған жарғы негізінде қызметін жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлға болып табылады.
Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтің мақсаты- заңмен тыйым салынбаған қызмет арқылы ауылшаруашылық өнімді бірлесіп өндіру, ұқсату және өткізу нәтижесінде пайда табу.
Ауылшаруашылық өндірістік кооперативі мынадай принциптер негізінде жұмыс істейді:
мүшелікке кіру мен шығудың еркіндігі;
мүліктік (пайлық) жарна енгізу міндеттілігі;
басқарудың демократиялығы;
өзара көмек және оның мүшелері үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету;
өндірістік кооперативтің қызметі туралы ақпаратқа қол жететіндігі.
Ауылшаруашылық өндірістік кооперативі жеке кәсіпкерлік үшін заң актілерімен тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез- келген түрін жүзеге асыруға құқылы. Мемлекеттік лицензия қолданылатын қызметті кооператив лицензиясы бар болған жағдайда жүзеге асырады. Ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің мақсаты мен мәнін жарғы анықтайды, яғни ол өз қызметін жарғының не құрылтай шарты мен жарғының негізінде жүзеге асырады.
Ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің құрылтайшылары екеуден кем болмауы тиіс. Кооперативке жасы он алтыға толған, кооператив мүшесі болуға тілек білдірген және оның қызметіне жеке еңбегімен қатысуға қабілетті кез- келген жеке тұлға мүше бола алады. Кәмелетке толмаған азаматтардың кооперативке мүше болып кіруі үшін олардың ата- анасының, асырап алушылардың немесе қамқоршылардың келісімі талап етіледі.
Ауылшаруашылық өндірістік кооперативiнiң органдары мыналар болып табылады:
1) жоғары орган – мүшелерінің жалпы жиналысы;
2) атқарушы орган – басқарма және (немесе) оның төрағасы;
3) бақылаушы орган - тексеру комиссиясы және байқаушы кеңес құрылуы мүмкін.
Қазіргі таңда шаруашылық қызметінің түріне байланысты ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерді мынадай түрлерге бөлуге болады:
өндірістік;
қайта ұқсатушы;
өткізуші (маркетингтік, сауда);
сатып алушы ;
қызмет көрсетуші (сервистік).[32,4б.]
Ауылшаруашылық өндірістік кооператив ауылшаруашылық өнімді өндіруге арналған және өндірісті бірлесіп ұйымдастыру мақсатында өнімді өндірушілерді біріктіреді.
Қайта ұқсатушы кооператив өнімді қабылдайды, сорттайды, жабдықтайды, этикеткалар жабыстырады, тауарлық белгіні анықтайды, сақтайды, жарнама жасайды және сатады. Бұл кооперативтер ауылшаруашылық өнімді сатып алушылармен жұмыс жасайды.
Өткізуші кооперативтер тікелей өніммен айналыспайды, тек оны сатуға байланысты шарттарды анықтап келіссөздер жүргізеді. Өнімді тауар өндірушілердің өздері өңдеп, жабдықтап жеткізеді.
Сатып алушы кооперативтерден сатушылар өндіріс құралдарын және тұтыну тауарларын кейін сату үшін алдын ала сатып алып қояды.
Қызмет көрсетуші кооперативтер өніммен айналыспайды әртүрлі қызмет түрлерін көрсетеді (қаржылық, сақтандыру, көлікпен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерді байланыс құралдарымен және электр желісімен қамтамасыз ету).
«Селолық тұтыну кооперациясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында селолық тұтыну кооперативінің құрылу ережелері қарастырылған. Мүшелерінің (пайшыларының) материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүшелік негізде, олардың мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі селолық тұтыну кооперативі болып танылады.
Селолық тұтыну кооперативі коммерциялық емес ұйым болып табылады және оның жарғылық мақсатына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады.
Селолық тұтыну кооперативін құру құрылтайшылардың жалпы жиналысын өткізумен басталып оны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеумен аяқталады.
Азаматтар селолық тұтыну кооперативiнiң құрылтай жиналысын өткiзудi және оның қарауына енгiзiлетiн құжаттардың жобаларын әзiрлеу жөнiнде ынталы топтар құруы мүмкiн. Тұтыну кооперативін бiрнеше елдi мекендердiң азаматтары құратын жағдайларда және (немесе) өзге жағдайларда селолық тұтыну кооперативiнiң мүшелiгiне кiрудi қалаушылар сайлайтын уәкiлдердiң құрылтай жиналысы селолық тұтыну кооперативiнің құрылтай жиналысын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi ынталы топтар белгiлеген тәртiп пен нормалар бойынша өткiзiлуi мүмкiн.
