Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шетел баспасы шыгару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

40.Италияның «Mondadori» баспа бірлестігіне талдау.

Италияның ең үлкен «Mondadori» баспа бірлестігі. «Mondadori» 1907 жылы Миланда құрылған.1970-80 жылдары оның қаржы айналымы 250 миллион долларды құрған, оның 50 мил-н шетелдердегі филиалдарынан түскен. Оның шет елдегі бірлестіктері Нью-Йорк, Париж, Лондон, Мюнхен сияқты үлкен қалаларда орналасқан. «Mondadori» баспасының құрамында ең жаңа техникамен жабдықталған үлкен полиграфиялық бірлестік, қағаз фабрикасы, жарнама агенттігі, кітап сауда бірлестіктері шоғырланған. Полиграфиялық бірлестіктері негізі Милан мен Вероне қалаларында орналасқан. Қызметкерлер саны 2000-ға дейін кетеді. Оның құрамында аудиокітаптар шығару да бар. Шығаратын басылымдарының да тематикасы өте бай болып келеді, ғылым-білімнің бар саласын қамтиды. Онда сөздіктер, энциклопедиялар, философия, тарих, өнер, көркемәдебиет, балалар әдебиеті, оқулықтар шығарылады. Басылымдар жұмсақ мұқабада және қатты мұқабада шығарылады. Сонымен бірге мерзімді басылымдар да көп шығарылады. «Mondadori» бірлестігінің басылымдары өте жоғары редакциялаумен, әдеби безендіруімен, полиграфиялық жоғары спапасымен ерекшеленеді.Кітаптары өте сауатты басылады. «Mondadori» баспасынан шыққан «Гиганты мировой литературы» 28 томы, «Великие мужчины и женщины всех времен» 50 томдық, «Известные музеи мира» 15 томдық кітаптары мен бірге әлем өркениеті сериялары, «Гени искусства» серияларымен шыққан басылымдардың қай-қайсысында болсын иллюстрациялары өте көп. Кітаптарының сапасын айтар болсақ мысалы «Современные ученые и технологи» басылымында 1450 иллюстрация берілген. Бұл басылымды дайындауда 112 Нобель сыйлығының лауреаттары қатысқан. «Mondadori»

Басқа мемлекетпен бірлесіп шығаратын басылымдарға да қатысады.Мысалы Франкфурт жәрмеңкесінде «Mondadori» баспасымен бірлесіп шығарылған 40 басыоым қойылды. «Mondadori» кітап таратуда бұтақталған, салаланып кете беретін сауда жүйесін құрған. Осы жүйелер арқылы кітап тараты саласында үокен жетістіктерге жетіп жүр. Кітап рыногын зерттеу, жоспарлау саласында да өз беттерімен көп шараларды шеше алады.Осы жүйелері көптеген ұсақ жүйелерге бөлінеді, олар кітап магазиндерімен, агенттіктермен, кітаптаратушылармен тығыз байланысады. Бұл жүйе өз құрамында 300-ге тарта агенттікпен, сол сияқты киоскалармен жұмыс істейді. Шет елдерде 40- тан астам кітап магазиндері бар. «Mondadori» сонымен бірге кітап тарату ісінде Кітап клубтарының жұмысын жоғары бағалайды. Құрамында 265 мың мүшесі бар «Club degli Editori» клубы арқылы көптеген кітаптары таралады, 10% дейін қаржылары артады.

41.Италияның «Rizzoli» (Риццоли) баспасына сипаттама.

Келесі үлкен баспаларының бірі «Rizzoli» (Риццоли) Милан қаласында орналасқан, 1929 жылы негізі салынған. Құрамында 3 мыңнан аса қызметкерлер жұмыс атқарады. Оның құрамында бірнеше баспа біріктірілген. «Риццоли Эдиторе», «Эдиториале дель Коррнре делла Сера» газет-журнал шығарады.Ол үлкен концерн, сонымен бірге бұқаралық ақпарат саласына да ықпал етеді. Оның шығаратын кітаптарының тақырыбы; энциклопедиялар, қоғамтану кітаптары, филология, тарих, көркем әдебиет, оқулықтар, анықтамалықтар т.б. Сонымен бірге газет-журналдарды да көптеп шығарады. Фирма шет елдік кітап басушылармен тығыз байланыста, мысалы американ кітап рыногына тек қана Италия басылымдарын ғана емес, Франция, Германия басылымдарын да шығарады. Нью-Йоркте өз кітап дүкендері бар.

«Rizzoli» баспа-фирмасы жұмыстарының сапасының өте жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Мысалы Нью-Йоркте тапсырыс берген оқырманының заказын олао 48 сағаттың ішінде орындайды. Айтқан уақыттарында тапсырыс орындалмаса олар жауапкершілдіктерінің кеміп қалатынын жақсы біледі.

«Rizzoli» шетелдік баспалармен бірігіп жұмыс атқарады. Европа елдерінде шыққан кітаптардың каталогі француз, италиян, испан тілдерінде бірнеше рет шығарды. Өздерінің кітап клубтары бар. «Клуб Итальио дель Летторе».

42.Оксфорд университетінің баспасына сипаттама.Оксфорд университеті (ағыл. University of Oxford) - Ұлыбритания, Оксфордтық графствода, Оксфорд қаласында орналасқан университет болып табылады. Дүниежүзіндегі ең көне университеттерінің арасынан екінші орынды иеленуде ( Болонский университетінен кейін), дүниежүзіндегі ағылшын тілдік ең көне университет және де Ұлыбританиядағы ең бірінші университет болып табылады. Пайда болу уақыты дәл көрсетілмегенімен, ондағы оқу ХІ ғасырда болды деседі. Ұлыбритания мен Ирландияның "ең көне университеттерінің" және Ұлыбританияның 20 ең үздік университеттерінің "Рассел тобына" кіреді. Оксфорд - бұл тек университет ғана емес, ірі ғылыми зерттеу орталығы болып табылады. Оксфордта жүздеген кітапханалар бар ( Англияның ең көлемді кітапханаларының бірі), мұражайлар мен өзінің баспасы бар. Студенттер көптеген уақытын демалуға жұмсай алады - мұнда 300-дей сан қилы үйірмелер бар. «Оксфорд университетінің баспасы»-1585 жылы құрылған.Баспа белгісі -3 корон, үш негізгі міндетін білдіреді:ғылыми кітаптарды басу, ғылымды насихаттау және рентабельділігі.