Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап кенесов (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
131.65 Кб
Скачать

1. Саясат және мәдениет, олардың бірлігінің негіздері. Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. "Саясат" қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықща аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативті негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие. Платонның көзқарасы бойынша, бірігіп өмір сүру, адамдар арасындағы теңсіздік (байлық пен кедейлік, әр түрлі дәреже мен кәсіптер), өзара әрекет алмасудың қажеттілігі және осы орайда қандай да бір нормалардың сақталу кажеттілігі мемлекет пен саясатты, мемлекет пен қоғам істерін басқаруға алып келеді. Саяси ойлардың негізін салушылар Платон мен Аристотель пікірлерінде саясат адамдарды басқару ретінде анықталынады. Осыған байланысты олардың еңбектерінде мемлекеттік басқарудың формаларына талдау жасалынып, оның түрлері бөліп көрсетіліп, оларға салыстырмалы талдау жүргізіліп, ежелгігректік полистің (қала-мемлекеттер) саяси өмірінің және осы полистің азаматтары — ерікті адамдардың мемлекеттік басқарудағы саяси іс-әрекеттерінің, барлық негізгі аспектілері қарастырылған.

Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасағанәлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев. Біріншіден, мәдениет адам жасағаннан немесе жасайтыннан тұрады: адам қызметінің түрлері мен формалары, соның нәтижесінде пайда болатын өнімдер (артефактілер) және қатынастар. Сәйкесінше, бұл жағынан мәдениет табиғатқа қарама-қарсылық, жасандының табиғиға қарсы қойылуы ретінде болады.

Екіншіден, мәдениет қоғаммен сәйкес келеді де, сәйкес келмейді, өйткені адамның тіршілік әрекеті мен қоғамда табиғи сипаттағы факторлар аз орын алмайды.

Үшіншіден, және де бұл ең бастысы, мәдениеттің мазмұны адамды “жасау”, тәрбиелеу, қалыптастыру болып табылады, яғни адамның биологиялық жағынан тұлға болуы (әлеуметтік адам).

Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: материалдық және рухани.

1.      Материалдық -  бұл өндірістегі құрал-саймандар техника, құрылымдар және тағы басқалар.

2.      Рухани — бұл ғылым, өнер, әдебиет тағы басқалар.

Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі шартқа байланысты Олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа құрал-жабдық түріне айналады. Ал жаңадан пайда болған техника, құрылғы, технология, жаңа ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады.

Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен бірге барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өткендегі құрал – саймандар із-түссіз жоғалып кетпейді.

Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әртүрлі түсінеді. Біреулері мәдеениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері – қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның саналы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды.

XIX ғасырдың соңғы он жылдығында және XX ғасырдың

басында мәдени антропологтар көбінесе "Алғашқы қауымдық мәдениеттің" алғашқы

жолдарында көрсетілген Э. Б. Тайлор көзқарасымен келісетін. Э. Тайлор бойынша:

"Мәдениет — адамның қоғам мүшесі ретінде игерген кейбір қабілеттері мен

дағдыларынан, білім, наным-сенім, өнер, адамгершілік, заңдар мен әдет-ғұрыптардан

құралады". Тайлор мұнда мәдениет тек адамға ғана тән екендігі баса көңіл

аудармағанымен, бұл еңбекте мәдениеттің біршама сипаттары бар деуге болады. Осы ой

оның басқа еңбектерінде анығырақ байқалады

Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американдық зерттеушілер және оның шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар шығарды. Олар кейін «Саясат мәдениет» деген атаумен кең тарап кетті.

Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстық ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы «саяси мәдениет» деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы , фәлсафашы Иоганн Гердерді санайды.

Бірақ олардың қай-қайсысы болмасын «саяси мәдениетті» саяси өмірдің белгілі бір өрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы ретінде қолданбады. Мұны жасаған жоғарыда аттары аталған американдық ғалымдар болды.

