Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шетел баспасы шыгару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

6. Халықаралық Франкфурт кітап жәрмеңкесі.

Франкфурт қаласы 2009 жылғы санақ бойынша 672 мың халқы бойынша Германияда бесінші орнында тұрған қала. Майн өзенінің жағасында орналасқан. Бұнда Еуропа орталық банкі, Германияның Федеративітк банкі, Франкфурт Биржасы және Франкфурт жәрмеңкесі бар. «Әлемнің 20 альфа - қаласына» кірген Германияның бір қаласы, ол –Франкфурт. Қала мәдениеттің, білімнің, туризмнің ошағы деуге де келеді. Бірақ осыған қарамастан, 2011 жылы Франкфурт криминалды қала боп табылыпты.

Франкфурт жәрмеңкесі – әлемдегі ең үлкен жәрмеңке. Жыл сайын қазан айының ортасында немістердің Франкфурт-на—Майне қаласында өтеді. Юес күнге созылатын жәрмеңкеге 100 елдің 7000-ға жуық экспоненттері қойылады және 286,000 адам келіп тамашалайды. Франкфурт жәрмеңкесінің арнайы қонақтары:Жаңа Зеландия (2012), Исландия (2011), Аргентина (2010), Қытай (2009),Түркия (2008), Үндістан (2006), Ресей (2003), Португалия (1997), Жапония (1990) болған. 2013 жылы қадірлі қонақ Бразилия болады.Кітап жәрмеңкесі 10 павильоннан тұратын бірнеше этажды қамтитын 172 мың кв. Метрден тұрады. Жәрмеңкеге 500 жылдан астам уақыт болды деп саналады. Оның шығу тарихын Иоганн Гутенбергпен байланыстырады. Жәрмеңкенің жаңа тарихы 1949 жылдан бастау алады. Сол жылы алғаш әлемдік кітап жәрмеңкесі өткен. Франкфурттегі жәрмеңке сондай-ақ, кітаптарды басып шығару туралы келісімдер жасалатын және авторлық құқықтар мәселесі шешілетін жиын. Қалыптасқан дәстүр бойынша, бір ел жәрмеңкеге құрметті қонақ ретінде қатысады. Биыл осындай құрметті қонақ мәртебесі - Жаңа Зеландия еншісінде. Бұл ел жәрмеңкеге 70 жазушы мен 100 суретшінің туындыларын ұсынып отыр. Ал жалпы көрмеге жүз ел қатысуда. Биылғы жәрмеңкенің басты тақырыбы - сандық технологиялар дәуіріндегі кітап болашағы.  7.Шетел баспаларындағы « Кітап клубтары». Ассоциациялары мен

Бірлестіктері, Гильдиясы.

8. Халықаралық жәрмеңкелердегі «Құрметті қонақ». ?

9. Франциядағы кітап зерттеу орталықтары.

Францияда кітап зерттеу ісімен қоғамдық, ассоциациялар, кітапханалар, институттардың ғылыми – зерттеу орталықтары айналысады. Кітпханатану және библиография сонымен бірге кітап тану мен кітап тарихы саласында үлкен зерттеулер жүргізетін- Орталық зерттеу ұйымдары- Француз ұлттық кітапханасы және Француз кітапхана ассоциациясы болып табылады.

Француз ұлттық кітапханасының қорында 15 ғасырдан француз корліне тиісті коллекциялардан басталатын өте бай қыр сақталған. «Баспа өнімдерінің ұлттық кітапхана шығарған жалпы каталогы. Авторлық серия» деген көп томдық көрсеткіш шығарды. Бірінші томы 1897 жылы шыққан. 220 томнан тұрады. 1811 жылы Ұлттық кітапхана «Франция библиографиясын» шығаруды бастады. 1957 жылдан «Бюллетень библиографической документации» шығарады. Сол сияқты көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Француз кітапхана ассоциациясы. 1906 жылы құрылған. Жыл сайын ұлттық сьездері өтіп тұрады. Оның қорытындысы «Информационный бюллетеньдерінде» жарияланып тұрады. «Чтение и библиотека» тоқсандық жинақ, «Библиотечные тетради» т.б. көптеген мерзімді басылымдары шығады, барлығында да кітап шығару, кітап оқу, кітап зерттеу мәселелері көтеріледі.

