Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
25.12.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
131.54 Кб
Скачать

55.Абайдың ақын шәкірттері. Мағауия Абайұлының поэмалары

Мұхтар Әуезов «Абай шәкірттері туралы» атты мақаласында: «Абайдың өзі тірісінде, оның айналасына жинаған талапкер, өнерлі жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық фольклорын жинаушылар, әнші ақындар емес, орыс мәдениетін білуге талпынған жай көзі ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын. Іштерінде жас шағынан Абайға тетелес: Көкбай, Мұқа сияқтылардан бастап, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия және інісі Кәкітай сияқты көп адамдар болды. Өзге ақындар «шәкірт» деп аталған соң, Абай әрине олардың басшысы – ұстаз ақын болмаққа керек. Абайдың ақын-шәкірттері тақырыбын 1940 жылдардан бастап зерттеп, ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абайдың ақын шәкірттері» деп аталатын 4 кітаптан тұратын зерттеу еңбегін жазды. Мағауия Абайұлы - ұлы ақынның Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, ол екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, оқи алмай ауылға қайтады. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды. Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Ол жазғандары: «Еңлік-Кебек», «Абылай» және «Медғат-Қасым». Абай берген бағыт бойынша ізденген шәкірт ақын Мағауия осы шығармасында Абайдың өзі жазбаған анық сюжетті поэманы туғызады. Ақылбай мен екеуі де романтикалық поэманың стилін қазақ әдебиетіне әкеліп кіргізгенде, анық соны, жаңа, жақсы ағым қосты деу керек. «Медғат-Қасым» - Мағауияның ең соңғы поэмасы. «Еңлік-Кебек» - Мағауияның алғашқы жазған шығармасы. Поэманың осы соңғы жолдары да надан заманның, қараңғы ортаның қатал мінездеріне қарсы айтылған ашулы өкім есепті болады. Осылайша образдарды бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынап көрсетуде, адамгершілік талабын ең үлкен мақсат, арман етіп биік сапада танытуда Мағауияның бұл поэмасы да өз уақытындағы бағалы еңбек болатын.

56. Біржан мен Сара айтысы.

Біржан — бүрынғы-соңғы қазақтың сал сері ақындарының ағасы, үстазы, жанашыр өнерпазы. "Біржан мен Сара” айтысы — өзінің қүрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі. Біржан да, Сара да — көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Халык Біржанның әнін катты сүйіп, өнерпаз жас акындар мен өншілер оны өннің пірі түтып, үстаз деп таниды. Сара Тастанбеккызы әкесі ерте қайтыс болып, жастайынан жокпіылык таукыметін тартады. Сара жастайынан сауыкшыл, домбырашы, күйші, әнші, ақындар кауымы ортасында өседі. "Біржан мен Сара” айтысыныц негізгі өзегі. Әрі сүлу, өрі өнерпаз Сара да өзінің сүйгеніне бара алмай, малға сатылып, еріксіз кете барады. Қалың мал — казак өйелдерін шырмаған ескіліктің мыкты торы, айтыста сол кырсьщты ескі әдет-ғұрыпка, салт-санаға наразылык білдіріледі. Сара ақыл-парасаты, акындық-әншілігі жағынан Біржанмен иыктас, пара-пар, тең, оның "өнерге екі жағы бөрі бірдей”, Біржаннан кем түспейді. Сол өнерімен тең түскен Сараны Біржан баска жерден сүріндіреді. Есімбек, Түрысбек сиякты ел билеушілері оны жаны да, тәні де кемтар Жиенқүлға атастырып койған. Біржан оның сағы сынар жерінен жазбайды. Сара Біржанға сөзін кадап өнер таластырса да, Жиенкүлға келгенде мүдіре береді. Акыры, Сара акындар айтысының дағдылы дөстүрі бойынша, топ алдында жеңілгенін мойындап, оның себебін айтып, өз басының мүңын, ішкі күйінішін жыр етеді. Сара бүл жерде тек өз басының мүңды халін ғана емес, казак қыздарының мүң-шерін де білдірген. Айтыста Біржан халкымыздың үлы акыны Абайды окшау алып, дара, дана түлға етіп бейнелейді. Екі акын да ә дегеннен-ак бір-біріне жүйріктік, ірілік таныта бастайды. Сара Біржанның өнерін салған жерден-ақ байкаса, Біржан да өнерлі қыздың аяк алысын бірден таниды. Сөзден үтылмасына көзі жетіп, Сараның өнеріне таңдана, тамсана карайды, өділ бағалайды. Сараның басына төнген караңғылыкка, есекке қосақтаулы тағдырына Біржан катты толғанып, налиды. Сара да Біржанды жасы үлкен аға деп кадірлейді, өнерін, ақындық-өншілігін, адамгер-шілігін жоғары бағалайды. Сара Біржанды Орта жүздің өнер тарланы деп таниды. Улы сарказммен айтып, Жиенкүлды өлтіре сынайды. Сол аркылы өз басын малға сатып, сүймеген адамына бергелі отырған айналасына да наразылығын білдіреді. Сөйтіп, "Біржан мен Сара” айтысының негізгі түйіні — әйелдің бас бостандығы. Өткен ғасырда екі саңлактың үн қосып, әйелдің бас бостандығын жырға аркау етуі, ескі феодалдық салтка қарсы шығуы өз дөуірі үшін прогресшіл идея еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]