Кейінірек бұл мәселені зерттеуге Польшаның Кеңес Одағының, Болгарияның және т.б. бұрынғы социалистік елдердің қоғамтанушылары қосылды. Бірақ, өкінішке орай, олардың басым көпшілігі «дамыған социалистік қоғамның» саяси мәдениеті дүниедегі ең озығы, ең демократияшыл деген желеуді дәлелдеуге тырысты.

Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі саяси әдебиетті оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің күрделігінен әлі жет тексерілмегендігін білдіру керек.

2.Қоғамның саяси мәдениеті, оны анықтауға әдіс-амалдардың сан алуандығы. Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларынан қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың, өзін-өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеуберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен әс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.

Саяси мәдениеттің бірлігі қоғамның тұрақтылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дұрыс болжауға ықпалын тигізеді. Ал әр түрлі саяси субмәдениеттер, керісінше, қоғамдық саяси өмірді тұрақсыздандырудың көзі болуы мүмкін. Қоғамдағы жағдай көбінде әр түрлі болғандықтан, субмәдениеттің де сан түрлілігі қалыпты құбылыс. Сондықтан олардың мүдделерін үйлестіріп, бастарын қосып, бірлестіре жұмыс істеуге тура келеді. Ол үшін қоғам терең ойластырылған мәдениет саясатын жүргізуі керек. Жұртшылықтың саяси мәдениеті жоғары болуы үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан-жақты хабардар етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұруы, дамыған хабарламалық жүйенің болуы — қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді.

Саяси мәдениеттің қоғамның саяси жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері есебіндегі мән - мағынасы, орны, атқаратын қызметі қандай деген мәселелер осы тақырыптың мазмұны болып табылады.

  1. Саяси идеология және осы заманғы саяси - идеялық ағымдар.

  2. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену.

Саяси мәдениет нақты әлеуметтік және саяси практика негізінде қалыптасады және олардың бейнесі, көрінісі болып табылады. Саяси өмірге қатысушылардың түсінігі, мәнділік бағдарлары мен ұмтылыс - мақсаттары, сондай - ақ, олардың сезім - күйлері, наным пиғылдары мен мінез - құлықтары саяси сана мен саяси мәдениеттің мазмұның құрайды.

бұқаралық қоғамға тән, коммуникациялық-ақпараттық жүйелердің дамуының жоғарғы деңгейінің, урбанизация мен индустриализацияның жоғарғы дәрежесінің арқасында мүмкін болатын күрделі әлеуметтік-мәдени феномен. Ол индивидтің шеттеуінің жоғары дәрежесімен, даралығын жоғалтып, өзімшілдікке айналумен сипатталады. Осыдан бұқараны жойып, олардың бұқаралық коммуникациялар каналдары арқылы мәдени-мінез құлықтарын орнатып, элитаның оларды жеңіл билеп алуы шығады. Бұқаралық қоғам сатысында өзіндік мақсатқа айналатын техниканың дамуы Ж. Эллюльдің пікірі бойынша барлық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын жояды, бірыңғай маңызы жойылған мәдениетті құрады. Ол адамды қазіргі қоғамның құндылықтар еркіндігінен босатады, ол екінші жағынан, Э. Фромның ойы бойынша техникалықты абсолюттеуге және адам болмысының құндылықтарын жоюға әкеп соғады.

Қазіргі бұқаралық қоғам әрбір индивидтің тереңде жатқан жеке қажеттіліктерін жүзеге асыруға бөгет жасайды. Адамның өзін-өзі тану және басқа адамдармен жеке қатынастарын орнатуға тырысуы, не мінез-құлық стандарттылығын тудыратын рухани енжарлықты, не индивид өзі туралы бұлдыр түсінікті жасау үшін қолданылатын жалған бағытқа, «пұтқа» табынуды тудырады.

