Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап кенесов (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
131.65 Кб
Скачать

56.Қазақстан қоғамының саяси мәдениеті : дәстүрлері және жаңартулар. 57. Қазақстан Республикасында демократиялық саяси мәдениетті қалыптастыру мәселелері

Қазіргі кезде саяси мәдениеттің жүйесі ретінде демократия даусыз және абсолютті құндылық болып саналады.

Біріншіден, демократия халық өміріндегі түпкілікті мәселелерді шешіуде олардың қатысуын қамтамасыз етеді. Ол бұқараның саяси дербестігінің тәсілі ретінде жеңіл игеріледі.

Екіншіден, саяси қатынастар субъектілері үшін бәсекелестікті, жариялылықты, құқықтық теңдікті қамтамасыз ете отырып,оларға қажетті әлеуметтік жағдайларды жасайды.

Үшіншіден,ол әлеуметтік-саяси жағдайдағы өзгерістерге бейімделгіш, өзіне саяси жаңғыруларды жеңіл қабылдайды.

Төртіншіден, демократия – маневр үшін қолайлы жағдайлар жасайтын саяси ықпалдың әртүрлі құралдарына ие және осы қасиеттерге орай әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге қабілетті терең тізбектелген саяси жүйе.

Бесіншіден, ол әлеуметтік-саяси жағдайды жеңілдетеді, компромистік шешімдерді жасақтауға көмектеседі, консенсус үстемдігіне мүмкіндік береді.

Осылардың барлығы қазіргі саяси өмірде демократияның саяси баламасының жоқ екендігін көрсетеді. Ол биліктік құрылымдарды, қоғамның саяси жүйесін ұйымдастырудың бірден-бір формасы болуға міндетті. Тек демократиялық саяси мәдениет, оның формалары мен ықпал ету құралдары ғана қоғамның шынайы прогресін қамтамасыз ете алады. Міне, сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында былай деп жазылған: Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет.

Кеңес одағы ыдырап, посткеңестік мемлекеттер өз тәуелсіздігіне ие болған тұста өз егемендігін жариялаған Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде мемлекет құрудың жаңа кезеңіне қадам басты. Демократиялық дамудың жолына түскен жас мемлекеттің алдында үлкен міндет тұрды. Ол - мемлекеттің саяси жүйесін уақыт пен қоғам талабына сай және демократиялық құндылықтар негізінде құру. Осындай келелі міндеттерді сәтті түрде іске асырған Қазақстан өз экономикасы, өз шекарасы, дербес саясаты бар мемлекетке айналды. Еліміз зайырлы, демократиялық қоғам құруға бағыт алып, саяси жүйені жаңғырту істерінде елеулі жетістіктерге жетті. Демократияландыру үрдістерін қолдай отырып, таза батыстық үлгідегі азаматтық қоғамды жалаң түрде көшіруге бой ұрмай, жергілікті халықтың тарихи-мәдени ерекшеліктеріне бейімделген қоғам құру жолындағы салмақты да сындарлы саясат елімізді дәйектілікпен дамуға жеткізіп келеді. Осы жылдар ішінде Қазақстан ел тұрғындарының ортақ мүдделері негізінде тиімді ішкі саясат жүргізе білді. Сол арқылы еліміздің ең маңызды жетістігі - ішкі саяси тұрақтылық пен келісім орнады. Бұл жылдары мемлекеттің іргесі нығайтылды, бірқатар әлеуметтік экономикалық өзгерістер жүзеге асты. Осылайша, қазақ мемлекеттілігі, оның біртұтастығы, саяси экономикалық дербестігі, табиғи байлықтарын халық мақсатына пайдалануға құқылығы және өзге мемлекеттермен тең дәрежедегі қарым-қатынасы қалыптасты. Осының бәрі мемлекеттің дамуы ондағы халықтардың өзара келісімі, ішкі саяси тұрақтылық, бейбітшілікке тәуелді екендігін ұғыну арқылы жүзеге асырылды.

