Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шетел баспасы шыгару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

1.Отандық баспа жүйесі.Қазақстандағы кітап нарығының негізгі бағыттары, қазіргі ахуалы. 2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының баспа жүйесі ҚР Ұлттық мелекеттік Кітап палатасында тіркелген 314 баспалар мен баспа ісімен айналысатын ұйымдар көрсеткішімен белгіленеді. Баспа өндірісінің басым бөлігі Алматы қаласында орналасқан. Олардың саны – 218. Басқа аймақтар бойынша баспалар мен баспа ісімен айналысатын ұйымдар саны: Астанада – 29, Қарағандыда – 13, Шымкентте – 7 және Қазақстанның басқа да ірі қалаларында 2-ден 5-ке дейін саналады.Баспаларды бағыттары бойынша дәстүрлі (150-ден жоғары), жоғары оқу орындары баспалары (57), ғылыми-зерттеу бірлестіктердің баспалары (23), қоғамдық ұйымдар мен қорлардың баспасы (12), діни әдебиеттер шығаратын (8) және т.б. баспалар деп анықтаймыз.Республикамыздағы баспа жүйесінде мәтін теруден бастап, кітап өнімін оқырманына жеткізгенге дейінгі барлық өндірістік тетіктерді атқаратын ірі баспалардың орны ерекше. Олар бір мезетте баспаның да, полиграфиялық өндірістің де, кітап тарату ұйымының да жұмысын қатар атқарады. Олардың ішінде «Атамұра» корпорациясы мен «Алматыкітап» баспасын ерекше атап өтуге болады. Бұл баспаларда толыққанды кітап сату жүйесі қалыптасқан. Негізінде, «Атамұра» мен «Көкжиек» баспалары баспа өнімдерін Алматы, Астана қалалары мен еліміздің барлық облыстық орталықтарындағы дүкендер жүйесі арқылы таратады. Қазақстанның баспа жүйесінің аймақтық ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, қазақстандық кітап нарығының екі құрамдас бөлігі – астаналық және аймақтық болып бөлінеді.

Осы тұста айта кететін бір мәселе, кітап шығарушы ұйымдардың негізгі бөлігі аз көрсеткішпен кітап шығарған: мысалы, 176 баспа 5 кітаптан шығарса, 84 баспа бір-бір кітаптан басып шығарған.

2. Отандық кітап шығару ісі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша шығарылатын әдебиеттер. Қазақстанда мемлекеттік тапсырыс бойынша әдебиет шығару ҚР Мәдениет министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі, Дін істері агенттігінің қолдауымен жүзеге асады.

2011 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша әдебиеттер мына бағдарламалар бойынша шығарылды: «Мәдени мұра», «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған бағдарламасы», «Әлеуметтік маңызды әдебиеттер», «Кәсіби білім беру». Бұл бағдарламалардың әрқайсысын басып шығару үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат қарастырылады. Мысалы, Кітап палатасының деректері бойынша, 2011 жылы мемлекет 4 миллиардтан астам қаражат бөлсе, оның 1 миллиард 264 миллион 399 мың теңгесі ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінен бөлінді.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көркем әдебиет туындыларының басымдығымен 67 кітап басылып шықты. ҚР Кітап палатасы деректері бойынша, «Әлеуметтік маңызды әдебиеттерді шығару» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2011 жылы 489 кітап шыққан. Кітаптардың тақырыбы мен сипаты әртүрлі: оқулық, діни, саяси, ресми-құжатты деректі туындылар, оның ішінде басылымдардың басым көпшілігін көркем әдебиет құрайды. 2011 жылы Кітап палатасына баспа өнімдерінің дәстүрлі түрлерімен қатар (кітап, брошюра, ноталық басылымдар,т.б.) аудио кітаптар (24 атаудан тұратын басылымның 12-сі – балаларға арналған ертегі, 4-уі оқу әдебиеті, 8-і көркем әдебиет) және электронды кітаптар (42 атаудың 29-ы мерзімді басылымдар болса, 13- оқу әдебиеті) тіркелді. Осыған байланысты, басылымның осы түрлерін өңдеу мен сақтауға байланысты мәселе туындады. Кітап палатасында аудио және электронды кітаптар сақтау үшін арнайы депозитарий құрылды.

3. «Мәдени мұра» бағдарламасы, қабылданған жылы. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді.Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ.Қазақстан тарихында гуманитарлық акция ретінде жүргізілетін «Мәдени мұра» бағдарламасы бұдан әрі қарыштап дами бермек.