Селолық тұтыну кооперативі жарғысында көрсетілген заңмен тыйым салынбаған және алдына қойылған мақсаттарға жету үшін кез- келген қатынастарға түсе алады.
Селолық тұтыну кооперативтерi сауда, дайындау, өткiзу, өңдеу, қызмет көрсету, жабдықтау қызметiн және заңдарда тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асыру үшiн мүлiктiк (пайлық) жарналар есебiнен құрылады. Селолық тұтыну кооперативтерi өз мүшелерiнiң ғана емес, сонымен бiрге селолық жерлерде тұратын басқа да азаматтардың материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн құрылуы мүмкiн. Егер құрылтай құжаттарында селолық тұтыну кооперативiнiң белгiлi бiр мерзiмге немесе белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн құрылатыны көзделмесе, ол белгiсiз мерзiмге құрылған болып есептеледi
Селолық тұтыну кооперативі мынадай принциптер негізінде құрылып қызмет атқарады:
мүшелікке кіру мен одан шығудың еріктілігі;
мүліктік және мүшелік жарналарды төлеу міндеттілігі;
басқарудың демократиялығы;
өзара көмек және село халқының мүдделерін қорғау;
- кооператив, қауымдастық (одақ) қызметi туралы ақпаратты оның барлық мүшелерiнің пайдалана алуы.
18 жасқа толған азаматтар мен заңды тұлғалар селолық тұтыну кооперативiнiң мүшелерi (пайшылары) бола алады. Азаматтар мен заңды тұлғалар бiрнеше селолық тұтыну кооперативтерiнiң мүшесi болуы мүмкiн.
Селолық тұтыну кооперативi мүшелерiнің (пайшыларының) саны екеуден кем болмауға тиiс және мүшелерiнiң ең көп санына шек қойылмайды.
Селолық тұтыну кооперативiнiң органдары мыналар болып табылады:
1) жоғары орган - жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы);
2) атқарушы орган - басқарма;
3) бақылаушы орган - тексеру комиссиясы (ревизор).
5. Қазіргі таңда көп жылдар бойы қалыптасып келе жатқан әлемдегі азық-түлік тапшылығы мен әлемдік экономикалық дағдарысты және келешектегі дамуды (посткризис) ескере отырып, Қазақстан өзінің жаңа аграрлық саясатын қалыптастыруы керек.
Қазақстанның жаңа аграрлық саясатын үш кезеңге бөлу ұсынылады: 1. Әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңі. Бұл кезеңде экономиканы мемлекеттік реттеу әкімшілік басымдылықпен және экономикалық тәсілмен жүргізіледі. 2. Әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу кезеңі. Бұл кезеңде экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық басымдылықпен және әкімшілік тәсілмен жүргізіледі. 3. Әлемдік экономикалық дағдарыстан кейінгі кезең (посткризис). Бұл кезеңде экономиканы мемлекеттік реттеу негізінен экономикалық және либералды-әкімшілік тәсілмен жүргізіледі. Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының концепциясы: 1. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін әр адамның тамақтану физиологиялық қажеттілігінен бастау. Қазақстандағы бекітілген нормаларды халықаралық стандарттарға сәйкес қайта қарау. 2. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасын шешуді кешенді және жүйелі түрде жүргізу. Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының мақсаты – мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни отандық сапалы тағам өнімдерімен халықты қамтамасыз ету көрсеткішін 80 пайызға жеткізу және оған тұтынушылардың қолжетімдігін жақсарту. Атап айтқанда, ауыл тұрғындарының тағам түрлерімен өздерін толық қамтамасыз етуі және қала тұрғындарына отандық өнімдерді арзан бағамен жеткізу. Түпкі мақсат – аграрлық салада шикізаттық экономикадан арылып, Қазақстанның тағам индустриясы дамыған елдердің қатарына қосылуына батыл қадам жасау. Сонымен қатар уақыт ұттырмай импортталған азық-түліктердің санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық тазалығы мен жоғары сапалылығын қамтамасыз ету. Мал шаруашылығын дендеген жұқпалы аурулардан арылту, медициналық ветеринария жұмысын жолға қою. Ұсынылып отырған аграрлық саясаттың жаңалығы бұрынғыша ауылшаруашылық саласын, яғни шикізат өндіруді мемлекеттік қолдау емес, тағам мен ауылшаруашылық өнімдерінен жасалатын қазақстандық тауарларды дайындауды қолдау. Шикізат шығарушы ауылшаруашылық өндірісі мен тағамдық және басқа да тауар өндірушілердің бірігуіне жол ашу. Яғни аудан деңгейінде микрокластерлер ашу. Бұл ауыл экономикасын индустрияландырудағы шынайы іс-қимыл болмақ.
Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының принциптері: – ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ауыл шаруашылығы саласының дамуын макроэкономика және әкімшілік реформа тұрғысында бөліп қарау. Ауылға бюджеттен бөлінетін қаржы үлесі қалалар мен тең, яғни 50 пайызға дейін жетуі керек, ал ауылшаруашылық өндірісімен айналысатындарға несие және субсидия түрінде беріледі; – елді мекендер мен аймақтардың тағам өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етуі; – ауыл экономикасын әкімшілік реттеу мен реформаны төменнен, яғни ауыл және аудан әкімдерінің деңгейінен бастау; – азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты қажетті тағамдардың түрлерін өндіруді үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылау мен жауапкершіліктерінде болуы; – мемлекеттік қаржылық қолдауды тек халыққа қажетті тағамдардың керекті мөлшерін өндіруге және оны ұқсатуға бағыттау; – қаражатты мемлекеттің үлесі бар екінші деңгейлі банктер арқылы микрокредиттік ұйымдардың қатысуымен және жергілікті атқарушы органдардың бақылауымен жұмсау.
6. Ауыл шаруашылық серiктестiгi - ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң ауыл шаруашылық өнiмiн өткiзу, сақтау, қайта өңдеу, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету немесе серiктестiк мүшелерiне басқа да сервистiк қызмет көрсету қажеттерiн қанағаттандыру үшiн олардың мүлiктiк жарналарын ерiктi түрде бiрiктiру жолымен мүшелiк негiзiнде құрылатын заңды тұлға. Серiктестiктiң кәсiби бағытына сай тауарлы ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрумен айналысатын жеке және заңды тұлға ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүшесі болуы мүмкін. Ауыл шаруашылық серiктестiктері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсiпкерлiк қызметпен өздерiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. Ауыл шаруашылық серiктестiгi алған таза табысты оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды және жарғылық мақсаттарға жұмсалуға тиiс. Егер құрылтай құжаттарында ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң белгiлi бiр мерзiмге және белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн құрылатыны көзделмесе, ол белгiленбеген мерзiмге құрылған деп есептеледi.
Ауылшаруашылық серіктестіктері:
1) ауыл шаруашылық өнiмiн өткiзудi, сақтауды, қайта өңдеудi қамтамасыз ету, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау сумен қамтамасыз ету және серiктестiк мүшелерiне басқа да сервистiк қызмет көрсету үшiн ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн ерiктi түрде бiрiктiру арқылы олардың әлеуметтiк-экономикалық қажеттерiн қанағаттандыру; 2) серiктестiктердiң пайда алмайтын негiзде жұмыс iстеуi кезiнде ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң өз пайдасын қамтамасыз ету; 3) өнiмдi өткiзу, сақтау, қайта өңдеу және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау салаларында бәсекелестiк орта жасау; 4) ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiден тұтынушыға тiкелей жеткiзiп берудi қамтамасыз ету;
5) ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң қажеттi ресурстарды тиiмдi жағдайлармен сатып алуына жәрдемдесу және өздерiнiң шаруашылық қызметiн қаржыландыруға қол жеткiзе алуы мақсатында құрылады.