Саяси мәдениет қазақстандық қоғамның саяси трансформациясы жағдайында өзгеше құбылысты білдіреді. Қалыптасқан құндылықтар жүйесі бұзылып, өмірлік идеалдар түбірімен өзгеріп, қайта пайымдалып жатқан тұста мәдени саясат қоғамды жан-жақты социомәдени модернизациялауға бағытталған, ғылыми негізделген көзқарастар мен шаралардың жиынтығы түрінде көрінеді. Дәл осы саяси трансформация жағдайында объекті бүкіл қоғам және әсіресе, жастар болып табылатын мәдени саясат негізінен бұқаралық санаға жаңа мәдени мағыналарды енгізуге, қоғамның жаңа социомәдени санасын қалыптастыруға, оның ментальдылығын, аксиологиясын, өзіндік бірегейлік образдарын, әлеуметтік ұмтылыстарының сипаты мен әлеуметтік танымалдылық формаларын өзгертуге бағытталады.

Осыған байланысты мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге байланысты біз мынадай ұсыныстар жасауды жөн көрдік:

Біріншіден, Қазақстан үкіметі елдің кедей азаматтары үшін мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығынын өтеуге қажетті қаржының әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің құрамдарынан өтемақының белгілі бір жүйесін тез арада құруы қажет. Бұл шара ең алдымен, ұлттық қауіпсіздік мүддесінде қажет, өйткені мемлекет бүгін білім беру мен мәдениет саласына неғұрлым аз қаражат бөлген сайын, ертең құқық қорғау жүйесіне соғұрлым көп құятын болады.

Екіншіден, мұның бәрі қазіргі кезде қазақстандық қоғамға ықпал ететін, қазіргі шындыққа толығымен жауап беретін мемлекеттік мәдениет саясатының келешектерін ғылыми тұрғыда негіздеп, айқын жарияланған бағдарламалық-концептуалдық тандау мен социомәдени дамудың тұтастай жаңа концепциясын жасауды қажет ететіндігін аңғартады.

Бұл тұрғыдан алғанда, динамикалық түрде қалыптасып келе жатқан қазақстандық қоғамның социомәдени құндылықтық бағдарлары сатысының параметрлерін, әлеуметтік болмыстың басымдылықтары жүйесін, негізгі мемлекеттік, қоғамдық институттар мен жекелеген индивидтер арасындағы социомәдени нормаларды даярлауға баса назар аударуы тиіс.

Қоғамдық дамудағы мәдениеттің өсіп келе жатқан ролін санаға терең сіңіре және осы негіз құраушы принциптен шыға отырып, социомәдени негіздер мен мәдени институттардың өздерінің қызметінің нақты мақсаттарын қалыптастыру қажет, тұрғылықты халықтың негізгі әлеуметтік және кәсіби топтарының социомәдени сұраныстарын қолдаудың стратегиясын ой елегінен өткізу керек.

Тұтас мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарының ажырамас бөлігі ретінде күшті және терең пайымдалған мәдени саясат қана қазақстандық қоғамның социомәдени дамудың сапалы жаңа сатысына көтерілуіне және XXI ғасырда тәуелсіз және гүлденген мемлекет ретінде Қазақстанның қалыптасуына мүмкіндік береді.

Үшіншіден, мемлекеттік мәдениет саласындағы саясатты жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың Қазақстанда енді қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғаммен байланысын күшейтуі қажет. Қазіргі кезенде бұл байланыс деңгейі төмен. Сондықтан да мәдени даму бағыттарын жұмыла отырып жобалап, оның жүзеге асуына бірлесіп қатысу керек.

Төртіншіден, Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы саясаты ұлттық қауіпсіздіктің бір саласы ретінде қаралуы керек. Сондықтан да ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көңіл бөлінуі қажет және қазақ халқының тарихын, тәуелсіздік жолындағы күресін насихаттайтын және қазіргі қазақ қоғамының қыр-сырын көрсететін кино өнерін дамытуға жағдай жасалуы қажет.

Бесіншіден, жас ұрпақтың мәдени өмірге араласуына жағдай жасалмауына байланысты қоғамда жасөспірімдер арасында қылмыс көбейіп отыр. Сондықтан да балаларға арналған музыка және өнер мектептері жүйесін қалыптастыру керек, әсіресе, ауылдық жерлерде балалардың мәдени өмірге қатысуына жағдай жасау керек.

58. Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет және азаматтық қоғам. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.[1] Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады. Қазақстанда кеңес өкіметі жылдарында мәдени салада едәуір жетістіктер де болды. Партия саясатын түсіну үшін елге «көзі ашық», сауатты азаматтар керек еді. Ресей сияқты бұрын негізінен сауатсыз империяда халыққа білім беру жүйесі бірталай табыстарға жетті. Әрбір одақтық республика өз Ғылым Академияларына, мемлекеттік университеттеріне, институттарына ие болды. Жоғары басқару жүйелері негізінен орыстарға сүйенгенімен «жергілікті ұлт өкілдеріне» мұқтаж еді. Оларды даярлау Ресейдің орталық аудандарында жүргізілді. Мұның нәтижесінде көптеген ұлт өкілдерінің еуропалық мәдениет және білімге қолдары жетті. Баспасөз, газет-журналдар шығару, радио хабарларын тарату, теледидар, кезінде «отарба», «сиқырлы машина» деп жүретін ауыл тұрғындарына жете бастады. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет, драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи түсті. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара, кәсіпқой сахна жүлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді. XIX ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес Өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер суреттей білді. Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп-білуге бағытталған біршама әрекеттер жасалды.

Қазақстанда болып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер егемендігімізді одан әрі нығайтып қоймай, дүниежүзілік даму деңгейіне көтерудің кепілді бағыты болмақ. Әсіресе, саяси процестердің оң нәтижесі – республикамызда билік тізгінін берік ұстауға қабілетті, парасатты, саяси мәдениетті жастарды тәрбиелеп, көшке қосуға зор мүмкіндік жасайды. Оған қоса халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған бай рухани ой-қазынасы мен біртуар ғұлама перзенттерінің қоғамдық, саяси ой-пікірді дамытудағы еңбектері, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапқан, сыннан өткен тәжірибелері, тәлім-тәрбиелік мақсаттағы мұралары мен халық мүддесі бағытындағы қимыл-әрекеттерін зерттеп, практикалық нәтижесін пайдалану қоғамның көкейтесті мәселесі, талабы. Әр саяси тарихи кезеңнің сұранысы – қоғамына лайық тұлғаларын тудырады. Қоғамдық дамудың тәртібіне сәйкес олар қоғамдық саяси күштерге сүйене отырып, халқының, заманының талап тілегін дұрыс айырады. Жасаған идеясының қоғамда өміршең болып, жүзеге асуына бар күш-жігерін жұмсайды. Өміршең болуының басты кепілі өткеннің сабағын ескеріп, тәлімін алу болып саналады. Бүгінгі тәуелсіз қазақ мемлекетінің ең ұлы мұраты – ұлттық идеяны қалыптастыру болып отырғаны анық. Өсер ұрпақтың саяси қоғамдық санасын қалыптастырып, тәрбиелеп отыру мақсатында кешегі саяси тарихымыздың ақиқатын зерттеп оқыту маңызды. Бұл жөнінде оң бағыт берген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев былай деген болатын: «...Өткен ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алған, рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарапынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. Қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал. Ол тұста ой еңбегімен кәнігі түрде шұғылдану атадан балаға жұғысты болып отырған». Ендеше, саяси ой-пікірлердің ерекше айшықталып, қоғамымызды дамытудың саяси жүйесі ретінде дамытуды Елбасы атап көрсеткендей қазақ зиялылары өз мойнына алды. Олар қазақ халқын тәуелсіздікке жеткізетін маңызды саяси үрімізді заман талабына сай келетіндерін модернизациялау арқылы, саяси тәжірибеге ендіріп, саяси институттардың қалыптасуына елеулі үлес қосуға болады. Б.А.