
- •4.Шетел баспа саласындағы «Әдеби агент институты»
- •6. Халықаралық Франкфурт кітап жәрмеңкесі.
- •8. Халықаралық жәрмеңкелердегі «Құрметті қонақ». ?
- •9. Франциядағы кітап зерттеу орталықтары.
- •13.Ұлыбритания баспалары, алғашқы баспагерлері. «Смит и сыновья»
- •19. Отандық кітап нарығын дамыту жолдары.
- •21.Германияның кітап сауда бірлестігі (Объединение Германской
- •23.Италия кітап нарығы. Италияның үлкен кітап фирмалары
- •25.Жапондық манга. Жапония кітаптарының эстетикалық ерекшеліктері.
- •26. Корея баспа саласы. Оңтүстiк Корея Республикасы
- •28.Пекин және Шанхай - Қытай баспа саласының орталығы. Қытай комикстері
- •29.Түркия кітап баспа саласы. Түрік баспа саласының тарихынан.
- •30.Египет баспа саласының дамуы.
- •31.Германияның "Бертельсманн" баспа жүйесіне сипаттама.
- •32.«International Literary Market Place» каталогына сипаттама.
- •33.«Publishers’ International Directory with isbn Index» анықтамалығын талдау.
- •34.Париж кітап салоны туралы талдау. (Париж,Франция)
- •35.Францияның «Ашетт» концерніне сипаттама.
- •36.Францияның «Ларусс», «Галлимар» баспа салаларына сипаттама.
- •37.Калькута халықаралық кітап жәрмеңкесіне талдау (Калькутта,Индия).
- •38.Токио халықаралық әмбебап кітап көрме- жәрмеңкесіне сипаттама (Токио, Жапония)
- •39.Белград халықаралық кітап жәрмеңкесіне сипаттама (Белград. Югославия)
- •40.Италияның «Mondadori» баспа бірлестігіне талдау.
- •41.Италияның «Rizzoli» (Риццоли) баспасына сипаттама.
- •43.Кембридж университетінің баспасына сипаттама.
- •44.«Макмиллан и к», «Логмен групп», Блеквелл» (Ұлыбритания) баспаларын жіктеу.
- •45.Прага халықаралық кітап жәрмеңкесі және жазушылар фестиваліне сипаттама.(Прага. Чехия)
- •46.Болонье халықаралық балалар жәрмеңкесіне сипаттама (Болонья, Италия)
- •47. «Мак Гроу-Хилл Пабликейшенс Компани», Straus &Giroux - баспаларын жіктеу.(Америка)
- •48.«Даблдей к», «Пергамон пресс» баспаларына сипаттама.(Америка)
- •49.Америка «Comic book», «Pocket book», «paper back», басылымдарын талдау.
- •50. «Коданся» баспасы. «Каданся International» халықаралық байланыстарына сипаттама. (Жапония)
- •51.Халықаралық Мәскеу кітап жәрмеңкесіне смпаттама. (Мәскеу. Ресей)
- •52.Қазақстан Баспа және кітаптаратушылар Ассоциациясына сипаттама.
- •53.Ресейдің кітап нарығындағы алдыңғы қатардағы баспалары: «аст», «эксмо», «Дрофа» баспа үйлерінің қызметтеріне қарай талдау.
- •54. Француз ұлттық кітапханасына сипаттама.
- •55.Халықаралық Баспагерлер Ассоциациясына сипаттама.(Международная Ассоциация Издателей- маи) .
- •56. Isbn- Халықаралық кітап номері стандарты Агенттігін талдау.
- •57. Issn- Халықаралық мерзімді басылымдар номері стандарты Агенттігіне сипаттама.
- •58. Юнеско баспа саласына сипаттама жасау.?
- •59. Бұұ (оон) баспа саласына сипаттама жасау.
- •60.Кітап әлемінде – электронды басылымдардың болашағы туралы талдау жасау.
53.Ресейдің кітап нарығындағы алдыңғы қатардағы баспалары: «аст», «эксмо», «Дрофа» баспа үйлерінің қызметтеріне қарай талдау.
Баспалар арасындағы, ортақ бағытта жұмыс істейтін, барлық катигориядағы оқырмандарының көңілінен шыққан,5 жыл бойы кітап пен брошюра шығарудан, өзінің жұмысын тыңғылықты және әр жыл сайын басылымдарын көбейтіп, өз дәрежесін күннен күнге дамытып келе жатқан баспалардың бірі "АСТ" баспасы. Мемлекеттік емес баспа,1993 жылы қалыптасқан, 2003 жылы ортақ тиражбен 40 млн экз. баспа басып шығаратын өнімдер, жаңа отандық жазушылардың басылымдары. Мысалға Ю. Нагибина В. Васильеваның оған қоса детектив жанрындағы басылымдарды, киноромандарды, сонымен қатар басқа да оқығанға оңай жеңіл басылымдарды басып шығарады. 1994-1996 жылдары детектив жанрында жазылған оқиғаларды серяларымен шығарды. Мысалға: " Лабиринты сыска" , "Шляпа".1990 жылдың аяғынан бастап баспа классикалық әдебиет серяларын басып шығара бастайды. " Зарубежная проза ХХ века" атты серя 2001 жылдан бастап басып шығарылып, 2003 жылдан бастап 40-қа жуық басылымдар, оған қоса А. Хейлидің, Б. Шоудың, А. Мердок және У. Фолкнердың басқада өткен ғасырдың классиктерінің туындылары жарық көрген болатын. Эксмо 1991 жылы кітап таратушы мекеме ретінде құрылды. Сол кезде кітап сұранымы жоғары болатын. Олар кітап тарату аркылы, оқырманға қандай кітап қажет екенін аныктай отырып. Өздері де кітап шығаруға кірісе бастады. 1993 жылдан бастап баспа кызметін бастады. Ең алғашқы кітабы Иванова, Черкасованың тарихи раман кітабы болатын.1995 жылдан бастап Эксмо Росиядағы бес ірі баспаның қатарына қосылды. Баспа ісін алға шығарган кітаптің бірі 3 жыл бойы, 1 милн астам тиражбен шығып отырған Даниила Корецкогоның “Антикиллер” кітабы болатын.1998 жылдан бастап баспа барлык салада кітап шыгара бастады.1998-2003 жылдар аралығында баспа Ресей бойынша ең біріншіорында келді. Қазіргі кезде Эксмо жылына 8 мыңға жуық кітаптар шығарады
Қазігі таңда белгілі баспалардың бірі Дрофа баспасы. Бұл баспа 1991жылдан бері жұмыс жасап келеді. 1997-1998 жылдар аралығында « Мектеп алды даярлық» кітабын шығарды. Дрофа баспасы көркем әдебиет, детектив жанры және махаббат жыры туралы көптеген кітаптар шығарды.
54. Француз ұлттық кітапханасына сипаттама.
Францияда кітап зерттеу ісімен қоғамдық, ассоциациялар, кітапханалар, институттардың ғылыми – зерттеу орталықтары айналысады. Кітпханатану және библиография сонымен бірге кітаптану мен кітап тарихы саласында үлкен зерттеулер жүргізетін- Орталық зерттеу ұйымдары- Француз ұлттық кітапханасы және Француз кітапхана ассоциациясы болып табылады.
Француз ұлттық кітапханасының қорында 15 ғасырдан француз короліне тиісті коллекциялардан басталатын өте бай қыр сақталған. «Баспа өнімдерінің ұлттық кітапхана шығарған жалпы каталогы. «Авторлық серия» деген көп томдық көрсеткіш шығарды. Бірінші томы 1897 жылы шыққан. 220 томнан тұрады. 1811 жылы Ұлттық кітапхана «Франция библиографиясын» шығаруды бастады. 1957 жылдан «Бюллетень библиографической документации» шығарады. Сол сияқты көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Француз кітапхана ассоциациясы. 1906 жылы құрылған. Жыл сайын ұлттық сьездері өтіп тұрады. Оның қорытындысы «Информационный бюллетеньдерінде» жарияланып тұрады. «Чтение и библиотека» тоқсандық жинақ, «Библиотечные тетради» т.б. көптеген мерзімді басылымдары шығады, барлығында да кітап шығару, кітап оқу, кітап зерттеу мәселелері көтеріледі.
Францияда кітап тіркеу міндетті даналарды алумен байланысты.
«Франция библиографиясы» анықтамалығы, 1967 жылы шыққан «Фланцуз тіліндегі кітаптар. Баспагерлер репертуары» анықтамалықтары бар. 1971 жылы «Кітаптаратушылар мен баспагерлер одағы» екі анықтамалық шығарды. «Международный репертуар издателей французского языка» және «Ежегодник прессы и рекламы» деген анықтамалықтарын шығарды.