3.Саяси мәдениеттің мәні және құрылымдық компоненттері. Саяси мәдениет – жалпы адамзаттық мәдиениеттің бір бөлігі. Мәдениет – бұл материалдық және рухани өндіріс процесінде адам қолымен жасалған құндылықтардың жүйесі, онсыз адам қоғамдық тіршілік иесі ретінде дами алмайды. Оның адамдық қасиеті адамның тілді меңгеруінің, қоғамда бар құндылықтарға, дәстүрлерге үйренуінің, сол мәдениетке тән қызметтің тәсілдеріне, дағдыларына ие болудың нәтижесі болып саналады. Бүгінде барынша кең таралған түрде мәдениет деп адам мен қоғамның қайта жаңару қызметінің барлық түрлері, сондай-ақ осы қызметтің нәтижесі түсіндіріледі. Рухани және материалдық мәдениет болып ажыратылады.  Саясаттың мағынасы билікті іске асыру және қайта өзгертуден тұрады. Ал мәдениеттің мағынасы адамды іске асыру және қайта өзгертуде. Саясатқа деген адамдардың қарым-қатынасы саяси мәдениет ұғымына сай шындық болып табылады. Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді. Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды. 

4.Саяси мәдениеттің қызметтік белгіленуі. Өмірде саяси мәдениет  мынандай қызмет атқарады:

1)  Танып-білу міндеттері. Қоғамдық  ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси салада ойдағыдай қызмет етерлік біліммен  қаруланады. Сөйтіп адамдар қоғамдық  дамуды және сасаттың  өзін  айқындайтын заңдар мен негіздерді  танып біледі.  Бұл міндеттер  қоғамдағы басқарудың  әдіс-тәсілдері, құралдары қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс істеуі, мемлекет пен қоғамдық жұмыстарды басқаруға көпшілікті қалай  қатыстыру керектігін  қамтиды.

2)  Аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың қабылдап  алып, оны одан әрі жалғастыру міндеттері.  Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің тоқтаусыз ұласып  дамуын қамтамасыз етеді. Қандай партия немесе  қоғамдық  саяси қозғалыс  болмасын өзінің іс-әрекетінде бұрынғы ұрпақтың саяси тәжірибесін, салт-дәстүрлерін пайдаланбай тұра алмады. Соның  арқасында олар  алдағы ағалардың  қателіктерін  қайталамай, алға қойған  мақсаттарына тезірек жетуі мүмкін.

3) Саяси өмірді реттеу,  тәртіпке келтіру міндеттері.  Олар саяси жүйенің  дұрыс жұмыс істеп,  ойдағыдай дамуын,  қоғамдық  тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақтылықты,  кемшіліктерге төбестікті,  қоғам алдындағы жауапкершілікті,  ұлттық  және әлеуметтік –таптық қатынастарды реттеуді  қатамасыз етеді.

4) Саяси психологияны дамыту міндеттері.  Олар адамдарды қоғамдық-саяси қызметтерге қатысуға ынталандырады,  саяси белсенділікті  арттырады, белгілі бір  тосын саяси жағдайларда өзін-өзі қалай  ұстап, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелейді.

5) Қарым-қатынас,  байланыс жасау міндеттері. Саяси мәдениетті  игеру арқылы тілек,  мақсаттары бірдей адамдар  топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңігмеге келіп, тіл табыса  алатындай  шеберлікке  дағдыланады.

6) Қазыналық міндеттер.  Олар жеке адамға (топқа,  ұйымға) саяси өмірдің  қазына жүйесінен өз мақсат, мүдделеріне сай келетін  ең құндыларын  таңдап алуына мүмкіндік жасайды.  Бұл міндеттер елдің  жедел алға басуына және  қоғамның өзін-өзі билеуіне  бағытталған талаптарын ақтайтын  саяси қазыналарды қорғап, сақтауға  жәрдемдеседі.

5.Саяси мәдениеттің экономикалық және саяси детерминанттары.

