
- •5.Саяси мәдениеттің экономикалық және саяси детерминанттары.
- •13. Саяси рәміздер.
- •15.Адамның азаматтық және саяси құқықтары туралы мәселеге қоғамдық ойдың негізгі амал-әдістері.
- •21.Саяси идеологияның саяси процесс дамуына ықпалы.
- •38.Әлеуметтік – демократиялық, оның идеялық бастаулары. Әлеуметтік салада:
- •48.Саяси апатия : себептері, әлеуметтік салдарлары.
- •51.Қазақстан қоғамының өмірлік құндылықтары және мұраттары. Олардың қоғамдық санада бейнеленуі.
- •53.Қазақстан Республикасында құқықтар мен бостандықтардың (азаматтық және саяси) қорғаудың ұлттық институттары мен механизмдері.
- •54.Адам құқықтары – Қазақстан қоғамының адамгершіліктік және құқықтық бағдарының біріктіруші (ұйымдастырушы) принципі.
- •56.Қазақстан қоғамының саяси мәдениеті : дәстүрлері және жаңартулар. 57. Қазақстан Республикасында демократиялық саяси мәдениетті қалыптастыру мәселелері
- •60. Ресей қоғамының саяси мәдениеті : дәстүрі және жаңартулары.
- •61.АқШтың саяси мәдениеті.
13. Саяси рәміздер.
14.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
15.Адамның азаматтық және саяси құқықтары туралы мәселеге қоғамдық ойдың негізгі амал-әдістері.
16.Адамның саяси құқықтары мен бостандықтары, олардың кепілдіктері. Адам құқықтары мен бостандықтары - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс- әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері АҚБ-на жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда АҚБ жасаған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. Өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды даму сатысында өмір сүрген ли¬берализм өкілдері - Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо, И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. ойшылдар АҚБ-на баса назар аударды. Қағидалардың ең маңыздылары ретінде олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең құқықтарының болуын, халық биліктің негізгі иесі екендігін, биліктің тармақталуын, би¬ліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті. Жүзеге асырылу ортасына қарай АҚБ азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында (1948 ж., 10 желтоқсан) баяндалған. Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша: "1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі; 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олар дан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады" (12-бап).
17.Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси мәдениетті қалыптастыруға ықпалы. Саяси мәдениет – адамзат мәдениетінің бір саласы. Саяси мәдениет – қоғам ұсынған кешен, саяси саладағы сана мен іс-әрекетін анықтаушы оның менталитеті. Сондықтан оны зерттеп білу ең алдымен қоғамның саяси өмірінде қалыптасатын және жұмыс істейтін мәдени құбылыстарды ғана түсіндірумен шектелген. Бұқаралық ақпарат құралдары - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасәзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бүл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, сая- сибиліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді. ХХ-ХХӀ ғасырларда бұқаралық мәдениеттің кең етек жаюының басты себебі ақпараттандыру мен компьютерлендіруге байланысты. Мәдени өнімдерді тарату, кәбейту, өңдеудің жаңа жағдайларында (баспа-көбейту техникаларының жаңаруы, радионың пайда болуы, кинематографияның дамуы, телехабарлардың таралуы, үн және бейне жазушы техникалық қүралдардың жетілдірілуі) ақпараттық-желілік жүйелердің даму қарқындылығы және өзара іс-әрекет принциптері ғылыми-техникалық қайта құрулардың түбегейлі өзгеруімен, технология саласында күшті дамумен сипатталады (компьютерлік желілердің құрылуы, спутниктік таралым, онлайндық тораптардың және Интернеттің пайда болуы). Постиндустриалды қоғам мәдениеті бүқаралық және ақпараттық сипат алады. Жаһандану жағдайында этникалық мәдениеттің қатаң шекаралары шайылып, оның өзіндік этномәдени ерекшелігін сақтап түратын "жабықтығы" жойылады. Этникалық мәдениетті діңгек түтатын үлттық мәдениет - ол тек ресми, мемлекеттік мәдениет қана емес, әртүрлі субмәдениеттердің (оның ішінде бұқаралық мәдениет те кіреді) өзара ықпалдасуы нәтижесінде пайда болған ұлттық мәдениет жиынтығы. Бұқаралық мәдениет те біртұтас емес, ол көпқырлы. Ең күштісі - маргиналдық қабат, одан кейін танымал, жастардың субмәдениеті және т.б. жатады. Қазіргі жаһандану процесі жағдайында бұқаралық мәдениет трансұлттық мәдениеттің болашақ үлгісі ретінде қабылданады, басқа қырынан этникалық құндылықтарға және этномәдени өзіндікке қарсы тұратын мәдениет ретінде түсіндіріледі. Мәдени құндылықтарды конвейерлік тәсілмен өндіру олардың тұлғалық шығармашылық мазмұнын кемітіп, адамдық жат-сынудың жаңа формаларын қалыптастырады. Бұқаралық мәдениет үлгілері қазақ халқының ұлттық құндылықтар сүзгісінен өтуі қажет.
