- •1.Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •2. Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар.
- •3. Мағауия Абайұлының көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері (мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •4. Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаты
- •5. Әбубәкір толғау, термелеріндегі заман зары, қазақ елінің тағдыры туралы.
- •6. Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз).
- •7. Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары.
- •8. Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты.
- •9. Хіх ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи өлеңдер мен дастандарда жариялануы
- •10. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні
- •11. Абай өлеңдеріндегі сыншылдық көзқарас
- •12. Хіх ғасыр әдебиетінің ерекшеліктері
- •17. Абайдың лирикалық өлеңдері.
- •18. Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай, оның әдебиеттегі көрінісі.
- •19. Мұрат Мөңкеұлы – зар заман әдебиетінің ірі өкілі.
- •20. Біржан мен Сара айтысының көркемдігі.
- •21.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •22.Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы еңбектері.
- •23.«Медғат-Қасым» поэмасы.
- •25. Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ іі жартысындағы айтыс өнерінің дамуы.
- •26. Шоқан қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы, публицист.
- •27. Әсет пен Ырысжанның айтысы
- •28. Зар заман әдебиетінің сипаты
- •29. Абайдың Крылов мысалдарының ізімен жазылған шығармалары
- •30. Біржанның айтыстары
- •31. Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас
- •32. Абайдың қара сөздері.
- •33.“Еспембет” дастанының құрылысы
- •34. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •35.Ақан сері – лирик
- •36. Сегіз ғашықтық лирикасы.
- •37. Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы.
- •38.Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.
- •39. Ыбырай өлеңдері.
- •53. “Ескендір” поэмасына шығыс әдебиетінің әсері.
- •54.Әбубәкір толғауындағы қазақ тағдырының жырлануы.
- •55.Абайдың ақын шәкірттері. Мағауия Абайұлының поэмалары
- •56. Біржан мен Сара айтысы.
- •65. Абай қарасөздеріндегі адамгершілік, мінез-құлық мәселесі.
- •66. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің маңызы мен мәні.
- •67. Сараның лирикалық өлеңдері
- •68. Хіх ғасыр әдебиетінің жаңашылдығы
- •69. Мағауия Абайұлының шығармашылығы.
- •71. «Зар заман» әдебиетінің зерттелуі.
26. Шоқан қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы, публицист.
Ш. Ш. Уәлихановтың ата-бабалары байырғы сұлтандар әулетіне жатады. Оның бабасы, Орта жүздің ханы Абылай алғашқылардың бірі болып Ресейдің қол астына кіріп, өмірінің соңына дейін Ресеймен сауда және саяси байланыс жасап отырды. Бала кездің өзінде-ақ ол «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» және «Еркөкше» халық поэмаларының түрлі үлгілерін жазып алып, кейін оларды ұстазы Н. Ф. Костылецкийге табыс етті. Жас зерттеушінің қырғыз халқының атақты эпикалық жыры «Манасқа» алғаш рет көңіл бөліп, оның бірінші ғылыми жазбасын жасап, ішінара орыс тіліне аударуының ерекше маңызы болды. Ол жырға тұңғыш рет тарихи және әдеби тұрғыдан сараптама жасап, аты аңызға айналған бас кейіпкері - Манас образына және қырғыз фольклорының басқа кейіпкерлеріне талдау жасайды. «Манас» - жекелеген көп оқиғалардан құралған тұтас еңбек. «Семетей» атты екінші бір жыр «Манастың» жалғасы іспетті және ол қырғыздардың «Одиссеясы». Ш. Уәлихановтың 1856-1857 ж алғашқы саяхаттарының ғылыми нәтиж «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының Батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар жайлы жазбалар» сапар -очерктерінде баяндалған. Бұл еңбектер Ш. Уәлихановтың 20 жасында жазылды. Оның 1856 жылы Құлжа туралы жазған күнделігі өте қызықты. Бұл күнделікте Құлжаға барған саяхат толықтай тартымды әрі көркем тілмен жазылған. Шоқан Қашғардан «Тазкирян Сұлтан Сутуқ Боғра хан» (Сұтұқ Бұғрахан тарихы), «Тазкирян Туғлуқ Темір хан» (Туғлуқ Темір хан тарихы), «Тазкирян Ходжаган» (Қожалар тарихы), «Абумүслим Маурузи» және басқа да сирек кездесетін шығыс қолжазбаларын, сонымен қатар, тау жыныстарының коллекциясын, нефрит үлгілерін, гербарий, нумизматика ескерткіштерін және т. б. алып келді. «Джами'ат-тауарихты» Уәлиханов сирек ұшырасатын тарихи шығарма, XV, XVI ғ қазақтың тарихи аңыздар жинағы ретінде бағалады. «Қырғыздың шығу тегі туралы аңыздар, - деп жазды ол, - Ұлы жүздің жалайыр руынан шыққан қырғыз жазған «Джами' ат-тауарих» пен «Шейбани-намеде» айтылған жайлармен дәлелденеді».
