Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бигалиев шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
422.9 Кб
Скачать

21. Қоршаған ортаның мутагенді факторларының әсерін бағалаңыз

Мутагенді факторлар немесе мутагендер - мутация санын арттыратын химиялық немесе физикалық әсер. Мысалы, электромагнитті сәуле шығарудың кейбір түрлері физикалық мутаген болатыны бүгінгі күні нақты белгілі. Ультракүлгін, рентген, сондай-ақ радиоактивті сәуле шығарудың барлығы да мәлім. Бұдан баска мутагенді әсер туғызатын химиялық заттар да, мысалы, азотты кышқыл бар. Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластану деңгейінін, артуына байланысты адамда және ғаламшарымыздағы өзге ағзада мутагенездің (әсіресе ауру тудыратын ұсак ағзалардың) кездейсоқ бақытсыздыққа ұшырату қаупі туралы сөз өріс алуда.Мутагендер саны өте көп. Сонымен қатар комутаген, антимутаген және десмутагендер кездесіп отырады.Комутаген - өзіндік мутагенді әсері болмайды, бірақта басқа факторлардың мутагенді эффектісін күшейтіп отырады. Комутагендерге органикалық емес (кадмий, никель хлориді, калий, селен т.б. жатады), органикалық табиғатқа (верапамиль ) және биогенді түріне (никотин, темекі түтіні конденсаттары, кофеин) жатады.Десмутагендер дегеніміз – бұл факторлар клеткаға дейін мутагендер әсерін төмендетіп мутация саны мен жиілігін төмендетеді. Десмутагендерге витаминдер, несеп қышқылы, сутегі пероксиді – мутагені, ферменттер, жоғары молекулалы өнімдер, мысалы: капуста экстрактісі, көк бұрыш, лапух жатады.Антимутагендер бұл заттар клеткада мутагендер әсерін төмендедетін өнімдер. Оларға кейбір тұздар, кобальт хлориді, витаминдер (аскорбин қышқылы), және репарация жүйесінің ферменттері, яғни қайта қалпына келу жатады.Индуцирленген мутагенезде мөлшер, қоршаған орта температурасы, комутагендер, десмутагендер және антимутагендердің өзіндік әсеріне, мутагендердің бір-бірімен өзіндік әсері (егер олардың табиғаты әр түрлі болса) үлкен маңызды болады.Мутагенді факторлар табиғаты:Мутагенездің физикалық факторына – ионды сәулемен зақымдалу түрлері, яғни гамма, рентген және ультракүлгін сәулелерімен зақымдалу жатады.Химиялық мутагенез факторларына органикалық, органикалық емес және биогенді қосылыстар жатады.Органикалық емсе мутагендердің 8 топтары белгілі. Мысалы: оларға литий, кадмий, азот, фосфор және т.б. жатады. Органикалық мутагендерге гетероциклді қосылыстар, күрделі қосылыстар, көмірсутектер жатады.Биогенді мутагендер өз алдына бөлек топ астына жатады. Оларға алколоидтар, флавоноидтар, токсинді саңырауқұлақтар, кейбір антибиотиктер жатады (Қазақстандық авторлар Шигаева және әріптертері).Химиялық мутагендер нағыз немесе тік және тік емес (промутагендер) болып бөлінеді. Нағыз мутагендер мутация туғызады. Промутагендер организмдегі метоболизмдік белсенділіктен кейін мутагенді қасиетке ие болады, мысалы, микроорганизмдер мен бактерияға кофеин мутаген болып саналса және комутагенді қасиетке ие болса, ал адамдарда кофеиннің мутагенді эффектісі бауырдағы микросомальді ферменттермен төмендетіледі.Биологиялық мутагендер – бұл вирустардың РНҚ-сы мен ДНҚ-сы, вирусты емес паразитарлы агенттер (микоплазмалар, бактериялар), паразиттердің метаболизмдік өнімдері (токсоплазма, мысық сорғышы, трихинелла) және транспозондар.Транспозондар – мобильді элементтермен байланысқан мутагендер түрі. Транспозондар көлемі жүзден бірнеше мың нуклеотидтерге созылады. Мобильді элементтер бір ДНК бөлігінен екінші ДНК бөлігіне клетка көлемінде өте алады. Бұл процестер транспозиция деп аталады. Транспозондар арқылы түзілген мутагендердің 3 түрі белгілі:1.Құрылымдық гендерге орналасқан нуклеотидтер тізбегінде өзгерістер түзіледі.2.Транспозиция нәтижесінде түзілген ДНК үзілсе, қатемен тігіледі.3.Транспозондар алмасқан кезде көрші нуклеотидтер тізбегіне әсері өтеді.