
- •4.Шетел баспа саласындағы «Әдеби агент институты»
- •6. Халықаралық Франкфурт кітап жәрмеңкесі.
- •8. Халықаралық жәрмеңкелердегі «Құрметті қонақ». ?
- •9. Франциядағы кітап зерттеу орталықтары.
- •13.Ұлыбритания баспалары, алғашқы баспагерлері. «Смит и сыновья»
- •19. Отандық кітап нарығын дамыту жолдары.
- •21.Германияның кітап сауда бірлестігі (Объединение Германской
- •23.Италия кітап нарығы. Италияның үлкен кітап фирмалары
- •25.Жапондық манга. Жапония кітаптарының эстетикалық ерекшеліктері.
- •26. Корея баспа саласы. Оңтүстiк Корея Республикасы
- •28.Пекин және Шанхай - Қытай баспа саласының орталығы. Қытай комикстері
- •29.Түркия кітап баспа саласы. Түрік баспа саласының тарихынан.
- •30.Египет баспа саласының дамуы.
- •31.Германияның "Бертельсманн" баспа жүйесіне сипаттама.
- •32.«International Literary Market Place» каталогына сипаттама.
- •33.«Publishers’ International Directory with isbn Index» анықтамалығын талдау.
- •34.Париж кітап салоны туралы талдау. (Париж,Франция)
- •35.Францияның «Ашетт» концерніне сипаттама.
- •36.Францияның «Ларусс», «Галлимар» баспа салаларына сипаттама.
- •37.Калькута халықаралық кітап жәрмеңкесіне талдау (Калькутта,Индия).
- •38.Токио халықаралық әмбебап кітап көрме- жәрмеңкесіне сипаттама (Токио, Жапония)
- •39.Белград халықаралық кітап жәрмеңкесіне сипаттама (Белград. Югославия)
- •40.Италияның «Mondadori» баспа бірлестігіне талдау.
- •41.Италияның «Rizzoli» (Риццоли) баспасына сипаттама.
- •43.Кембридж университетінің баспасына сипаттама.
- •44.«Макмиллан и к», «Логмен групп», Блеквелл» (Ұлыбритания) баспаларын жіктеу.
- •45.Прага халықаралық кітап жәрмеңкесі және жазушылар фестиваліне сипаттама.(Прага. Чехия)
- •46.Болонье халықаралық балалар жәрмеңкесіне сипаттама (Болонья, Италия)
- •47. «Мак Гроу-Хилл Пабликейшенс Компани», Straus &Giroux - баспаларын жіктеу.(Америка)
- •48.«Даблдей к», «Пергамон пресс» баспаларына сипаттама.(Америка)
- •49.Америка «Comic book», «Pocket book», «paper back», басылымдарын талдау.
- •50. «Коданся» баспасы. «Каданся International» халықаралық байланыстарына сипаттама. (Жапония)
- •51.Халықаралық Мәскеу кітап жәрмеңкесіне смпаттама. (Мәскеу. Ресей)
- •52.Қазақстан Баспа және кітаптаратушылар Ассоциациясына сипаттама.
- •53.Ресейдің кітап нарығындағы алдыңғы қатардағы баспалары: «аст», «эксмо», «Дрофа» баспа үйлерінің қызметтеріне қарай талдау.
- •54. Француз ұлттық кітапханасына сипаттама.
- •55.Халықаралық Баспагерлер Ассоциациясына сипаттама.(Международная Ассоциация Издателей- маи) .
- •56. Isbn- Халықаралық кітап номері стандарты Агенттігін талдау.
- •57. Issn- Халықаралық мерзімді басылымдар номері стандарты Агенттігіне сипаттама.
- •58. Юнеско баспа саласына сипаттама жасау.?
- •59. Бұұ (оон) баспа саласына сипаттама жасау.
- •60.Кітап әлемінде – электронды басылымдардың болашағы туралы талдау жасау.
13.Ұлыбритания баспалары, алғашқы баспагерлері. «Смит и сыновья»
«Рид Эльзивир» баспалары ХIХ ғасырдың ортасында «Смит и сын» кітап сауда компаниясы әр темір жол станцияларында кітап сатумен айналысты. Енді ХIХ ғасырдың екінші жартысында ағылшын баспагерлері шетел кітап рыногына шыға бастады. Олар өз өнімдерін АҚШ, Канада, Франция, Германия, Россияға экспорттады. Британияның баспагерлері Канада, Индия, Жаңа Зеландия, Австралия елдерінің кітап рыногында өз орындарын алды. ХIХ ғасырддың аяғы ХХ ғасырдың басында негізін салған баспа фирмалары «Т.Лонгмен», «Микмиллан и К», және «Хейнеман», «Хатчинсон», «Хемлин», «Ходдер энд Стоутон» концерндері өз жұмыстарын жемісті жүргізіп келеді.
«Рид Эльвизер» баспа группасы негізін салушы Эльизер, ғылыми кітап басумен айналысты. Британияда кітап оқу, таратуды насихаттауда «Всемирный день книги» мерекесі 1998 жылдан бері өткізіліп келеді. Сонымен бірге «Всемирной ночи книги» мерекесін өткізуді кейінгі жылы жалғастырды.
