
- •5.Саяси мәдениеттің экономикалық және саяси детерминанттары.
- •13. Саяси рәміздер.
- •15.Адамның азаматтық және саяси құқықтары туралы мәселеге қоғамдық ойдың негізгі амал-әдістері.
- •21.Саяси идеологияның саяси процесс дамуына ықпалы.
- •38.Әлеуметтік – демократиялық, оның идеялық бастаулары. Әлеуметтік салада:
- •48.Саяси апатия : себептері, әлеуметтік салдарлары.
- •51.Қазақстан қоғамының өмірлік құндылықтары және мұраттары. Олардың қоғамдық санада бейнеленуі.
- •53.Қазақстан Республикасында құқықтар мен бостандықтардың (азаматтық және саяси) қорғаудың ұлттық институттары мен механизмдері.
- •54.Адам құқықтары – Қазақстан қоғамының адамгершіліктік және құқықтық бағдарының біріктіруші (ұйымдастырушы) принципі.
- •56.Қазақстан қоғамының саяси мәдениеті : дәстүрлері және жаңартулар. 57. Қазақстан Республикасында демократиялық саяси мәдениетті қалыптастыру мәселелері
- •60. Ресей қоғамының саяси мәдениеті : дәстүрі және жаңартулары.
- •61.АқШтың саяси мәдениеті.
38.Әлеуметтік – демократиялық, оның идеялық бастаулары. Әлеуметтік салада:
Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;
Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;
Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;
Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;
Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;
Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;
Социал-Демократия – саяси бағыт. 19 ғасырдың аяғында пайда болды. Ағымның түпкілікті мақсаты – еңбекші бұқараның, алдымен жұмысшы табының хал-ахуалын жақсарту, қанауға қарсы күшін ұйымдастыру, ұйымдасқан жұмысшы табы басқаратын, бүкіл еңбек етуші бұқараның жағдайын ойлайтын социал қоғам орнату. Социал-демократиялық қозғалыстар 20 ғасырдың басында саяси партияларға айналды. Оның бір қанаты социализмді реформалар арқылы бейбіт жолмен орнатуды ұсынса, екінші қанаты буржуазияға күш көрсету жолымен, төңкеріс арқылы ғана орнатуға болады деп есептеді (қөрініз Кеңес Одағы Коммунистік партиясы). 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада көптеген Социал-демократиялық партиялар билікке келді. Германия, Австрия, Швеция, Францияда әр жылдары мемлекеттік билікті ұстаушы партия болды. 20 ғасырдың аяғында капитализмнің әлеуметтік мәселелерді шешуге бетбұрыс жасауы, постиндустриалды қоғам орнауы көптеген социал-демократиялық партиялардың социализмді бейбіт жолмен орнату идеясына көшуіне, “демократиялық социализм” тұжырымының күшеюіне әкелді. Социал-демократияның төңкерісшіл бағыты дағдарысқа ұшырады. Социал-демократия капитализм қоғамның қателіктерін түзей отырып, әлеуметтік мемлекет құру идеясын ұсынады. Ол идея бойынша технология және ақпараттық жетістіктер адамға қызмет етеді. Мемлекет байлығы әлеуметтік әділеттілік қағидасымен бөлінеді және байлықты капиталистер мен халық теңдей пайдаланады. Бұл мақсаттар орындалу үшін социал-демократия мемлекеттің реттеушілік-басқарушылық қызметін күшейтуді ұсынады. Социал-демократия буржуазиямен бірлесіп, қазіргі капиталық қоғамды күйретпей, социализм қағидаларын эволюциялық жолмен жүзеге асыруды мұрат тұтады. Осы бағытты ұстанған социал-демократтар эконоимика және саяси демократияландыру реформаларына қол жеткізе алды. Австрия, Швеция, Швейцария, Франция, Финляндия елдерінде социал-демократия билеуші партия ретінде демократия, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру жолында үлкен жетістіктерге жетті.
