Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уп ситд каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.36 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

«М. Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» ақ ақпарат беру жүйелері құрылғыларының арнайы өлшеулері және техникалық диагностикасы оқу құралы

Алматы – 2008

УДК 621.372

Рецензенттер: Сабдыкеева Г.Г. - т.ғ.к., профессор ҚазККА;

Султангазинов С.К. - т.ғ.к., доцент ҚазЖҚУ;

Казиева Г.С. - т.ғ.к., професор АЭЖБИ

Есілбаева А.Г.

Ақпарат беру жүйелері құрылғыларының арнайы өлшеулері және техникалық диагностикасы (Оқу құралы) – Алматы: «М. Тынышпаев атындағы ҚазККА»АҚ., 2008, 97 б.

ISBN

Оқу құралы 050719-«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» бакалавриат мамандығының барлық оқу түріне арналған «Ақпарат беру жүйелері құрылғыларының арнайы өлшеулері және техникалық диагностикасы» пәніне арналған оқу құралы.

Оқу құралында телекоммуникациялық желілер мен жүйелердің классификациясы, мәліметтер тарату арналарының және жүйелерінің сипаттамалары, оперативті байланыстың компьютерлік жүйесінің, радиоэлектрондық аппаратуралардың сипаттамаларын және параметрлерін зерттеу жағдайындағы сынақтарға квалификациялы шешімдер жасауда метрология, өлшеу техникалары саласындағы нормативті – техникалық құжаттардан мәліметтер келтірілген.

ББК

ISBN

 М.Тынышпаев атындағы ҚазККА 2008

 Есілбаева А.Г., 2008

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 1. Дүниені танып білудегі өлшеудің ролі. Өлшеу техникасымен ғылымның және өндірістің өзара байланысы.

2. Өлшеу және оның негізгі операциялары. Өлшеу түрлері, аспаптары, жүйелері. Өлшеудің әдістері мен принциптері.

3. Өлшеу қателіктері. Қателіктердің жіктелуі. Қателіктерді бағалау принциптері.

4. Электрлік өлшеу, шамаларды өлшегіш түрлендіргіштері. Өлшегіш аспаптардың өлшеу шектерін кеңейту 5. Электромеханикалық аспаптар. Жалпы мағұлыматтар және олардың жіктелуі

6. Көпірлер мен компенсаторлар көмегімен электрлік шамаларды өлшеу. Кедергіні, ток пен кернеуді өлшеу

7. Электр қуатын өлшеу. Тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі қуатты өлшеу

8. Осциллографтар. Электрлік шамаларды электронды сәулелі осцил- лограф көмегімен өлшеу.

9. Электрлі емес шамаларды өлшеу. Электрлі емес шамалардың датчиктері. Параметрлік, генераторлы түрлендіргіштер.

10. Цифрлі және электронды өлшеу аспаптары.

Электронды вольтметрлер

КІРІСПЕ

Аталмыш курс өлшеу техникасы метрологиялық экперименттер жасау, өлшеу нәтижелерін өндеу және метрологиялық жұмыстарды стандарттау мен сертификаттаудың жалпы ережелерін оқытатын ғылым ретінеде көзқарас қалыптастырады..

«Өлшеу» ұғымы әртүрлі ғылым (математика, физика, химия, психология, экономика және т.б.) салаларында кездеседі және олардың әрқайсысында ол әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Бұл курста автоматтандыру мен басқару саласында физикалық шамаларды өлшеуге қатысты мәселелер ғана қарастырылады.

Оларға:

- өлшенетін объектіге қатысы бар детальдер мен элементтердің параметрлерін өлшеу;

- өлшенетін объектіні толығымен немесе оның жеклеген бөліктерінің параметрлерін өлшеу;

- әртүрлі өлшеу аспатарының шкаласын градуировкалау немесе градуировкасын тексеру;

- аспатардың немесе құрылғының қасиеттерін анықтайтын сипаттамаларды алу;

- сигналдардың әртүрлі құрылғылар арқылы өткен кезде өзгеруін анықтау;

- модуляцияланған сигналдардың параметрлерін өлшеу.

Сондай-ақ бұл курста өлшеу қателіктерін бағалау оларды ескеру арқылы есептеулер жүргізіу, өлшеу қателіктерін азайту жорлдарын іздестіру мәселелері де қарстырылады.