Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шетел баспасы шыгару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

19. Отандық кітап нарығын дамыту жолдары.

Кез келген қоғамда ақпараттық үдерістер осы салада мемлекеттік саясатты іске асыру жолдарымен реттеледі. Мемлекет оған сәйкес заң актілерін шығарумен және қаржы-экономикалық жеңілдіктер жасау арқылы тікелей және жанама түрде ықпал ете алады. Біздің пікірімізше, мемлекет кітап шығару ісін ұзақ мерзімді мәселе ретінде қарастырып, нақты көңіл бөлмей отыр. Кітап ісінің бірқатар жалпы мәселелері шешілмеген, атап айтқанда: құқықтық, салықтық және әлеуметтік.Оның ішінде

– Кітап саласы мемлекеттік деңгейде жеткілікті реттелмей келеді. Еліміздегі кітап ісінің қырқынды дамуына бағытталған нормативтік-құқықтық база жоқ;

Құн салығын ұстауда салық салу жүйесі жетілдірілмеген;

Кітап оқуға деген оқырмандар ынтасының төмендеуі, әсіресе, жастар аудиториясы;

Сонымен қатар, қазақстандық кітап нарығына әсер ететін себептер: аталған нарықтың рентабельділігі 8-10 пайыз, бұл саланың қаржы жүйесінің тұрақсыздығын, инвестициялық тартымсыздығын көрсетеді.

Қордың баяу айналымы.

Басқа аймақтарда кітап саудасы және баспа компанияларының жетіспеушілігі.

Баспа және кітап саудасы бизнесінің басым көпшілігінің Алматы және Астана қалаларында шоғарлануы;

– Баспа нарығының дамуынан қалып қойған әрі нашар дамыған сауда жүйесі;

– Отандық полиграфия жүйесінің қанағаттанарлықсыз жағдайы;

– Қағаздың қымбаттылығы;

– Мемлекет тарапынан баспагерлер мен кітап саудасымен айналысатын компанияларға қолдаудың жоқтығы;

Кітап шығару мен кітап оқуды дамытудың ұлттық тұжырымдамасын жасау қажеттілігі басым тұр. Бұл Кітап палатасының ғана ұсынысы емес, баспагерлер мен кітапхана қызметкерлерінің де ұсынысы. Негізінде Кітап палатасы оқырман белсенділігін арттыруға байланысты ұлттық бағдарлама құру қажеттілігін алға тартады. Мұндай маңызды құжатты дайындауда еліміздің кітап нарығының көрнекті өкілдері, экономика саласының сарапшылары, педагогтар, психологтар, социологтар, кітапхана ісі қызметкерлері қатысуы қажет.

20.Германия баспа ісінің қалыптасуы және бүгінгі дамуы.

21.Германияның кітап сауда бірлестігі (Объединение Германской

Книжной Торговли)

Германияда фашизм құлаған кезде 3000 тарта баспа және кітап сататын фирмалар болған. Оның көбісі кітап шығару ісімен емес, құрамында 1-3 адамнан тұратын кішкентай кітап сататын лавкалар болған. 1624 жылдан Ваймарде болған «Hermann Bohlaus Nachfolger» (Ваймар), Лейпцикте әлемге белгілі «Әмбебап кітапхананы» (Универсальная библиотека) шығарған «Verlag Philipp Reclam jun.» баспалары болды.

Германия Федеративті Республикасында 1969 жылы 33454 кітап шығарылса, оның -7 мыңы көркем әдебиет, 10 мыңдайы экономика, социология, статистика тақырыбыптарына арналған. Осы жылдарда небары 1800 баспа болған, оның ішінде 80% кіші-гірім жылына 10 кітаптай шығаратын мекемелер болған. Германия Федеративті Республикасында 1947 жылы құрылған үлкен А. Шпрингер баспа орталығы монополиялаған. Орталықтың құрамында баспаларынан басқа 6 күнделікті шығып тұратын газет, типография, туристік бюро және басқа да мекемелер шоғырланған, сауда айналымы 1 мил. маркадан асады. Келесі үлкен баспа –концерн 1835 жылы құрылған "Бертельсман". Оның құрамында 14 баспа, 6 кинокомпания, 2 телекомпания, 2 граммпластинка фирмасы сияқты мекемелерді шоғырландырған. 1970 жылы Шпрингер өзінің акционерлік компаниясының капиталының төрттен бірін "Бертельсманға" сатқаннан кейін бүкіл мемлекеттік коммуникация жүйесін реттеп отыратын суперконцерн пайда болады. Шетелдердегі фирмаларын қосқанда 300 ден аса фирманы біріктіреді.