39.Демократиялық социализм, социал – демократтардың саяси мәдениетінің идеялық негізі. Демократиялық социализм тұжырымы - демократиялық социализмді әлеуметтік-саяси қозғалыс немесе саяси-идеялық ағым ретінде қарастыруға болады. Демократиялық социализм - кұрделі және көпқырлы ұғым. "Демократиялық социализм" ұғымын бірінші рет 1888 жылы Д.Б. Шоу демократиялық социалистік реформизмді түсіндіру үшін қолданды. Демократиялық социализм тарихы - жұмысшылар қозғалысының тарихымен тікелей байланысты. Жұмысшылар қозғалысының дамуы XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр бойы демократиялық-социализм ұғымын түбірімен өзгертіп жіберді. Демократиялық социализм капитализмге балама ретінде пайда болған. Бұл тұрғыда демократиялық-социализм марксистік идеяның маңызды қағидаларын ұстанды, яғни капитализмді жою, жалпы теңдік, капитализмді жойып, социализмге өту төңкерістік жолын қолдады. Алайда нақты өмірде демократиялық социализм бұл қағидаларды емес, тек қана саяси-қоғамдық институттар мен жалпы қабылдаған ойын ережесін мойындады. Демократиялық-социализм негізіндегі партиялар парламенттік партияларға айналды және де жұмыс табының үстемдік етуші жүйемен интеграцияға түсуіне мүмкіндік берді. Бұл көзқарас бойынша демократиялық-өндіріс құралдары көптікі және т.б. идеялар арқылы қоғамды түбірімен өзгерту, пролетариаттың (жұмысшының) үстемдігін орнату. Кейбіреулер марксистер ұсынған социализмнің кейінгі тарихын марксизмнен біртіндеп алшақтау тарихы ретінде қарастыруға болады. Авторитарлық социализмнің (марксистік идея бойынша, пролетариаттың диктатурасы) пайда болу мүмкіндігін алдын ала болжаған демократиялық-социализмнің реформашылары өздерінің негізгі мақсаты демократиялық социализм орнату деп жариялады.
Демократиялық социализм теориясын негіздеген, әрине, алмандық демократиялық-социалистер атынан Бернштеин екені айқын. Бұдан басқа фабиандық, ағылшындық және гильдейлік социализм, поссибилизм және т.б. француздық социализмнің реформистік ағымдары демократиялық социализмнің дамуына едәуір үлес қосты. Сондай-ақ австромарксизм, әсіресе оның большевизм мен ленинизмге қарсылық білдірген, идеялық басшылары О. Бауэр, М. Адлер, К. Реннерді де айтуға болады. Демократиялық социализмнің көздегені - шынымен еркін қоғам орнату, мемлекеттің негізгі мақсаты - әрбір жеке тұлғаның еркін қорғау.
40.Фашизм және неофашизм тоталитарлық саяси мәдениеттің идеологиялық негізі. Фашизм - [ лат. fascismo, fascio - диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі ] - 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы.
Фашизмге тән белгілер
билікті сакрализациялау, мемлекеттің, оның диктаторлық функцияларының қызметінің күшеюі,
демократиялық еркіндіктермен күрес,
адам құқының кұрт шектелуі,
шовинизм,
расизм,
экстремистік ұлтшылдық,
элитаризм, әскери агрессияға талпыну.
Италияда фашистік партия Б. Муссолинидің басшылығымен билікке 1922 жылда келді, Германияда ҮСЖП (ұлтшыл-социалистік жүмысшы партиясы) 1933 жылы сайлауда жеңіп шықты. Елде қанды қырғынмен лаңкестік диктатура орнатқан А.Гитлер Рейхсканцлер болды. Фашизмнің германдық түрі шектен шыққан ұлтшылдығы мен расизмге орай, нацизм деп аталады. Кейінірек фашистік немесе квазифашистік тәртіптер әлемнің басқа да елдерінде пайда болды.