Кітап және кітап басылымы туралы анықтамалықтар. Басылым статистикасы.

«Франция библиографиясы» анықтамалығы, 1967 жылы шыққан «Фланцуз тіліндегі кітаптар. Баспагерлер репертуары» анықтамалықтары бар. 1971 жылы «Кітаптаратушылар мен баспагерлер одағы» екі анықтамалық шығарды. «Международный репертуар издателей французского языка» және «Ежегодник прессы и рекламы» деген анықтамалықтарын шығарды.

10. Standart Book Namber (Джон Фостер) –стандартты кітап номерінің

негізін салушы -кітап саудасы желісінде кітаптарды тарату, басылымдармен жүргізілетін жұмыстарды автоматтандыру үшін қолданылатын, ерекше нөмір. ББК, УДК, авторлық белгілерімен бірге, ISBN баспа ісі пакетінің бір бөлігі болып саналады.

Бұл Стандарт, 1966 жылы, кітаптарды 9 орынды нөмірлеу Гордон Фостер Стандарттары (ағыл. Standard Book Numbering (SBN) code) негізінде жасалған. 1970 жылы аздаған өзгертулер енгізіліп, халықаралық ISO 2108 Стандарты ретінде қабылданған. 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап, штрих-кодтары сәйкес келетін, 13 орынды нөмірлеудің жаңа ISBN стандарты енгізілді.

Басылымдарды ерекшелеу нөмірлерін, халықаралық кітаптарды стандартты нөмірлеу облысындағы ұлттық агенттік береді. Кітап палатасы Лондондағы (Ұлыбритания) ISBN Агенттігіне мүше болып кірген соң, әр квартал сайын біздің республикада шығарылған кітап өнімдері туралы, қате берілген ISBN және қайталанатын ISBN нөмірлері туралы, сонымен бірге халықаралық стандарттардың сақталмауы туралы ақпараттар беріп тұрады. Жылына екі рет халықаралық анықтамаларға мәліметтер беріп тұрады. Сондай-ақ, ISBN көрсеткішіне жыл сайын баспалар мен басылым шығарушы мекемелер туралы мәліметтер (мекен-жайының, телефондарының өзгеруі туралы, факсы, редакторы, директоры, баспаның кімге тиістілігі т. с. с.) беріп тұрады. Сонымен бірге, «Новости ISBN» журналына мәліметтер береді, Қазақстандағы баспа қызметі туралы ЮНЕСКО-ға анықтамалар береді.

11.Қазіргі заманғы Италия баспа салалары. Бірнеше ғасыр бойы Италия қолмен көшіріп жазу кітабының орталығы болды. Бірінші баспа станогы 1463 жылы Субиакоға әкелінді. Одан кейін 1467 жылы Римде, Миланда, Неаплде, Флоренцияда 1471 жылдары, Палермо мен Мессинеде 1478 жылдары ашылды. Италия полиграфиясының тарихы өте бай, кітап басу саласының негізін салған Никола Иенсон мен Альдо Мануцио, Джамбалисты Бодони тағы да басқа тарихи тұлғалар бар. Италия полиграфиясы дамыған елдердің қатарында келеді. Полиграфия саласын экспорттауда бесінші орынды алады. (Германия, США, Англия, Швейцария, Италия, Франция, Шеция). Мемлекетінде 1200-1300 мыңға тарта полиграфиялық ұйымдар жұмыс атқарады. Италияда полиграфия саласы да 2-9 қызметкерден келетін ұсақ ұйымдардан тұрады, одан әрі іріленіп 1000-ға дейін қызметкерлері бар ұйымдар бар. «Arti Grafiche Amilcare Pizzi» Милан қаласынан жақын орналасқан, 70-80 жылдан бері әлем шедеврларын басып таратумен келеді. Оның басылымдары қағаздарының жоғары сапасы мен полиграфиялық безендірулерімен ерекшеленеді. Бірлестік жылына 800 – 1000 тапсырыс орындайды, сонымен қатар АҚШ, Англия т.б. елдердің тапсырыстарын орындайды. Бір ерекшелігі бұл бірлестіктің балалар басылымын шығаруында. Бұл балалар басылымының басқа басылымдардан айырмашылығы кітапта көрсетілген жеміс-жидек, гүлдердің иллюстрациясына қосылып сол өнімдердің иістері беріліп отырады. Италия полиграфия машинасын жасау заводтарының өнімдері әлемде көп қолданылады. «Nebiolo» офсеттік печать жасау машиналары, «Andreotti» глубокий печать шығаратын полиграфия машиналарын көп экспорттайды, сонымен бірге өздері де Германия, Англия, АҚШ- тан алып тұрады.