22.Француз баспа құрылымы (структурасы). ХIХ ғасыр Француз кітап

басылымының «алтын ғасыры» Европа мемлекеттерінің ішінде Франция кітап шығару саласы ХV ғасырдан басталады. (1470). Кітап шығару ісінің басында Франция 6- орында тұрды. Францияда жыл сайын 50.000 жаңа басылым болады

Баспа саласынан Францияның екі қаласы алдыңғы қатарда тұрды. Ол- Париж және Лион қалалары. Ең алғаш Париж қаласында типография ашу мәселесі тұрды. Оны кім ашады, жеке кәсіпкер ме немесе жоғары оқу орны университеттерден бастала ма деген мәселе шешуін табу керек болды. Типография жұмысын бастауды Сорбона міндетіне алды, Париж университетінің богословский бөлімінен. Сорбонаның приоры Иоганн Хейнлин мен университет ректоры Гильом Фише 1469 жылы Германиядан типографщиктерді шақырады. Мюнстер қаласынан Ульрих Геринг, Михаил Фрибургер және Мартин Кранц Францияның шақыруымен 1470 жылы келеді. Бірінші типография Сорбонның бір залында орнатылыды. Бірінші рет Италияның гуманисі Гаспарен де Бергамның хаттар жинағын басып шығарады, ал 1476 жылы Библияны басып шығарады. Француз тілінде бірінші «Үлкен Француз хроникасын» басып шығарады. Бұған қарап біз Францияда бірінші типография жеке кәсіпкердікі емес, университеттің құрамында болғанын көреміз. Бірақ бұл басталған іс ұзаққа бармады, 1473 жылы Фише Римге, ал Хейнлин Базельге кетіп қалған соң, типографияны университеттен шығарып, жеке кәсіпкерге береді.

ХIХ француз кітап басылымының «алтын ғасыры» деп аталды. 19-ғасыр француз әдебиетінің алтын ғасыры-әлем әдебиетінің інжулері (Бальзак, Флобер, Мопассан, Гюго) басылыпшықты. Бүкіл Европа әлемі француз тілінде сөйледі. 20-ғасырда «алтын ғасыры» аяқталды.

Бұл кезде француз әдебиеті екі бағытта болды. Біріншіс философиялық және ғлыми бағыттағы, қарапайым безендірілген басылымдар болса, екіншісі- өте ауқатты, байларға арналған кітаптар болды. Негізі француздар жақсы безендірілген кітаптарды жинауда, құрметтеуде олар ылғида бірінші орында болған, бірақ 18 ғасырда ерекше болған, оған себеп бұл ғасырда кітаптарды безендіру ерекшелігі пайда болған. Кітап гравюрасы дамыған. Париж бен Лион кітап басу орталығына айналады. Француз кітапбасу, кітап шығару ісіне еңбектері сіңген- атақты типограф Иоган Трексель, Жан дю Пре, каллиграф және миниатюрист Антуан Верар, гуманист баспагерлер Этьендер, Лион типограф- баспагер С.Грифиус, жаңа шрифт ойлап тапқан Ф.Дидолар болды. Көптеген баспагерлер , әсіресе ортағасырлық кезеңдерде шіркеу жағынан қуғынға түскендері болды, Этьенднрдің, Доле сияқты баспагерлер шығарған басылымдарымен бірге өртеп, қайғылы аяқталса да, француз баспагерлері өз жұмыстарын тоқтатпаған. Франция баспа ісі осындай ұзақ даму жолынан өткен.