Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шетел баспасы шыгару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

35.Францияның «Ашетт» концерніне сипаттама.

1826 жылы Франциядағы ең үлкен –Ашетт баспасы құрылды. Бас кезінде құрылғанда ол ағартушы баспа ретінде пайда болды. Луи Франсуа Ашетт (1800-1864) басында кішкене кітап магазинінен бастаған. Ол өзінің маңатына іскер адамдарды жинап, әуелі білім беру саласының кітаптарын басып шығаруды бастаған. Келе-келе басылымдардың бәрін басатын әмбебап дәрежеге жеткізеді.

Францияның үлкен баспа концерндері «Ашетт» мемлекеттің үлкен қаржы және өнеркәсіп концерндерімен де байланыста болды. «Ашетт» «Франс Суар», «Пари-Пресс» газеттерін және «Франс-Диманш», «Журналь дю Диманш» апталықтарын шығаратын ең үлкен газет бірлестігі «Франпар» фирмасына иелік етеді. Сонымен бірге париждік «Бродар и Тупен» сондай-ақ көптеген қағаз шығаратын фабрикаларға иелік етеді. 1865 жылы Парижде баспагер «Ларусс» «Большой универсальный словарь ХIХ века» 15 томын шығарады.

ХIХ ғасырдың соңында Француздың екі баспагерін Амбруаз Воллар және Эдуард Пеллетанды ерекше атап айтуға болады. Ашет – ертеден келе жатқан баспа. Халықаралық байланыстары бар. (транснациональная компания). «La Librairie Hachette» 1826 жылы Луи Ашетт Ж.Ф.Бредифтен париж кітап саудасын алғаннан бастаған. Бастапқыда бастауыш және орта мектеп оқулықтарын шығарудан бастайды. Кейін келе Ашетт француздар мен грек авторларының ғылыми еңбектерін шығара бастайды. Соның арқасында мысалы 1962 жылы фирманың капиталы 32 миллион алтынды құрайды, ол 1919 жылдың капиталынан үш есе көбейеді. Ашеттің баспа ісі жылдан-жылға дами келіп, бар Европа елдері мен Америкаға да белгілі болады. Енді оқулықтар, балалар мен жасөспіпірімдер, ғылыми және әдеби басылымдармен қатар, иллюстрациялы әдемі, сыйлық кітаптарын да шығара бастайды. Ал соңғы жылы – қалта кітабын да шығарып келеді. Бұл фирмаға өте көп табыс көзін әкеледі. Франциядан тыс 36 астам филиалдары мен қызмет орындары бар. Ашетт группасы Франциядан шығатын кітап және мерзімді басылымдардың экспортының 65% иелік етеді.

36.Францияның «Ларусс», «Галлимар» баспа салаларына сипаттама.

«Ларусс» 1865 жылы құрылған, педагог, жазушы, лексикограф Пьер Ларусс негізін қалаған. Алғашқында оқу құралдарынан бастап, кейін энциклопедиялық-анықтамалықтар шығаруға көшкен. Франция энциклопедия шығарудың отаны болмаса да, атақты басылымдары баршылық. Д.Дидро мен Д.Аламбердің «Энциклопед, или Толковый словарь наук, искусств и ремесел» атасақ та жеткілікті. Сонымен бірге салалық энциклопедиялар да көп шығарады. Бұл баспамен бәсекелестікке түсе алатын баспа «Энциклопедический словарь Кие» баспасы ғана. Балалар энциклопедиясын да көп шығарады. Энциклопедиялық, анықтамалық баспалар қатарына жатады. 1865 жылы Парижде баспагер «Ларусс» «Большой универсальный словарь ХIХ века» 15 томын шығарады.

«Gallimard» 1911 жылды құрылған – Францияның үлкен баспаларының бірі. 1953 жылы «қалта кітабы» сериясын алып, Францияда қалта кітабының ғасырын бастады. Барлық сериялары үлкен сұранысқа ие. Әлем әдебиетінің інжу-маржаны «Библиотека плеяды», сын, әдебиеттану «Идеальная библиотека», жас жазушылардың алғашқы туындысын «Проза молодых» деген серияларында беріп тұрады, басқа да сериялары бар.