Ауыл шаруашылық серiктестiктерi негiзгi қызмет түрiне байланысты: өткiзу, қайта өңдеу, жабдықтау, сервистiк серiктестiктерi және олардың аралас түрлерi болып бөлiнуi мүмкiн. Ауыл шаруашылық серiктестiктiгi қызметiнiң негiзгi түрi оның атауында көрсетiледi. Жекешелендіру қағидалары:
Жекешелендіру қағидалары негізгі және арнайы болып бөлінеді.Негізгі қағидалар:
* жариялылық қағидасы;
* бәсекелестік қағидасы;
* құқық қабылдаушылық қағидасы;
* сатылуға шығарылған объектілер туралы мәліметтердің шынайылығы қағидасы және жекешелендірудің заңдылығына лауазымды тұлғалардың жауап беруі.Арнайы қағидалар:
«Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарды жекешелендірудің ерекшеліктері туралы» Заңның 2- ші бабы:
еңбек ұжымының әрбір мүшесіне жекешелендірілген мүліктен өз үлесін ақшалай немесе заттай алуына кепілдік беру;
ауылшаруа шылық ұйымдардың орналасу орнын және қызмет түрін, климаттық жағдайларды есепке алу;
жекешелендіру уақыты мен ауылшаруашылық өнімінің маусымдық кезін сәйкестендіру қажеттігі;
құс фабрикалары, мал шаруашылығы кешендерінің және т.б. өнім өндіру технологиялық процесінің бұзылмауын қамтамасыз ету;
7. Егемендік жылдарымыздың бастапқы кезеңдерінде қабылданған жер қатынастары дамуы мен оларды реттеуге бағытталған заң актілері арасында ерекше аталатын заң, ол 1991 жылғы «Жер реформасы туралы» заңы еді. Бұл заңның негізгі маңыздылығы, ол кеңес заманында қалыптасқан өндіріс саласы пайдаланымындағы жерлерді жеке және мемлекеттік емес тұлғаларға беру мүмкіндіктеріне ие болды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінде өндірістік шаруашылықтар, яғни кеңшарлар мен ұжымшарлардың жерлері сол шаруашылықтарға істейтін жұмыскерлерге бөлініп берілді
Мемлекеттік шаруашылықтар мен ұжымдық шаруашылықтарды жекешелендіру кезінде, оларда жұмыс істейтін жұмыскерлерге жерді бөліп беру барысында, экономиканың өтпелі кезеңдеріндегі ерекшеліктерге байланысты жер қатынастарын реттеу саласында «шартты жер үлесі» институтын енгізу қажеттілігі туындады. Жерге меншік, жер пайдалану мен иелену институттарынан оның айырмашылығы жерге құқық нақты жер учаскесіне емес, жекешелендірілген нақты шаруашылықтың жерлерінен шекарасы белгіленбестен нақты көлемге ғана белгіленген құқық болды
Жерге меншіктің негіздерін, шарттары мен шектерін белгілейтін заң 1995 жылы 22-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» заң күші бар Жарлығы еді. Осы Жарлық бойынша жердің кейбір санаттарына жататын жер учаскелерін жеке меншікке берудің негіздері, шарттары мен шектері белгіленді, яғни жеке меншік құқығымен Республика азаматтарына жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша мен дәстүрлі халықтық шаруашылықтарын жүргізу үшін, сондай-ақ жеке үй мен сая жай құрылысы үшін беру белгіленді. Сонымен қатар, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, құрылыс жүргізу үшін жер учаскелері жеке меншікке беру белгіленді. Осындай құқық шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда шетелдік мемлекеттік емес заңды тұлғаларға да таратылды [4].
Осы кезеңнен бастап Қазақстанның жер қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік меншік пен жеке меншік құқығына бейімделген нормативтік актілердің жүйелері құрыла бастады.
2001 жылы 24 қаңтарда қабылданған «Жер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мазмұны жағынан аталған Жарлықтың барлық нормаларын сақтап қалды және жер қатынастарын реттеуде оны одан әрі жетілдірді. Бұл Заңның аталған Жарлықтан айырмашылығы, ол «Жер туралы» Жарлық бойынша мәміле мәні болып табылатын «тұрақты жер пайдалану» құқығы институтына елеулі өзгерістер енгізді. Осы Заң бойынша «тұрақты жер пайдалану» құқығы тек мемлекеттік жер пайдаланушыларға ғана тиесілі болып белгіленді. Ал, бұрын мұндай құқық табысталған субъектілер ұзақ мерзімді (49 жыл) уақытша жер пайдаланушылар болып танылды.
