Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мв оптика шпоры (17,26,27) вопроса нет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.3 Mб
Скачать
  1. Абсолют және салыстырмалы сыну көрсеткіштері.Толық ішкі шағылу құбылысының мәні

Абсолют сыну көрсеткіші ол өлшем бірлігі жоқ шама. Орталардың вакуумге қатысты сыну көрсеткіші осы ортаның абсолюттік сыну көрсеткіші деп аталады. Ол түсу бұрышының синусының жарық сәуле вакуумнен берілген ортаға өткен ткездегі сыну бұрышының синусының қатынасына тең. , , , мұндағы n21- екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші, ол шекарасынан жарық өтетін орталардың қасиеттеріне тәуелді, α мен β бұрыштарының үлкен – кішілігіне байланысты емеc, c- вакуумдегі жарық жылдамдығы. Абсолют сыну көрсеткіші берілген ортадағы жарық таралу жылдамдығымен анықталады, ол ортаның физикалық күйіне, яғни температурасына, тығыздығына, ондағы серпімді кернеулердің болу болмауына тәуелді және ол жарықтың табиғатына да тәуелді. Абсолют сыну көрсеткіші аз ортаны оптикалық тығыздығы кемірек орта деп атау қабылданған. Салыстырмалы сыну көрсеткіші екі ортадағы жарық жылдамдығының таралуымен сипаттталады. Екі ортаның шекарасында жарық өзінің таралу бағытын өзгертеді. Жарық энергиясының бір бөлігі бірінші ортаға қайтып келеді, яғни жарық сынады. Егер екінші орта мөлдір болса, онда жарық орталардың шекарасы арқылы жартылай өте алады және таралу бағытын өзгертеді.Бұл құбылыс жарықтың сынуы деп аталады. Жарықтың сыну заңына енетін тұрақты шама сынудың салыстырмалы сыну көрсеткіші деп немесе екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші деп аталады. Жарық жылдамдығын анықтаудың ғылымдағы маңызы зор. Жарық жылдамдығының ерекше мәні дүниеде ешбір дененің жарық жылдамдығы вакуумдегі жарық жылдамдығынан артық бола алмайды. Бұл тұжырым салыстырмалық теориясына негізделген.

Егер жарық оптикаша тығыздығы артық ортадан оптикаша тығыздығы кем ортаға (абсолют сыну көрсеткіші аз) ортаға таралғанда, түсу бұрышының ұлғаюына байланысты, шағылған жарық энергиясының бөліктері де өседі. Бірақ та түсу бұрышының кейбір мәнінен бастап сәуленің барлық жарық энергиясы шекаралық беттен шағылады да жарық бірінші ортадан екінші ортаға өтпейді (толық ішкі шағылу құбылысы). Түскен жарық түгел шағылып, кейін серпіледі. Шекті толық ішкі шағылу бұрышын, (1.1) өрнектегі және екендігін еске алып, анықтауға болады:

2.Аббе жүйесі б\ша рефрактометрдің жұмыс істеу принципі.Меншікті атомдық және молекулалық рефракция

толық ішкі шағылу құбылысына негізделген құбылыс жарық әртүрлі сыну көрсеткіші бар екі ортаның шекаралық бетінен өткендегі сынған шекті сәулелерді бақылау кезінде байқалады. Осы әдіске негізделіп жасалынған приборлар рефрактометрлер деп аталады. Прибордың негізгі бөлігі-сыну көрсеткіші 1,700-ден асатын шыныдан жасалған екі тік бұрышты призмадан түзілген күрделіпризма. Жоғарғы призма – жарықтандырғыш (гипотенузалық қыры-сәулелерді шашыратуға арналған күңгірт бет), ал төменгі призма-өлшеуіш (призма) болып табылады

РПЛ-3, РЛ Рефрактометрлердің негізгі бөліктері: өлшеуіш тетік (жарықтандырғыш 2 және өлшеуіш призмалар 3, копенсатор 5 және көру трубасы (детальдары – 5,6,7,8,9).

Жарық сәулесі 1 жарықтандарғыштан диагональ жазықтықтарының аралығында зерттелінетін заттың нәзік қабаты бар, қос призмаға бағытталады. Сәуле ары қарай дисперсиялық компенсатор 4, көру трубасының объективі 5, призма 6, визирлік сызықтар РПЛ-3, РЛ үшін (үш сызықша және ИРФ-22 үшін айқасқан сызық) бар тор 7, шкала 8 және окуляр 9 арқылы өтіп, бақылаушының көзіне келіп түседі.Диспрсиялық компенсатор шекаралық жарық-көлеңке беттің спектрлік бояулығын жою үшін қолданылады. Мұнда Амичи призмалары ( =589,3 нм тең сары сәулелерді ауытқусыз өткізетін, тікелей көретін призма) компенсатордың құрама бөліктері болып табылады. Тордың визирлік сызығы жарық-көлеңке шекарасымен тұспа-тұс келтіріледі және шкала бойынша сыну көрсеткіші есептелінеді. Визирдің жарық және қара-қоңыр өрістерді ажырату шекарасымен тұспа-тұс келтіру екі тәсілмен іске асырылады.

1 Көру трубасын (компенсатормен қоса) сәуленің өлшеуіш призмадан шағардағы сурет жазықтығына перпендикуляр болатын осьтің айналасында бұру арқылы;

2Прибордың шкаласымен бірге қосып өлшеуіш бас тетікті, жоғарыда айтылған оське қатысты, бұру арқылы Рефрактометрлердің өлшеуіш бас тетігі жарықтандырғыш және өлшеуіш призмалардан тұратын екі камера түрінде жасалынады. Камералар өзара шарнирмен қосылған (жоғарғы камера төменгісіне қатысты ашылады) және олардың, термостаттан сұйықтарды келтірілге және шығаратын сыртқы штуцер бар. Сонымен қатар, бас тетіктің екі камерасының да жарық шоқтарын бағыттайтын терезешесі болады.

а)

1.5-сурет. РПЛ-3, РЛ 1-жарықтандырғыш (айна), 2- жарықтандырғыш призма, 3- өлшеуіш призма, 4- дисперсиялық компенсатор, 5- көру трубасының объективі, 6- бұратын призма, 7- визирлік сызықтары бар тор, 8- сыну көтсеткіштерінің мәндерін көрсететін шкала, 11,13,14 – бұратын призмалар жүйесі, 12-8, шкаланы 7 визирлік сызықтары бар торға фокустайтын микрообъектив, 15 қорғаныс шынысы.