Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шетел баспасы шыгару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

51.Халықаралық Мәскеу кітап жәрмеңкесіне смпаттама. (Мәскеу. Ресей)

Мәскеуде XXV Халықаралық кітап жәрмеңкесі ашылды. Бұл мерекені жылдың басты әдеби оқиғасы деп атауда.Бұл жолы құрметті қонақтар –француздар болды. Жәрмеңкеге алғаш рет студенттер тегін кірді. Мәскеу халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің бағдарламасынан Андрей Битовтың, Дмитрий Быковтың, Владимир Войновичтің, Эдвард Радзинскийдің, Захар Прилепиннің, Михаил Елизаровтың, Дмитрий Глуховскийдің және басқалардың есімдерін көруге болады. Жәмеңкеге келушілермен Артемий Троицкий, Тимур Бекмамбетов, Сергей Соловьев, Леонид Парфенов, Владимир Соловьев және т.б. қаламгерлер кездесті.Бұл шараға қатысушы 2500 ұйымдар мен қатысушылар Бүкілресейлік Көрме Орталығының ең ірі павилондарынанорыналды. Кітап көрме-жәрмеңкесіне Қазақстан, Франция, Сауда Арабиясы, Финляндия, Швеция, Израиль, Ұлыбритания, Литва, Латвия, Эстония, Венгрия, Иран, Әзербайжан, Польша, Словакия, Словения, АҚШ, Қытай, Индия, Вьетнам, Египет, Голландия, Куба, Албания, Туркия,, Армения, Молдова, Болгария, Сербия, Италия, Испания, жалпы 82 елден келген өкілдер кітаптарын қойды.  Қазақстан Республикасынан барған өкіл Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің Баспа бағдарламалары басқармасының бастығы Райхан Мәженқызы Мәскеудегі бұл көрмеге "Алматыкітап"- директоры Э.Баталова, "Жазушы"- директоры Е.Раушанов, "Раритет"- директоры З.Тен, "Балалар әдебиеті"- директоры Ш. Байкенова, "Өнер"- директоры Ә.Көпішев, "Сансам"- директоры П.Ким, "Атамұра", "БаурПлюс", "Қазақ энциклопедиясы", "Қазақстан", "Жалын", "Балауса", "Санат", "Қайнар", "Таймас" және басқа баспалардың мемлекеттік бағдарламамен және өздерінің бағдарламасымен шығарған кітаптарын қойды. 7 қыркүйекте XXI Мәскеу халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында осы жылдың маусым айында мәскеуде баспа және бұқаралық коммуникация Мемлекеттік комитеті қорытындысын шығарған ТМД мемлекет-қатысушыларының "Кітап өнері" халықаралық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау шарасы өтті.  Қазақстандық кітаптар арасынан "Өнер" баспасынан жарық көрген Р.Мәженқызының "Кітап-ғасыр мұрасы" атты кітап-альбомы "Ынтымақтастықә номинациясы бойынша екінші орын алып, "Гран-при" жүлдесін иеленді. Немат Келімбетовтың "Атамұра" баспасынан 2007 жылы шыққан "Қарилар" атты эссе- кітабы "Біздің замандастарымыз" номинациясы бойынша ТМД басылымдары арасында үшінші орын алып, баспа өкіліне көрменің дипломы берілді. Көрмеге қазақстандық кітаптардан көркем әдебиеттер "қазіргі және классикалық) және балалар әдебиеттері, өнер бойынша альбомдар, сондай-ақ әдебиеттану, әдебиетзерттеу туралы кітаптар, "Мәдени мұра", "Қазақ прозасының алтын қоры", "Алаш мұрасы" "Алтын қор" сериялары бойынша орыс және қазақ тілдерінде әдебиеттер қойылды.

52.Қазақстан Баспа және кітаптаратушылар Ассоциациясына сипаттама.

Қазақстан Баспагерлері мен кітап таратушылары Ассоциациясы (БКА) – баспа ісі мамандарының (баспагерлер, полиграфистер, кітап таратушылар және баспа саласына кадрлар дайындайтын оқу орындары) басын қосатын үкіметтік емес қоғамдық ұйым.

БКА 1997 жылы 8 тамызда құрылған. БКА-ның негізгі міндеттері:

Қазақстан ұлттық кітап шығарушылары өнімдерінің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар атқару, сонымен қатар баспа саласында заң шығарушы, нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру мен жетілдіру жұмыстарына қатысу;

Қазақстан Республикасының жалпы мүліктік, экономикалық және кітап шығарушы субъектілерін қорғау;

Республикалық қана емес, бүкіл әлемдегі әріптестер арасындағы түсіністікті дамыту, баспа ұйымдары арасында іскерлік байланыс орнату;

Ұлттық баспа ісін дамыту үшін қолайлы құқықтық жағдай жасап, ұлттық кітап шығару ісін дамытуға қолайлы қоғамдық орта қалыптастыру;

Халықаралық деңгейде баспагерлер ортасында әріптестер тарту, заманауи тенденциялар мен оқырмандар сұранысын ескере отырып, баспалардың өзекті мәселелерін шешу мақсатында өзара ықпалдастық жасау;

Халықаралық ұйымдар, мемлекеттік ұйымдарға негізделе отырып, кітап шығарушылар мен кітап таратушылар құқығын қорғап, олардың кәсіби мүдделерін қорғауға алу;

Ірі әлеуметтік маңызды бағдарламалар мен жобаларды біріге отырып жүзеге асыру.

Қазіргі кезде БКА-ның құрамында 40-тан астам баспа, кітап сатушы ұйым және полиграфиялық мекеме бар. Қазақстан баспагерлері мен кітап таратушылары Ассоциациясының президенті Сейдуманов Жанат Тұрарұлы.

Он бес жыл ішінде Ассоциация көп жұмыс атқарды. 2001 жылдан бастап БКА құрылтайшылығымен Алматы қаласында екі жылда бір рет "Ұлы Жібек жолы" Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі өткізіліп келеді, жыл сайын Франкфурт, Мәскеу және басқа да халықаралық жәрмеңкелерге қатысу, баспагерлер мамандардың білім деңгейін жетілдіруге бағытталған және еліміздің полиграфистеріне арналған әртүрлі курстар мен семинарлар өткізіп отырады.