6.Саяси мәдениеттің әлеуметтік – мәдени факторлары. Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары және көркем шығырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі – материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда. Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам – мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды. Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мәдени ошақтарға, сән-салтанатты, барлық жағдайы бар демалыс орындарына, т.б. байланысты. Оларды игілікке пайдалана білу де мәдениеттің бір саласы. Сөйтіп, материалдық және рухани мәдениет тікелей байланысты екен. Одан шығатын қорытынды, мәдениет – қоғамның материалдық және рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ. Біздің қазіргі қоғамдағы қиын жағдай осы өтпелі кезеңде туып отыр. Біріншіден, қаражаттың жетіспеуінен көптеген мәдени ошақтар асып-тосып, істен шығуда. Ауылдық жерлерде клубтар, кітапханалар жабылып жатыр. Қалалы жерлерде кинозалдардың, театрлардың материалдық негізі құлдырап, төмендеді. Екінші жағынан, жалақының аздығынан көптеген талант иелері сауда-саттыққа ауысып кетті.

7.Қоғамның саяси мәдениеттің типтеу мәселелері. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарының ұғынуға, саяси бағдар алуына тікелей әсер етеді.Осы ұғымның саясаттануға енгеніне көп уақыт болған жоқ. Осы ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы – 60 жылдарының басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американдық зерттеушілер және оның шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар шығарды. Олар кейін «Саясат мәдениет» деген атаумен кең тарап кетті. Олардың ойынша саяси мәдениет – ол саяси жүйеге қатысушылардың индивидуалдық позициясы мен бағыт-бағдары. Саяси бағыт-бағдар мынадай элементтерімен толығады:

-   танымдық бағыт-бағдар – саяси объектілер мен идеяларды тану мүмкіндігі;

-   белсенді бағыт-бағдар – саяси объектілер қарым – қатынасындағы қарама-қайшылықтар т.б.;

-   бағалаушылық бағыт-бағдары саяси жаңалықтар мен оқиғаларға баға беру пікірі; Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:

  • "патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;

  • "Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;

  • "Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады. Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді.

8.Саяси мәдениеттегі құндылықтар және құндылықтық бағдарлар. Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық,қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.

9. Саяси мәдениеттегі дәстүрлер, олардың байқалу амалдары. Мәдениеттегі дәстүрлер, жаңашылдықтар және нормалар. Жаңашылдық пен дәстүрлер – мәдениет дамуы процесінің екі жағы. Мәдениет тұрақты және өзгермелі моменттерден тұрады. Мәдениеттегі тұрақтылық, «инерциялық» - бұл дәстүр. Дәстүрде мәдени мұрагерлік элементтері – идеялары, құндылықтар, дәстүрлер, салттар, дүние тану тәсілдері сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Дәстүрлер рухани мәдениеттің барлық формаларында болады. Ғылыми, діни, моральдық, ұлттық, еңбек және басқа дәстүрлер туралы айтуға болады. Соның арқасында қоғам дамиды, өйткені жас ұрпақ велосипедті ойлап табумен айналыспайды, адамның қол жеткізген тәжірибесін, мәдениет нормасын игереді.

Дәстүрлер жүйесі қоғамдық организмнің тұтастығын, тұрақтылығын бейнелейді. Оған өрескел қарауға болмайды, өйткені мәдениеттің нәзік және күрделі механизмдері бұзылуы мүмкін. Ескі рухани құндылықтарды, тарихи естелікті ұмыт қалдырып, рухани өмірді жақсарту мүмкін емес.

Екінші жағынан, мәдениет жаңарусыз болмайды. Шығармашылық, өзгеріс қоғам дамуының екінші жағы болып табылады. Дәстүрлер мен жаңарулар бірлігі – кез-келген мәдениеттің универсалды сипаттамасы.

Мәдениетте дәстүрлер мен жаңарулардың, шығармашылықтың әр түрлі ара қатынасы қоғамдар үшін дәстүрлі және қазіргі негізді береді. Бірінші дәстүрлерде шығармашылыққа билік жүргізеді. Мәдени үлгілер бастапқы түрінде өндіріледі. Өзгерістер жүйесіз және кездейсоқ жолмен дәстүрлер шеңберінде енгізіледі. Нормадан ауытқу қабылданбайды және теріске шығарылады.