14. ТМД елдері кітап баспа салаларының дамуы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым. ТМД елдері ішіндегі Тәжікстан баспасына тоқталатын болсақ. Қазіргі заманда Тәжікстанда «Деваштич», «Эджод», «Маориф», «Адаб», «Дониш», «Джалил» баспалары кітап шығарумен айналысады. Дегенмен бұл баспалардың жағдайы Кеңес Одағы кезінде жұмыс істеген баспалардың халінен төмен деп айтуға болады. Ол кезде кітаптар көп басылған және таралымы да көп болған. Әрі ол кездегі кітаптар сапалы және қызықты болып басылған. Ал қазіргі кезде шығып жатқан кітаптар да сапалы, бірақ сол кездегі Ә.Рудакидің, М.Турсунзаденің, Улугзаденің, т.б поэмалары мен шығармаларына жетпейді. Расында да кітаптар КСРО кезімен салыстырғанда аз басылып жатқан жоқ, бірақ таралымы 200,700,1000 дана болып қана шығады. Бұл кітаптар кейбір оқырмандардың қолына тимей де қалады. Қандай да бір жаңа кітаптан келелі ойды ұстап қалғысы келіп, қызығып оқитын оқырмандар да бар. Сондай оқырмандардың кітапқа деген сұранысы өте жоғары деп айтуға болады. Тәжікстанда Совет өкіметі орнағаннан кейін, ұлттық кітап басу ісі, газет- журнал ісі дами бастады. Ең бірінші Тәжікстан өлкесінде 1868 жылы «бірінші» басылым жарық көрді. Алғашқы кітаптың аты «Заметки огорной стране у вершин Чу и Нарына». Уақыт өте кем болғандықтан 1880 жылы келесі «Хамсу» («Пятерица»)атты кітап жарық көрді. Бұл кітап литографиялық ең алғашқы кітап болып есептелді. Тәжікстаннан басқа жерлерде де баспаханалар ашылды. Мысалы, Ташкентте (1888жылы), Самарқандта (1894жылы), Андижанда (1904жылы), сонымен қатар Қоқанда да 1904 жылы баспахана ашылды. Тәжікстан өлкесінің барлық қаласы бойынша 74 полиграфиялық кәсіпорын жұмыс істеді.
15.Жапония университетінің баспалары. 1590 жылы европалық миссионерлер Жапонияға баспа станогын, шрифт әкеп, бірінші кітап басып шығарған, бірақ олар сақталмаған. 1593 жылдары Қытайдан әкелінген жылжымалы мыс литермен 1615 жылы кітап басады, сонымен бірге ағаш литерлерде қолданылады. ХIV-ХVI ғасырларда басылып шыққан кітаптардың тираждары 100-200 экз-дан аспаған, себеб кітап басу өте қымбат дүние болып есептелді.
ХIХ ғасырдың екінші жартысында типография екі салада дамиды. Біріншісі –ғалымдар баспасы болса, екіншісі коммерциялық баспагерлер. Біріншісіне Фукудзава Юкити, Накамура Масанао, Танаки Укити баспалары жатады.
Фукудзава Юкити- үлке ғалым, қоғам қайраткері, Токио университетін ұйымдастырушылардың бірі,1872 жылы өз типографиясы мен баспасын ашады.
Накамура Масанао- педагог –ғалым, «Мэйрокуся» қоғамын құрушылардың бірі, мақсаты батыс халқының ғылыми жаңалықтарын, жетістіктерін мемлекет саласына енгізу болып табылады.
Танаки Укити- ғалым, экономис, тарихшы 1887 жылы жартылай коммерциялық баспасы мен типографиясн ашады.Өзінің экономика, тарихқа байланысты ебектерін басады, сонымен бірге «Жапонның ұлкен библиографиялық сөздігін» шығарады. Екінші коммерциялық типтегі баспалар журнал басылымын, одан соң кітап басылымын шығарып отырады.
Әмдебап баспалар соның ішінде ең ұлкені «Хакубункан» баспасы 1887 жылы негізі салынған. Екінші баспа ол да 1887 жылынегізі салынған «Минъюся» баспасы. Екеуі де әуелі журнал басумен айналысып, одан соң кітап басуға көшкен.
Бірінші әдеби көркем шығармалар басатын баспалар «Сюнъедо» (1878) тек қана көркем әдебиет басылымдарын шығарады және «Фудзамбо»- анықтамалық әдебиеттерді басады. «Синтуся» 1896 жылы ашылған, шет ел көрем әдебиетін басады. Соның ішінде орыс әдебиетінен И.С.Тургеновты,Толстойды басып шығарды.
16. «Әлеуметтік маңызды әдебиеттерді басып шығару» бағдарламасы. «Әлеуметтік маңызды әдебиеттер түрлерін басып шығару» бағдарламасы кітапхана қорын толықтырудың жаңа жүйесін қалыптастырудағы негізгі жоба болып отыр.
