
- •5.Саяси мәдениеттің экономикалық және саяси детерминанттары.
- •13. Саяси рәміздер.
- •15.Адамның азаматтық және саяси құқықтары туралы мәселеге қоғамдық ойдың негізгі амал-әдістері.
- •21.Саяси идеологияның саяси процесс дамуына ықпалы.
- •38.Әлеуметтік – демократиялық, оның идеялық бастаулары. Әлеуметтік салада:
- •48.Саяси апатия : себептері, әлеуметтік салдарлары.
- •51.Қазақстан қоғамының өмірлік құндылықтары және мұраттары. Олардың қоғамдық санада бейнеленуі.
- •53.Қазақстан Республикасында құқықтар мен бостандықтардың (азаматтық және саяси) қорғаудың ұлттық институттары мен механизмдері.
- •54.Адам құқықтары – Қазақстан қоғамының адамгершіліктік және құқықтық бағдарының біріктіруші (ұйымдастырушы) принципі.
- •56.Қазақстан қоғамының саяси мәдениеті : дәстүрлері және жаңартулар. 57. Қазақстан Республикасында демократиялық саяси мәдениетті қалыптастыру мәселелері
- •60. Ресей қоғамының саяси мәдениеті : дәстүрі және жаңартулары.
- •61.АқШтың саяси мәдениеті.
51.Қазақстан қоғамының өмірлік құндылықтары және мұраттары. Олардың қоғамдық санада бейнеленуі.
52. Қазақстан Республикасында тұлғаны саяси әлеуметтендірудің ерекшеліктері. Саяси әлеуметтенудің дау-жанжалды түрі топаралық күрес, қарама-қайшы мүдделер негізінде қаланады. Мысалы, Ауғаныстан елін алсақ, онда пұштындар, өзбектер, тәжіктер және т.б. әрқайсысы өз салт-дәстүрлерін, өз ұлтының құндылықтарын жоғары қойып, әр түрлі тайпалардың бастары бірікпеуде. Соның негізінде әлсін әлі дау-жанжал туып, ел ішінде кикілжің көбеюде. Саяси әлеуметтенудің типтерін қарастырғаннан кейін біздің қазіргі Қазақстан Республикасының азаматтарының саяси әлеуметтенуін қай типке жатқызуға болады деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Оның басын ашып айту әзір қиын. Өйткені біз өтпелі кезеңде тұрмыз. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі гегемонистік саяси әлеуметтенудің түрінен бас тарттық. Ал дәстүрлі либералдық құндылықтарды игергеніміз жоқ, олар бойымызға сіңген доқ. Оған көше қою да оңай шаруа емес. Себебі көптеген отбасылар жұмыссыздықтың көбеюіне байланысты күнделікті күн көрістің қамымен жүр. Балаларды саяси әлеуметтендіру тұрсын, жалпыға бірдей оқу орнына беру кейбір отбасына оңайға түспеуде. Бұрыңғы жастар ұйымы өз жұмыстарын тоқтатты. Олардың орнын басарлық ұйымдар әлі туа қойған жоқ. Көппартиялықтың аты бар да, заты шамалы. Сайлау кезінде болмаса, саяси әлеуметтендірумен жүйелі шұғылданып жатқан олар жоқ. Нарықтық экономика кезінде ақпарат құралдары қаржының тапшылығынан жарнамаларды жариялауға көбірек көңіл бөлуде.
53.Қазақстан Республикасында құқықтар мен бостандықтардың (азаматтық және саяси) қорғаудың ұлттық институттары мен механизмдері.
54.Адам құқықтары – Қазақстан қоғамының адамгершіліктік және құқықтық бағдарының біріктіруші (ұйымдастырушы) принципі.
55.Ұлттық идея Қазақстан қоғамын ұйыстырушы факторы ретінде. Ұлттық идея – этностық, діни, мәдени және өзге де қауымдастықпен біріккен адамдар тобының ұжымдық жады, мақсат-мұраттары мен армандарының, дүниетанымының, көзқарастары мен құндылықтарының кешенді жиынтығы. Ол осы ұлттың өзі туралы, қоршаған әлем мен тарихи үдерістегі орны мен миссиясы және тарихы, өткені мен болашағы жайлы жалпы көзқарастарды аңғартады. Сондықтан ұлттық идея ұлт пен ұлттық бірегейліктің қалыптасуына тікелей әсер етіп, халықтың бар күш-жігері мен іс-әрекетін ортақ игі мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырып, сол үшін әлеуметтің тұтастығын қамтамасыз етеді. Ұлттық идея, жоғарыда атап өткеніміздей, қоғамның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайтуға, Қазақстан халықтарының шоғырлануына бағытталған дүниетанымдық сипаттағы бағдарлардың, құндылықтар мен идеалдардың кешенін білдірген¬діктен, өтпелі кезеңді бастан кешіріп, әлемдік өркениеттік қауымдастықтан өз орнын табуға ұмтылып отырған біздің еліміз үшін ауадай қажет. Алайда, ұлттық идея кез келген қақтығыс пен қарама қайшылық тудырмауы тиіс, яғни ұлттық идеяның мәні мен мазмұнын, ең алдымен, ыдыратушылық емес, керісінше біріктірушілік, топтастырушылық пен ұйыстырушылық қасиеттері құрайды. Тағы бір ескеретініміз, ұлттық идеяны жай ғана ойлап табу мүмкін емес және белгілі бір әлеуметтік, саяси және мәдени кеңістікте қалыптасқан әрі өрбіген ұлттық идея кездейсоқ құбылыс емес. Ұлттық идея мәселесі бүгінде барлық посткеңестік мемлекеттер үшін маңызды болып отыр. Бүгінде қазақстандық қоғамда да мемлекетіміздің болашақ даму бағытына қатысты ұлттық идея мен мемлекеттік идеология қандай болуы тиіс деген қызу пікірталас қалыптасып отырғандығын аңғаруға болады. Бұл мәселеде Қазақстанның зиялы қауым өкілдерінің пікірлері келесідей бағыттарға бөлінеді:
– кеңестік заманда ұмыт болған дәстүрлі мәдени құндылықтарды қайта жаңғырту және нығайту;
– батыс құндылықтарын енгізу;
– батыс құндылықтар жүйесі мен дәстүрлі сананың араласуы.