Грушин, саяси сананы модернизациялауда құрылымдағы әртүрлі психологиялық компоненттерді абсолюттендіруге болмайды, қоғамдағы психология саяси ойдың бір көрінісі ретінде қарастыру керек дегенді ұсынады. Саяси ойдың дамуында көптеген әлеуметтік мәселелер мен қоғамның қайшылықтары көрініс табады, мемлекеттегі өзгерістерге тікелей әсерін тигізеді. Саяси ой, саяси сана қоғамдық болмыспен бірігіп күрделенетін және қарама-қайшы процесс. Қоғамдық сана экономикалық қатынастармен байланысып, саяси іс-әрекетті қалыптастырады. Идеологиялық және әлеуметтік-психологиялық факторлар экономиканың дамуына септігін тигізеді, оның даму жолдарын қарастырады. Адамның қоғамдағы болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларға өзінің позициясын алға қойып, көптеген қоғамның кең мәселелерін қозғайды, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оның шешу жолдарын анықтауға тырысады. Саяси психологиялық ойдың қалыптасуы туралы толығырақ Н.М.Сапошковтың еңбегінде қарастырылған. Қалыптасатын саяси ой стихиялы практикалық қызметтің нәтижесінде, еңбек пен тұрмыстың эмпиристік жағдайларында пайда болды. Саяси ойдың бұл түрі – арнаулы саяси қызметтің жемісі емес. Бұл саяси ой-күнделікті өмірдің рационалды және эмоционалды тұрмыстық, қоғамда қалыптасқан салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, қөзқарастардың және дүниетанымның көрінісі. Күнделікті сананың драматизмі – өмір шындығымен байланысады, ал саяси ой – теориялық сананың идеологиясы күнделікті санадан бейтарап емес. Бірақ ол күнделікті саяси ойға сын көзбен қарап, стихиялы қалыптасқан қөзқарастарға белгілі бір идеологиялық база жасай отырып, қоғамдық пікірге, қоғамда саяси ойды модернизаициялауға ықпал етеді. Аристотель мемлекетті, оның құрылымын азаматтардың басқейту, ал құқықтық мемлекеттің қызметі – мемлекеттік емес барлық ұйымдардың өзіндік ұйымдасу қағидасын қорғау, саяси ойды дамыту болып табылады. Европа қоғамындағы модернизациялық өзгерістер әсері, Ресейде революция төңкерісті жылдамдатты, қоғамдық саяси жағдай революцияға дайын емес еді. Өйткені, либералды өркениетке, яғни қоғамның жаңа сатысына өту бұқара халықтың творчествосын жеке белсенділік, еңбекте, экономикада, әлеуметтік-саяси өмірде интенсивті дамуды талап етеді. Сонымен бірге, жеке адамның саяси ойының дамуы қажет. Ал бұл, өз тарапынан бүкіл осыған дейінгі қалыптасқан жеке және қоғамдық мүдделердің мүлде жаңа сатыға көтерілуі деген сөз. Сол кездегі қазақ қоғамы оған әлі толық дайын емес еді. Саяси ойды модернизациялаудың алуан түрлі концепциялары бар. Олардың бірі саяси жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы депит дәлелдесе, екіншілері, оны өзара қарым-қатынас жүйесі деп есептейді. Ал үшіншілері, саяси жүйенің белгілі бір элементтердің жиынтығы деп қарайды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан мемлекетінің алдында жаңа мемлекетті дамыту мен нығайту мәселелері туындады. Тарихқа көз жүгіртсек, мұндай мәселелерді шешудің бірден-бір жолы саяси ұлттың қалыптасуы болып табылады. Қазақстан қоғамының көпұлттылығын ескерсек, бұл мәселе біздің еліміздің алдына қойылған стратегиялық міндет болып табылады. Әлемдік тәжірибе мен ұлттық құрылым теориясы  көрсеткендей, саяси ұлттың қалыптасуындағы негізгі элементтерге мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениет жатады.  Сонымен қатар әлемдік тәжірибеге сүйенсек,  мемлекеттік құрылымдағы негізгі рольді саяси құралдар  ойнайды.  Сондықтан да Қазақстандағы мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті дамыту көбінесе саяси факторлармен анықталады. Нәтижесінде бұл факторлардың ерекшеліктері мен сипатын анықтау барысында, саяси зерттеулердің маңызы зор екенін  түсінеміз. 

1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған экономикалық, әлеуметтiк және саяси салалардағы түбегейлi реформалар түрлi әлеуметтiк топтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуын ынталандырды.

Қазақстанда алғашқылардың бiрi болып экономиканың мемлекеттiк емес секторы қызметкерлерiнiң мүдделерiн бiлдiрген тәуелсiз кәсiподақтар пайда бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және дiни бiрлестiктер, саяси партиялар белсендi түрде институцияланды. "Невада - Семей" қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезiмнiң анағұрлым жарқын көрiнiсi болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу мiндетiн қойды.

