- •1.Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •2. Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар.
- •3. Мағауия Абайұлының көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері (мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •4. Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаты
- •5. Әбубәкір толғау, термелеріндегі заман зары, қазақ елінің тағдыры туралы.
- •6. Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз).
- •7. Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары.
- •8. Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты.
- •9. Хіх ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи өлеңдер мен дастандарда жариялануы
- •10. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні
- •11. Абай өлеңдеріндегі сыншылдық көзқарас
- •12. Хіх ғасыр әдебиетінің ерекшеліктері
- •17. Абайдың лирикалық өлеңдері.
- •18. Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай, оның әдебиеттегі көрінісі.
- •19. Мұрат Мөңкеұлы – зар заман әдебиетінің ірі өкілі.
- •20. Біржан мен Сара айтысының көркемдігі.
- •21.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •22.Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы еңбектері.
- •23.«Медғат-Қасым» поэмасы.
- •25. Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ іі жартысындағы айтыс өнерінің дамуы.
- •26. Шоқан қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы, публицист.
- •27. Әсет пен Ырысжанның айтысы
- •28. Зар заман әдебиетінің сипаты
- •29. Абайдың Крылов мысалдарының ізімен жазылған шығармалары
- •30. Біржанның айтыстары
- •31. Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас
- •32. Абайдың қара сөздері.
- •33.“Еспембет” дастанының құрылысы
- •34. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •35.Ақан сері – лирик
- •36. Сегіз ғашықтық лирикасы.
- •37. Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы.
- •38.Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.
- •39. Ыбырай өлеңдері.
- •53. “Ескендір” поэмасына шығыс әдебиетінің әсері.
- •54.Әбубәкір толғауындағы қазақ тағдырының жырлануы.
- •55.Абайдың ақын шәкірттері. Мағауия Абайұлының поэмалары
- •56. Біржан мен Сара айтысы.
- •65. Абай қарасөздеріндегі адамгершілік, мінез-құлық мәселесі.
- •66. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің маңызы мен мәні.
- •67. Сараның лирикалық өлеңдері
- •68. Хіх ғасыр әдебиетінің жаңашылдығы
- •69. Мағауия Абайұлының шығармашылығы.
- •71. «Зар заман» әдебиетінің зерттелуі.
65. Абай қарасөздеріндегі адамгершілік, мінез-құлық мәселесі.
Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абайдай ағартушыға өте орынды айтылған. Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық түрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған. «Адамның білімі, өнері - адамшылықтың таразысы» деп санаған Абай білімді барлық атақ, құрмет пен бедел, байлықтан жоғары қояды. Ақын адамның ең қымбат кезі - жастық шақты оқуға, ғылымға жұмсауды еске салады. Ойын-сауықты кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, білімдіден үйрен, үлгі ал, солардай болуға тырыс дей келе: «Дүние де өзі, малда өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз...», - деген тұжырым ұсынады. Жастарды адамгершілік рухында тәрбиелеп, оларға ғылым мен білімге бастар жолды көрсете отырып, ақын бұл мәселелердің шешімі еңбекте деп білді. Жастарға жеке басыңның қамын күйттеп кетпей, халқыңның жарқын болашағы үшін еңбек ет: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», - деген өсиет қалдырды. Абай қалың бұқараны адал еңбекке үндеді, қулық-сұмдықпен, алдау-арбаумен, ұрлық-зорлықпен, еңбексіз тапқан мал мен мүліктің: «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы сықылды тез суалар...»- деп, ондай арзан дүниенің жұғымсыз екенін ұқтырды.
66. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің маңызы мен мәні.
Ыбырай 1879 жазылған “Қазақ Хрестоматиясы” оқулығын жазды. Оқулықтың құрылымдық мазмұны оның өз шығармаларынан, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілі шығармалары мен әлемдік әдебиеттің ең таңдаулы үлгілерінен тұрды. Ы.Алтынсарин өзінің “Қазақ хрестоматиясы” арқылы қазақ халқының арасына алдыңғы қатарлы орыс жазушыларының, ағартушыларының және педагогтардың озық шығармалары мен идеяларының кеңінен таралуына негіз қалады, Қазақстанға орыс мәденетінің таралуына баға жетпес үлес қосты. Ол К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі”, Л.Н.Толстойдың “Әліппе және оқу кітабын”, Б.Ф. Бунаковтың “Әліппе мен оқу құралын”, Тихомировтың “Грамматиканың элементарлық курсын” оқу құралы ретінде ұсына отырып, кейін солардың үлгісімен өзі де “Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы“ атты екі оқу құралын бастырып шығарды. Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин біріншіден, қазақ халқының батырлары, шешен-билерін, ертегілерді, аңыз-әңгімелерді енгізсе, екінші бөлімінде, дидактикалық әңгімелерді, үшіншіден, орыс, батыс классиктерінің тәлімдік-тәрбиелік мәні бар әңгімелерін енгізді. Ол өзінің хрестоматияға енгізген әдеби шығармаларының бәрін негізгі педагогтық ісімен тығыз байланыстыра білді. Ол хрестоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабардар ету көзделсе, екіншіден, оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, еңбекке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, адамгершілік қаситеттерді бойына сіңіру көзделеді. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқып үйренуіне жеңіл, жатық әңгімелерді беруге тырысты. Ы. Алтынсариннің хрестоматиясының бірінші бөлігін жазған кездегі өріс алған әдеби творчествосы өзі болжағаннан асып түсті.
