Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шетел баспасы шыгару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

57. Issn- Халықаралық мерзімді басылымдар номері стандарты Агенттігіне сипаттама.

Халықаралық сериялық басылымдарды стандартты нөмірлеу ISSN (ағыл. International Standard Serial Number) жүйесікез келген сериялық басылымдарды, олардың қай жерде, қай тілде шығарылғанына және қандай түрде сақталуына қарамай берілетін бірыңғай нөмір.

ISSN нөмірін беру ережелері, 1975 жылы қолданысқа енгізілген ISO 3297 Стандартында көрсетілген. ISSN нөмірін беру үрдісі 75 Ұлттық орталықтарда іске асырылады. Олардың жұмысын ЮНЕСКО мен Франция өкіметінің қолдауымен, Парижде орналасқан Халықаралық орталық үйлестіріп отырады.

Бұл стандартты нөмір дүние жүзінде кеңінен қолданылады. Олар кітапханаларға, баспасөзге жазылым жүргізетін агенттіктерге, ақпараттық кеңістікте жұмыс жасайтын зерттеушілер мен ғалымдарға, жаңалықтар агенттігіне т.б. қажетті. ISSN ұйымының желісі халықаралық әріптестіктің кең көлемді бағдарламасын іске асырып келеді. Ол желі бүгінгі күні 239 елді қамтиды және тұрақты кеңейіп келеді.

Ұлттық ISSN агенттігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының құрамында жұмыс жүргізеді, Парижде (Франция) орналасқан Халықаралық ISSN орталығының нөмірлер блоктарын таратады.

ISSN жүйесі, баспагерлерге, кітап саудагерлеріне, кітапханашыларға, ғылыми қызметкерлерге сериялық басылымдарды, сұранысқа қарай, дүние жүзінде қалыптасқан тәсілмен таратуға көмектеседі, қажетті басылымды іздеуді және оған тапсырыс беруді жеңілдетеді, сериялық басылымдарды тұтынушыға жеткізудің барлық кезеңінде қолданылады.

ISSN әрбір сериялды ерекшелейтін, сериялдық басылымдардың шығыс хабарламаларында міндетті түрде көрсетілетін элементі болып табылады. Сандық ISSN негізінде сериялық басылымдарға штрих-код беріледі.

ISSN жүйесі 130-дан астам елдерде қолданылады. Басылымда көрсетілген сандық кодты қолдану мынандай жұмыстар атқаруға көмектеседі:

ілеспе құжаттар санын қысқартуға, баспалардың полиграфия кәсіпорындарымен, кітап таратушылармен және кітапханалармен қарым-қатынасын жеңілдетеді;

автоматтандырылған ISSN жүйесін қолдану, басылым туралы ақпаратты ұлттық және халықаралық деңгейде іздеуді жеңілдетеді, қаражат пен уақытты үнемдеуге көмектеседі.

ISSN нөмірлері мен штрих-кодтары ұлттық баспа өнімдерін библиографиялық есепке алу мен статистика үшін маңызды даралау элементтері болып табылады және ЮНЕСКО, ИФЛА сияқты халықаралық ұйымдары, баспагерлердің Халықаралық ассоциациясы кеңінен қолданады.

58. ISMN- Халықаралық музыкалық басылымдар номері стандарты Агенттігіне сипаттама.

Халықаралық музыкалық басылымдарды стандартты нөмірі ISMN (ағыл. International Standard Music Number) – ноталық басылымдар үшін он орында әріптер мен сандардан тұратын стандартты нөмір. Стандарт ISO (ISO 10957) негізінде жасалған. Халықаралық музыкалық басылымдарды стандартты нөмірлеу, ISMN (ағыл. International ISMN Agency) Халықаралық агенттіктің басшылығымен жүргізіледі. ISMN Халықаралық агенттігі, ISMN жүйесіне кіретін елдердегі ұлттық ISMN агенттіктеріне ISMN нөмірлерін орталықтандырылған түрде таратады.Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6-сәуірдегі №270 Қаулысымен, ISMN ұлттық агенттігінің қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жүктелген. Ұлттық ISMN агенттігі өз қызметін 2007 жылдан бастаған және Берлиндегі (Германия) Халықаралық ISMN Агенттігі берген ресми сертификаты бар.Берлиндегі (Германия) Халықаралық ISMN Агенттігі, ISO 10957 стандарттарына сәйкес құрылған ұйым болып табылады, өз кезегінде музыкалық өнімдерді дүние жүзі бойынша халықаралық стандарттау үшін жауапты.Ноталық басылымдарға ISMN және ISBN нөмірлерінің екеуі қатар берілуі мүмкін. ISMN стандартты нөмірінің ISBN нөмірінен ерекшелігі, онда баспагерлерді мемлекеттер бойынша бөлу көрсетілмеген.Музыкалық шығармалар басылымдарының Халықаралық стандартты нөмірі, қай тілде басылғанына қарамай, ISMN аббревиатурасы жазылады, содан кейін латын әрпі «М», және сызықшалар арқылы үш топқа бөлінген 9 саннан тұрады.

Тіркелушінің ISMN жүйесіндегі нөмірі, нақты баспагерді анықтайды.

Қазақстандық баспагерлер тіркелушінің нөмірін Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы құрамындағы Ұлттық ISMN агенттігінен алады.

Баспагердің нақты басылымын, оған берілген ISMN нөмірі ерекшелейді.

Соңындағы бақылау саны, ISMN нөмірінің сандық бөлігінің дұрыстығын бақылау үшін қажет.

Басылымның штрих-коды ISMN. ISMN негізінде құрылады және әріптер мен сандар комбинациясы түрінде штрих-код графикасының үстіне басылады.

Бірнеше баспагерлер бірлесіп шығарған басылымның штрих-коды, әріптес баспагерлердің бірінің ISMN нөмірі негізінде жасалады.

ISMN нөмірі мына басылымдарға беріледі:

-ноталық басылымдарға, оның ішінде музыкалық шығармалардың ноталары жазылған электронды басылымдарға;

сериялық ноталық басылымдардың, жалпы атауынан бөлек дербес атаулары бар жеке шығарылымдарына;

музыкалық шығармалардың ноталары жазылған немесе, музыкалық шығарманың орындалуы жазылған мультимедиалық басылымдардың бөліктеріне;

аудио басылымдарға, оның ішінде музыкалық шығарманың орындалуы жазылған электронды аудио жазбаларға;

видео басылымдарға, оның ішінде музыкалық шығарманың орындалуы жазылған электронды видео жазбаларға;

микро пішімдегі ноталық басылымдарға;