18.Саяси мәдениеттің қоғамның саяси жүйесінің қызметіне ықпалы мәселесі. Саяси мәдениеттің қоғамның саяси жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері есебіндегі мән - мағынасы, орны, атқаратын қызметі қандай деген мәселелер осы тақырыптың мазмұны болып табылады. Саяси мәдениет нақты әлеуметтік және саяси практика негізінде қалыптасады және олардың бейнесі, көрінісі болып табылады. Саяси өмірге қатысушылардың түсінігі, мәнділік бағдарлары мен ұмтылыс - мақсаттары, сондай - ақ, олардың сезім - күйлері, наным пиғылдары мен мінез - құлықтары саяси сана мен саяси мәдениеттің мазмұның құрайды. Саяси сананың ішінде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктері жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, шешімдерді қабылдау мен іске асыру, билік өкілеттігінің иелері, саяси өмірдегі өз орны, саяси қызметке қатысудың құдіреттілігі мен тиімділігі жөніндегі және т. с. с. түсініктерді қамтиды. Саяси мәдениеттің тағы бір ерекшелігі — адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Мысалы, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса, мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты алайық. Францияда бірпартиялықты шеттен шыққан жөнсіздік деп санайды. Сондықтан онда бірпартиялық жүйе орнауы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде оған үйреніп кеткен, оның ешқандай сөкеттігі жоқ сияқты. Демек, әрбір елдің, халықтың өз көзқарасы, қатынасы қалыптасқан.
19.Саяси идеология тұжырымдамаларының түрлілігі. Әрбір мемлекеттің болашақты бағдар ететін идеологиясының болуы айқын. Себебі мемлекеттің саясаты, оның даму жолдары идеологияға негізделеді. Идеологияның қызметі – мемлекеттілікке демеуші, саяси құрылыстың қорғаушысы болу, ал идеологиясыз мемлекет болуы мүмкін емес. Бірақ кеңес өкіметі кезінде, әсіресе 1980шы жылдардан бастап, “идеология” деген сөздің өзі кейбір азаматтардың бойында жиереніш туғызып халық арасында оны салқын қабылдау күшейді. Бұның себебі қазір түсінікті де, кеңестік жағдайда өз идеясын бүкіл халыққа күштеп міндеттеген қоғам емес, тіпті мемлекет те емес, ол демократияға негізделмеген биліктегі адамдардың шағын ғана тобы – коммунистік партия болатын. Бұл марксистік-лениндік деп аталған идеология қоғамдағы әртүрлілікке, көппікірлікке қатаң тиым салды. Әрбір азамат тек ғана бір идеологияны мойындауға мәжбүр болды. Қоғамда идеологиялық шоғырлану жүйесі орнатылды. Осындай жағдайда Кеңес Одағы азаматтарының «біз идеологияға тойдық ғой” деп айтулары әбден түсінікті болатын. Осы тұрғыдан қоғамда деидеологизация, яғни идеологиясыздандыру туралы ұсыныстар көбейді. Яғни, идеологиясыз мемлекет, идеологиясыз қоғам құру қажет деген түсінік қалыптасты.
Саяси ғылымда деидеологизация (идеологиясыздандыру) өзекті теориялық проблема, бірақ бұл қоғамды немесе мемлекетті идеологиядан арылту деген түсінік емес. Бұл жөніндегі саяси ғылымның ақиқат ұстанымы мына анықтамадан білінеді: Деидеологизация (идеологиясыздандыру) дегеніміз — идеологияның әсерінсіз, еркін, таза ғылымды жасауға, қоғамдық прогресті идеологиядан тазартуға ұмтылу. Яғни, ғылым – идеологиядан тәуелсіз болуы қажет. Қоғамның дамуы идеологияның қысымына түсіп қалмауы, елдің дамуын тек ғана ұлттық мақсатты ұстанып, басқа елдердің дамуынан оқшауландырмау, әртүрлілікке, көппікірлікке бақылау қойып кедергі жасамауы керек. Әсіресе ғылым идеологияның қызметшісіне айналмауы тиіс.
Идеологиясыздандыру тұжырымдамасының негізін салушылар: саясаттанушы француз ғалымы А.Раймон, американ ғалымы П.Талкотт, неміс ғалымы К.Манхейм және т.б. Мысалы, К.Манхейм: «идеологиясыздандыру –қоғамдағы партиялық, топтық үстемдіктің болмауын мақсат ететін әлеуметтік-философиялық ілім, ал қоғамдық, мемлекеттік идеологияның болмауын мақсат ету – ол қателік» десе, белгілі орыс философы Н.Бердяевтың айтуы бойынша:
“Қоғамда идеология құлатылған кезде, утопия шабуыл жасайды”, яғни, халық өзіндік болмысынан, ерекшелігінен, ұлттық мәдениетінен, рухани құндылықтарынан айырылаибастайды, қоғамның даму бағыты күйреп, дағдарыс күшейеді. Өтпелі кезеңді басынан кешірген біздің елімізге бұл жағдай жақсы белгілі. Кеңес Одағы ыдырап,тоталитарлық тәртіптен демократиялық режимге ауысудың басталуы кезеңінде бағыт беруші рухани нысананың күрт жойылуы себебінен адамдар рухани және әлеуметтік адасу мен абыржу жағдайына түсті. Қоғамда өнегеліліктің деңгейі төмендеп, қылмыскерлік, жемқорлық, коррупция, көлеңкелі кәсіп, нашақорлық кең орын ала бастады. Бұндай келеңсіз құбылыстардың ізі бүгінгі күнге дейін сезінілуде.
20.Саяси идеология, мәні, қызметі. Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыру немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология – жалпы идеологияныңда өзегі. Оның ерекшелігі – саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды. Саяси идеология Ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс-әрекет жасау мүмкіндігін негіздеу идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеялистік түсініктерде білінеді. Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:
1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;
2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;
3) жүмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;
4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мүраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;
5) бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.