- •1.Авар тарихына қатысты жазба деректер.
- •2.Қазақстан тарихнамасындағы авар мәселесі.
- •3.Аварлар жөнінде жаңа және қазіргі замандағы шетел тарихнамасы.
- •4.Аварлардың шығу тегі мәселесі.
- •5.Авар этнонимі, олардың шығу тегіне қатысты теориялар.
- •8.Византиялық , кейінгі антикалық және ертеортағасырлық авторлардың аварлар жөнінде хабарлары және аварлардың қоғамдық қатынастары.
- •9.Аварлардың шаруашылығы жөнінде жазба деректер.
- •10.Авар қағанатының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •11.Аварлар: тілі мен жазуы.
- •12.Жазба және археологиялық деректер негізінде аварлардың материалдық мәдениеті және күнделікті өмірі.
- •13.Авар қағанатының әкімшілік басқару жүйесі.
- •14.Авар қағанатының құрылуы және Шығыс Европаға ұстанған саясаты
- •15. Авар-Византия арасындағы саяси дипломатиялық қатынастардың барысы мен нәтижелері.
- •16.Аварлардың әскери өнері мен қару жарақтары.
- •17.Византия императоры Юстин іі-нің аварларға қатысты саясаты.
- •18.Авар тарихында Баян қағанның рөлі.
- •19.Аварлар мен Византия арасындағы байланыстар жайындағы құнды мәліметтер: Византия тарихшылары Агафий және Менандр Протектор.
- •20.Авар-славян қатынастарының барысы.
- •21. Авар-славян қатынастары жайында жазба деректер.
- •22. Аварлардың Паноннияны иеленуі.
- •23.Аварлар дәуірінде ғұн дәстүрлерінің жалғасуы.
- •24.Ұлы Карл бастаған Франк империясының аварларға қарсы соғыстары.
- •25. Қарулану саласы бойынша аварлардың ашқан жаңалықтары.
- •26. Авар қағандарының тізімі және олардың саяси портреттері.
- •27. Авар қағанатының құлауы.
- •28.Еуропа тарихында аварлардың орны.
- •29.Аварлардың этногенезі тұрғысындағы теориялар.
- •30.Авар қағанатының әкімшілік басқару жүйесі.
- •31.Авар-славян қатынастары.
- •32.Авар-Франк соғыстары барысы мен нәтижесі.
- •35. Аварлар мен түркілер арасындағы соғыс жүргізу өнері мен тактикаларындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтар.
- •39. Авар-Парсы одағының мәні және нәтижелері.
- •41.Авар қағанатының құлау себебі мен салдары
- •42.Аварлардың европалық әскери өнерге қосқан үлесі.
- •43. Европа тарихында аварлардың орны.
- •Қарулану саласы бойынша аварлардың ашқан жаңалықтары.
- •48. Аварлардың этникалық тарихы.
- •52.Аварлардың християндану мәселесі.
- •55.Авар қағанатының әлеуметтік жағдайы.
- •59.Үіі ғ.Авар-Франк корольдігі арасындағы келісім шарттың нәтижелері.
8.Византиялық , кейінгі антикалық және ертеортағасырлық авторлардың аварлар жөнінде хабарлары және аварлардың қоғамдық қатынастары.
Зираттардан табылған қымбат бағалы заттардың кездесуіне байланысты, авар қоғамында, иерархияның болғандығын байқауға болады. Билік басында қаған тұрды. Осы мәселе жайында VI ғ. тарихшысы Григорий Турский жазбаларында “қаған” сөзіне анықтама беріп хан атағымен баламалайды. Византия тарихшыларының мәліметі бойынша, аварлардың қағанының билік түріне қатысты мәліметтер беріп, шексіз билік жайында хабарлайды. Сол кездегі түсінік бойынша “игумен” термині үйдің қожайыны деген мағынаны білдірген, ал “деспот” термині – үйір малдың қожайыны деген мағынаны білдірген. Авар қағанының билік түрі жайында деректер, монархиялық билік тек лонгобардтарда және түркілерде, сонымен бірге аварларда болды дейді. Яғни бұл жерде біз, Авар қағанатында монархиялық биліктің, әкеден балаға мұра ретінде берілетінін байқаймыз. Біздің негізгі қарастыратынымыз Авар қағанатының тарихы болғандықтан, алдымен осы “қаған” “қағанат” деген атауға тоқталуды жөн көрдік. Гаган (“gaganus”) түркі сөзі “қаған” хан деген мағынаны білдіреді. Қаған – бұл атақ, барлық түркі халықтар арасында кең тараған. Қағанат атауы түркілер дәуірінен басталады, яғни түркі қағанаты батыс түрік қағанаты деген сияқты, Авар қағанаты болды. Қаған, хан, патша сөздерінің мағыналары бір. Мәліметтерге қарағанда авар тайпалық одағында ерекше басқарушы рөлді “Вархонит” тайпасы атқарған. Яғни вархониттер руынан негізінен ақсүйектер шыққан. Оларға бағынатын бірнеше тайпалар, соның ішінде гепидтерді (герман тайпасы, кезінде ғұндарға бағынышты болған), өздерінің құлдары ретінде есептеп, жиі-жиі алым жинап отырған. Алым ретінде көбінесе азық-түліктер, жер шаруашылығынан шығатын өнімдердің жартысын жинаған. Мысалы, Франк қолбасшысы Сигибертті тұтқыннан босатып алу үшін аварларға ұн, жемістер, қой және өгізді төлем ретінде төлеген. Менандр осы мәселені жобалап былай дейді; аварлар гепид тайпасынан барлық төрт түлік малдың оннан бір бөлігін талап еткен, олар лангобардтармен одақтасып гепидтерді жеңгеннен кейін, түскен олжаның жартысын және бүкіл гепид жерін талап еткен. Сонымен авар қағанатының құрамына қандай көп мөлшерде келімсектер келіп кірсе де, олар жергілікті тайпалық одақтың дәстүрін, жалғастыра отырып варварлық жартылай мемлекеттің жаңа кезеңін қалыптастырды. Аварлардың қоғамдық қатынастарын зерттей отырып, рулық – тайпалық дәстүрлерін көрсетуге тырысайық. Жазба деректер, соның ішінде Псевдо Маврикийдің Стратегиконына тоқталсақ төмендегідей құнды мәліметтерді келтіруге болады. Аварлардың үлкен тайпа ұйымы көптеген рулардан тұрған. Жылнамашы әсіресе аварлардың әскери ұйымына баға берген. Олардың саяси қатынастарына келе, автор қағанның билігін ерекше атайды. Ғұндардағыдай, аварлар соғыс өнерінде, әсіресе садақпен жебені қастерлеген. Аварларда түркілерге тән атты әскер басым болған да, олар атүстінде шауып, қарсыластарын садақ оғымен баудай түсіретін. Қарулары қылыштан, садақ пен жебеден, найзадан тұрған. Сондықтанда аварларға төтеп беру үшін, оларға қарсы атты әскермен шығу керек. Аварларға жайылымды жер бермеудің жолын іздестірген дұрыс деген, себебі олар аттарынан басқа, өздерімен бірге басқада көптеген мал түрлерін айдап жүреді.
