
- •Абсолют және салыстырмалы сыну көрсеткіштері.Толық ішкі шағылу құбылысының мәні
- •3.Фотометриялық ұғымдар мен шамалар олардың ұлшем бірліктері
- •4.Геометриялық оптиканың негізгі заңдары;
- •5.Не себепті зат жазық шыны пластинка арқылы қарағанда ол бізге жақынырақ орналасқан сияқты боп көрінеді?
- •7.Жарықтың элетромагниттік толқын екенін дәлелде
- •8.Егер бипризманың сындырушы бұрышын үлкейтетін болсақ, интерференциялық бейне қандай болып өзгереді? Интерференция құбылысы
- •9.Қондырғының дұрыс юстировкаланғанын қандай белгі көрсетеді?
- •10.Интерференциялық аспаптар.Ньютон сақиналарын пайда болуын түсіндір
- •11.Жарық және қара қоңыр сақиналар.Сақиналардың орналасып таралу жиілігі
- •12.Табиғи жарық пен жазық поляризацияланған жарықтар айырмашылығы неде?
- •15.Жарықтың корпусклалық теориясы.Қандай жағдайда тұтас,сызықтық және жолақ спектрлер шығарады?
- •16.Ум2 монохроматордың жұмыс істеу принципі
- •17.Вакуумдық пен газ толтырылған фотоэлементтердің сипаттамаларын бағалаудағы сыртқы фотоэффект заңдылықтары.Газ толтырылған фотоэлементтердің вольтамперлік сипаттамасын түсіндіріңіз.
- •18.Газ толтырылған және вакуумдық фотоэлементтердің құрылысын және жұмыс істеу принциптерін түсіндіріңіз.
- •19.Бугер заңы.Түссіз шыныдан жарықтың өтуін және жұтылуын түсіндір.
- •20.Жарық интенсивтігінің материал қалыңдығына тәуелділігі.Шыны пластинканың жарық өткізгіші
- •21.Дифракция құбылысы.Френель аумақтары.Дифракциялық решеткалар.Дифракцияның пайда болу шарттарын тусіндір.
- •22.Гюгенс Френель принципі,тоғысатын сәулелер дифракциясы,параллель сәулелер дифракциясын өзара салыстырыңыз
- •23.Жарықтың толқындық табиғаты.Максвелл теориясын пайдалып,интерференциясы.Интерферометрлер және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары
- •24.Жарық пен заттың өзара әсерлесуі.Жарықтың дисперсиясының пайда болуы.
- •25.Николь призмасы.Жарықтың қосарланып сынуы.Николь призмасы мен исландық штат поляроидтарын өзара салыстыр
- •26.Поляризацияланған жарық интерференциясы.Анизатропты және изотропты орталардағы поляризация.Турмалинді фотополяриметр қондыргысының жұмыс істеу принципін түсіндір
- •27.Жарықтың жұтылуы.Вавилов Черенков эффектісі
- •28.Абсолют қара дененің сәуле шығару заңы.Виннің ығысу заңы және Рэлей Джинс формуласының мағынасы.Планк тұрақтысы
- •29.Фотонның затпен әсерлесуі.Рентген сәулелерін қоздыру,бақылау.Рентген сәулесінің түрлері.Гамма және рентген сәулерінің айырмашылықтары мен ұқсастығы
29.Фотонның затпен әсерлесуі.Рентген сәулелерін қоздыру,бақылау.Рентген сәулесінің түрлері.Гамма және рентген сәулерінің айырмашылықтары мен ұқсастығы
Рентген сәулесі — гамма- және ультракүлгін сәулелер арасындағы диапазонды қамтитын электрмагниттік толқындар. Толқын ұз. 2 ангстремнен кіші Рентген сәулесі шартты түрде қатаң, 2 ангстремнен үлкен Рентген сәулесі жұмсақ Рентген сәулесі деп аталады. Рентген сәулесін 1895 ж. неміс физигі В.К. Рентген ашқан. Ол 1895 — 97 ж. Рентген сәулесінің қасиеттерін зерттей отырып, алғашқы рентген түтігін жасады. Рентген сәулесінің түрлі материалдар мен адам денесінің жұмсақ ұлпаларынан өтіп кететіні байқалған соң, оны медицинада кеңінен қолдана бастады. 1912 ж. Рентген сәулесінің дифракциясы ашылып, кристалдардың құрылымы периодты болатыны дәлелденді. 