4.Шетел баспа саласындағы «Әдеби агент институты»

Баспа агенттерінің жұмысы- Халықаралыө көрмелерге қатысу. Франкфурт көрме-жәрмеңкесі, Болоньеде өтетін балалар кітап жәрмеңкесі, испандық кітап салоны «Либер» сияқты жәрмеңкелер кітап басылымдарына жол ашатын бірден – бір орындар. Бұл көрмелердің ерекшелігі мұнда кітап сатылмайды, көбінесе келісім-шарттар жасалады. Екінші түрі- кітап салоны олар- Париж, Женева, Брюссель; Монреаль.халықаралық жәрмеңкелері, мұнда бәрін жасауға болады. Көрермен де көп болады. Үшінші жолдар- Лондон, Лейпциг кітап жәрмеңкелері.

Кітап басып шығару ісінің пайда болуы ( И.Гуттенберг1445) жылы ойлап тапқан. Неміс әдебиеті 1949 жылы мемлекет екіге бөлінгеннен кейін, шартты түрде ГДР және ГФР әдебиеті болып дамыды. ГДР соц. идиологияның ықпалында болды. Герман Демократиялық Республикасы құрылғаннан кейін жаңа баспалар ашыла бастады. Сол кездерде ашылған баспалар «Der Kinderbuchverlag», 1952-0954 жылдарда ғылыми баспа, музыкалық баспа, сатиралық баспа, неміс әскери баспасы, т.б. баспалар салынды. 1970 жылы 78 баспа тек кітап шығару ісімен айналысқан. Бұл жерде газет-журнал басатын баспалар, жеке меншік баспалар, діни кітаптар баспалары есептелмеген. Шығарған өнімдерінің құрылымына келсек, 22 баспа қоғамдық-саяси және ғылыми, 15 баспа техникалық және ауылшаруашылық басылымдарын, 4- медициналық, 16 көркем әдеби, 6 балалар әдебиетін, 7 музыкалық әдебиеттерді, 3 көркемөнерден кітап басылымдарын шығарған.

5.Қытай аудио-видео, электронды кітап басылымдарының дамуы. Қытай – әлемге белгілі, өркениетті дамыған, өзінің бай тарихы бар мемлекет. Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі – қағаз жасау (2 ғ.). Астанасы - Бейжің. Ірі қалалары - Гуанчжоу, Шанхай.

Жалпы әлемдегі ақпарат саласының тез дамуы, Қытай мемлекетінде электронды басылымдардың қарқынды дамуына жол ашты. Қытай баспа саласында 568 баспа және 292 ұйым аудио- и видео өнімдерін шығарады. Мелекет негізі басылым әдебиеттерінің жоспарын жасап, жақсы жобаларға сыйлықтар тағайындап отырады, бұл әрине бпспа саласының дамуына жақсы әсер етеді. Электронды кітап басылымы да қарқынды дамуда. Қытай мемлекетінде 130 дан астам баспалар тек электронды кітаптар басады, жылында 3000 нан аса атаумен басылым шығарады. Электронды басылымдардың ішінде де бүгінгі күнде өз бестселлері бар. Атап айтсақ : «Қытай энциклопедиясы», «Қытай халық бейнелеу өнері», Қытай формакопеясы», «Қытай иглотерепиясы», «Гугун император сарайы» т.б. көптеген сериялармен шыққан басылымдарды атауға болады.

Қытай саясатының жан-жақты ашық түрде дамуы баспа саласында да шет елдермен жақсы қарым- қатынас орнатты. Баспа саласында бүгінгі күнде Қытай : Ресей, АҚШ, Англия, Германия, Жапония, Румыния, Италия, Египет, Канада, Франция, Сингапур, Малайзия, Австралия, Жаңа Зеландия, Голландия, Бельгия, Швеция т.б. мемлекеттермен қарым- қатнаста. Қытай мемлекеті кітап басылымдарын жарнамалауда және баспа саласында бәсекелестікте халықаралық көрмелеге үзбей қатысуда. Бұл әрине Қытай баспа саласының халықаралық ықпалын және баспа ісінің даму қарқынын көрсетеді. Қытайда баспа өнімдерінің импорты мен экспорты да қарқынды дамуда. Қытай мемлекетінің баспа өнімдерінің шет елдерде шығуында «Қытай халықаралық баспа саласының корпарациясы» үлкен роль атқарады.