- •1.Авар тарихына қатысты жазба деректер.
- •2.Қазақстан тарихнамасындағы авар мәселесі.
- •3.Аварлар жөнінде жаңа және қазіргі замандағы шетел тарихнамасы.
- •4.Аварлардың шығу тегі мәселесі.
- •5.Авар этнонимі, олардың шығу тегіне қатысты теориялар.
- •8.Византиялық , кейінгі антикалық және ертеортағасырлық авторлардың аварлар жөнінде хабарлары және аварлардың қоғамдық қатынастары.
- •9.Аварлардың шаруашылығы жөнінде жазба деректер.
- •10.Авар қағанатының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •11.Аварлар: тілі мен жазуы.
- •12.Жазба және археологиялық деректер негізінде аварлардың материалдық мәдениеті және күнделікті өмірі.
- •13.Авар қағанатының әкімшілік басқару жүйесі.
- •14.Авар қағанатының құрылуы және Шығыс Европаға ұстанған саясаты
- •15. Авар-Византия арасындағы саяси дипломатиялық қатынастардың барысы мен нәтижелері.
- •16.Аварлардың әскери өнері мен қару жарақтары.
- •17.Византия императоры Юстин іі-нің аварларға қатысты саясаты.
- •18.Авар тарихында Баян қағанның рөлі.
- •19.Аварлар мен Византия арасындағы байланыстар жайындағы құнды мәліметтер: Византия тарихшылары Агафий және Менандр Протектор.
- •20.Авар-славян қатынастарының барысы.
- •21. Авар-славян қатынастары жайында жазба деректер.
- •22. Аварлардың Паноннияны иеленуі.
- •23.Аварлар дәуірінде ғұн дәстүрлерінің жалғасуы.
- •24.Ұлы Карл бастаған Франк империясының аварларға қарсы соғыстары.
- •25. Қарулану саласы бойынша аварлардың ашқан жаңалықтары.
- •26. Авар қағандарының тізімі және олардың саяси портреттері.
- •27. Авар қағанатының құлауы.
- •28.Еуропа тарихында аварлардың орны.
- •29.Аварлардың этногенезі тұрғысындағы теориялар.
- •30.Авар қағанатының әкімшілік басқару жүйесі.
- •31.Авар-славян қатынастары.
- •32.Авар-Франк соғыстары барысы мен нәтижесі.
- •35. Аварлар мен түркілер арасындағы соғыс жүргізу өнері мен тактикаларындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтар.
- •39. Авар-Парсы одағының мәні және нәтижелері.
- •41.Авар қағанатының құлау себебі мен салдары
- •42.Аварлардың европалық әскери өнерге қосқан үлесі.
- •43. Европа тарихында аварлардың орны.
- •Қарулану саласы бойынша аварлардың ашқан жаңалықтары.
- •48. Аварлардың этникалық тарихы.
- •52.Аварлардың християндану мәселесі.
- •55.Авар қағанатының әлеуметтік жағдайы.
- •59.Үіі ғ.Авар-Франк корольдігі арасындағы келісім шарттың нәтижелері.
28.Еуропа тарихында аварлардың орны.
Аварлар шығу тегі көшпелі орталық азиядан шығып, 6 ғасырда Орталық Еуропаға қоныс аударып, осы жерде Авар қағанатын құрған тайпа.Түрік қағанатының тікелей қысымымен аварлар еуропаға қоныс аударған болатын. Европада сақ пен ғұндардан кейінгі әскери құрылым ретінде қайта жаңғыртуышылар болып, қару жарақта бірқатар тың жаңалықтарды ашты. Менандр, Феофилакт Симокатта мен Эйнгард аварларды жауыз, қанішер деп пайымдаған мен аварлар Шығыс пен Батыстың арасындағы байланыстарды жандандырушы, материалдық және рухани құндылықтарды синтездеуге әкеп соқтырушылар болды. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, түрік тектес аварлардың VІ-VІІІ ғғ. Шығыс Еуропа даласына қоныс аударуы жергілікті халықтың тек этникалық құрамын өзгертіп қана қоймай, олардың қоғамдық өміріне, географиялық орналасуына, тұрмыс-салтына, әскери тактикаларына (әсіресе атты әскерде) бірқатар өзгерістер енгізді. Аварлар славян халықтарының этногенезінде және олардың Балқанға (хорваттар, хорутантар) қоныс аударуында, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құрылуында(Само мемлекеті) маңызды рөл атқарды.
29.Аварлардың этногенезі тұрғысындағы теориялар.
Авар атауының шығуы, жалпы аварлардың қайдан шыққаны жөнінде тарихта үш түрлі гипотезалар бар. Соның біріншісі бойынша, аварлар көшпелі жуан-жуан империясының ұрпақтары дейді, екіншісі бойынша, олар Орта Азиядан шыққандар және олардың ата-бабалары вархониттер, үшінші гипотеза бойынша аварлар Венгрия территориясының кейбір қоныстардың атауларының түбірі «варконь» деген сөз тіркесімен аяқталғандықтан жергілікті халық болуы мүмкін дегенде болжамдар бар. Жазба деректерге сүйенетін болсақ мысалы: Менандр Протектордың хабарлауынша, «568 ж. император Юстиннің билігіне төрт жыл болғанда, Византияға ертеде сақтар деп аталған түркі қағандығынан елшілік келген, елшілікті Маниах бастап келген» дейді. Ол өз елінен императорға хат әкелген, оны император аудармашы арқылы оқығаннан кейін, елшіге сұрақ қойған дейді. Сол сұрақтардың бірінде император аварлар жайында сұрайды, мәселен сөзбе сөз келтіретін болсақ; бізге айтыңызшы, қанша аварлар түрік билігін бұзды және де сіздерде аварлар қалды ма? деді император. VI ғасырдың бірінші жартысында көптеген тайпалардың ішінде авар тайпа ұйымы ерекшелене түседі. Аварлар түркі тілдес тайпа болғандықтан, біз ежелгі түркілердің этникалық тарихына тоқтауымыз қажет. Бұл мәселе тарихнамада күні бүгінге дейін толық шешімін таппаған. Авар атауы, жалпы аварлардың қайдан шыққаны жөнінде түрлі мәліметтер бар. Айталық Византия тарихшысы Присктің мәліметі бойынша авар тарихы 461 ж. басталды дейді. Батыс пен Армян деректері бойынша V ғасырдың аяғында, ғұндар Шығысқа басқа атпен оралды делінеді. Прокопий Кесарийский және Моисей Хоренский шамалап «ақ ғұндар» деп атаған, олар «Кушанавар» деген қолбасшыларымен Перозаны талқандаған деп келтіреді. Бұл қолбасшының аты екі сөйлемнен тұрады; Кушан – термин, армян тарихында көшпелі деген мағынаны білдірген немесе Кушан атауы Орта Азияда бар және Аваз-авар- бұл атау Шығыс Еуропадағы ғұндардың ұрпақтарының аты. 567 ж. Эфталит қоғамы түркілерден жеңілгеннен кейін, Ирнах пен Денгизих деректерінде ақ ғұндар Византиядан бастап Орта Азияға дейін аралықта мекендеген, көшпелі өмір сүретін ғұн тайпаларының қалдықтарымен араласты, ассимиляцияға ұшырады деп жобалайды. Яғни жоғарыда келтіргендей Кушанавар атты бастаушы адамның аты дәлел болады. Бәлкім бұл атау екі тайпалардың бірігуінің аты негізінде пайда болса керек: Кушан +авар.
