
1) Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оныңсемантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казахия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды
3) Киіз үй – көшпелі халықтар үшін қолайлы баспана болып табылады. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдардан бері пайдаланып келеді. Ол тез құрылып, тез жиналады. Киіз үйдің құрылысы кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді бірнеше негізгі бөліктерден тұрады. Сыртынан жабатын киізді –«туырлық» деп атайды
4)
Атау септік |
|
Ілік септік |
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің |
Барыс септік |
-ға, -ге, -қа, -ке |
Табыс септік |
-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті |
Жатыc септік |
-да, -де, -та, -те |
Шығыс септік |
-нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден |
Көмектес септік |
-мен, -бен, -пен |
5)қазақстан бул оте конакжай мемлекет, сол себептен быздын калаларымызда оте коп конак уйлер бар. Конак уй колбасшысынын бас максат-конактарга оте жайлы шарттар ыстеу.Астанада коп конак уйлер бар. Олар жулдыздарга болынеды.Конак уйде бес немесе торт жулдыз болса, сол алды болып табылады. Мысалы, Астанада торт кона куй бес жулдызбен бар. Олар: пекин палас, рамада, риксос жэне рэдисон.Ал торт жулдызбен конак уйлер сәл нашар есептеды.Олар. Кинг хотель астана, гранд парк есиль, дипломат, джи импайр, муккамаль жане тб.
Арзан кона куй туянадай жане жайлы болса, алды немен сырттар саналады.
6)
Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі. Өткен шақ 3 топқа бөлінеді: 1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”. 2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”. 3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы. Келер шақтың негізгі 3 түрі бар: 1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септікформасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. 2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”. 3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”.
7)Адамга театрга бару керек., себебы булл мадениет даму.Театрда кулкы, тиянакты, камыктыргыш сахналар кояды.Онда балкон, коп орындар, адемы жане биык сахна бар.Сахнанын касында созсыз перелер илулы тур.
Екы сахнанын арасында антракт деген бар.Бул уакытта адамдар буфетке немесе даретханага барады.Театрга бару керек-бул адамнын тарбие жане даму.
8) Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады
Есептік сан есімдер[өңдеу]
Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді.
Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады (бір, екі, үш т. б.).
Есептік сандар тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда, ешқандай морфологиялық өзгерістерге түспейді. Мысалы: жеті жүз сиыр, мың төрт жүз қой-ешкі. Олар сөз түрлендіретін аффикстерді субстантивтенген жағдайда ғана қабылдайды. Есептік сан есімдер белгілі бір заттық ұғымды бойына сіңіре отырып, әрі сан, әрі зат ұғымын бірдей қабаттастыра білдіргенде ғана және белгілі бір санның сандық атауы есебінде жұмсалғанда ғана субстабтивтенеді. Мысалы: Қаңтардың бірінен бесіне дейін; екіні үшке қосса, - бес болады.
Реттік сан есімдер[өңдеу]
Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар (С. Мұқанов)
Реттік санд есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен (М. Әуезов).
Жинақтық сан есімдер[өңдеу]
Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау (-еу) жұрнақтарын қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу (І. Жансүгіров)
Топтық сан есімдер[өңдеу]
Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжамдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан біржола қол үзген -дан (-ден, -тан, -тен)аффиксін қосу арқылы жасалады да, біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшердің топтап көрсетеді. Мысалы: Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырған (М. Әуезов)
Болжалдық сан есімдер[өңдеу]
Болжалдық сан есімдер - белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер. Мысалы: Салтанатты басқосуға үш жүздей мейман келеді деп күтілуде; Базаралының қасында бес-алты кісі қалған (М. Әуезов).
Бөлшектік сан есімдер[өңдеу]
Бөлшектік сан есімдер - негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді. Мысалы:Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жаңа заңға халықтың үштен екісі қарсы.
9) Қыз ұзату «Қыз көру» салты кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаз, сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1739-7.html
Қыз айттыру Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді. «Анасын көріп, қызын ал» деген қағиданы қатаң ұстайды. Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1739-7.html
Құда түсу Ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан әрі жарасты дәстүрлердің бірі – құда түсу. Жігіттің әкесі немесе жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын өз ұлына қалыңдық етіп беруін сұрайды. Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1739-7.html
Бата аяқ Екі жақтық келісімнен кейін жігіт әкесі қыз ауылына келіп «бата аяқ» өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1739-7.html
Қыз ұзату тойы Ұзату тойында қыздың өз туыстары мен құрбы-құрдастары отырады. Ата дәстүріміз сол. Қазақ қызы әкесі мен ағаларының, өзге аталас туыс-бауырларының көзінше жігіттің жанына жақындауға ұялған. Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1739-7.html
Ау-жар Ұзатылып бара жатқан қыздың «сыңсуы», «қоштасуы» - ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, туған ел-жұрттан бөліну, жат босаға аттау оңай іс емес. Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1739-7.html
Қоштасу Ұзатылатын қыз өз үйінен аттанар алдында өзінің ата-анасымен, аға-інісімен, сіңлісі, жақын-жуықтарымен қоштасу жырын айтады. Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1739-7.html
10) Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы.
Жіктеу есімдіктері[өңдеу]
Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.
Сілтеу есімдіктері[өңдеу]
Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.
Сұрау есімдіктері[өңдеу]
Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?
Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.
Өздік есімдік[өңдеу]
Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.
Белгісіздік есімдіктері[өңдеу]
Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.
Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады.
Болымсыздық есімдіктері[өңдеу]
Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).
Жалпылау есімдіктері[өңдеу]
Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.
Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.[4]
11)балага арналган тойлар
Бесікке салу. «Кең жайлау жалғыз бесік жас балаға». Бесік - баланың ұйықтауына таза болуына өте жақсы. Бесікке ауылдың өнегелі, ұрнағы өскен, ел құрметіне бөленген бәйбішіге (кәртең) салғызады.
Ат қою. Балаға ат қою – қазақта аса салтанатты жағдай. Әдемі, атақты, құрметті адамдардың атын қоюға тырысады. Сол атқа лайықты болуын қалайды. Қырқынан шығару. Қырық күн өткен соң баланы әйелдер суға түсіріп, шашын, тырнағын алады. Суға түсірген әйелдерге сый-құрмет көрсетіліп, рахмет айтады. Жыйналған адамдарды дастарханға шақырады. Қазақта 3,7,41 сандарды ерекше қайырлы сандар деп есептеледі.
Асырап алу. Баласы жоқ адамдар ерлізайыпты біреуден бала асырап алады баланың әке-шешесінің келісімі бойынша. Болашақ ана балаға ат қойып, оның оң қолына асықты жілік ұстатады. Содан кейін жиналған адамдарға енді өзінің баласы екенін хабарлайды. Егер бала қайтыс болса, бұл сирек кездеседі, дұға оқығанда өзінің ата-анасының аты аталады.
Сатып алу. Өмірге келген балалар бірінен соң бірі шетіней берсе келесі баланы біреу сатып алады. Дүниеге келген сәбидің үйіне бір тәүіп, шаман келеді де «сен менің баламды ұрлап алдың, бер өзіме» деп ата-анасының қарсылығына қарамай тартып алады. Бір-екі күннен кейін ата-ана баланы сатып алады. Баланы алған кісі сәбиді керегенің астынан береді. Ол баланы сатып алдық деп есептейді. Бұдан басқа жолдары бар. Мысалы, бала ұзақ өмір сүру үшін оны жеті кемпірдің аяғының арасынан өткізеді. Қазақ халқы бала өсіруді бақыт деп санап, әрқашан балалы болуды армандайды.
Бауырына салу. Баланы уақытша тәрбиелеу. Дәстүр бойынша атасы мен апасы, жақын адамдары тәрбиелеуге алады. Осылай уақытша тәрбиелеу «бауырына салу» деп аталады. Осылайша әке-шешесі, атасы мен әжесі баланы тәрбиелейді. Олар баланың өсуіне аса мән береді. Оның нағыз азамат болып, халқының жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне көмектеседі. Есейген соң ата-анасына қосылады, не ата-әжесінде қалады.
Шілдехана
Жарыс қазанның арты іле-шала не сол күні түнде, ертеңіндегі кеште шілдеханамен жалғасады.Шілдеханаға көбінесе жастар жиналады. Көлігі барлар сән-салтанатпен сәйгүлікпен тебінді, дүбірлі келеді.
Бесік тойы
Биесі құлындап, сиыры бұзауласа көтен асып ырым жасайтын тойшыл-думаншыл қазақ сәбиді бесікке салғанда той жасамай, ойын-сауық өткізбей тұра алама? Жиғаны мен тергенін халайық пен қонағына ақысыз-пұлсыз шашатын қазақ бесік тойының шығынына мәу демейді.
Тұсау кесу
Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан өз қанатымен қалықтап ұшқан балапандай бала да, ең алғашқы тіршілігін бастайды.
Сүндет тойы
Атқа міну жасына толған яғни үш жасқа толған ұл балаға тән тағы бір той – сүндет тойы. Баланы сүндетке отырғызу қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан кейін салтымызға кірсе де, келе-келе ол салтымызға мықтап сіңген. Білетіндердің айтуынша бұл өзі адам денесінің тазалығына арналған шаралардың бірі көрінеді. Баланы сүндетке тақ жасында отырғызады.
Ашамайға мінгізу
Ұл бала қара табан болып жетіге дейінгі жерден жейтін таяғынан құтылып, кез келген қурай мен шыбықты ат қып айнала шаба бастасымен өзі құралпы қыздардан бөліне бастайды. Есі дерті дүзге, малға ауады.
Тоқым қағу
Ашамайға мінген соң іле-шала бәсіресіне мінген бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылаған да әке-шешесі бір малын сойып, оның тоқым қағарын өткізеді. Ал тоқым қағу ақ инеттен, адал көңілден міндетті түрде атқарылатын әдет. Міне, осыдан кейін қазақ бұл балаға арнайы айыл-тұрман, ер-тоқым, жүген-ноқта, шідер мен кісен, арқан дайындайды.Былайша айтқанда бәсірені жабдықтау шарт. Сүйтетіні осыдан бастап баланы баулу, еңбекке тәрбиелеу –анығырақ айтқанда оқыту басталады. Қазақта мектеп те жоқ. Медіресе аз. Надан, балалары тәрбиесіз деп кеудесімен ат басып кете жаздап жүргендер – шетінен дөйдала, пілге үрген иттер. Олар қашаннан бері қанша үрсе де түйенің үстіндегі қазақты қаба алған жоқ. «Тоқым қағу» соларға қаққызбаудың, соғысса жеңілмеудің алғашқы сабағы. Біз осы «тоқым қағарға» дейін баланың он жас айналасындағы кезін сөз еттік. Бұған дейінгінің бәрін қазақ балалық кез дейді. Жүген-құрықсыз дербес шақ дейді де, оннан аса еңбек мектебіне кіргізеді, оқытады. Біз бұны қазақтың жасты бөлуімен түсіндірейік.