Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фрак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
281.98 Кб
Скачать

54. Информациялық энтропияны нормалау

В предлагается объединение термодинамической и информационной энтропий и предлагается новый закон общей энтропии и управления, рассматриваемый в глобальных масштабах. Если в течение длительного времени происходит накопление информации при помощи электронных СМИ, газет, средств связи, то происходит уменьшение общей энтропии.

Информационная энтропия имеет размерность единицы времени (секунды), а термодинамическая энтропия - Джоуль на Кельвин (система СИ) Возникает вопрос, можно ли их суммировать, чтобы получить общую энтропию при наличии разной размерности, аналогично тому, как в классической механике принято суммировать потенциальную и кинетическую энергии, также имеющие различные размерности. По-видимому, их тоже можно суммировать, так как все зависит от нормирования компонент пространства состояний и системы единиц, которые можно рассматривать как частный случай такого нормирования.

Понятие нормирования процессов и объектов управления включает как нормирование в пространстве состояний в смысле установления норм вектора, матрицы, так и нормирования стандартов, физических свойств, показателей эффективности создаваемой системы или опытного макета. Из этого следует, что даже в решении задач качественной иллюстрации существует множество вариантов возможностей объединения энтропий [2, 9].

Таким образом, академик А.А. Красовский предполагает, что путем нормирования динамической системы в пространстве состояний и в других пространствах происходит объединение термодинамической и информационной энтропий в общую энтропию. Он утверждает, что единственным средством предотвращения роста общей энтропии (нарастания хаоса) является рациональное и оптимальное управление. Под рациональным и оптимальным управлением понимаются целенаправленные действия, проводимые в интересах большинства динамических объектов управления. Такими объектами в социально-экономической сфере являются люди. Автор полагает, что фундаментальным законом живой природы и цивилизованного общества является изменение общей информационной энтропии. Как и другие фундаментальные законы, он не доказывается, а открывается. Только после накопления экспериментальных или эмпирических данных такие законы получают признание. Сегодня имеются все условия и данные для скорого признания закона общей энтропии.

57. Галактиканың әр түрлі формалары

Галактикалар — ғаламды құрайтын, өлшемдері өте үлкен жұлдыздар жүйелері. Ғаламның бізге байкалатын бөлігіндегі галактикалар жиынтығын кейде метагалактика деп атайды. Басқа галактикалардан өзгешелініп, біздің Галактика бас әріппен жазылады. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда сфералық, эллипстік, спираль және бұрыс пішінді галактикалар ажыратылады. Біздің Галактика спираль түріне жатады, құрамына 1011 астам жұлдыздар кіреді, үлкен диаметрі 80 мың жарық жылындай, ал орталығындағы максимал қалыңдығы 16 мың жарық жылына тең, шетіне қарай 3—6 мың жарық жылына дейін азаяды. Галактикалар кеңістікте әркелкі бөлініп, топтар мен шоғырлар құрайды. Біздің Галактика басқа 15 галактикамен бірге галактикалардың жергілікті тобы деп аталатынды құрайды. Бізге ең жақын деген галактикалар Магеллан бұлттары мен Андромеда тұмандығы

Галактика түрлері- өткен ғасырдың 20- жылдары Э. Хаббл галактикаларды пішіні бойынша бөлген үш топ. Жұлдыздары спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар, эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар және белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар. Біздің галактика спиральдық галактикалар қатарына жатады. Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады. Қазіргі ғаламат Әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал көлемі шексіз кіші нүктедей ғана белгісіз заттың жарылысынан пайда болған.

Галактикалар—жұлдыздар, газ, шаң-тозаңның бәрі бірге гравитация күшімен ұсталып тұратын ең ірі жұлдыздар жүйесі. Күн жүйесінің жұтатын материямен толтырылған галактика жазықтығында жатуынан Құс жолы құрылымының көптеген беліктері жердегі бақылаушыға көрінбейді. Әйтсе де оны біздің галактикаға ұқсас галактикалар арқылы зерттеуге болады. XX ғасырдың 40-жылдары Аидромеда тұмандықтары деген атпен белгілі М31 галактикасын бақылап, неміс астрономы Вальтер Бааде осы алып ғаламның жазық линза тәрізді дөңгелегі өлде қайда сирек сфера түріндегі жұлдыздар бұлтынан тұратыиын байқады, оны гало деп атады. Бұл тұмандық біздің галактикаға өте ұқсас болғандықтан, В. Бааденің ұйғарымынша, Құс жолының да құрылымы болуы тиіс. Галактикалық деңгелектердің жұлдыздары қоныстанудың I түрі, ал гало жұлдыздары қоныстанудың II түрі деп аталады. Қазіргі зерттеу жұмыстары жұлдыздық қоныстанудың екі түрі кеңістікте орналасу жағдайларымен ғана емес, қозғалу сипатымен, сонымен қатар химиялық құрамдарымен де өзгешеленетініп көрсетіп отыр. Бұл ерекшеліктер, біріншіден, дөңгелектер сфералық құраушыларының қалай пайда болу себептеріне байланысты. Галактикалық дөңгелектің диаметрі 100 мың жарық жылынан астам, ал оның қалыңдығы 1000 жарық жылы шамасындай болады. Галактиканың центрінен галоның ең тығыз орталық бөлігіне дейінгі бірнеше мың жарық жылына тең аралық "балдж" ("қалыңданған") деп аталады.

