
- •1.Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •2. Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар.
- •3. Мағауия Абайұлының көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері (мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •4. Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаты
- •5. Әбубәкір толғау, термелеріндегі заман зары, қазақ елінің тағдыры туралы.
- •6. Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз).
- •7. Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары.
- •8. Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты.
- •9. Хіх ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи өлеңдер мен дастандарда жариялануы
- •10. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні
- •11. Абай өлеңдеріндегі сыншылдық көзқарас
- •12. Хіх ғасыр әдебиетінің ерекшеліктері
- •17. Абайдың лирикалық өлеңдері.
- •18. Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай, оның әдебиеттегі көрінісі.
- •19. Мұрат Мөңкеұлы – зар заман әдебиетінің ірі өкілі.
- •20. Біржан мен Сара айтысының көркемдігі.
- •21.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •22.Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы еңбектері.
- •23.«Медғат-Қасым» поэмасы.
- •25. Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ іі жартысындағы айтыс өнерінің дамуы.
- •26. Шоқан қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы, публицист.
- •27. Әсет пен Ырысжанның айтысы
- •28. Зар заман әдебиетінің сипаты
- •29. Абайдың Крылов мысалдарының ізімен жазылған шығармалары
- •30. Біржанның айтыстары
- •31. Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас
- •32. Абайдың қара сөздері.
- •33.“Еспембет” дастанының құрылысы
- •34. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •35.Ақан сері – лирик
- •36. Сегіз ғашықтық лирикасы.
- •37. Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы.
- •38.Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.
- •39. Ыбырай өлеңдері.
- •53. “Ескендір” поэмасына шығыс әдебиетінің әсері.
- •54.Әбубәкір толғауындағы қазақ тағдырының жырлануы.
- •55.Абайдың ақын шәкірттері. Мағауия Абайұлының поэмалары
- •56. Біржан мен Сара айтысы.
- •65. Абай қарасөздеріндегі адамгершілік, мінез-құлық мәселесі.
- •66. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің маңызы мен мәні.
- •67. Сараның лирикалық өлеңдері
- •68. Хіх ғасыр әдебиетінің жаңашылдығы
- •69. Мағауия Абайұлының шығармашылығы.
- •71. «Зар заман» әдебиетінің зерттелуі.
5. Әбубәкір толғау, термелеріндегі заман зары, қазақ елінің тағдыры туралы.
Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлы - ақын. Жетіру тайпасының Кердері руынан шыққандықтан, ел арасында «Кердері Әбубәкір» атанған. Өз әкесі Боранқұл қолөнер шебері әрі сауықшы адам болған. Өлеңдері: “Байлар хақында айтқан өлеңі», «Заманның опасыз халіне Әбубәкір молданың айтқан өлеңі», «Сұлу қыз, көрмесек те аманбысын», «Қазағым, қапыл болмаңыз», «Әбубәкір молданың сырқау болып жатқанда айтқан өлеңі». Өткен еміншілік заманды Әбубәкір молданың жоқтап айтқан толғауы Әбубәкірдің терең мазмұн мен нақылға толы өлең-жырлары оқырманды ойға жетелейді. Ақынның ой-толғауларында отаршылдық зардабы, заман ауыртпалығы, адамгершілік, дін, имандылық тақырыбына ерекше мән берілген. Қашанда ел қамын жеген ақын-жыраулар елінің бірлігі кетіп, бұрынғы ата-баба дәстүрінің бұзылуына, түрлі жағымсыз жағдайларға, заман өзгерістеріне қинала қараған. Сөйтіп өздері өмір сүрген кезеңдегі кемшіліктерді өткір сынға алып, қолдарынан келгенше түземек болған. Ақын бұрынғы ел бірлігін, қазақтың ешқандай алауыздыққа бой алдырмаған кезін аңсайды. Әбубәкір өлеңдерінде қазақ өмірі шынайы реалистік бағытта бүкпесіз жырланғаны, отаршылдық, орыстандыру саясатының құрбаны боп кетпеудің жалғыз жолы — «барша мұсылман халқымен ынтымақтастықта болып, халқымыздың оқу-өнер үйренуі арқылы басқа елдермен терезесі тең ұлт боламыз деген ойды бұқараға жеткізе білгені» Мыс: Қазағым, қапыл болмаңыз, Өнерден босқа қалмаңыз! Жәрдем етіп ақ патша, Түрлі ғылым шығарды, Оқып, біліп жолдаңыз. Орысша ғылым білмесе, Еш пайдаға аспады - Мұсылманша молдаңыз. Алашқа пайдаң тимесе, Өз басыңды қорғаныз. Шекесіне тигенін, Айтып-айтып сөйледі - Әбубәкір жорғаңыз...