Елдегi азаматтық қоғам мен оның институттарын белгiлi бiр дәрежеде дамытуға мемлекеттiң осы процесс үшiн тиiстi саяси, құқықтық және өзге де жағдайлар жасау жөнiндегi қызметi жәрдем етедi.

1991 жылғы 27 маусымда "Қазақ ССР-iндегi қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақ ССР-iнiң Заңы қабылданды.

Нәтижесiнде елде "Қазақстанның халық конгресi", "Алаш" партиялары, Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның социалистiк партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, "Лад" республикалық славян қозғалысы және "Азат" Қазақстанның азаматтық қозғалысы, "Мемориал" қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы, Алматы-Хельсин тобы, "Бiрлiк" қозғалысы, "Әдiлет" тарихи-ағарту қоғамы, "Поколение" зейнеткерлер қозғалысы және басқалары пайда болды.

1990 жылдардың басында Әлеуметтiк қорғау коалициясы құрылды, оның аясына қоғамдық өткiр проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негiзде шешудiң тетiктерiн iздестiру жолымен еңсеру жөнiнде бiрлескен жұмыс үшiн 28 түрлi ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бiрiктi.

1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентi әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтiк серiктестiк жөнiнде республикалық үшжақты комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, бұл сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға және әлеуметтiк серiктестiк жүйесiн құрудың бастауы болды.

Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс iстеуi және, тиiсiнше, елдiң партиялық жүйесiнiң одан әрi дамуы үшiн құқықтық өрiс құруға 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" және "Саяси партиялар туралы" заңдарының қабылдануы ықпал еттi. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары Ассамблеясына бiрiккен ұлттық мәдени орталықтар белсендi дами бастады. Этносаралық келiсiм елде реформалар жүргiзудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн iргетасқа айналды.

1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметiнiң кәсiбиленуiмен ерекшелендi, мұның өзi олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттiлiктер мен мұқтаждықтардың түрлi ауқымын шешу жөнiндегi жұмысының тиiмдiлiгiн көтеруге мүмкiндiк бердi.

Бұқаралық ақпарат құралдарының, (бұдан әрi - БАҚ) баспа кәсiпорындарының мемлекет иелiгiнен шығу, сондай ақ БАҚ-тың мемлекеттiк қаржыландыру мен дотациялау жүйесiнен мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзуге арналған мемлекеттiк тапсырысқа көшу процесiне байланысты масс-медиа нарығында сапалық өзгерiстер болды.

1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясына елдiң сайлау жүйесiне партиялық тiзiмдер бойынша сайлау енгiзудi көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi партиялық құрылыс процестерiн жеделдеттi. Сөйтiп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), "Азамат" демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), "Отан" республикалық саяси партиясы, Қазақстан әйелдерiнiң демократиялық партиясы, "Руханият" партиясы, "Алаш" Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды.

1999 жылы iс жүзiнде барлық өңiрлерде "YЕҰ ақпарат орталықтары" ашылды, олардың басты мiндетi өңiрлiк үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау, оларға консультативтiк көмек, ақпараттық және әдiстемелiк қолдау көрсету болды.

2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң ("Epкiн де еңселi әрi қауiпсiз қоғамға" атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың түрлi топтарының мүдделерiн iске асырудағы рөлi күннен-күнге артып келе жатқан үкiметтiк емес ұйымдарды дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде Үкiметке алғашқы тапсырмалар берiлдi.

2000 жылы мемлекеттiк билiк органдарымен (бұдан әрi - билiк) өзара iс-қимыл тетiктерiн жасау үшiн YEҰ күш-жiгерiн шоғырландыратын Қазақстанның үкiметтiк емес ұйымдарының конфедерациясы құрылды.

2000 жылғы желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билiк органдарының өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен жұмыскерлердiң бiрлестiктерi арасындағы мүдделердiң келiсiлуiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк саясат дәрежесiне көтердi.

2002 жылғы шiлдеде қабылданған және күшiне енген "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы елдiң партиялық жүйесiндегi одан арғы сапалық құрылымдық өзгерiстерге алып келдi.

2001 жылы "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылы - Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау тұжырымдамасы қабылданды.

