
- •55. Төлем балансының құрастыру қағидаларын ашып көрсетіңіз.Екі рет жазу жүйесіне анықтама беріңіз.
- •56. Төлем балансының операцияларының классификациясын беріңіз. Төлем балансының негізгі бөлімдерін атаңыз, есептерiнiң өзара байланыстарын көрсетіңіз.
- •57. Валюта түсінігіне анықтама беріңіз,түрлерін атаныз.Резервтік валютаның анықтамасын беріңіз.Халықаралық экономикада валюталық қатынастардың орны мен рөлін ашып көрсетіңіз
- •58. Валюта бағамы ұғымына анықтама беріңіз, түрлерін атаңыз, олардың арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз. Валюта бағамына әсер ететiн факторларды атаңыз
- •59. Қарыз мiндеттемелердiң халықаралық нарықтарына анықтама беріңіз. Әлемдік несие нарығының құрылымын ашып көрсетіңіз
- •60. Бағалы қағаздардың халықаралық нарығына анықтама беріңіз және оның құрылымын ашып көрсетіңіз
55. Төлем балансының құрастыру қағидаларын ашып көрсетіңіз.Екі рет жазу жүйесіне анықтама беріңіз.
Төлем балансы дегеніміз белгілі бір уақыт мерзімінде бір елдің резиденттерінің резиденттер еместермен барлық халықаралық келсімдер тұралы статистикалық есептеме. Төлем балансы белгілі бір уақыт ішінде Қазақстан Республикасы резиденттерінің басқа әлеммен сыртқы экономикалық операциялары туралы деректер жүйелі түрде берілетін статистикалық есепті білдіреді.
Төлем балансындарында тауарлар, қызметтер, капиталдар және жұмыс күшінің халықаралық қозғалысы мен жеке елдердің дамуының макроэкономикалық параметрлерінің өзара байланысы білінеді.Сыртқы сауданың дамуын, өндірістің, жұмысбастылықтың және тұтынудың деңгейін сипаттайды. Төлем балансының мәліметтері шетелдік инвестициялардың көлемдері мен түрлерің, елдің сыртқы борышың өтеу, халықаралық қорларының өзгеруін көрсетеді. Төлем балансының қалыпы тап осы кездегі ұлттық және шетелдік валютаға сұраныс пен ұсынысты анықтайды, валюта бағамының қалыптасу факторы болып табылады. Төлем балансы ұлттық шоттар жүйесі үшін мәліметтер көзі болып табылады. Төлем балансын құрудің негізгі принциптері
резидент пен резидент еместер арасындағы операцияларды есепке алу;
операцияларды екі жақты жазу жұйесімен есепке алу;
қорлар көлемін емес, ағымдарды ғана;
әр түрлі валюталарда көрсетілген операциялар мен төлем сомаларының құндық көлемін біркелкі есептік көрсеткішке келтіру;
операцияларды түрлері мен экономикалық секторлар бойынша тіркеу.
Төлем балансын құрудің негізгі принципі –халықаралық мәмілелерді екі жақты жазу әдісі. Халықаралық мәмілелер – бір ел резидентінен басқа ел резидентіне активтерге құқық меншігінің өтуі немесе экономикалық қызмет көрсетудің, тауарға құқықтық меншігінін өзгерісін көрсететін кез келген құндық айырбас. Әр бір тіркелген мәмілеге қандай болсада түрде төлем сәйкес болады, ал төлемдер мен кірістердің балансы үйлесуі тиісті.
Екі жақты бухгалтерлік жазу жұйесі – әр бір операцияны (мәмілені) маңызы бірдей екі жазба арқылы көрсетіледі.Олардың біреуі оң белгісі бар кредит (+), ал екіншісі – теріс белгісі бар дебет (-) түрінде тіркелінеді (жазылады).Барлық кредиттік жазбалардың жиынтығы барлық дебеттік жазбалар жиынтығына тең болуы, ал таза баланс нольге тең болуы тиіс.
Кредит – бұл құндылықтардың кетуі, осы елге оның орнын толтыратын құндылықардың келуі немесе төлемдердің түсуі.
Кредит бағаны – тауарлардың экспорты, алынатын табыстар, пассивтердің өсуі немесе активтердің азаюі (шетелдік валюта қорларын жасау).
Дебет – құндылықтардың келуі және ол үшін ел резиденттері төлемдерді жүзеге асыруы тиіс.
Дебет бағаны – тауарлардың импорты, төленетің табыстар, пассивтердің азаюі немесе активтердің.
Екі жақты бухгалтерлік жазу жұйесі бойынша кредит және дебет баптарының сальдосының көлемдерінің арасында айырмашылықтың болмауы тиісті.Бірақ тәжірибеде мұндай жағдайға жету мүмкін емес: барлық мәмілерді толығымен қамту күрделігінен, бағалардың бір текті болмағандықтан, мәмілелерді тіркелу уақытының айырмашылығынан және т.б. әртүрлі бұрмалаулар пайда болады.Сондықтан төлем балансында «Таза қателер мен қалып қойғандар» деп аталатын арнайы бап бар.