Ш. Уәлихановтың қазақ халқының тарихы мен этнографиясы туралы зерттеулері, сондай-ақ қазақ даласындағы әлеуметтік-саяси қарым-қатынастарға байланысты мақалаларының ғылыми маңызы зор. Бұлар - «Абылай», «Қырғыздардың шежіресі», «Көне дәуірдегі қазақтардың қару-жарағы мен әскери жабдықтары», «Шона батыр», «Сот реформасы туралы жазба», «Қырдағы мұсылмандық туралы», «Қырғыздардағы шамандық қалдықтары», «Қырғыздардың көші-қоны туралы» және т. б.
27. Әсет пен Ырысжанның айтысы
Әсет Наймабайұлы –қазақ ақыны (суырып салма), әнші-композиторы. Әсеттің әке-шешесі кедей, шаруа адамдар болған. Кейін, ер жетіп, есейіп айтысқа түскен кезінде де кейбір ақындар оның кедейлігін бетіне басады. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп түсінген Әсет ескіше оқыған, көзі ашық адам болады. Әйгілі ақын қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен, соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады. Сөйтіп, Әсет пен Ырысжанның айтысы -көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады. Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ әуенге басады, өздерінің мойны озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді. Әсет пен Ырысжан айтысы — ақындар айтысының шоқтығы биік, аса көркем үлгілерінің бірі. Айтыс 19 ғасырдың соңғы ширегінде өткен. Мұнда халық өмірінің ауыр жағдайы мен ел билеушілердің зорлық-зомбылығы жұмбақ — жауап түрінде әсерлі сипатталған. Жұмбақты бастан-аяқ Ырысжан айтады да, Әсет қолма-қол шешіп отырады. Алғашқы жұмбақ Ресей өкіметінің қазақ жеріндегі ел билеу тәртібін әшкерелеуге арналған. Патша билігі күн түсірмейтін алып бәйтерек сипатында алынып, ал оның ел ішіндегі әкімдері сол ағаштың бұтақтарын мекен еткен ірілі-ұсақты жыртқыш құстар түрінде беріледі. Қыз жұмбағындағы “иілген сегіз бұтақ” — сегіз сенат, ал “ағаштың жайылған жапырағы” — қағаз ақша, “жұмыртқа басып шайқайтын екі ителгі” — ояз бен оның көмекшісі, “Аз атаның баласы жалғыз қыран” — болыс, “сегіз лашын” — сегіз би, “үш жылда бір нәр тартатын отыз-қырық құзғын” — елубасылар, “ыңғайланған он қаршыға” — старшын, “жалғыз ителгі” — сот, “жапалақ” — жасауыл, “жүзден асқан күйкентай” онбасы, ал “қағып жеген тышқаны” — елден жеген тиын-тебен тұрғысында шешіліп түйінделеді. Бұдан кейінгі жұмбақтар адамның он екі мүшесін суреттеуге, жыл мезгілін, жаратылыс сипатын ашуға арналған. Айтыс С. Сейфуллиннің “Қазақ әдебиеті нұсқаларында” (1931), “Айтыс” жинақтарында (1941), “Қазақ халқының ауыз әдебиеті” хрестоматиясында (1959), “Әсет” жинағында (1988) тағы басқа жарияланған. Қазақстан ҒМ ҒА-ның Қолжазба орталығында А. Әміров, Д. Ибраев, М. Жапақов, Қ. Нұрбаев, Б. Бейсебайұлы нұсқалары сақтаулы. Сондай-ақ айтыстың Б. Ақсақалов, С. Әбілдаев орындауындағы нұсқалары да бар. Айтысты М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Ордалиев, М.Жармұхамедов зерттеген.