«Тұрақты жер пайдалану» құқығын тек мемлекеттік жер пайдаланушыларға ғана тиесілі деп белгілеу аталған құқықтың заңдылық конструкциясына және оның мемлекеттік меншік құқығы режиміндегі нақты орнын белгіледі, яғни «тұрақты –мерзімі белгіленбеген жер пайдалану» құқығының, жер учаскесі мемлекет меншігінде бола отырып, мәміле мәні болып табылуы мемлекеттік меншік пен жеке меншік аралығының ажыратылу белгілерінің бірте-бірте жойылу қаупін туғызды және «тұрақты жер пайдалану» құқығының 1995-2000 жылдары субъектілерге тегін берілуі себебінен жер қатынастарының онан әрі жетілдіруінде кері әсерін тигізу қаупін туғызды. Осы себепті аталған Заңда мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің нақты ара қатынасы орнатылды. Тұрақты жер пайдаланудың осындай режимін белгілеудің дұрыс шешім екендігін осы заң қабылданғаннан соң жарты жылдан кейін қабылданған Ресей Федерациясының Жер кодексі де айқындады, яғни жер заңдары мейлінше ұқсас Ресей де тұрақты жер пайдалану құқығын тек мемлекеттік жер пайдаланушыларға тиесілілігін белгіледі. Осы келтірілген өзгерістен басқа, «Жер туралы» Заң шартты жер үлесі құқығына да елеулі өзгерістер енгізді, яғни шартты жер үлесін жалға беру мүкіндігі туралы бұрынғы «Жер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгіленген норманы алып тастады және шартты жер үлесі иелерінің нақты құқықтарын белгіледі, оларды іске асыруда уақыттық шектеулер қойды.
Араға біршама уақыт өткеннен соң, яғни 2003 жылы 20-маусымда, ұзақ уақыт саяси талқылаудан кейін, Қазақстан Республикасының Жер кодексі қабылданды. Аталған заң актісінің негізгі жаңалылығы ол – жеке меншік құқығын ауыл шаруашылық жерлеріне де тарату арқылы жеке меншік құқығымен берілетін жерлердің ауқымының кеңейтілгендігі
Қазақстан Республикасының жер заңдары, экономикада нарық қатынастары дамуына орай, негізінен, эволюциялық жолмен дамып келеді. Сондықтан, жерге байланысты заттық құқықтардың қалыптасуына және дамуына елеулі мүмкіндіктер берілді.
Халықымыз Елбасымыздың жолдауларын жыл сайын асыға күтеді. Себебі, Елбасымыздың жолдаулары ел дамуының бағыт-бағдарларын, басымдылықпен мән берілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа міндеттер қояды және болашаққа үлкен жол сілтейді. Елбасымыз өзінің 2010 жылғы жолдаған жолдауында, жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған жағдайлардың бірі болып табылады деп атап кеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Мемлекет басшылығының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі таңда өзінің шешуші сәтіне аяқ басты деуге болады. Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығымызға айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Міне, осы тұста біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін қатаң есте ұстауымыз қажет
8. Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарды жекешелендіру прцесін мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
1-ші кезең 1991 жылы «Жекешелендіру және туралы» ҚазССР заңын қабылдаумен басталып 1992 жылдың аяғында жекешелендіруге қатысты көптеген нормативтік құқықтық актілердің қабылдануымен аяқталады.
2-ші кезең 05.03.1993 жылы Президенттің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру Ұлттық бағдарламаны қабылдаумен басталып 1995 жылдың аяғына дейін.
1996 ж.- 1998 жылдың аяғына дейін. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру және бағдарламасын қабылдау.
1999-2000 жж. 2030 даму стратегиясының қабылдануы.
Жекешелендірудің субъектілері мен объектілері:
Объектісі- ҚР заңдарында өзеше көзделмесе кез- келген мемлекеттік мүлік;
мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;
кәсіпорынның қызметін тоқтату жағдайында кәсіпорынның мүлкі. Мұндай мүлік тек аукцион өткізу арқылы сатылады.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес құрылымдық бөліктері. Оларды сату кәсіпорынның технологиялық циклының қызметіне зиян келтірмеген жағдайда ғана рұқсаи еиіледі.
Шаруашылық серіктестіктердің қорларындағы мемлекеттің акциялары мен қарыздары.
Субъектілер:
Сатушы – жекешелендіруді жүргізуге уәкілетті мемлекеттік орган. Мемлекеттік меншікті басқару департаменті сату туралы шешім қабылдайды. Ал, Қаржы Министрлігінің жекешелендіру Департаменті аукционды өткізуді ұйымдастырады.
Сатып алушы. «Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарды жекешелендіру ерекшеліктері туалы» заңның 5- ші бабына сәйкес :
1. ҚР Үкіметі сатып алушыларға ҚР аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұру талабын қояды, бұл талап ҚР азаматтарының құқықтарының басымдылығын қамтамасыз ету мақсатында анықталған.
2. Мынадай ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғалары сатып алушы бола алмайды:
1) жарғылық қорында мемлекеттің 20 пайыздан көп қарызы бар шаруашылық серіктестіктер;
2. ҚР заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес объектіні сату шарттарымен айналысу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
3. шетел заңды тұлғалары.