Қыз баланың құлағын тесу
Екі-үш жасқа келген соң-ақ қыз бала өз табиғатына тартып қуыршақ жасап, үй жасап ойнауға әуестенеді. Жылтырауық заттарға, қызылды-жасылды киімге қызығады. Осы тұста қыз балаға арналған жаңа бір қуаныштың сәті түседі. Ол – қызша киіндіріп, құлағын тесу.
Қозы жасы - қазақ ұлды оннан асысымен қозы жасы атайды. Бұл шақта баланың міндеті, істейтіні – қозыны бағу. Бұл еңбекке баулудың қазақша бастауыш класы іспетті. Қозы жасы аталуы да содан. қозыны ит арқасы қиянға апарып жаю өте қиын көрінгенімен, ол кезде ол жастағыларға онан жеңіл жұмыс жоқ. Малдың да бағуға ең оңайы –қозы.
Қой жасы - қозы жасындағы бала он беске – отау иесі делінетін жасқа келісімен бастаушты бітіріп, жоғары класқа көшкен оқушыдый кәсібін ауыстырады. Жылқы жасы - қай халықта болмасын жиырма бес жас белдің бекіп, қабырғаның қатқан кемел кезі. Жаулары жылқысын айдап, қызын алып қашатын ертедегі қазақтың ең үлкен ауыртпалығы мен ең жақсы рахаты да жылқыда болған. Күні де, түні де азапқа толы жылқыны сеніп тапсыру жиырма бес пен қырықтың арасындағыларға ғана лайық.
12) Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ , бірақ сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер.
13) Шылау сөздер (служебные слова) Лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. Шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды. Атқару қызметіне байланысты шылаулар үш топқа бөлінеді: 1. септеуліктер 2. жалғаулықтар 3. демеуліктер –
1. Септеулік шылау – белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. - See more at: http://megamozg.kz/index.php?page=view_mat&id=3271&partition=other&subpartition=articles_kazakh#sthash.lhdi7EDR.dpuf
Жалғаулық шылау – сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстырады. Атқаратын қызметіне байланысты жалғаулық шылаулар келесі топтарға бөлінеді: ыңғайластық, талғаулықты, қарсылықты, себеп-салдарлық, шарттық, ұштастырғыш. - See more at:
Демеулік шылау - өзгермейді, түрленбейді, тіркескен сөздеріне қосымша мағына үстейді. Демеулік шылаулары мағыналарына байланысты 6-ға бөлінеді: сұраулық , күшейткіш, нақтылық, шектік, болымсыздық, болжалдық шылаулар. - See more at: http://megamozg.kz/index.php?page=view_mat&id=3271&partition=other&subpartition=articles_kazakh#sthash.lhdi7EDR.dpuf
14) Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.
15) Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген.
1 Ұннан жасалған тағамдар
1.1 Бауырсақ
1.2 Таба нан
1.3 Салма
1.4 Май шелпек
1.5 Қаттама
2 Дақылдардан жасалатын тағамдар
2.1 Талқан
2.2 Бидай көже
2.3 Тары
2.4 Жент
2.5 Майсөк
2.6 Бидай қуыру
2.7 Бөкпе
3 Сүт тағамдары
3.1 Айран
3.2 Қатық
3.3 Қойыртпақ
3.4 Шалап
3.5 Қымыз
3.6 Балқаймақ
3.7 Кілегей
3.8 Қаймақ
3.9 Құрт
3.10 Сүзбе
3.11 Уыз
3.12 Ірімшік
3.13 Сары май
3.14 Іркіт
4 Ет тағамдары
4.1 Қазақша ет
4.2 Қазы
4.3 Қарта
4.4 Жал
4.5 Жая
4.6 Сорпа
4.7 Бас
4.8 Сүр
4.9 Жаубүйрек
4.10 Борша
4.11 Қарын бөртпе
4.12 Әсіп
4.13 Жөргем
4.14 Қимай
4.15 Шұжық
4.16 Шыртылдақ
4.17 Сірне
4.18 Ми палау
4.19 Құйрық-бауыр
4.20 Қуырдақ
16) Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
17) ХАН — уш жуздын немесе быр жуздын басшысы
Ұлт болып ұйығаннан бері берік қалыптасқан дәстүрлі қазақ қоғамының саяси - әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесін би деп атаған
Султан-бул казак халкымызда улустын басшысы
18) Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