Сонымен қатар, елімізде анағұрлым кең инте¬гра¬цияны білдіретін «еуразияшылдық» идеясы да кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, қоғамның идеялық шоғырлануына септігін тигізетін әлеуметтік-экономикалық сипаттағы «Қазақстан – 2030» стратегиясы, «Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің санатына ену», «Зияткерлік ұлт қалыптастыру» идеялары да соңғы кездері ресми билік тарапынан да, бейресми ұйымдар тарапынан да қызу пікірталастар тудырып отыр. Ұлттық идея, ел Президенті Назарбаевтың пікі¬рінше, қоғамның дамуына қарай туындайды. Осыған орай «Қазақ¬стан-2030» Стратегиясы біздің осы заманғы ұлттық идеямыздың негізі бола алады дей келе, ұлттық идеяның мынадай басты тұғырларын анықтайды: бірінші тұғыры – ел бірлігі; екінші тұғыры – экономиканың бәсекеге қабілеттілігі; үшінші тұғыры – интеллектуалдық жасампаз қоғам; төртінші тұғыры – өркениетті мемлекет. Қазір біздің елде де дүниежүзінің өркениетті елдеріндегідей, «ұлттық» сөзі «мемлекеттік» деген ұғыммен бірдей қолданылады. Демек, «ұлттық банк», «ұлттық экономика», «ұлттық валюта» сияқты сөздерде «ұлттық» сөзі тек қазақ ұлтының сөзі деп түсінілмейді, ол бүкіл қазақ халқынікі деп түсініледі. Сол сияқты «ұлттық идея» дегенде де біз тек қазақ халқының идеясы туралы емес, жалпы Қазақстан халықтарының идеясы туралы сөз болып отыр деп түсінуіміз қажет. Сонда, ұлттық идея – қазақ ұлтының және Қазақстан жерін мекендеген өзге ұлттық диаспора өкілдерінің қатысуымен жасалады. Еліміздегі ұлттық идея мен азаматтық идеясын үйлесімді біріктіріп, жалпыұлттық идеяны жасау арқылы елімізді түрлі ұлт өкілдерінен құралған біртұтас азаматтық және саяси қауымдастыққа айналдыру мемлекетіміздің ұлттық саясатының басты мақсаты болуы керек деп ойлаймыз. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, ұлттық идеяда халықтың түпкі мақсат-мүдделері көрініс табатын болғандықтан, ол жалпы түрде қалыптасқан идея болмауы керек. Оны қалыптастырғанда елдің өзіндік ерекшеліктер мен тарихи тағдыры ескерілуі қажет. Қазақстанның ұлттық идеясы мен оның даму ерекшеліктерін өзіндік ұлттық деңгейде, сонымен қатар, жалпыұлттық және жалпыөркениеттік деңгейде қарастыру керек деген пікірдеміз. Осы айтылғандарға орай, бүгінгі таңда мемлекетімізге құндылықтық бағдар болатын, болашақтың жарқын жолын анықтайтын ұлттық идея қажет екеніне күмән келтіруге болмайды. Біздің ойымызша, Қазақстанның ұлттық идеясы көпұлтты мемлекетіміздің азаматтары мен алыс және жақын шет елдердегі қандастарымыздың жүрегіне жететін, жарқын болашаққа жетелейтін бағдар, рухани деңгейде әрқайсысына демеу болатын қасиетке ие көшбасшы ой-тұжырым болуы керек. Қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында тарих пен мәдениет, әлеуметтік тәжірибелердің маңызы зор. Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Бұл дегеніміз жаңа жаһандық демократиялық құндылықтардан бас тартпай, осы жаңашылдықты қалыптастыруда қазақтың дәстүрлі құндылықтарын жаңғырта отырып, ұлттық қорға сүйену.
Қорыта келгенде, бүгінгі таңдағы адамның еркіндігі, бостандығы мен құқының сақталуы мен қауіпсіздігі басты құндылық болып саналады. Қазақстандық қоғам өзінің ерекшеліктеріне қарай, гуманизм, патриотизм, төзімділік, адамгершілік, ұлтаралық сыйластық пен ашықтықты ұстанымдарын алға қояды. Бұл құндылықтар Қазақстандағы барлық ұлттар мен этностарды біріктіретін ұлттық идеяға негіз бола алады.