12.Ұлыбританияның бірінші кітап басушылары. Европа мемлекеттерінің ішінде кітап басылымының атау саны мен тиражы бойынша бірініш і орынды иеленеді. Баспа саласы өте жақсы дамыған 50-60 мың баспа және баспа саласымен айналысатын мекеме тіркелген.

Кітап басу ісі Англияға ХV –ғасырдың 70- жылдарында келді. Сол кездерде «Британ кітапсатушыларының Гильдиясы» құрылады. Англияда бірінші кітап басушы Уильям Кекстон (1421-1491) болып саналады. Бірінші ағылшын тілінде басып шығарған кітаптары Л.Лефевраның француз тілінен аударылған «История осады и взятия Трои» кітабын 1474 жылы Брюгге қаласында басып шығарды. Уильям Кекстонның мақсаты ағылшын авторларын насихаттау және ағылшын тілін дамыту болып табылады. Ол 1476-1491 жылдары арасында 100- ге тарта кітап басып шығарады. Оның 25 өз аудармасы болса, 25 өз редакиялауымен басылады.

1480 жылы Лондонда литовец Джон Леттоу құқықтық әдебиеттерді басу үшін бірінші типографиясын ашады.

Европаның басқа елдерімен салыстырғанда Ұлыбританияда кітап басу саласы баяу дамыды. 1534 жылы корелеваның арнайы актысымен шет елден сату үшін кітап тасымалдауға тиым салынды. Англия үкіметі кітап басушыларға, кітап таратушыларға, типография мамандарына қолдау көрсетіп, кредиттер бере бастады. Кітап басу ісі енді коммерциялық сипат алды. Осы кезеңнен бастап кітап басудың орталығы Лондонға шоғырланды. Негізгі барлық баспагерлердің басын біріктірген «Баспагерлер мен кітапбасушылардың Гильдиясы» құрылды. Оның ережесі бойынша басылуға дайындалған бар қолжазбалар Гильдияға тапсырылады, қаралып болған қолжазбаға бір рет шығаруға, немесе тұрақты шығып тұруына рұхсат алынады. Бұл тек Гильдия мүшелеріне ғана беріледі, Гильдия кітап импортын және жалпы баспа ісін қадағалап отырды. Баспа саласын мұндай монополиялау «пират» басылымдардың шығуына жол ашты. Аса жақсы өтімді кітаптарды Гильдияның рұхсатынсыз-ақ шығарып алып, оны Лонданннан алыс, аймақтық қалаларда сата бастады. ХVI ғасырда Англияда ең өтімді, сұранысқа ие діни дұғалық (молитвенник) және Библиядан үзінді келтірілген кітаптар болды.Оларды шіркеуде мінәжат еткенде және үйде «үй оқуына» (для домашнеге чтения) пайдаланылды. ХVI ғасырдың ортасына қарай Англияда «міндетті оқу» мәдениеті қалыптасты. Англия семьясында бір сауатты мүшесі болса міндетті түрде үш түрлі кітабы болуға тиіс – деп есептелді Ол – азбука, дұғалық (молитвенник), діни жыр кітап (книга псалмов для пения).