Біздің галактиканың шегі галоның өлшемімен анықталады. Галоның радиусы дөңгелектің өлшемінен едәуір үлкен және кейбір мәліметтер бойынша бірнеше жүз мың жарық жылына жетеді екен. Құс жолы галосының симметрия центрі галактикалық дөңгелектің центрімен сәйкес келеді. Біздің галактикада Күн тәрізді дара жұлдыздар сирек кездеседі (30 %  -дан көп емес). Негізінен, жұлдыздар қос жұлдыздар немесе бірнешеу болып келеді. Галактикада күрделі жұлдыздар жүйесі табылды, атап айтсақ шашыранды (ондаған жұлдыздардан тұратын) және шар тәрізді (жүз мындаған жұлдыздардан тұрады) жұлдыздар шоғырлары. Шар тәрізді жұлдыздар шоғыры галактиканың центріне жинақталған. Шашыранды жұлдыздардың шоғыры  шар тәрізді жұлдыздар шоғырыная әлдеқайда көп, олар галактика (спиральді галактика жайлы сөз болып отыр) спиралінің тармағында, галактиканың дөңгелегінде басымырақ  орналасқан.

Дөңгелек жұлдыздардың қоныстануы Гало жұлдыздарының қоныстануынан ерекшеленеді. Дөңгелек жазықтығының маңайына бірнеше миллиард жыл бұрын пайда болған жас жұлдыздар және жұлдыздар шоғыры жинақталған. Олар жазық құраушыларды құрайды. Олардың арасында ыстық және жарық жұлдыздар өте көп. Ертерек пайда болған жұлдыздар центрде немесе центрге жақын орналасып, біздің галактиканың сфералық құраушысын құрайды. Сфералық құраушының жұлдыздары галактиканың центріне шоғырланады. Галоның жұлдыздары мен жұлдыздық шоғырлары галактика центрін айнала өте созылыңқы орбитамен қозғалады. Жеке жұлдыздардың қозғалыстары ретсіз болғандықтан тұтас алғанда гало өте жай айналады.

Галактиканың сфералық құраушысындағы "коныстанудың" жасы 12 млрд жылдан асады. Оны, әдетте, галактиканың өзінің жасы деп есептейді. Ауыр химиялық элементтер үлестерінің аз болуы гало жұлдыздарының сипаттамаларының ерекшелігі болып табылады. Шар тәрізді жұлдыздар шоғырындағы жұлдыздардың құрамында металдар Күнге қарағанда жүз есе аз. Жұлдыздар шоғырының көмегімен галактикадағы Күн жүйесінің орны табылды.

Галомен салыстырғанда дөңгелек елеулі түрде тезірек айналады. Оның айналу жылдамдығы центрден өр түрлі қашықтықтарда түрліше болады. Ол жылдамдығы центрде нөлден басталып, одан 2 мың жарық жылындай қашықтықта 200—240 км/с-қа дейін артады, содан кейін біраз кемиді де қайтадан шамамен аталған мәнге дейін өседі, әрі қарай процесс тұрақты қалады. Дөңгелектің өз осінен айналу ерекшеліктерін зерттеу оның массасын анықтауға көмектеседі. Есептеулер бойынша оның массасы Күн массасынан 150 млрд есе артық.

Біздің галактикаға жоғарыдан, яғни гюлюстен қарасақ, онда біз мыңдаған жұлдыздардан тұратын спиральді көреміз. Оның иірімі галактиканың центрі, материяның сәуле жұтатын қалың қабатымен қоршалған ядроға бағытталған. Оны инфрақызыл, радиосәуле қабылдағыш арқылы зерттейді.

Галактиканың ядросында салмақты қара құрдым болар деген болжам бар (массасы миллион Күннін массасындай). Ғаламның орталық аймақтарына жұлдыздардың күшті шоғырлануы тән. Орталыққа жақын әрбір парсек куб көлемдегі жұлдыздар саны бірнеше мыңға жетеді. Жұлдыздардың арақашыктықтары Күннің маңайындағы қашықтықтарға қарағанда ондаған және жүздеген есе аз. Егер біз галактика ядросына жақын орналасқан жұлдыз маңындағы планетада өмір сүрсек, онда аспанда жарықтығы Айдың жарықтығындай ондаған жұлдыздар мен біздің қазіргі аспанымыздағы ең жарық жұлдыздан да жарық жұлдыздар саны бірнеше мың болар еді. Галактика ядросы Мерген шоқжұлдызы бағытында орналасқан.

Галактиканың дөңгелегіндегі газ негізінен оның жазықтығна жақын жинақталған. Ол біркелкі орналаспаған. Олардың ішінде құрылымы біртекті емес ұзындығы бірнеше мың жарық жылы болатын алып бұлттардан басқа шамалары бір парсектен аспайтын шағын бұлттар бар. Біздің галактиканың химиялық элементі сутегі мен гелий болып табылады. Осы екі элементпен салыстырғанда қалған элементтер өте аз мөлшерде кездеседі. Жалпы алғанда дөңгелектегі жүлдыз бен газдың химиялык қүрамы Күндегі сиякты.

Күн өзіне жакын барлық жұлдыздармен бірге 200—220 км/с жылдамдықпен галактика центрін айнала қозғала отырып, 200 млн жылда бір айналым жасайды. Демек, Жер өзінің барлық өмір сүрген уақыты ішінде галактика центрін 30 рет айналып шыққан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]