
- •1.Практикалық сабақ
- •1.1Сурет.Ирзу-300 күшейтудегі өлшеуіштің жұмыстық өшуі жалпы түрі
- •1.2 Сурет. Негізгі ұялардың және ауыстырып-қосқыштың ирзу—300 аспаптың қосылу сұлбасы.
- •Практикалық жұмыс № 2 Фазалық параметрлерді өлшеу
- •2.1 Теориядан қысқаша мәліметтер
- •2.1.1 Фазалық ығысуының осциллографтық әдістері
- •2.1.2 Теңдестіру әдісі
- •2.1.3 Уақыттық аралыққа фазалық ығысуын түрлендіру әдісі
- •2.2.Есеп мазмұны
- •Бөгеуілдерді өлшеу.
- •3.1 Теорияның қысқаша бөлімі:
- •3.2 Сурет 3.3 сурет
- •Практикалық жұмыс № 4 Сызықсыз бұрмалану мен анализ спектрін өлшеу.
- •Практикалық жұмыс №5 Хабарды беру арналарында өлшеудің негіздері
- •5.1 Сурет – Төменгі жиіліктегі екі желілік дуплексті каналдың структуралық сұлбасы
- •5,3 Сурет – Жоғарғы жиілікті үшканалдық телефон аппаратурасының структуралық жалпы сұлбасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«М.ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ
КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ» АҚ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАСҚАРМАСЫ
«РАДИОТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ » кафедрасы
Есілбаева А.Г.
АҚПАРАТ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ АРНАЙЫ ӨЛШЕУЛЕРІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ
пәні бойынша практикалық жұмыстарды орындауға арналған
әдістемелік нұсқау
Алматы 2008
УДК 621.372
050719 -«Радиотехника,электроника және телекоммуникациялар» бакалавриат мамандығы үшін «Ақпарат беру жүйелері құрылғыларының арнайы өлшеулері және техникалық диагностикасы» пәні бойынша практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
Рецензенттер: Сабдыкеева Г.Г. т.ғ.к., профессор КазАТК
Есілбаева А.Г.
Практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау пәннің типтік және жұмыстық бағдарламасына сәйкес орындалды.Әдістемелік нұсқау 5 практикалық жұмыстан тұрады.Әр практикалық жұмыста: жұмыстың мақсаты; теориялық бөлім; жұмыстың орындалу тәртібі; қолданылатын аппаратураны пайдалану тәртібі; бақылау сұрақтары және пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.
Әдістемелік нұсқау «Радиотехника және телекоммуникациялар » (РТ) кафедрасының мәжілісінде талқылып бекітілген. « ___» _______ 2008 ж
Хаттама № ____.
Әдістемелік нұсқау Қаз ККА «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітуге ұсынылады.« ____» ______ 2008ж . Хаттама № _____.
Әдістемелік нұсқау Қаз ККА Оқу –әдістемелік кеңесінде «____» ____ 2008ж № ____ хаттамасында бекітілд
© «М. Тынышбаев атындағы ҚазККА» АҚ.
2008ж
© Есілбаева А.Г., 2008ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Практикалық жұмыс №1. Күшейткіш пен бөгеулікті өлшеу ..................5
Практикалық жұмыс №2. Фазалық параметрлерді өлшеу........................8
Практикалық жұмыс №3. Бөгеуліктерді өлшеу.......................................19
Практикалық жұмыс №4.Анализ спектрлері мен сызықсыз бұрмалануларды өлшеу..............................................................................25
Практикалық жұмыс № 5. Негізгі беру арналарын өлшеу .....................34
КІРІСПЕ
Радиоэлектроника және есептеу техникасы саласына мамандар дайындауда «Ақпарат беру жүйелері құрылғыларының арнайы өлшеулері және техникалық диагностикасы» пәні маңызды пәндер қатарына жатады.
Өйткені өлшеулердің дәлдігі мен бірлігін қамтамасыз ету үшін ,сондай ақ талап етіліп отырған өлшеулердің дәлдігін ,дұрыс жүргізілуі тәртібі ,түрлі физикалық шамаларды дұрыс өлшеу әдісін және өлшеулер нәтижесін өңдеуді меңгеру,тиісті деңгейде терең білім алу осы саланың болашақ маманы үшін өте қажет.
Практикалық жұмыстарды орындау барысында және нәтижесінде студенттер төмендегі талаптарды білуі керек: метрология негізінен хабардар болуы тиіс,қолданыстағы стандарттарды білуі тиіс,өлшеулердің физикалық шамаларын және өлшеу бірлігін білуі тиіс,өлшеудің жалпы заңын және тәртібін, өлшеу құрылғыларын құру принципін және олардың мүмкіндіктерін оқып үйрену тиіс,түрлі шамаларды өлшеудің әдістері мен құралдарын білу тиіс, практикалық тапсырмаларды орындауда,шешуде шамаларды дұрыс бағалай білу тиіс,өлшеу нәтижелерінің қателіктерін анықтауды ,өлшеу нәтижелерін дөңгелектеу тәртібін дұрыс қолдануды білуі тиіс.
