
- •1.Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •2. Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар.
- •3. Мағауия Абайұлының көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері (мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •4. Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаты
- •5. Әбубәкір толғау, термелеріндегі заман зары, қазақ елінің тағдыры туралы.
- •6. Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз).
- •7. Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары.
- •8. Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты.
- •9. Хіх ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи өлеңдер мен дастандарда жариялануы
- •10. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні
- •11. Абай өлеңдеріндегі сыншылдық көзқарас
- •12. Хіх ғасыр әдебиетінің ерекшеліктері
- •17. Абайдың лирикалық өлеңдері.
- •18. Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай, оның әдебиеттегі көрінісі.
- •19. Мұрат Мөңкеұлы – зар заман әдебиетінің ірі өкілі.
- •20. Біржан мен Сара айтысының көркемдігі.
- •21.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •22.Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы еңбектері.
- •23.«Медғат-Қасым» поэмасы.
- •25. Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ іі жартысындағы айтыс өнерінің дамуы.
- •26. Шоқан қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы, публицист.
- •27. Әсет пен Ырысжанның айтысы
- •28. Зар заман әдебиетінің сипаты
- •29. Абайдың Крылов мысалдарының ізімен жазылған шығармалары
- •30. Біржанның айтыстары
- •31. Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас
- •32. Абайдың қара сөздері.
- •33.“Еспембет” дастанының құрылысы
- •34. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •35.Ақан сері – лирик
- •36. Сегіз ғашықтық лирикасы.
- •37. Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы.
- •38.Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.
- •39. Ыбырай өлеңдері.
- •53. “Ескендір” поэмасына шығыс әдебиетінің әсері.
- •54.Әбубәкір толғауындағы қазақ тағдырының жырлануы.
- •55.Абайдың ақын шәкірттері. Мағауия Абайұлының поэмалары
- •56. Біржан мен Сара айтысы.
- •65. Абай қарасөздеріндегі адамгершілік, мінез-құлық мәселесі.
- •66. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің маңызы мен мәні.
- •67. Сараның лирикалық өлеңдері
- •68. Хіх ғасыр әдебиетінің жаңашылдығы
- •69. Мағауия Абайұлының шығармашылығы.
- •71. «Зар заман» әдебиетінің зерттелуі.
28. Зар заман әдебиетінің сипаты
Зар заман деген 19 ғ өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңнің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгері, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарыны болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «зар заман» ақындары деген ат қойылды. Бұл ақындардың дәуірі тарихи дәуірді туғызған дәуір. Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ, зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады. Ел тарихында Абылай заманнан соңғы үлкен толқын Исатай, Кенесары мезгілінде болғанын тарихи өлеңдерді қарастырған уақыттарды айтамыз. Абылай заманында негізделген саяси бағыт Сырым, Исатай, Кенесары тұсында іс жүзіне шығып, қалың ел өмірін асты – үстіне келтіреді. Зар –заман ағымына 19 ғ болған ақындардың бәрі кіреді. Бұл ғасырда ақындар екі алуан болған. Біреуі есі кірген ойлы ақындар, екіншісі елдің қызық – сауығын салт қылған айтыс ақындары. Бұқар жыраудан соң зар заман ақындаыны басы Махамбет. Одан кейінгілері: Шортанбай, Мұрат, Алтынсарыұлы, бұлардан соңғы бір буыны Абаймен тұстас ақындар. Зар заманның көрнекті ақыны Мұрат. Мұрат з. Заман ақындарының ішінде патша саясатының бір тарауына көп көңіл бөлген ақын. Ақын көп жырында қоныс пен өрістің жоқшысы болады. Жер тарылып, заң бұзылып, елсасқан соң, бұрынғы ұйытқысы бұзылмаған ру тіршілігі көрінін айырылып, құбылып, қуарып бара жатқан сияқтанады. Халық поэзиясының тағы бір соқпалы түрі – зар заман. Бұл өлеңдерде салт – сананың бұзылуы жырланады, халық өмірінің көне әдет ғұрпы мен ескі салттарының құлдырауы, билер мен әкімдердің парақорлығы мен тұрмыс түршылыктің нашарлауы, мол сананың азаюы мен халықтың жұтауы, жайылым қоныстың тарылуы, қоныс аударушыларға шұрайлы жерлерден кесіліп берілуі, жердің тозуы, елдің озуы, аштық, жұт сөз болады».
29. Абайдың Крылов мысалдарының ізімен жазылған шығармалары
Абай аударған орыстың ұлы ақыны — Иван Андреевич Крылов болды. Крылов та әдебиеттегі өз орнын әдебиетте мысал жазудан барып тапты. Мысалдарымен халыққа танылды, әдебиеттен құрметті орын алып, тарихта ұлы жазушы болып қалды. Крылов мысал жазбастан бұрын да талай сатиралық шығармалар, комедиялар, пьесалар жазған адам. Крылов барлығы екі жүздей мысал-өлең жазған. Крыловты қазақ жұршылығына өз заманында кеңірек танытқан Абай болды. Крыловтың ”Қарға мен түлкі”, ”Әншілер”, (”Музыканты”), ”Бақа мен өгіз”, ”Шегіртке мен құмырысқа”, ”Бүркіт пен қарға”, ”Піл мен қанден”, ”Есек пен бұлбұл”, ”Емен мен шілік”, ”Алақойлар”, ”Жарлы бай”, ”Қазаға ұрынған қарашепкен” тағы басқа мысалдарын аударды. Абай Крылов мысалдарындағы реализмді өзіне үлгі етіп ала отырып, оның сатира жағы басым мысалдарын таңдап алды. Қазақ өміріндегі ескі салт-сананы, әдет-ғұрыпты, жалқаулық, надандық, қулық-сұмдық сияқты жаман әдеттерді шенеп, әшкерелеуге лайықты Крылов мысалдарын Абай қазақ тұрмысына бейімдеп аударды. Крылов мысалдарын аударғанда Абай оның өлеңдеріндегі орыс тілінің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, мазмұны мен мағынасын терең түсініп аударды. Қазақ тіліне жатық етіп, қазақ тұрмысына бейімдеп, ұғымына жеңіл етіп аударды. Мысалдың соңында келетін қорытынды пікірді де Абай қазаққа түсінікті етіп өзінше береді. Абайдың Крыловтан жасаған аудармаларын шартты түрде көшірме-аударма және сарындас аударма деп екі топқа бөлуге болады. Абай өсиетшіл мысалдарға көп көңіл бөлмеген. Абай И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударумен де айналысты.