
- •1.Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •2. Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар.
- •3. Мағауия Абайұлының көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері (мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •4. Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаты
- •5. Әбубәкір толғау, термелеріндегі заман зары, қазақ елінің тағдыры туралы.
- •6. Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз).
- •7. Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары.
- •8. Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты.
- •9. Хіх ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи өлеңдер мен дастандарда жариялануы
- •10. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні
- •11. Абай өлеңдеріндегі сыншылдық көзқарас
- •12. Хіх ғасыр әдебиетінің ерекшеліктері
- •17. Абайдың лирикалық өлеңдері.
- •18. Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай, оның әдебиеттегі көрінісі.
- •19. Мұрат Мөңкеұлы – зар заман әдебиетінің ірі өкілі.
- •20. Біржан мен Сара айтысының көркемдігі.
- •21.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •22.Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы еңбектері.
- •23.«Медғат-Қасым» поэмасы.
- •25. Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ іі жартысындағы айтыс өнерінің дамуы.
- •26. Шоқан қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы, публицист.
- •27. Әсет пен Ырысжанның айтысы
- •28. Зар заман әдебиетінің сипаты
- •29. Абайдың Крылов мысалдарының ізімен жазылған шығармалары
- •30. Біржанның айтыстары
- •31. Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас
- •32. Абайдың қара сөздері.
- •33.“Еспембет” дастанының құрылысы
- •34. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •35.Ақан сері – лирик
- •36. Сегіз ғашықтық лирикасы.
- •37. Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы.
- •38.Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.
- •39. Ыбырай өлеңдері.
- •53. “Ескендір” поэмасына шығыс әдебиетінің әсері.
- •54.Әбубәкір толғауындағы қазақ тағдырының жырлануы.
- •55.Абайдың ақын шәкірттері. Мағауия Абайұлының поэмалары
- •56. Біржан мен Сара айтысы.
- •65. Абай қарасөздеріндегі адамгершілік, мінез-құлық мәселесі.
- •66. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің маңызы мен мәні.
- •67. Сараның лирикалық өлеңдері
- •68. Хіх ғасыр әдебиетінің жаңашылдығы
- •69. Мағауия Абайұлының шығармашылығы.
- •71. «Зар заман» әдебиетінің зерттелуі.
17. Абайдың лирикалық өлеңдері.
Саяси-әлеуметтік лирикасы: «Болыс болдым мінекей, Бар малымды шығыңдап... Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап...» Осында сол тұстағы ел билеушінің екі жүзді кескін-кейпі, мінез-құлқы айтады. «Күз» деген өлеңіне ілесе жалғасып, тақырып жағынан ұласа ұштасып жататын «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деген өлең, сөз жоқ Абайдың саяси лирикасының ең түйінді біртұсы. Абайдың орыс классиктерімен етене жақын емес көзінде жазған махаббат тақырыбындағы өлендері - теңеу, тіл жағынан да, махаббат-достық мәселесін сөзініп, үғыну жағынанда қазақ ауыз әдебиетінің бұрынғы көне үлгісіңде жазылған шығармалар. «Айттым сәлем, калам қас...», «Қиыстырып мақтайсыз...», «Қактаған ақ күмістей кең мандайлы...» т. б. өлеңдерінің қайсысын алып қарасақ та, осы жайды аңғарамыз. Абай сұлулықты қиялдан емес, өмірден іздеді. Ескі сағат-сана, әдет-ғүрыпқа, әртүрлі алдамшы ұғымға байланысты қиялдағы «періштеден», «хор қызы- нан» сұлулық тапқан жоқ. Абайдың Ұлылығын, асқан талантын танытқан Пушкиннен аударған «Евгений Онегиннің» үзінділері. Табиғат лирикасы - Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Әсіресе, жылдың төрт мөзгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен зейнеті мол мал баққан шаруаны, құты мен жұты аралас аумалы-төкпелі кұй кешкен көшпелі ауылды, сол дәуірдегі қоғамдық қарым-қатынастың әр алуан белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар. Абайдың асқан сырлы лирикасының бірі - «Қан сонарда бүркітші шыгады аңға...». Мұнда сонар күні бүркітпен аңға шыққан аңшының іс-әрекеті әдемі, тартымды суреттеледі. Аңшылық турасында бұған жеткен өлең де, мұңдай шебер суреттеген ақын да болған емес. Абайдың табиғат тақырыбындағы лирикасына кіретін біраз өлеңдері - аудармалар. Бірақ Абай аудармасының өзіндік өзгешеліктері бар. Өлеңде тек табиғат суреті ғана емес, сонымен қатар адам, адамның көңіл-күйі бар, философиялық ой бар. Өлеңнің түпнұсқадағы осы мазмұнын, бусанған тынысы мен сырлы сазына дейін Абай аудармада дәл жеткізеді. Осы ретпен Абай қазақ поэзиясына соны да сырлы ағым алып келді. Өз шығармаларында жаңа, терең, күшті үлгі-өрнекке ауыстырды. Мәдениетті, білімпаз ақын болып, жаңа сарын, жаңа саз, жаңа сөз тапты.
18. Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай, оның әдебиеттегі көрінісі.
Ресей империясы жүргiзген отарлық езгiнiң 1867 жылға дейiнгi әскери жер отары саясаты нағыз отарлық езгi ретiнде емес, патша өкiметiнiң қазақ және орыс шаруаларына қарсы жүргiзген таптық қанауы ретiнде атүстi сипатталып, тәуелсiз хандық мемлекеттi үстем таптың феодалдық озбыр өкiметi ретiнде қаралап, ұлт азаттық қозғалыстары мен көтерiлiстердi орыс отаршылдарына қарсы емес, шаруалардың қазақ феодалдарына қарсы туған бас көтерулерi ретiнде ғана бағалау етек алды. Ал XIX ғасырдың екiншi жартысындағы сауда капиталын қазақ жерiне ендiру арқылы жер үстi мен астының байлығын тонау, қазақтың рухани-мәдени, тұрмыстық-шаруашылық қалпын отарлау саясатына орай мақсатты түрде зерттеулер жүргiзу, сол негiзде сананы отарлау, қалыптасқан қоғамдық шаруашылық қатынастарды бұзу, оқу-ағарту желеуiмен тiлдi, салт-дәстүрдi бұзып, миссионерлiк шоқындыру саясатын жүргiзу, жинақтап айтқанда, идеологиялық отарлау арқылы халықты Ресей құрамына қосу мақсатында жүргiзiлген отарлық саяси iс-шаралар Кеңес империясының одан әрi астарлы түрде жүргiзген езгi саясаты аясында бүркемеленiп ұсталып, патша өкiметiнiң отарлық езгiсiнiң өңi өзгертiлiп айтылды. Ал осы саясаттың шынайы көрiнiсiн бейнелеген «Зар заман» әдебиетi өкiлдерiнiң шығармашылықтары жаңалыққа жатырқай қараған ескiшiл, кертартпа ақындар ретiнде бағаланғаны аян. Ы. Алтынсарин патша өкiметiнiң миссионер-ағартушыларымен тiкелей араласа жүрiп, халқын өнер-бiлiмге шақыруда өзiнiң педагогикалық қызметiне оларды дипломатиялық сыпайы сыйластық қатынаспен пайдаланды. Мысалы, Абайдың «Интернатта оқып жүр» деген өлеңiнде қазақтан алынған салықтар есебiнен ашылған мектеп-интернаттардың түлектерi оязға қызмет етiп, аз бiлгенiмен көп қазаққа епсiнiп, ел арасын бүлдiрер прощение (арыз, шағым) жазуды үйренiп, бар мақсаты тiлмәш, адвокат, военный қызметкер болуға ынталы шәкiрттер боларын айта келiп, осы өлеңнiң жалғасындағы бес дұшпанның отаршылдар енгiзген ел билеу жүйесiнiң кесiрiнен туған кеселдi мiндер екенiн ой бөлген адамға бiрден байқалардай етiп суреттеген. Қазандағы татар баспасынан аз тиражбен болса да Д.Бабатайұлының «Өсиетнама», Ш.Қанайұлының «Бала зары», «Бозжiгiт», «Сейпiл-Мәлiк», «Ақсақ Темiр хан», «Сақып-Жамал» сияқты қисса-дастандар жарыққа шықты. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, т.б. ұлт мұрасын қастерлеген зиялы қауым өкiлдерiнiң ел iшiнен жазып алған нұсқалары негiзiнде жиналды.