Практикалық жұмыстың теориялық және практикалық бөлімдері тестілік сұрақтар құрамына және емтихан билеттерінің құрамына енеді. Бекітілген оқу уақыты көлемінде 5 практикалық жұмыс орындалуы тиіс.Сол практикалық жұмыстар бойынша есеп тапсырылып қорғалуы тиіс. Орындалған практикалық жұмыстың сапасын оқытушы эксперттік әдіс негізінде анықтайды және ол баға студенттің жалпы осы жұмыс бойынша бағасына кіреді. Жоғарғы баға алу үшін студент кезекті сабақта жасалған ,жүргізген жұмыстары бойынша есебін тапсыруы керек. Толық түрде қойылған барлық талаптарға сай орындалған есеп және жұмыс табыс пен жетістік кепілі.
1.Практикалық сабақ
Күшейту және өшу өлшеу
Оқу мақсаты:
Өлшеуіштің жұмыстық өшуі және төртполюстіктерінің күшейту және ИРЗУ-300 түрлі байланыс желісінің ұстанымның әрекетімен таныстыру.
1.1 Теориядан қысқаша мәлімет
Аспап ИРЗУ-300өшу жұмысын өлшеу және төртполюстіктің күшейту әдісімен салыстыру үшін арналған. Аспаптың жалпы түрі 1.1суретте келтірілген.
1.1Сурет.Ирзу-300 күшейтудегі өлшеуіштің жұмыстық өшуі жалпы түрі
Оның жоғарғы бөлігінде орналасқан екі өшуліктер қорабы. Кедергі сипаттамалықтың кіру және шығу сол жақтағы қорабтың кедергісі 600Ом, ал оң жақтағы -135Ом. Әрқайсысы өшу қорабта үш контроллер бар болады. Жоғарғы сол жақтағы контроллер сегіз орынға 1Нп сатымен кіргізіледі, жоғарғы оң жақтағы контроллер 11орынға - 0,1Нп сатымен және төменгі контроллермен 11орынға - 0,01Нп сатымен кіргізізіледі. Төменгі жартылай 1.1 суретте өлшеуіштің жалғауышы беттақтай көрінеді, ал 1.2 суретте негізгі ұялардың және ауыстырып – қосқыштың сұлбасының қосылуы көрсетілген.
1.2 Сурет. Негізгі ұялардың және ауыстырып-қосқыштың ирзу—300 аспаптың қосылу сұлбасы.
Генератор кіріс ұялар арқылы қосылады, ал шығу арқылы – деңгей көрсеткіш. Өшуді өлшегенде өлшенетін төртполюстік 3 ұяға қосылады, ал өшуліктер қорабы — М ұяларға. Тұйықтағышпен, ашалық ашамен және құрастырылған төрт ашалармен У ұяларда тізбек тұйықталады. Күшейтуді өлшегенде өлшенетін төртполюстікті У ұяларға қосады, өшуліктер қорабы-М ұяларға, ал 3 ұяларда аталынған ашалық ашамен тізбек тұйықталынады.Өлшеуіште (сур.1.1) құрастырылған үйлестіру ұзартқыштардың буындар және өтпелі трансформаторлар, бір жақта сипаттамалық кедергі 600 Ом болса, ал басқа жақта –135Ом, бұл кезде симметрия емес төртполюстікті өлшегенде, осындай сипаттамалық кедергі бар болғанда пайдалынады. Бұдан басқа, өлшегенде құрастырылған оқшаулауыш трансформаторлардың өзгеру коэффициентімен 1:1, активті кедергі жүктемесі 600 және 135 Ом, сонымен қатар қатарлас қосылған ұялар реті.
Ұялар күрделі өлшеу сұлбаларды ұйымдастыру үшін керек. Өлшенетін төртполюстіктердің және аспаптардың қосылуы экрандалған ба сылымдармен, ұшында үш ашалықты ашасымен орындалады. Үшінші аша экран басылымдарымен қосылғанда жалпы өлшеуіштің корпусы жерге қосылуы кезде панельдегі кіші диаметрі ұяға кіреді. Төртполюстікті және жолдардың сипаттамалық кедергісі 600 және 135 Ом, жиілік ауқымы 0-ден 300 кГц –ке дейін өлшеу үшін аспап ИРЗУ —300 арналған. ИРЗУ-300 кіреді жартылай құрамымен өлшеуіш пультіне ИП -300 , бірақ бөлектей аспапты пайдалануға болады.
Жұмыстың мазмұны
Жұмыстың мақсаты және аталуы
ИРЗУ —300 аспабының жалпы түрі
Аспаптың қысқаша мазмұны
Бақылау сұрақтарына жауап беру
Бақылау сұрақтары
ИРЗУ —300 аспабының тағайындалуы?
Төртполюстік өшулікті өлшеген кезде тағы қандай аспаптар қолданылады?
Аспапта қандай сипаттамалық кедергілер қолданылады?
Коммутациялық панель өлшеуішінің тағайындалуы?
Төртполюстіктердің жиілік өлшеуіш диапазоны?
Әдебиеттер тізімі
Сапожников В.В. и др. Логический метод. Контроль электрического монтажа. – Электронные моделирование, 1984 г.
Мирский Г.П. Электронные измерения. – Радио и связь, 1986 г.
Дмитриенко И.Е. и др. Измерения в устройствах автоматики, телемеханики и связи на железнодорожном транспорте.- Транспорт 1994
Верник С.М. и др. Повышение точности измерений в технике связи. – Радио и связь, 1981 г.
Леонов Д.И. Основы технической эксплуатации БРЭА. – Легпромиздат, 1991 г.
Байда Н.П. Микропроцессорные системы поэлементного диагностирования РЭА.- Радио и связь, 1987 г.