Мәдениет нормалары – нақты үлгілер, мінез-құлық пен әрекет ережелері. Олар қоғамның үйреншікті танымында қалыптасады, бекітіледі. Осы деңгейде мәдени нормалардың қалыптасуында дәстүрлі және аңдаусыз сәттер үлкен роль атқарады. Қабылдау дәстүрлері мен тәсілдері жылдар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Қайта өңделеген түрінде мәдени нормалар идеологияда, этикалық ілімдерде, діни тұжырымдарда іске асырылған.

Мәдениеттің нормативтілігі адамдардың тұлға аралық, көпшілік қарым қатынастары және әр түрлі әлеуметтік институттардың жұмыс істеуі арқасында қолдау табады. Ұрпақтан ұрпаққа рухани тәжірибені жеткізуде білім беру жүйесі орасан зор роль атқарады. Онда өмірге аттап басқан индивид тек білім алып қана қоймайды, қабылдау мен әрекет ету, қоршаған ортаны түсіну және қатынас жасау принциптерін, нормаларын алады.

Мәдениет нормалары өзгермелі, мәдениет ашық сипатта болады. Ол қоғамда болып жатқан өзгерістерді бейнелейді.

10. Саяси дәстүрлердің ерекшелігі және оларды беру механизмі. Мәдениеттегі дәстүрлер, жаңашылдықтар және нормалар. Жаңашылдық пен дәстүрлер – мәдениет дамуы процесінің екі жағы. Мәдениет тұрақты және өзгермелі моменттерден тұрады. Мәдениеттегі тұрақтылық, «инерциялық» - бұл дәстүр. Дәстүрде мәдени мұрагерлік элементтері – идеялары, құндылықтар, дәстүрлер, салттар, дүние тану тәсілдері сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Дәстүрлер рухани мәдениеттің барлық формаларында болады. Ғылыми, діни, моральдық, ұлттық, еңбек және басқа дәстүрлер туралы айтуға болады. Соның арқасында қоғам дамиды, өйткені жас ұрпақ велосипедті ойлап табумен айналыспайды, адамның қол жеткізген тәжірибесін, мәдениет нормасын игереді.

Дәстүрлер жүйесі қоғамдық организмнің тұтастығын, тұрақтылығын бейнелейді. Оған өрескел қарауға болмайды, өйткені мәдениеттің нәзік және күрделі механизмдері бұзылуы мүмкін. Ескі рухани құндылықтарды, тарихи естелікті ұмыт қалдырып, рухани өмірді жақсарту мүмкін емес.

Екінші жағынан, мәдениет жаңарусыз болмайды. Шығармашылық, өзгеріс қоғам дамуының екінші жағы болып табылады. Дәстүрлер мен жаңарулар бірлігі – кез-келген мәдениеттің универсалды сипаттамасы.

Мәдениетте дәстүрлер мен жаңарулардың, шығармашылықтың әр түрлі ара қатынасы қоғамдар үшін дәстүрлі және қазіргі негізді береді. Бірінші дәстүрлерде шығармашылыққа билік жүргізеді. Мәдени үлгілер бастапқы түрінде өндіріледі. Өзгерістер жүйесіз және кездейсоқ жолмен дәстүрлер шеңберінде енгізіледі. Нормадан ауытқу қабылданбайды және теріске шығарылады.

Мәдениет нормалары – нақты үлгілер, мінез-құлық пен әрекет ережелері. Олар қоғамның үйреншікті танымында қалыптасады, бекітіледі. Осы деңгейде мәдени нормалардың қалыптасуында дәстүрлі және аңдаусыз сәттер үлкен роль атқарады. Қабылдау дәстүрлері мен тәсілдері жылдар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Қайта өңделеген түрінде мәдени нормалар идеологияда, этикалық ілімдерде, діни тұжырымдарда іске асырылған.

Мәдениеттің нормативтілігі адамдардың тұлға аралық, көпшілік қарым қатынастары және әр түрлі әлеуметтік институттардың жұмыс істеуі арқасында қолдау табады. Ұрпақтан ұрпаққа рухани тәжірибені жеткізуде білім беру жүйесі орасан зор роль атқарады. Онда өмірге аттап басқан индивид тек білім алып қана қоймайды, қабылдау мен әрекет ету, қоршаған ортаны түсіну және қатынас жасау принциптерін, нормаларын алады.