2003 жылы ел Үкiметi үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiттi, соған сәйкес облыстық (қалалық) бағдарламалар әзiрлендi.

Сол жылдың өзiнде-ақ Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң бiрiншi съезi өткiзiлiп, оған көптеген көрнектi дiн қайраткерлерi, әртүрлi конфессиялардың өкiлдерi қатысты, "Бейбiтшiлiк пен келiсiмге" декларациясы қабылданып, Бейбiтшiлiк пен тұрақтылық форумы құрылды.

2003 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен бiрiншi Азаматтық форум өткiзiлдi. Ол үкiметтiк емес сектордың саяси танылуын белгiледi және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының жүйелi тетiктерi қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екiншi Азаматтық форум өткiзiлдi, ол елдiң қоғамдық өмiрiне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал еттi.

Орталық және жергiлiктi деңгейлерде "билiк - қоғам" серiктестiгiнiң ұзақ мерзiмдi тұрақты тетiктерiн және түрлi үндесу алаңқайларын құру жөнiндегi жұмыс белсендi жүргiзiле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы сәуiрде "Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол билiк органдары мен YEҰ-ның өзара қатынастарының принциптiк жаңа жүйесiнiң құрылуына мүмкiндiк бердi.

2003-2005 жылдары бiрiн бiрi алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi ұлттық комиссия жұмыс iстедi.

Екi құрылымның да жұмысы мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасында Қазақстанның саяси дамуының аса маңызды мәселелерi жөнiндегi жалпыұлттық үндесудi тереңдету және саяси жүйенi жетiлдiру мен елде демократиялық қайта құруды жүргiзуге бағытталған шараларды бiрлесiп тұжырымдау үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бердi.

2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзiрлеу және нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi қатысады.

Барлық деңгейдегi әкiмдердiң халық алдында есеп беруiнiң шеңберiнде елде әкiмдерге қоғамдық сенiм комитеттерi (бұдан әрi - ӘҚСК) сияқты азаматтық бақылау нысаны дами бастағанын атап өтуге болады. ӘҚСК жұмысының тәжiрибесi мемлекеттiк органдардың қызметiн азаматтық қоғам институттары бақылауының ықтимал өнiмдi модельдiк тетiгi ретiнде зерделеудi талап етедi.

Сөйтiп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары - саяси партиялар, коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдар, кәсiподақтар, ұлттық-мәдени бiрлестiктер, мемлекеттiк емес БАҚ және тұтастай алғанда мемлекеттiк емес секторды бiлдiретiн басқа да институттар қалыптасып, қазiргi уақытта мейiлiнше тез дами бастады. Бүгiнгi күнi Қазақстанда 12 саяси партия, түрлi бағыттағы 5820 YЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мәдени бiрлестiк, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды бiлдiретiн 3340 дiни бiрлестiк, түрлi меншiк нысанындағы 6646 БАҚ ресми тiркелiп, жұмыс iстеуде. Осы және басқа да азаматтық қоғам институттары елдi одан әрi демократияландырудың маңызды ресурсына айналды.

Сонымен бiрге, қоғамда азаматтық қоғамның одан әрi өсуiне ғана емес, елдi әлемдiк жаһандану процесiне барған сайын тартып бара жатқан қыр көрсетулерге де байланысты бiрқатар проблемалық мәселелер көрiнiс бере бастады. Олар тұтастай алғанда елдегi азаматтық қоғамды одан әрi үйлесiмдi дамытуды тежейдi, оның әр бөлiгi үшiн сипаттамалық ерекшелiктерi бар және өз шешiмiн талап етедi.

Мысалы, коммерциялық емес ұйымдардың (бұдан әрi - КЕҰ) мемлекеттiк органдармен тең құқылы азаматтық әрiптестiгi мәселелерi шешiмiн тапқан жоқ. Конкурстық рәсiмдердiң ашықтығын арттыру және бағдарламалар мен жобалардың қазiргi кезеңiнде қажеттiлiктердi айқындауда КЕҰ-ның қатысуы үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру тетiгi жетiлдiрудi талап етедi. Өңiрлердегi, әсiресе ауылдық жерлердегi КЕҰ әркелкi дамуда. Тiркеу тәртiбi күрделенген және рұқсат беру сипатына ие, тiркеу алымының мөлшерi ұлғайтылған, азаматтардың заңды тұлға болып құрылмаған бейресми бiрлестiктерiнiң мәртебесi туралы мәселе реттелмеген. Бизнес-құрылымдар КЕҰ-дың әлеуметтiк маңызды бастамаларын қаржылық қолдауға нашар қатысуда.

