
- •«М. Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» ақ ақпарат беру жүйелері құрылғыларының арнайы өлшеулері және техникалық диагностикасы оқу құралы
- •1 Дүниені танып білудегі өлшеудің ролі.
- •2 Өлшеу және оның негізгі операциялары. Өлшеу түрлері, аспаптары, жүйелері. Өлшеудің әдістері мен принциптері.
- •3 Өлшеу қателіктері. Қателіктердің жіктелуі. Қателіктерді бағалау принциптері.
- •4 Электрлік өлшеу, шамаларды өлшегіш түрлендіргіштері. Өлшегіш аспаптардың өлшеу шектерін кеңейту
- •5 Электромеханикалық аспаптар. Жалпы мағұлыматтар және олардың жіктелуі
- •5.1 Кесте- Электромеханикалық өлшегіш аспаптардың сипаттамалары
- •6 Көпірлер мен компенсаторлар көмегімен электрлік шамаларды өлшеу. Кедергіні, ток пен кернеуді өлшеу
- •Электр қуатын өлшеу. Тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі қуатты өлшеу
- •8 Осциллографтар. Электрлік шамаларды электронды сәулелі осциллограф көмегімен өлшеу.
- •9 Электрлі емес шамаларды өлшеу. Электрлі емес шамалардың датчиктері. Параметрлік, генераторлы түрлендіргіштер.
- •9.3 Сурет - Магнитті серпімді датчик
- •10 Цифрлі және электронды өлшеу аспаптары. Электронды вольтметрлер
- •Глоссарий
Глоссарий
Активті шама – көмекші энергия көздерінсіз өлшеу ақпараттық сигналдарын қалыптастыра алатын физикалық шама (механикалық күш, электр қозғағыш күші және т.б.).
Пассивті шама (мысалы, масса, электр кедергісі, индуктивтілік) – өздігінен өлшеу ақпараттық сигналын қалыптастыра алмайтын шамалар.
Өлшеу - белгілі бір физикалық шамамен оның өлшем бірлігі ретінде қабылданған мән арасындағы сандық қатынасты іс жүзінде анықтауға арналған ақпараттық процесс.
Ақпарат - объект туралы алғашқы белгісіз білімдерді азайтуға ықпал жасайтын мәліметтер жиынтығы.
Өлшеу эксперименті – қандайда бір нақтылықпен өлшеу нәтижесін анықтауға арналған, ғылыми тұрғыда негізделген әдіс.
Өлшеу нәтижесі - өлшеу жабдығы көмегімен эксперимент арқылы алынған физикалық шаманың өлшем бірлігі бар сан мәні.
Өлшеу жабдығы - өлшеу экспериментін жасауға арналған мөлшерленген нақтылық сипаттамасы бар техникалық құрылғы.
Cигнал – ақпараттың материалдық тасымалдаушысы.
СИ – халықаралық бірліктер жүйесі – SI (System International).
Өлшеу қателігі-өлшеу нәтижесінде өлшенетін мәннін ауытқуы
Өлшеу нақтылығы –өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың ақиқат мәніне жуықтық дәрежесі.
Бақылау – бақыланып отырған объекті қасиеттерінің немесе сипатының белегілі бір мөлшерге сәйкестігін анықтау процессі.
Метрология – өлшеу, өлшеу әдістері мен жабдықтары, олардың бірлігі және қажетті нақтылыққа жету жолдары туралы ғылым.
Метрологиялық қамсыздандыру – өлшеудің белгілі бір нақтылығана қол жеткізуге қажетті техникалық жабдықтар мен ережелерді қолданудың ғылыми немесе ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыру.
Көрсетілім – есептеуге сәйкес келетін физикалық шама.
Өлшеу принципі - өлшеу негізделген физикалық құбылыстардың жиынтығы.
Өлшеу әдісі - өлшеу кезінде қолданылатын өлшеу жабдықтары мен принциптерінің жиынтығы.
Электрлік өлшеу – физикалық шаманы электрлік өлшеу жабдықтарының көмегімен өлшеу.
Өлшем – физикалық шаманың белгілі бір мәнін көрсетуге арналған өлшеу жабыдығы.
Өлшеу түрлендірігші – бақылаушының тікелей қабылдауына, ары қарай түрлендіруіне, өңдеуіне немесе сақтауына ыңғайлы өлшеу ақпараты сигналын өңдіруге арналған өлшеу жабдығы.
Өлшеу жабдығы – бақылаушы тікелей қабылдай алатын өлшеу ақпараты сигналын өңдіруге арналған өлшеу жабдығы.
Әдебиеттер тізімі
1. Атамалян Э.Г. Методы и приборы измерения электрических величин.- М.:Высш.шк.,1989.298с.
2. Клаассен К.Б. Основы измерений. Электронные методы и приборы в измерительной технике.-М.: Постмаркет, 2000.352с.
3. Основы метрологии и электрических измерений. Учебник для вузов /Б.Я. Авдеев, Е.М. Антонюк, Е.М. Душин и др., Под ред. Е.М. Душина.- 6-е изд.-Л.: Энергоатомиздат, 1987.
4. Харт Х. Введение в измерительную технику. – М.: Изд-во «Мир», 1999.391с.
5. Измерение электрических и неэлектрических величин./Под ред.Н.Н.Евтихиева.-М.:Энергоатомиздат.1990.156с.
6. Попов В.С. Электрические измерения . -М.:Энергия.1974.400с.
7. Демидова-Панферова Р.М., Малиновский В.Н., Солодов Ю.С. Задачи и примеры расчетов по электроизмерительной технике.– М.: Энергоатомиздат, 1990. –192 с.:ил.
8. Дмитриенко И.Е.,Сапожников В.В.,Дьяков Д.В. Измерения и диагностирование в системах железнодорожной автоматики, телемеханики и связи. Учебник для вузов ж.-д. трансп./ Под ред. И.Е. Дмитриенко. М.:Транспорт, 1994.- 263 с.