Әбубәкір революцияға дейін екі жинағын шығарса да, сондай-ақөз заманының көрнекті ақындарының бірі бола тұрса да, оның шығармасы соңғы кезге дейін жөнді зерттелмей келді. Тегі Әбубәкірдің өлең-толғаулары Дулат, шортанбай діні мен «ақ патшаның» «шарафаты» болған соң, көбінесе, ол жөнінде ат үсті сөз етіліп, жалпылама қорытынды жасалып жүрді. Расында Әбубәкірдің жоғарыда аталмыш ақын жыраулардан көптеген айырмасы бар. Ең алдымен, ол қазақ даласында болып жатқан жаңалықтардан безбейді, олардың халыққа пайдасы тиеді деп сенім білдіреді. Сонан кейін Әбубәкір өлеңдерінің көпшілігінде құдай мен пайғамбарды, пір мен әулиені аузынан тастамайды, бар жақсылықты солардан ғана күтеді.
6. Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз).
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғаған жырау. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады. Зерттеушілер толғаулар деп атап жүрген ақынның екі үлкен шығармасы – «Үш қиян» және «Сарыарқа». Толғау деп айдар таққанмен, бұл туындылар лирикалық дастанның жүгін көтеріп тұрған шығармалар. Сондықтан бұларды лирикалық дастандар деген жанрға жатқызсақ артық емес. «Үш қиян», «Сарыарқа» атты лирикалық дастандар – «Зар заман» туындылары. Олар отаршылдыққа, озбырлыққа қарсы туған жырлар. Ресей патшалығының отаршылдығы үздіксіз жүргізілгені және жерімізге шеттен бастап кіріп, ішімізді жайлай бергені өте өрнекті тілмен бейнелі көрсетіледі. Еділді тартып алғаны – Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны – Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны –Ойындағысы болғаны, – деген жолдарда бір озбырдың екінші адамға жасаған зорлығындай сурет адам көз алдына келеді. Жаппай талап, топан, таптай келген «аузы түкті» жұрт өзінің әдет-ғұрпын, сұмпайы мінез-құлықтарын қазақ халқына енгізе бастағанын, халқымыздың бұрынғы өте әдепті, әділ ғұрпымызды лайлап, бүлдіргенін де бейнелі көрсетті. Дастанның соңында сұмпайы заманның бейнесін өте дәл береді. Ақын өзге жұрттың әдепсіз ғұрпы бірден-бірге дендеп еніп, қазақты бүлдіріп жатқанын айтып, зорлықпен келген заманға жиіркене қарайды және болашақтан түңіледі: Мен қауіп еткеннен айтамын, Ақ борықтай иілген, Кейінгі туған баланың, Ұстай ма деп білегін,, Шая ма деп жүрегін. Шашын, мұртын қойдырып, Ащы суға тойдырып, Бұза ма деп реңін. Адыра қалғыр заманның Мен жаратпаймын сүреңін. «Үш қиян» дастаны Мұрат ақынның жүрегін жарып шыққан ең мұңды, ең зарлы жыр. Ол – ақын тілімен айтқан халық үні, халық мұңы болды. «Сарыарқа» жыры өткен заманды еске алып, сонау Асан қайғыдан бастап ата қонысты тастап, озбыр елдің басқыншылық әрекетінен ауа көшіп, жылы орындарынан қозғалғандығын ашына айтады. Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін де алды. Артынан Еділден соң Нарынды алды, Торғайдың ағаш, қамыс, талын да алды… Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың содан жұтап шалынғаны. Қуалап Исатайды өлтірген соң, Заманның содан бері тарылғаны. Осы жолдардан Ресейдің жылжып-жылжып қазақтың ішкі қоныстарына енгендігі, соған қарсылық жасаған Исатай сияқты батырларды өлтіргендігі айқын да нақты көрінеді. «Ерлерге ерегіскен не қылмады», «Ерлігі Махамбеттің бір қазақтай оны да аңсыз жерде жазымдады» деген жолдарда ерлерді қыруды қарудың күшімен жалғастырғаны айтылады. Ақын осы жырының былайғы тармақ-тарында қазақ елінің озбырлардан көрген қорлықтарын жалғастыра береді. Өзінің елінен көшкендігінің салдары да сол қиянаттан және оған қосымша «Жұт қоянның» әсері екендігін жыр етеді. Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады.