Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шетел баспасы шыгару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

43.Кембридж университетінің баспасына сипаттама.

«Кембридж университетінің баспасы» - 1534 жылы құрылған.1938 жылдан Лонданда. 1942 жылы АҚШ – та филиалы ашылған. Баспа негізінен ғылыми, оқулықтар, бар салада кітаптар шығарады. Жылына 300 атаумен кітап, 40 ғылыми журнал шығарады. Сонымен бірге сериялық басылымдарды шығарады.

44.«Макмиллан и к», «Логмен групп», Блеквелл» (Ұлыбритания) баспаларын жіктеу.

Англияда ертеден келе жатқан «семьялық» баспалар да бар. Солардың ішінде «Макмиллан и К», «Логмен групп», «Блеквелл» баспалары бар. Бүгінгі күнде 15 ке тарта баспа жұмсақ мұқабада «карманные книги» сериясын шығарады. «Макмиллан К» оқулықтардың барлық түрін шығарады, балалар әдебиетінен «Классики детской литературы» сериясын шығарады. «Макмиллан К» компаниясының 9 елде салалық бөлімдері бар. Сонымен бірге әрине, Европа мемлекеттерінің де олармен бірге қызмет жасауға ынталары бар. ХХ- ғасырдың бірінші жартысында әмбебап алдыңғы қатарлы баспа саласында «Макмиллан К» акционерлік қоғамы алдыңғы қатарды иеленді. «Макмиллан К» жылына 600 тек қана жаңа басылымдар шығарып тұрды. Ағайынды Александр және Даниэл Микмиландар негізін салған «Микмиллан и К» 1843 жылы өз жұмысын бастайды. Олар өз жұмыстарын ең бірінші Шотландияда кітап сатумен бастайды, одан Лонданға келіп баспа саласының негізін салады. 1869 жылы «Микмиллан и К» АҚШ-та өз филиалын ашады. Одан соң Акционерлік бірлестік болған соң әлем баспагерлеріне белгілі болады.

Бүгінгі күнде Ұлыбритания баспа саласындағы жағдай барлық Европа мемлекеттеріндегідей деп айтсақ та болады. Көп басылымдарын шет елге шығаруға ұмтылады.ХIХ ғасырда семьялық баспагерлермен қатар , акционерлік қоғамдар, баспа компаниялары жұмыс істей бастайды. Солардың ішінде 1724 жылы негізі салынған «Лонгмен» баспасы ерекшеленді. В.Скоттың, Дж.Байронның шығармалары басылды. Мысалы «Лонгман групптің» шет елдерде өте көп филиалдары бар, әсіресе ағылшын тілді Африка елдерінде. Американың мектеп оқулықтарын шығаратын үлкен «Аддисон Уэсли» баспасына иелік етеді. Сонымен бірге шетелдермен кітап алмасу, бірігіп кітап шығару, авторлық құқық, кітап сату саласында да бірлесіп жұмыс атқарып келеді.

45.Прага халықаралық кітап жәрмеңкесі және жазушылар фестиваліне сипаттама.(Прага. Чехия)

Жыл сайын Прагада халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді. Бұл жәрмеңкеге 36 мемлекеттің әдеби өнімдері көрсетіледі.

Биыл «Выставиште» (Прагада) 17 мамырда «Кітап әлемі» атты кітап жәрмеңкесі болып өтті.

«Кітап әлемі» жәрмеңкесіне бұл жылы бір ғана мемлекет емес, Қара теңіз жағалауындағы барлық мемлекеттерде: Болгария, Грузия, Ресей, Украина және Түркия қатысты. Жәрмеңкеге сондай-ақ баспагерлер мен қара теңіз жағалауындағы жазушылар шақырылды.Биылғы жәрмеңкенің сыйлы қонағы - Румыния, себебі бұл делегация өзіне 80- нен аса жазушыны, және режиссерларды қосты. Бұл жылы жәрмеңкенің басты тақырыбы - Қара теңіз жағалауындағы орталықтардың әдебиеті. Жәрмеңкеге келген қонақтармен арнайы ақын Людмила Улицкая сондай-ақ украйындық әдебиетші Антон Санченко кездесті . Батыстың баспагерлері мен Қара теңіз жағалауларындағы мемлекеттер бұл жәрмеңке жайлы көп біле бермейді. Сондықтан биыл басқа мемлекеттердегі авторлардан, «Кітап әлемі» жәрмеңкесі неміс ақындарына да көп көңіл бөледі. Биылғы жылы арнайы жоба немістің атақты прозайктарының бірі Божен Немцованың 150 жылдық мерей тойына арналып отыр. 30 жасқа дейінгі жас жазушыларға Неміс Союзының киноматографтары мен баспагерлер премиясы тапсырылды.«Кітап әлемі» жәрмеңкесін әдебиет фестивальі деп айтуға да болады. Себебі онда баспагерлермен қатар атақты жазушыларда қатысады. Биылғы жылы шақырылған қонақтар арасында израйльдық жазушы Меир Шалевте бар. Оның кітаптары орыс оқырмандарына жақсы таныс. Шалев Прагада өзінің «Русский роман» атты кітабын ұсынды. Бұл роман желісінде Шалев өзінің балалық шағын және ата бабаларының Ресейден Израильге келгені туралы баяндаған.