Мәдениет нормалары өзгермелі, мәдениет ашық сипатта болады. Ол қоғамда болып жатқан өзгерістерді бейнелейді.

11. Саяси сана, оның тұлғаның саяси мәдениетімен байланысы. Саяси сана — өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы.

Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

Адам тумысынан анархист, монархист, либерал болмайды. Мұндай мінез-кұлықтар адамда жүре-бара қалыптасады. Адамның саяси көзқарасы оның қандай ортада өскендігіне тікелей байланысты. Оның саяси көзқарасына әсер ететін факторларды екі кезеңге бөлеміз. Бірінші кезеңге адамға бала кезінде ете зор әсер ететін ортаны — отбасын, ойнайтын достарын, мектепті жатқызуға болады. Қазіргі мектептерде авторитарлық тәртіп басым. Еліміздің атақты адамдары, олардың балалық шактары, елдін тәуелсіздігі туралы, баска да оқиғалар мәтін аркылы оқытылады. Біздің мемлекеттік кұрылысымыз (ол қандай болса да), оның басшылары, жеке адамдар мадақталатын әндерді айтып, өлеңдерді оқушылар жаттайды. Мектептерде әсіресе сыныптарда билік иелерінің атына сын айтылуы мүмкін емес. Мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде билік қатынасы диалог тұрғысында емес, жалпыға бірдей қатаң орныкқан тәртіп түрінде әтіледі. Мектептің езінде билікті бөлісу үлгісін оқушылар міндетті, кажетті деп қабылдайды, солай болуы да тиіс. Ал бұл қатынас мемлекет құрылымы туралы болашақтағы көзқарасты да қалыптастырады. Бұл кезенде саяси әлеуметтенуге әсер ететін факторлар — құрбы-құрдастары, коғамдық ұйымдар, бұқаралық акпарат кұралдары. Екінші кезенде саяси әлеуметтенудің факторлары өзгереді. Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік орта басты орын алады. Теледидар және радио арқылы берілетін хабарлар алғашкы және шындық, ретінде қабылданады. Саяси әлеуметтенуде маңызды орын алатын фактор тікелей қоршаған әлеуметтік орта: оқудағы, жұмыстағы сыбайластар, жақын туысқандар, т.б. Шығармашылык интеллигенция ортасы маңызды рөл атқарады. Еңбексүйгіш, тәртіпті, үлкенге, отбасына ізетті адамдармен қатынаста болудың да үлкен манызы бар.

12. Саяси мәдениеттің мінез – құлықтық аспектісі. Саяси мәдениетке тікелей қатысты тағы бір ұғым – ол саяси мінез туралы категория. Саяси мінез немесе саяси мінез-құлық – басқару процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимылдары болып табылады. Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты, нанымы, яғни ішкі әлемінің көрінісі кіреді. Оның нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді: сайлауға қатысы, наразылығын білдіруі, жиналыстар мен нау¬қандарға қатысуы. Кең көлемде саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында, бизнесте, шіркеуде, мешітте байқалуы мүмкін. Алайда бұл термин мемлекеттік институттар шеңберін¬де өрістейтін іс-қимыл әрекетіне байланысты қолданылады.

Саяси мінез саясаттану пәнінің бағдарламасына кіретін саяси тұлға, саяси талап және қоғамдық пікір, сайлаушылар мінезі, саяси партиялар мен мүдделі топтар, саяси әлеумет¬тендіру, саяси мәдениет бірлестіктегі билікті айқындайтын формуланы қолдануға қажет болады. Аталған мәселелерден байқалғандай, саяси психология мен саяси әлеуметтік мүдде¬лер де саяси мінездің зерттеу саласына жатады. Саяси мінез-құлық ғылыми пән ретінде, жалпылама алғанда, саясатты бихевпоралдық (мінез-құлықтық) зерттеудің синонимі ретінде қолданылады. Саяси мінез-құлық саясаттанудың пәндік мазмұнын құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]