Германияда агрессивті фашизмнің салтанат құруы (нацизмнің), сондай-ақ Ресейдегі (КСРО) агрессивті "социалистік" ("коммунистік") тәртіптің орнығуы Еуропаны және бүкіл әлемді соғысқа жетеледі. Соғыс 1939 жылы күзде басталды, 1945 жылы күзінде антифашистік коалиции күштерінің жеңісімен аяқталды. Фашизм мемлекеттік және әскери күш ретінде талқандалды. Герман фашизмінің (нацизмінің) аса қасіретті қылмысының бірі 6 млн. еуропалық еврейлерді қырғынға ұшыратуы болды (холокост).
Фашистік идеология өміршең болып шықты, оның жаңғырығы бүгінгі XXI ғасырда да әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтарында қылаң беруде. Бірқатар елдерде заңдастырылған немесе жартылай занды азшылық, бірақ едәуір елеулі ұлтшылдық, фашистік немесе квазифашистік тұрғыдағы жастар бірлестіктері байқалуда. Бүл қозғалыстардың бір идеологтары "уақыт сынынан әткен" ұлтшылдық, этникалық артықшылық, ксенофобия идеяларына сүйенсе, енді біреулері этникалық геосаясаттың күні әткен идеяларымен қаруланған, үшіншілері күн әткен сайын үдеп келе жатқан жаһандануға қар- сылар қатарын толықтыруға дайын.
Неофашизм– 2-дүниежүзілік соғыстан кейін таратылған фашистік ұйымдардың саяси және идеялық бағытын жалғастырушы қазіргі заманғы оңшыл-радикалдық қозғалыс.
Азия мен Африкада отарлық жүйенің ыдырауына байланысты Батыс Еуропадағы бұрынғы метрополияларға отар елдерден иммигранттар ағылды. Олардың көбеюіне байланысты Еуропада 1960 – 1980 жылдары оңшыл-радикал бағыттағы ұйымдар көптеп құрылып, Неофашизм күшейді. 1991 жылы КСРО тарағаннан кейін халық тұрмысының күрт нашарлауы, жұмыссыздық және Кавказ бен Орталық Азиядағы ұлтаралық жанжалдар нәтижесінде Ресейде де “орыс ұлтының” мүддесін бәрінен жоғары қоятын радикал партиялар мен қозғалыстар тез күшейе бастады. Неофашизмге қоғамның демократиялануы және қатал заңға бағынуы ғана тосқауыл бола алады.
Неофашизм — термин, применяемый для обозначения ряда праворадикальных организаций и движений, которые в идейно-политическом отношении наследуют фашистским организациям 1920-1940-х годов, распущенным после Второй мировой войны. Неофашисты проявляют склонность к политическому экстремизму, используют террористические формы деятельности.
Дискредитация исторического фашизма нередко побуждает неофашистов отмежёвываться от предшественников. Однако черты сходства с формами фашизма, сложившимися между двумя мировыми войнами, проявляются постоянно. Важнейшие отличительные черты неофашистских структур — крайний национализм и шовинизм, правый популизм, ориентация на корпоративистские модели общественного устройства, антикоммунизм, критика с ультраправых позиций парламентаризма и финансового капитала, применение насильственных, террористических методов политической борьбы.
В социально-философском плане неофашизм враждебен гуманизму, культивирует иррационализм, проповедует культ силы как универсальный метод решения общественных проблем. Политическая агитация ведётся в демонстративно агрессивной, энергичной и наступательной манере. Часто используется символика и атрибутика исторического фашизма (чёрный и чёрно-красный цветовые тона, фасции, модифицированные свастики и др.). Важное место в неофашистской пропаганде занимает популистская социальная риторика, обращённая к представителям мелкого бизнеса, люмпен-слоям, носителям молодежных субкультур.[2][3]. Для неофашизма характерны тесные связи с криминалитетом. Социальные концепции выдерживаются в русле праворадикального солидаризма, соответствующего интересам международной оргпреступности.