20 ғ-дың 20-жылдары рентгендік спектрлер материалдарға элементтік талдау жасауға, 30-жылдары заттың электрондық энергетик. құрылымын зерттеуге қолданыла бастады. Рентген сәулесі түзілу механизміне байланысты үздіксіз және сызықтық болады. Үздіксіз Рентген сәулесі зарядталған шапшаң бөлшектердің (мыс., катодтан ұшып шыққан электрондар) нысана атомдарының сыртқы электрондық қабаттармен әсерлесуі нәтижесінде, ал сызықтық Рентген сәулесі — ішкі электрондық қабаттармен әсерлесуі нәтижесінде пайда болады. Рентген сәулесінің затпен әсерлесуі кезінде Рентген сәулесі жұтылады, шашырайды немесе фотоэффект құбылысы байқалады. Заттың белгілі қабаты арқылы өткен Рентген сәулесінің бастапқы қарқындылығы І=Іoex (Мұндағы — әлсіреу коэфф., х — заттың қалыңдығы). Әлсіреу заттың Рентген сәулесін жұтуынан не шашыратуынан болады. Спектрдің ұзын толқын аймағында Рентген сәулесінің жұтылуы, қысқа толқын аймағында — шашырауы басымырақ болады. Рентген сәулесінің жұтылу дәрежесі оның толқын ұзындығының () және элементтің реттік номерінің (Z) артуына байланысты тез өседі. Рентген сәулесінің тірі организмдерге әсері оның тіндерін (ұлпаларын) иондау дәрежесіне қарай пайдалы немесе зиянды болуы мүмкін. Рентген сәулесінің жұтылуы -ға байланысты болғандықтан, оның қарқындылығы Рентген сәулесінің биол. әсерінің өлшемі бола алмайды. Рентген сәулесінің затқа тигізетін әсерінің сандық шамасын есептеумен рентгенометрия айналысады, оның өлшем бірлігі Р (рентген). Рентген сәулесі рентгендік терапия мақсаттары үшін кеңінен қолданылады. Техниканың көптеген салаларында рентгендік дефектоскопия әр түрлі ақауларды, жарықтарды, қуыстарды, пісіру жіктерін, т.б. анықтауға мүмкіндік береді. Рентген құрылымдық талдау кристалл торындағы минерал атомдарының анорган. және органик. қосылыстарының кеңістіктік орналасуын анықтайды. Рентген сәулесін қатты денелердің қасиеттерін зерттеуге қолданумен материалдар рентгенографиясы айналысады. Рентгендік спектроскопия заттардағы электрондардың күйлер тығыздығының энергия шамасы бойынша таралуын, хим. байланыстың табиғатын зерттейді, қатты денелер мен молекулалардағы иондардың эффекттік зарядын табады. Ғарыштан келетін Рентген сәулесінің көмегімен ғарыштық денелердің хим. құрамы мен ғарышта өтіп жатқан физ. процестер туралы деректер алынады (қ. Рентгендік астрономия). Рентген сәулесі, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінде, криминалистикада, археологияда т.б. жерлерде қолданылады.
30.Жарықтың корпускулалық теориясы.Шредингер теңдеуінің қолдануы.
Жарық табиғатына деген адамдардың көзқарасы ерте заманнан ақ қалыптаса бастаған. Осыдан екi жарым мың жыл бұрын Пифагор «әрбiр зат өзiнен аса ұсақ бөлшектер шығарады, ол бөлшектер адам көзiне жетiп, адам заттарды көредi» деп түсiндiрген. Көптеген ғасырлар бойы үстемдiк құрған осы пiкiрдi И.Ньютон одан әрi дамытты. Ол жарық бөлшектерiн корпускулалар деп атап, бұл бөлшектер инерция заңын қанағаттандырады деп есептедi. Бұлай деу тәжiрибеден байқалатын жарықтың түзу сызық бойымен таралу, шағылу заңдарын түсiндiруге мүмкiндiк беретiн. Одан әрi жарық жөнiнде жаңа тәжiрибелiк деректердiң жинақталу барысында интерференция және дифракция тәрiздi құбылыстар ашылды. Бұл құбылыстарды жарықтың корпускулалық қасиетi арқылы түсiндiру мүмкiн емес едi.
Шредингер теңдеуін физиканың кейбір белгілі
теңдеулерінен шығарудың жолын көрсетуге болады. Соның бірі ретінде