
- •1. Фразеологизмдерді қатыстыра отырып сөйлем құраңыз: дүниеге келді, кәмелетке толды, қара жұмыс…
- •12. Өркениетті ел, зайырлы мемлекет, өзгелердің мүддесі, нұқсан келтірмеу, орақ ауыз, от тілді, заң үстемдігі, рухани дүние, қоғамның мүддесі сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •13. Қоғамдық қажеттілік, киелі өнер, азамат парызы, тарих сахнасы, табиғи қабілет, тынымсыз еңбек, шешендік өнер сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •15. Құқықтану бөлімі, адамдар тағдыры, заңгерлік қызмет, жарқын тұлғалар, зиялылық, парасаттылық, кәсіби, айыппұл салу, адамзат қауіпсіздігі, ізгілік принципі сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •16. Есімшенің анықтауыштық қызметі.
- •17. Есімшенің толықтауыштық қызметі.
- •18. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
- •19. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
- •20. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
- •21. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
- •27. Қалау рай.Танысу,тапсыру,білу етістіктерімен қалау райда сөйлем құрастырыңыз.
- •28. Шартты райдың жасалу жолын кесте түрінде жазыңыз.
- •29. Көмекші есімдердің тәуелденуі және септелуі .
- •30. Көмекші етістіктердің қолданысы.
27. Қалау рай.Танысу,тапсыру,білу етістіктерімен қалау райда сөйлем құрастырыңыз.
Мен мұғалімге балалар ұйі балаларының өмірімен танысқым келетінің айттым. Мен өмірде білмегенді әлі де білгім келеді. Мектеп бітірген соң оқу орнына тапсырғым келеді.
28. Шартты райдың жасалу жолын кесте түрінде жазыңыз.
Шартты рай Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-са, жүр-се, оқыт-са, айтпа-са. Шартты рай тұлғасына жіктік жалғауы жалғанып қолданылады. Бірақ шартты рай тұлғасы тиянақты бола алмайды. Сондықтан шартты райдағы етістік жіктелгенмен, сөйлемді тиянақтап, аяқтап тура алмайды: басқа бір етістікпен кейде көмекші етістікпен іліктесіп, тіркесіп келеді, я бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып тұрады. Мысалы: Жақсымен жанассаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жанассаң, қаларсың ұятқа (мақал). Бірінші мысалда көрінсек деген шартты райлы етістік дейміз көмекші етістігімен тіркесіп келуі арқылы ғана сөйлемді аяқтап, тиянақтап, ойдың шартын білдіріп тұрса екінші мысалда жанассақ деген шартты райлы етістік II жақта жұмсалып бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде қолданылған, басыңқы сөйлемнің шартын білдіреді, бірақ өзі сөйлемді тиянақты ете алмай тұр. Сөйтіп, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалатын рай түрі шартты рай деп аталады. Шартты рай етістіктің жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі: I жақта жекеше -м, көпше -қ, -к, II жақта анайы жекеше -ң, көпше -ңдар, -ндер, сыпайы жекеше -ңыз, -ңіз, көпше -қыздар, -қіздер жалғаулары жалғанады да, III жақтың арнайы жалғауы болмайды.
29. Көмекші есімдердің тәуелденуі және септелуі .
Көмекші есімдер — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-апыстығы (ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы)\ қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы) тұрғысынан саралап атайды. Кейбір көмекші есімдер қыс, жаз, түн тәрізді сөздермен тіркәсіп келіп, оларды мезгілдікжағынан нақтылап, дәлдеп тұрады (қыстың басы, түннің ортасы). Көмекші есімдер өзі тіркескен негізгі сөздермен көбіне изафеттік байланыста қолданылады. Мысалы: өзеннің бойы, ауылдың сырты, қаланың маңы, құдықтың түбі, жолдың үсті, айдың ортасы, жылдың басы, аптаның аяғы т. б. Көмекші есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен тіркесіп барып, сөйлемнің бір мүшесі болады: Мысалы, Ауылдың жаны — терең сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны — бастауыш
30. Көмекші етістіктердің қолданысы.
Көмекші етістік – толық лексикалық мағынасы жоқ, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер. Қазақ тілінде 4 К.е. бар: е (еді, екен, емес), жазда, ет, де (деді, деген, десе, дейді). Мыс., Жаманға жүзің салма малды екен деп, жақсыдан күдер үзбе жарлы екен деп (ел аузынан). Жеке тұрып лексик. мағына білдіре алмайтын, сөзге әр түрлі грамм. мағыналар үстейтін мұндай К. е-тер мәнсіз көмекші етістіктер деп аталады. Қазақ тілінде толық лексик. мағынасы бар бірқатар етістіктер әрі негізгі, әрі К. е. мәнінде жұмсалады. Қазақ тілінде мұндай отызға тарта етістік бар: ал, бар, бер, бол, жібер, кел, кет, т.б. Мыс., қал (негізгі етістік) – айтып (К. е.), қой (негізгі етістік) – айтып (К. е.), жөнел (негізгі етістік) – жүгіре (К. е.). Лексик. мағынасынан айырылып, К. е. мәнінде жұмсалған мұндай етістіктерді мәнді көмекші етістіктер дейді. Мыс., Бір күні ел көшкенде, қыр астында ойнап жүріп, екеуі жұртта қалып қойыпты (Ы.Алтынсарин). К. е. негізгі етістікке есімше, көсемше тұлғалары арқылы тіркеседі: айтып қой, жаза сал, бара жатыр. Мысалы /салу/ көмекші етістігі мынадай мағына береді 1.Көз салу 2.Сөз салу 3. Ой салу 4 . Дем салу 5.Сәлем салу 6.Ойына салу 7 .Құлақ салу 8. Ақылға салу 9 .Сырға салу 10. Салық салу 11. Сайран салу 12. Күш салу 13. Таразға салу 14. Көз-қырын салу 15.Дүниеге салу 16. Шығарып салу 17. Ен салу 18. Тыйым салу