Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
авар толык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
152.58 Кб
Скачать

52.Аварлардың християндану мәселесі.

Ерте және орта кезеңдерге қатысты қабірлердің көпшілігі Венгрияның орталық аймақтарында шоғырланған. Ал соңғы кезеңге тән қабірлер жұпыны құрал-саймандары бар мәйіттердің саны көбейген. Яғни қоғам ішінде жікке бөлінгенін, тәуелді, жеке меншігінен айырылған адамдардың санының өскендігін байқауға болады, сонымен қатар христиан дінінің ықпалыда болса керек, шіркеу бұл дәуірде пұтқа табынушылыққа сонымен қатар жауынгерлерді қаруымен, атымен жерлеуге тиым салса керек. Бірақ соған қарамастан қабірлерден әшекей бұйымдары да табылған, (сырға, білезік, сақиналар, жүзіктер) және де киімдер, осыларға қарап жерленген адамның қауымдағы дәрежесін білуге болады.

53.Аварлардың геппид тайпаларымен соғысуының себебі мен салдары. Аварлар мен Гепид тайпалары арасындағы соғысқа тоқталмас бұрын, гепид тайпалары жайлы мәлімет келтірейік. Гепид тайпалары лангобард тайпалары секілді Дунай маңын мекендейтін герман тайпалары. Бұл екі тайпа арасындағы қақтығыс 550 жылдан басталады, алайда сол кездегі византия императоры Юстиниан соғысты болдырмауға тырысты. Жағдай византия императоры қайтыс болып, орнына кіші Юстин келген кезде өзгереді. Сол кезде лангобард тағы әкесінен баласына, Альбуинге көшсе, гепидтерде көршілес империяның қолдауына үйреніп алған Кунимунд билігін жүргізген болатын. Осы кезге таман аварлар мен олардың талантты қолбасшысы Баянның атағы бүкіл Еуропаға тарады. Жас патша Альбуин осы аварлармен одақтасуға шешім қабылдайды. Бірақ бұл оңай болмай шығады. Себебі Баян қаған дунай карпат мәселесі оны қызықтырмайтынын көрсеткен болатын. Менандр бойынша Баян қаған келісімге келеді. Келісім бойынша лангобардтар аварларға кенелген олжаның жартысын және гепидтердің бүкіл жерін беру керек болды. Осылайша аварлар мен лангобардтар келісімге келеді.

Мұны естіген гепид билеушісі Кунимунд тез арада орын алған ауыр жағдай мен көмек сұрау үшін Константинопольге елшілер жібереді. Бірақ Юстиниан орнындағы басқа император варварлардың арасындағы соғысқа империяның араласуы дурыс емес және олардың бұл соғысынан олжаға кенелуді ойлады. Әрине формальды түрде Кунимундты тыныштыққа шақырып және көмек береміз деп сендірді. Осылайша екі герман тайпалары өз әскерлерін шекаралық Тиса өзеніне қарай бағыттады. Осы кезде византиялықтар өз одақтастарының жеріне баса көктеп кіріп, Екінші Панонияны және оның астанасы Сирмийді жаулап алады. Өз сертіне берік Авар салт атты әскері Карпат белдерін өтіп, тылдан гепидтіктердің тұрағы мен ауылдарына бас салады. Одақтастарының опасыздығы мен қорғалмаған карпат жағынан авар әскерінің шабуылынан толық жеңіліс ұшырайды. Шегінуге де жол жоқ, өз жерлерін көшпенділер басып алса, Екінші Панонияда византиялықтар басып алды. Осылайша аварлар үлкен олжаға кенелуімен қатар, жаңа өмір сүруге қолайлы Дунай аймақтарын өз құрамына қосты. Ал гепидтер болса, соғыста жеңілгені сондай, осы кезден бастап өздерінің билеушісі болған жоқ

54.Император Юстиниан кезіндегі Авар-Византия арасындағы саяси қатынас. Оңтүстікте Аварлар Шығыс Рим,яғни Византия империясына шабуыл жасайды,шабуыл соңында Авар қағаны мен Византия қағаны Юстиниан арасында келісім жасалады бұл келісім бойынша Византия Авар қағанатына Дунай шекараларын басқа көшпелі тайпалардан қорғайтындығы үшін жылдық салым төлеуге мәжбүр болады,осыдан кейін өз күшіне сене бастаған түрік көшпелілері Византияға үлкен талаптар қоя бастайды,олар қоныстануға жаңа жерлер сұрайды және жылдық салым мөлшерін көбейтуді талап етеді, 562 жылы Баян қаған шекара маңы,яғни Дунай жерлерін бөліп беру туралы өтініш жасайды, Деректерге сүйенсек бұл жерді алған соң Баян қаған Византияға қарсы жорықтар ұйымдастырған көрінеді,өзінің билік құрған кезінде елде өте беделді саяси билік жүргізді