Әлеуметтiк қажеттiлiкке қарамастан, елдегi партиялық құрылыс баяу қарқынмен жүруде, партиялардың ролi мен өкiлеттiгi шектеулi. Партиялардың көпшiлiгiнде қажеттi қаржылық және материалдық ресурстар, саяси партияларды тiркеу үшiн қол жинау мәселелерi жөнiнде нақты ережелер мен регламент жоқ. Партияларды қайта ұйымдастыру, бiрiктiру және қосу мәселелерi заңнамалық реттеудi қажет етедi. Саяси партиялардың сайлау комиссияларын құруға қатысу тетiгi жетiлдiрiлмеген.

Кәсiптiк одақтар мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын әзiрлеу мен iске асыруға толық көлемде қатыспайды. Ұжымдық шарттар мен келiсiмдер әлi де болса еңбекшiлердiң құқықтарын қорғаудың пәрмендi тетiгiне айналған жоқ.

Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң дамуы нормативтiк-құқықтық және экономикалық ынталандыру болмағандықтан тежелiп отыр. Көптеген БАҚ-тың материалдық-техникалық базасы жеткiлiксiз және қаржылық қаражаты шектеулi, сондай-ақ мемлекеттiк ақпараттық саясат бағдарламалары шеңберiнде бюджет қаражатына қол жеткiзе алмайды. БАҚ аккредиттеу, мемлекеттiк органдардан ақпарат, өз хаттары мен өтiнiштерiне жауап алу кезiнде қиыншылық көруде. Журналистер мен БАҚ-тың құқықтық қорғалу деңгейiнiң төмендiгi Қазақстандағы сөз бостандығының шектелуiне әкеледi.

59. Кеңестік саяси мәдениет : мәні және типтік ерекшеліктері. Кеңестік саяси мәдениеттің ерекшелігіне кеңестік кезеңде жалпыға ортақ саяси өзін-өзі ұстау стандарты – бағыныштылықм пен басқарушы тап – партиялық номенклатура индивидтің қоғаммен сіңісіп, жоғалуы жатады.

Кеңестік тоталитарлық режимнің әлеуметтік базасы легитимді партиялық-мемлекеттік билік болды. Барлығы оның қасиеттілігі, жоғарылығы мен құндылығына сенді. Қоғамның техникалық, экномикалық және мәдени артта қалуы, оған қоса тұрғылықты халықта патриахалды қарым-қатынас пен өмір дағдысы кеңестік типтегі бағынушы саяси мәдениеттің қалыптасуына әкелді.

Кеңестік бағынышты саяси мәдениетке тәе ерекшеліктер:

  1. Сананың иерархиялығы. Коммунистік партиялы-мемлекеттің бюрократияның ерекше рольге ие болуы оның қолында экономикалық және саяси биліктің шоғырлануына, шаруашылық, қаржы ресурстарына ие болуы, рухани құндылықтарға байланысты.

  2. Бюрократиялық сананың негізгі принципі – бедел (КПССтың беделі).

  3. Жұмысшы таптың саяси құндылықтарының абсолюттілігі, демократиялық принциптерге жол берілмеушілік. Ең басты ерекшеліктерге буржуазияны, барлық индувидуалдылыққа деген таптың жек көрушілігі. Осыған байланысты әлеуметтік әртүрлілік табиғи жолмен емес, биліктін тапсыруымен жасалды. Таптық құндылықтарды үгіттеу билік үшін тиімді болды. Себебі пролетариат оның әлеуметтік негізін құрады.

  4. Қоғамды өзгертуды жолы тек революция арқылы деп танылды.

Кеңестік кезеңде саяси мәдениетті басқару билікті қолдауға шақыратын митингілер, батыс державаларының саяси акцияларына қарсы манифестер арқылы білдірді. Сонымен қатар, компартия азаматтарға коммунистік идеалдар мен идеология сіңіріп келді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]