Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шетел баспасы шыгару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

25.Жапондық манга. Жапония кітаптарының эстетикалық ерекшеліктері.

Жапония халықаралық кітап сауда саласында үлкен бәсекелестікке ие мемлекет. 1853 жылы Европа елдері мен АҚШ тан Жапонияға кітап әкеліне бастады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін шет елдермен тек «Токугава Шогунате» фирмасы ғана тұрақты байланыс жасады. Кітап басылымдары тек Қытайдан әкелінді.1946 жылдан кейін кітап импорты тұрақты түрде өсіп келеді. Келіп түсетін кітап өнімімің 80% Жапонияға Ұлыбританиядан, АҚШ, Германия, Франциядан әкелінеді. Сонымен бірге Жапонияның өзі де кітап өнімдерін экспортқа шығарады. Негізгі жіберетін мемлекеттері- АҚШ, Ұлыбритания, Австралия. Экспортқа шығаратын кітаптарының 60% ағылшын тілінде шығарылады. Экспорт пен импортқа баспа өнімдерін дайындайтын ең үпкен фирмалар «Джапан пабликейшн трейдинг» және «Юнайтед паблишерс сервис» болып табылады. Жапонияның үлкен баспа салалары «Мәдени бірлестікте Жапон баспагерлерінің Ассоцияциясына» (Ассоцияция японских издателей для культурных целей) біріге отырып, Жапон баспа өнімдерін өз елдерінде және шет елдерге насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Халықаралық ақпараттық «Жапонияда басылған аннотациялы кітап катологын» шығарып тұрады. Халықаралық жәрмеңкелер ұйымдастыру, Жапон кітаптарының көрмесін ұйымдастырып отырады. Жапонияда сонымен бірге «Жапон журнал шығарушылар ассоцияциясы», «Жапон кітап таратушылар ассоцияциясы», «Жапон кітап импортерллер ассоцияциясы» т.б. бірлескен ұйымдар жұмыс атқарады.

26. Корея баспа саласы. Оңтүстiк Корея Республикасы

Оңтүстiк Кореяның әкiмшiлiк аумағы Корей территориясының 45 пайызын құрайды. Яғни, 99 237 шаршы шақырымға тең. Оңтүстiк Корея астанасы - Сеул қаласы. Халқының саны - 4 366 300 адам.

Кореяның ең алғашқы газеттердiң негiзi 1896 жылы қаланған. ("Тоннип синмун" газетi). Аталмыш газет аптасына үш рет, төрт кiшi форматты бетпен, таралымы - 300 данамен шығып тұрды. Алғашқы нөмiрi 1896 жылы 7-сәуiрде жарық көрдi. Газет негiзiн қалаған Со Чжэ Пхиль (Филипп Джейсон). Кореяның алғашқы күнделiктi газетi - 1898 жылы жарық көрген "Мейль синмун" басылымы. 1904 жылы жаңа күнделiктi "Тэкан мейль синбо" газетi пайда болды. Газет корейлiктерге ықпалын тигiзгенмен, Жапон қыспағына орай 1905 жылы жабылып қалған.

Ақпарат агенттiктерi. 1945 жылдан кейiн корейлiктерде алғашқы "Хебин Тхонсин" (Дербес пресса) ақпарат агенттiгi пайда болды.

1945 жылдың 4-қыркүйегiнде "Чосон Тхонсии" агенттiгi ашылды. Осы жылдың аяғына қарай "Енхап Тхонсиннiң" негiзi қаланды. Кейiннен екеуi бiрiгiп, "Хаптон Тхонсин" ақпарат агенттiгiн құрайды. 1980 жылдың 19 желтоқсанында "Хиптон" мен "Ориент пресс" бiрiгiп, "Енхан Тхонсин" ақпарат агенттiгiн ашады. Бұл ақпарат агенттiгiнiң 40 шетел агенттiктерiмен жаңалық алмасу мүмкiндiгi бар.

Корей Халық Демократиялық Республикасы

КХДР - астанасы – Пхеньян қаласы. Халқының саны, 1992 жылғы есеп бойынша, 22 672 000 адамға жеткен.

“Нодон Синмун” (“Жұмысшы газетi”) – күнделiктi шығатын газет. Кореяның еңбек партиясы Орталық комитетiнiң ұйымы. Пхеньянда басылып шығады. 1945 жылы негiзi қаланған. Таралымы 2 млн. дана. “Нодон осхонен” (“Еңбекшi жастар”) – күнделiктi газет. Корея социалистiк еңбекшi жастар одағының Орталық комитетiнiң ұйымы. 1946 жылдан берi басылып шығады..

27. Индия кітап баспа саласы. Индия баспалалрының жіктелуі. Үндістан баспа саласы, полиграфия және кітап саудасы.Халқы 1 млрд. 33 млн. (2001), оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңттүстікте тұрады), 3%-ы — моңғол тектестер. Үндістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі.

Үндістанда кітапты типографиялық жолмен басу ХVI ғасырдан басталады. Бомбей және Мадрасадан Калькуттыға дейін үлкен болмаса да шағын баспа-типографиялар христиан миссионерлерінің бастауымен жұмыстарын жүргізеді. Ағылшындар үстемдік етіп тұрған кезеңде кітапбасу саласына толығымен ағылшындардың үлкен баспа концеріндері үстемдіктерін жүргізіп отырды. Транспорт қолайсыздығы, елдегі сауатсыздық, кітап сатып алу мүмкіншіліктерінің төмендігі сияқты кедергілерге байланысты, шығарған басылымдарын тарату қиыншылығы да болды. Кітап тираждары өте төмен болғандықтан, бағалары жоғары болды, сонымен бірге елдегі ағылшын, америка баспа фирмаларының конкуренциясы жергілікті баспалардың кең көлем жаюына жол бермеді. Осындай қиыншылықтарды жеңуге, әрі баспа саласының дамуын жол ашуға 1967 жылы Үндістан үкіметі «Баспа саласын дамытуда ұлттық кеңесін» құрылады. Кеңес құрамына үкімет адамдары, жазушылар, баспагерлер, кітаптаратушылар, полиграфия саласының қызметкерлері мүше болады. Олар ұлттық және әлемдік кітап рыногын саралап, баспа саласының негізгі бағыттарын айқындайды.Ұлттық кеңес негізгі мәлеле етіп мыналарды алады: оқулықтар шығару, аймақ тілінде жазатын авторларға көмекші материалдар шығару, ұлттық мүддеге келмейтін кітаптардың импортына тосқауыл қою, оқу-баспа институтын ұйымдастыру, кітап басу ісінің қаржы жағын шешу сияқты жұмыстарды ұйымдастырды.

Үндістанда баспалар мемлекет тарапынан қаржыландыратын мемлекеттік , жеке меншік және коммерциялық болып келеді.Түрі жағынан әмбебап және мамандандырылған болып бөлінеді.

«Үнді коммунистік партиясының баспасы» Делиде 1943 жылы құрылған. Саяси – экономикалық кітаптарды шығарып келген. Баспаның Бомбейде, Калькуттте, Мадраста, Ахмедабадте, Хайдерабадта т.б. қалаларда бөлімдері бар.