Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меж эк шпор 55-60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
30.04 Кб
Скачать

57. Валюта түсінігіне анықтама беріңіз,түрлерін атаныз.Резервтік валютаның анықтамасын беріңіз.Халықаралық экономикада валюталық қатынастардың орны мен рөлін ашып көрсетіңіз

Валюта кең мағынада халықаралық аренада айырбас құралының ақша функциясын орындай алатын кез келген тауар, тар мағынада қағаз банкнот немесе монета түрінде қолдан қолға айналыста жүретін ақша массасының қолма қол бөлігі.Түрлері:

ұлттық валюта- осы елде шығаратын ел аумағындағы заңды төлем құралы.

Шетел валютасы- осы ел аумағында заңды не заңсыз қолданылатын басқа елдің төлем құралы.

Одан басқа резервтік және еркін қолданылатын,тұрақты валюта болып бөлінеді.

Резервтік валюта- төлем балансының теріс сальдосын жабу үшін қолданылатын мемлекеттің өзінің халықаралық икемді резервті активтері.

Еркін қолданылатын валюта- халықаралық келісім шарттарды жүзеге асырғанда төлем ретінде қолданатын, валюта нарығында активті түрде сатылатын және сатып алынатын валюта.

Тұрақты валюта- тұрақты валюта курсымен сипатталатын макроэкономикалық заңдылықтар бойынша қозғалатын валюта.

Валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.

Валюта рыноктары шет ел валютасымен (сатып алу, сату, айырбастау) және шетел валюталарындағы төлем құжаттарымен (чектер, вексельдер, телеграф және пошта аударылымдары, аккредитивтер) жасалатын операциялардың жүзеге асырылуына байланысты экономикалық қарым-қатынастардың айрықша саласы. Түрлі елдер банктерінің арасындағы корреспонденттік байланыстар арқылы құрылатын валюта рыноктары солардың көмегімен сыртқы саудаға, инвестицияларға, туризмге, басқа да қатынастарға байланысты халықаралық ақша есеп айырысуы жүргізілетін тұтқа болып табылады.

Валюта нарығы халықаралық сауданы, халықаралық капитал қозғалысына қызмет етуден тұрады. Негізігі сыртқы экономикалық қызметі бір валютаны екінші валютаға алмастыру болып табылады. Көптеген елдердің көптеген валюталарынан тұратын қазіргі қаржы әлемі осылай құралған.Олар халықаралық нарықтық бағаның салыстырмалы объектісі болып табылады. Мұндай бағалауда төлем құралы және халықаралық масштабта құн мөлшері рөлін атқару ерекшеліктері ескеріледі. Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай зандардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажетгілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

58. Валюта бағамы ұғымына анықтама беріңіз, түрлерін атаңыз, олардың арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз. Валюта бағамына әсер ететiн факторларды атаңыз

Валюта бағамы әр түрлі елдер ақша бірліктерінің арақатынасы. Бұл арақатынас олардың сатып алу қабілеті арқылы анықталады. Сырт қарағанда ақша айырбасына қатысушыларға валюта бағамы бір елдің ақша бірлігінің екінші елдің ақша бірлігіне шаққандағы «бағасы» іспеттес көрінеді.акциялардың, облигациялардың, басқа да бағалы қағаздардыд сатып алу жэне сату құны. Қағаз ақшаның бағамы оның алтын валюта н\е басқа елдер валютасы б-ша сипатын көрсетеді. Валюта айырбасы ұғымы мұндай еркiн аударынғыштық оның мiнездемесiмен байланған. Валютаның еркiн алмастырылатынының дәрежесiмен валюталық операциялардың мемлекеттiк реттеуiн тетiкпен анықталады. Егер резиденттерге және резидент еместерге бұл валютаның елiнде валюталық мәмiлелердiң жүзеге асыруына шектеу қандай болмасын қолданбаса валютаны еркiн айналысқа түсетiн деп атайды. Жартылай еркiн аударылатын айырбастау операцияларының кейбiр түрлерiне шектеу және регламенттеулер жұмыс iстеген немесе бұл операциялардың кейбiр қатысушылары үшiн елдердiң валютасы болып есептеледi.Еркiн аударынғыштық сайып келгенде - бұл валютаның қабiлеттiлiгi басқа валюталарға еркiн ауысып кетсiн және валюталық нарықтарда ұлттық валютаға керi.

Валюта бағамын ретеу алдында бағамға әсер ететін факторларға тоқтайық. Бұл саладағы зерттеу валюта бағамына әсер ететін негізгі 3 фактордың барлығын көрсетті: экономикалық, саяси, психологиялық. Экономикалық факторларды өз алдына бағам құрушы ж\е реттеуші деп бөлуге болады. Негізгі бағам құрушы факторлар: ЖҰӨ, төлем балансы, инфляция, ақша ұсынысы, пайыздық мөлшерлеме. Реттеуші факторларға валюталық, несиелік, эмиссиялық саясатты, салықтарды, квоталарды, төлемдерді, лицензияларды, баға саясатын, заңгершілікті, валюталық–қаржылық құрылымның тұрақтылығын жатқызамыз.

Саяси факторлардың ішінен басқарушы органдардың тұрақсыздығын, елдің ақша жүйесіне өзгертулер енгізетін саяси шешімдерді, мемлекеттің ұзақ мерзімді бағдарламаларын, экономикалық және саяси құрылымдардың арасындағы байланысты ерекше көрсетеміз.

Экономикалық, не саяси өзгерістер барысында туатын валюталық нарыққа қатысушылардың психологиялық күтімдерінің өзгерістері де валюта бағамының динамикасының күрт жылжуына алып келеді.

Валюта бағамының динамикасына ішкі факторлармен қатар сыртқы факторлар да әсер етеді. Жаһандану кезеңінде әлемдік тауар, қаржы нарықтарындағы бағаның ауытқуы, шетел елдерінің сыртқы сауда саясаты, халықаралық сауда және қаржылық ұйымдардың қызметтері, жаңа технологиялардың пайда болуы да әсер етеді.