Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шетел баспасы шыгару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

55.Халықаралық Баспагерлер Ассоциациясына сипаттама.(Международная Ассоциация Издателей- маи) .

Халықаралық Баспагерлер Ассоциациясы – тәжірибелі баспагерлер ұйымдарының ассоциасиясы. 1896жылы Париж қаласында құрылған. Бұл ұйымның басты мақсаты баспагерлердің құқығын қорғау болып табылады. ХБА конференцияларға белсене қатысып, баспагерлердің мәселелерін, олардың авторлық құқықтарын, кітап айырбасын талқылайды. ХБА жылына аз дегенде бір рет кездесіп отырады. ХБА 3 бөлімнен тұрады:

Музыкалық секция

Баспагерлердің ғылыми-техникалық, методикалық тобы

Батыс-Шығыс және Тынық мұхиты аралындағы

Басқару органы –ХБА ұйымының барлық ассоциациясымен мүшелері көрсетілген халықаралық комитет. Франкфурд кітап жәрменкесінің уақытында Жылына бір рет кездесіп тұрады.Ұлттық ассоциацияларды біріктіретін үлкен ірі ұйым .ХБА төрт жылда 1 рет съез жүргізіп отырады, ол жерде 4 жылдық айналымға президент сайлайды . Вице – Президент (штаб – квартирасы Женеве қалалсында).ХБА ғылыми –техникалық әдебиеттерге көп көңіл бөледі, STM техникалық прогресс бөлігі ретінде –кітап әлеміндегі және ХБА музыкалық кітап шығару ісіне басты назар аударады.

56. Isbn- Халықаралық кітап номері стандарты Агенттігін талдау.

Халықаралық кітаптардың стандартты нөмірі ISBN (ағылшын. International Standard Book Number) – кітап саудасы желісінде кітаптарды тарату, басылымдармен жүргізілетін жұмыстарды автоматтандыру үшін қолданылатын, ерекше нөмір. ББК, УДК, авторлық белгілерімен бірге, ISBN баспа ісі пакетінің бір бөлігі болып саналады.

Бұл Стандарт, 1966 жылы, кітаптарды 9 орынды нөмірлеу Гордон Фостер Стандарттары (ағыл. Standard Book Numbering (SBN) code) негізінде жасалған. 1970 жылы аздаған өзгертулер енгізіліп, халықаралық ISO 2108 Стандарты ретінде қабылданған. 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап, штрих-кодтары сәйкес келетін, 13 орынды нөмірлеудің жаңа ISBN стандарты енгізілді.Сондай-ақ, ISBN көрсеткішіне жыл сайын баспалар мен басылым шығарушы мекемелер туралы мәліметтер (мекен-жайының, телефондарының өзгеруі туралы, факсы, редакторы, директоры, баспаның кімге тиістілігі т. с. с.) беріп тұрады. Сонымен бірге, «Новости ISBN» журналына мәліметтер береді, Қазақстандағы баспа қызметі туралы ЮНЕСКО-ға анықтамалар береді.

Баспаға ұлттық ISBN агенттігі код береді, бұл кезде баспа шығарған өнімінің саны, болашақта шығаруға жоспарланған өнімнің көлемі ескеріледі. Ірі баспагерлерге, басылымдарын нөмірлеуге көбірек орын қалдыру үшін қысқалау нөмір беріледі.

Аз таралыммен басылатын, немесе жеке пайдану үшін шығарылатын басылымдарға ISBN нөмірін бермеуге болады.

ISBN жүйесіне қосылу, баспагерлерге мынандай жауапкершіліктер жүктейді:

тек Ұлттық ISBN агенттігі берген ISBN нөмірлерін қолдануға;

басылымға ISBN нөмірін беруге, оны басылымда көрсетуге, және орналастыру ретін сақтауға;

өз басылымдары үшін, басқа басылымның ISBN нөмірін рұхсатсыз пайдаланғаны үшін;

басқа баспагерге ISBN нөмірін рұхсатсыз бергені үшін;

пайдаланылған ISBN нөмірлері туралы, басылым атауының, заңды мекен-жайының өзгерісі туралы, қызметінің тоқтатылғаны туралы Ұлттық ISBN агенттігіне хабарлауға;

баспаның атауы өзгерген жағдайда, және ISBN жүйесінде қарастырылған басқа жағдайларда тіркеу нөмірін дер кезінде алуға міндетті.