Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
авар толык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
152.58 Кб
Скачать

39. Авар-Парсы одағының мәні және нәтижелері.

626 ж. жазында аварлар мен парсылар Константинопольге шабуылды

қайта бастайды. Бұл Кат Елхан шығыс түркіттердің атты әскерін бастап, Қытайға басып кірген кезде болған еді,ендеше мұндай сәйкестіктің кездейсоқ болуы неғайбыл. Маусым айында авар атты әскері империя астанасын құрлық жағынан қорғап тұрған ұзын қабырғаға жетеді, ал парсылар Босфордың көкшіл суы жағасынан барып шығады. Бірақ гректер парсылардың европалық жаққа көктей өтуіне жол бермейді де, аварлар шабуылға өздері ғана шығады. 7 тамызда олар ойсырай жеңіліп, терістікке қарай қашады, ал парсы корпусы Сирияға шегініп кетеді. Ираклий қайтадан шабуылға шығуға мүмкіндік табады және бұл жолы көптен күткен көмегін де алады. Аварлардың бүкіл соғыстарына қатысып, белсене көмектескеніне қарамастан, аварлар оларға бағынышты жұрт ретінде, мейлінше нашар қараған. 630 ж. құтырғырлар көтеріліс жасап, жеңіліп қалады.* Олардың Европада тұрғандары Баварияға жөңкіле қашады, бірақ ол жақта франк Драговердің бұйрығымен, опасыз қаталдықпен жусатылады. Шығыстағылардың жолы болады да, олар тайпалас ұтырғырлармен қосылып, солармен бірге болгар халқын құрайды. Жаңа Болгария шығыста түркіттермен жұбын жазбайтын хазарларға батыста — аварларға, оңтүстікте — Византияға қас болады; оның күш-қуаты бәріне де жетеді. Со кезден бастап, авар қағанатының құдырет күші құлдырап кемиді де, авар халқы Ұлы Карлдың сауыттылары семсерінен ажалын табады Соғыс қарсаңында.

40.Ұлы Карл және Авар қағанаты. Славяндарға қарсы жорық аяқталған соң, 791-803 жылдарды қамтыған аварларға қарсы ауыр соғыс басталды. Эйнгардтың өзінің “ЖИЗНЬ КАРЛА ВЕЛИКОГО” атты еңбегінде франктердің саксондармен болған соғысынан кейінгі соғыс осы аврлармен болған шайқаста айтарлықтай көп күш жұмылдырған. Аварлар бұл кезде Тассилонмен одақта болған болатын. 788 жылы аварлар Тассилонның тақтан түскенін хабардар болып, Ұлы Карлға қарсы соғысты бастап кетеді. 791 жылдың жазында Карл армиясы үш түрлі бағытта авар еліне баса көктеп кіріп, аварлардың негізгі бекіністері орналасқан Вен орманына дейін жетеді. Өз лагерьлерінен қашып шығып, ары қарай қашады, франктер оларды Раба өзенінің Дунайға құятын маңына дейін қуып барады. Ары қарай қуалау тоқтатылады. Армия үлкен олжаға ие болып Регенсбургке қайтады. Осыдан кейін Ұлы Карл кезіндегі франктер мен аварлар арасындағы соғыс тоқтағандай болды. Мұный себебі 792 жылы Карлдың Хильмильтруда Пипин деген әйелінен туған баласы мұрагерліктен аластатылғанын естіп, көтеріліс бастайды. Ол өзіне бірнеше графстволарды қосып алуға дейін барғанымен жеңіліске ұшырады. Бұл көтерілісті баса сала, Нордальбингиядағы сакстердің көтерілісі басталып кетті.

Аварлармен соғыс осы оқиғалардан кейін жалғасады. Ендігіде екі мемлекет арасындағы соғыс құбылмалы сипат алды. Карлге аварларға қарсы тұру үшін бүкіл күшін жинап, оңтүстік славяндармен одақ құру керек болды. Франктер Карлың ұлы Пипиннің басшылығымен және хорутандық князь Войномир аварларға қарсы соғысты бастап,олардың Дунай мен Тиса өзендерінің қосылуындағы астанасы болып есептелетін үлкен алып бекіністі жаулап және қағанын тұтқындады. Бекіністі алуымен олар үлкен олжаға кенеліп, үлкен 14 тележкамен Франк мемлекетіне әкетеді. Көптеген ғасырлар бойы тонау жорықтары барысында жиналған аварлардың қазынасы Карлға өмірінің соңына дейін сарайлар мен храмдар салуына дейін жетті. Осы жорықтан кейін Эйнгард бойынша, Панонияда бірде бір өмір сүріп жатқан адамдар қалмады, ал қаған резиденция орнында адам іздері де табылмаған. Бірнеше ғасыр бойы Шығыс Еуропаны тығырыққа тіреген Авар халқы өмір сүруін тоқтатты, ал олардың орнына көшпенді мадьярлар келді.