Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шетел баспасы шыгару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

28.Пекин және Шанхай - Қытай баспа саласының орталығы. Қытай комикстері

Қытай – әлемге белгілі, өркениетті дамыған, өзінің бай тарихы бар мемлекет. Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі – қағаз жасау (2 ғ.). Астанасы - Бейжің. Ірі қалалары - Гуанчжоу, Шанхай.

Кітап шығару тарихы Қытайда 5 – 6 ғасырларға саяды. Қытайда кітапты 2 түсті баяумен басу 1340 жылы жүзеге асырылды. 20 ғасырдың басына дейін Қытайда оқу жүйесі ертедегі классик. конфуцийшілдік діни кітаптарды оқытуға негізделіп келді. 1902 – 1903 жылы оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып, еуропалық үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты.

Қытайда баспасөз саласының дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Баспа саласының құықтық негізін арттыруда және басқаруда бірнеше жүздеген Қаулылар қабылданған. Соның ішінде өзектісі «Баспа саласын басқару ережелері». Ережеде: «Баспа ісінің негізгі ұстайтын бағыты - халыққа және социализмге қызмет ету, марксизм, ленинизм оқуларын және Мао Цзэдун идеяларын негіз ете орырып, социализм орнатудың қытайлық ерекшеліктерін және ғылым, білім, техника, мәдениет саласында халыққа білім беріп, Қытай өркениетін арттыру болуы керек» делінген. Одан әрі баспалардың өз ережелерін оның ішінде - баспаның басты міндеті, редактордың, жалпы баспа саласындағы жұмыс атқару ережелерін бекіткен. Баспа ісімен айналысатын мекеменің әрбір атқарылатын жұмысының міндеті мен құқығын мейлінше ашып көрсеткен.

Қытайда мемлекеттік маңызды кітаптар шығаруда, сапасын үнемі жақсартып отыруға көңіл бөледі. Қоғамдық және экономикалық өмірді оқып үйренуде және қоғамға деген көзқарасты қалыптпстыруда «Марксизм-Ленинизм оқуларының кітапханасы», «Мао-Цзэдун оқуларының кітапханасы», «Марк және Энггельс шығармаларының толық жинағы (60 т) сияқты сериялар үзбей шығарылып отырады. Мысалы 2000 жылдары жылына 1200 атаумен кітап шыққан екен. Соның ішінде – 353 қоғамдық ғылым саласы, 299 – жаратылыстану - техника ғылымы саласы, 180- өнертану, т.б. салаларды қамтыған екен. Барлық шығарылытын басылымның 30,7% ғылыми-техникалық әдебиеттерге келеді.

29.Түркия кітап баспа саласы. Түрік баспа саласының тарихынан.

1503 жылы Туркия мемлекетінде бірінші кітап басылады. Бірақ , Түркия өзінің кітап басу кезеңін ол кезбен есептемейді, Түркияда бірінші кітап түрік тілінде 1729 жылы араб шрифтысымен басылып шығады, Түрік кітап басылымы осы кезден басталады деп есептеледі.Оның алдыңғы жылдарындағы европалықтардың көмегімен ашылған баспаханаларды армян, грек баспаханалары болған соң де олар түрік баспаханасының негізіне санамағанға ұқсайды. Бұл кезде тек діни кітаптар ғана басылды, ал түріктер құран сүрелерін баспаханалық тәсілмен басылғандықтан «таза емес» деп есептеді. Өз кітап басу кезеңін тұрік территориясында басылған кітаптардан бастамай, өз мәдениетін дамытатын, жаңа тарихқа бетбұрыс деп тұрік баспа саласының кезеңінен бастайтыны сондықтан.

Баспа кітап ісіне қағаз саласында жұмыс атқаратындар да қарсы болды, себебі қағаз Италиядан әкелініп, өз жерлерінде өңделді. Түрік қолжазба кітаптарына европалықтар да қызыға бастады. Француздар Король кітапханасына, Ағылшындар Британ музейлеріне коллекция жасады. Бірақ Сұлтан Ахмед 111 жедел жарлық шығарып, кітап қолжазбаларын шет елге сатуға рұхсат етілмеді. Бұл кезеңдерде кітап сату үлкен табыс көзі екенін көрсеткен соң, бұл жарлық та қолжазба кітаптың Европаға қарай өтуіне тосқауыл бола алмады.

Түркияда барлығы 200 мыңнан астам манускрипт шоғырланған. Олардың ішінде Сүлеймен кітапханасында -65,2 мың, Топқапы сарайында -19 мың, Стамбул университетінде- 18,6 мың, Айя-София мешітінде-8,5 мың, Түркия ұлттық кітапханасында-8,3 мың, Нур-и Османиеде - 4,8 мың, Кепрюлюде- 2,8 мың, Рагыб-пашиде -2 мың. Анкара, Измир, Коньи, Эрзурум, Ван, Трабзон және басқа да қалаларындағы кітапханалар қорында қолжазбалар сақталған. Олардың біразына библиографиялық көрсеткіштер құрастырылған. 1842 жылы Венада 1763 жылы құрылған Рагыб-паша кітапханасының көрсеткіші басылып шықты. Оның екінші және үшінші басылымы 1858, 1865 жылдары жарық көрген.

Кәзіргі уақытта Түркия елінде 3000 мыңнан астам баспалар жұмыс істейді. Баспаның ең көп орналасқан қаласы –Анкара, онда 3 мыңдай баспа бар деп есептелінеді. Одан кейінгі қалалары –Стамбул, Измир. Кония, Бурса, Анталия ж.б. қалалары. Түркияда да кітап саласында бірнеше қоғамдық бірлестіктер жүмыс атқарады. «Баспагерлер ассоцияциясы», «Кітап таратушылар ассоцияциясы», «Түрік жазушыларының ассоцияциясы» т.б.бірлестіктер.