17.Отандық кітап тарату ісі. Қазақстандағы кітап тарату ісінің негізгі көздері кітап саудасының жүйесі (көтерме және жеке) және әртүрлі кітапханалармен (ғылыми, бұқаралық әмбебап, әлеуметтік және т.б.). байланысты болады. Қазақстан Республикасының Кітап палатасы жыл бойы кітап саудасымен айналысатын кәсіпорындар, сондай-ақ кітапханалар негізінде әлеуметтік зерттеулер жүргізді. Еліміздегі кітап саудасының ахуалына (көтерме және жеке сауда жасайтын кітап дүкендері, бір кітаптың орташа бағасы) ҚР Статистика агенттігінің статистикалық материалдарында кітап саудасына қатысты нақты деректердің болмауына байланысты нақты баға беру қиынға соғып отыр. Мысалы, 9-бөлімде – азық-түлік емес тауарлардың орташа бағасы көрсетілген («Қазақстан Республикасындағы тұтыну нарығындағы бағалар» Стат. Жинақ. Астана, 2011). «Қазақстан …..жылы» жылнамасында 2.48 бөлімде «Ақпараттық қоғамға енудің негізгі көрсеткіштері», «Мәдениет» қосымша бөлімінде театрлар, кітапханалар, т.б. (61 б.) жайындағы деректер енгізілген. «Тұтынушылар шығынының құрылымында» кітап, мерзімді басылымдарды және т.б. тұтыну қарастырылмаған. «ҚР көтерме және жеке сауда» статистикалық жинағында кітап, мерзімді басылымдардың сатылымына байланысты жалпы деректер көрсетілгенмен, кітап саудасымен айналысатын ұйымдар жайында мәлімет жоқ. Бірақ, облыс бойынша дәріхана, мейрамхана, қоймалар жайындағы (саны, сауда алаңдары) мәліметтер бар. Осыған орай, Статистика агенттігінің есеп беру материалдарының сәйкес бөліміне және ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің құжаттарына елден әкетілетін және әкелінетін кітап өнімдерінің СЭҚ (ВЭД) кодын енгізу қажеттілігі туындайды.
Осыдан шығатын қорытынды, елімізде сатылатын кітап өнімдерінің басым көпшілігі Ресейден (60-85 пайыз) әкелінетіндігі. Бұл өз кезегінде отандық өнімдерге сұраныстың жоқтығынан емес, қазақстандық баспалардың өз өнімдерін кітап дүкендері желісіне сатуға, таратуға бермейтіндігінде болып отыр. Қазақстандық авторлардың кітаптарына, әсіресе балалар басылымдары, көркем әдебиетке, анықтамалар мен оқулықтарға сұраныс бар.
18. Ұлттық кітап шығару саласын мемлекеттік қолдаудың отандық және әлемдік тәжірибесі. Көптеген елдердің баспагерлері жалпы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар әдебиеттердің түрлерін шығаруда мемлекет тарапынан қолдауға зәру. Қазіргі кезде кітап өндірісін мемлекеттік қолдаудың тікелей және жанама екі түрі бар. Тікелей қолдау бүтіндей кітап өндірісін дамыту үшін, әсіресе ұлттық сипаты бар жекелеген баспалық жобаларды, кітап саудасымен айналысатын фирмалар мен кітапханаларды, сондай-ақ кітап экспорты, құқығы, баспа және полиграфиялық қызметтерді орындау мақсатында мемлекеттік субсидияларды пайдаланумен жүзеге асады. Сонымен бірге, Басқарма кітап оқуды насихаттайтын, кітаптың қоғамдағы рөлін арттыратын шараларды жүзеге асырумен айналысады.
Францияда жазушылар шығармашылығына, кітап шығаруды дамытуға әрекет етуге тікелей Ұлттық әдебиет орталығы ықпал етеді. Орталық қолдау көрсетіп отырған ең ірі жобалар – барлық французтілді философтардың еңбектерін, В.Гюгоның толық шығармалар жинағын басып шығару, қашықтағы әдеби әлемге қолдау көрсету.
Германияда қосымша құн салығының номиналды көрсеткіші 16 пайыз болса, кітапқа салынатын салық 7 пайызды, Францияда 19,5 – 5,5 , Грецияда – 18 – 4, Испанияда – 16 – 4, Португалияда – 17 – 5 пайызды құрайды. Еуропалық Одақтың басқару органдары 1991 жылы Еуропалық одаққа мүше елдерінде қосымша құн салығына бірдей мөлшер енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Қосымша құн салығының номиналды мөлшері 15 пайыз болса, онда авторлық құқыққа (оның ішінде баспа өнімі бар) 5 пайыз мөлшеріндегі жеңілдетілген салық енгізіледі, кітапқа құн салығы ұсталмайтын елдерде (Ұлыбритания, Норвегия, Швейцария) осы тәжірибені өзгертпеуге шешім қабылданған.
Мемлекеттік қаржыландыру мен Британ Кеңесінің бақылауымен ағылшын баспалары дамушы елдерге арнап, оның ішінде оқулықтар да бар, кітап шығаруды жүзеге асыруда. Испанияда егер ол қаражат экспорттық тасымалды кеңейтуге жұмсалатын болса, онда баспагерлер салықтан толықтай босатылады.