41.Постиндустриалдық (ақпараттық) қоғам және әлеуметтік мемлекет. тұжырымдамасы. Қазіргі саяси мәдениеттің идеялық негізі. Постиндустриалды қоғам — қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д.Белл, Д.Рисман, А.Тоффлер, З.Бжезинский, Дж.Гэлбрейт, т.б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды. Оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы, т.б. 70 — 80-жылдары постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әлеуметке (социумға) ықпалын сипаттауға тиіс футурологиялық және социологиялық теория ретінде дамыды. Америкалық социолог Д.Белл постиндустриалды қоғамды анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті: 1) өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын теориялық білімнің орталықтандырылуы; 2) экономиялық, инженерлік, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа интеллектуалдық технологияның пайда болуы; 3) білім, ақпарат таратушы әлеуметтік топтың қалыптасуы; 4) билік қатынастарының өзгеруі: индустриалдыққа дейінгі қоғамда — аристократия, индустриалдық қоғамда — демократия, постиндустриалды қоғамда — меритократия. Постиндустриалды қоғам қала тұрғындары 70 — 85%-ға жеткенде басталады. Онда аграрлық және индустриалдық тіршілік екінші кезекке өтеді. Ескі индустриализмнің орнына үстеме, еселі индустриализмнің келуі жаңа жаппай тұтыну мәдениетін өмірге әкеледі. Постиндустриалды қоғамның негізгі жетістігі — демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің өсуі. Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді сақтау аса қиын болмақ. Бұл қоғамда барлық тауқыметтер өзінен-өзі шешіледі деген болжам негізсіз. Белл постиндустриалды қоғамның қалыптасуын компьютер негізгі рөл атқаратын ақпарат пен білім саласындағы революциямен байланыстырады. Оның пікірінше, компьютер технологиялық революцияның символы әрі материалдық тасымалдаушысы, компьютер қоғамды түбегейлі өзгеріске әкеледі. Сөйтіп, жаңа қоғамда ақпарат және оны пайдалану мен тарату үшін техникалық базаны қамтамасыз ететін электронды құралдар негізгі рөл атқармақаласы Осыған орай постиндустриалды қоғам ұғымымен үндес “ақпараттық қоғам” термині кеңінен қолданыс тапты.
Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағыт¬талған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десекте, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғьшымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгітнасихатта да, публицистикада да көп қолданылады.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында «әлеуметтік мемлекет» ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол «әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы – екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады» деп көрсеткен.
42.Анархизм.
43.Католиктің әлеуметтік – саяси доктринасы.
44.Православиенің әлеуметтік – саяси доктринасының ерекшеліктері.
45.Исламның әлеуметтік идеологиясы және саясаты.
46.Тұлғаны саяси әлеуметтеу, мәні, кезеңдері.
47.Саяси әлеуметтендіру кезеңдері. Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі — өнегісінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді. Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Америка ғалымдары Д.Истон мен Дж.Деннис 12 мың Америка балаларын сұрақ-жауап арқылы зерттеген. Соның нәтижесінде олардың саяси әлеуметтенуінің 4 кезеңінен көрсетеді:
саясаттану, яғни балдырғанның ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғынуы;
жекелеу. Мұнда бала саяси билікті президент, полицеский тұлғасы арқылы жекелеп сезінуі;
дәріптеу, яғни саяси қайраткелерге тек жақсы қасиеттерді таңу;
институционалдандыру, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, иесіз институттар арқылы (партия, парламент, әскер және т.б.) қабылдау.
Сонымен, адам жас кезінен әлеуметтене бастайды. Бала биліктің не екенін түсінеді. Үйде ол әкесі немесе шешесі, бала бақшада тәрбиеші, мектепте мұғалім арқылы әлеуметтенеді. Ол дау-жанжалдың қалай шешілетінін байқайды, бағыну немесе жадында бағынбауға үйренеді. Қазақтар «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп тегін айтпаған, үйде қалыптасқан көзқарас көбіне өмір бойына жадында қалады.