
- •Түркістан-2011
- •2. Курстың құрылымы:
- •3. Оқулықтар мен web сайттар тізімі
- •4. Бақылау түрлері:
- •5. Студенттің білімін бағалау ережесі
- •6. Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
- •1. «Түркі» этносы және этнонимі
- •2.Түркі этносы және халықтары, олардың территориялық орналасуы
- •Лекция тақырыбы: Салжұқтар мемлекеті
Лекция тақырыбы: Салжұқтар мемлекеті
1. Ұлы салжұқ мемлекетінің құрылуы
2. Ішкі және сыртқы саясаты
3. Кіші Азиядағы Салжұқ мемлекеті
«Түркия тоғыз ғасыр бойы Еуропада түрып келеді. Түріктер әуелде Анадолыда тамыр жайды да, кейін бүл олардың басты қоныс-өрісіне айналды.
Анадолының өзі — ежелгі өркениет ошағы. Археологиялық қазбалар өркениет дамуының алғашқы қауым мен қола дәуірінен бастап, оның кейініректегі дамыған сатыларына дейінгі күллі кезендерінің болғанын дәлелдеп, дәйектеп береді. Кіші Азияда, Анадолыда пайда болған Хеттер мемлекеті ең ескі мемлекет болып табьшады. Оның өмірі онша үзақ болмаса да, артына өжептәуір мөдени із қалдырды. Ол қүла-ғаннан кейін Анадолы үзақ уақыт өз тәуелсіздігінен айыры-лады. Оның жері үдайы: әуелі парсылардың, сонан соң грек-римдердің жортуьш-жорығынан көз ашпады».
Византияда империя қүралған соң ғана оның тәуелсіздігі қалпына келтірілді, бірақ батыс, шығыстың жортуыл-жорықтары бір толастамады.
Түріктердің алғашқы ата қонысы Анадолы жерінде 1071 жылы Маласкерт шайқасынан кейін пайда болды. Сүлтан Осман 1299 жылы жаңа мемлекеггің негізін тап осы арада қалайды. Алғашқы кезде ол шағын ел болады, ал Византия империясы әлсіреген сайьш оның иелігіндегі жерлер де кеңейе түседі. Хеттер сияқты түріктер де Анадолының Саяси және моральдық бірлігін нығайтуға көп көңіл бөлген. Кіші Азиядағы түріктер түркі тілінде сөйледі. Түріктің көпшілігі мүсылман-суннит дінін үстайды. Түріктің этникалық қүра-мы, негізінен екі топтан: селжуктар кезінде XI—XIII ғасыр аралығында Орта Азия мен Ираннан Кіші Азияға қоныс аударған түркілердің көшпелі тайпаларынан (негізінен Оғыздар мең Түрікпендер) және Азияның түрғын халқынан қүралған. Түрікгің біраз бөлігі Кіші Азияға Балқан арқылы (уздар, печенеггер) өтті. Түрікгің тарихы жайында ежелгі жазба деректің ең қүндысы — армян деректері. Мовсес Хоренацидің (V ғ.) «Армян тарихы» мен VII ғасырдағы армян «Географиясында» Түрік тайпаларының Кавказ сырты мен Кіші Азріяның шығыс аймағына қоныс аударуы жазылады. Мовсес Клган-катвавдың «Агван тарихыңда» сувер мен хазар-лардың Кавказ сыртымен, Кіші Азия халықтарымен қатысы баяндалған. XI—XIII ғасырлардағы армян жазбаларында оғыздар түрікмеңдердің селжук шапқыншылығы кезінде Кіттті Азияға өткені жазылған. Сонымен қатар түрік жайында араб, иран, грузин, түрік тілінде жазылған шығармалар өте көп. Әсіресе Селжук мемлекетінің тарихы жайындағы Ибн-Биби еңбегін, монғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңді көрсе-тетін1 Ақсарай жылнамасы — Түрік үлтының қалыптасуын айқын көрсететін еңбектер. Бүған қоса Осман тарихна-масьшың алғашқы шығармаларының бірі — Языджиоглу Али жазған «Оғызнама» немесе «Селжукнама». Бүл шығармада Рашид-ад-Диннің еңбегі пайдаланылған. Түркі тайпаларының қүрамы, орналасуы жайында түрік тарихшысы А.Р.Алтынай-дың Осман империясының архив қүжаттарын пайдаланып жазған еңбегіңде қүнды деректер бар. Түрік қүрамы жайывда Еуропа саяхатшысы Г.Рубрук пен Марко Поло жазбаларьшда қүнды деректер бар. Ф.Демирташ Осман империясының XV— XVIII ғасырлардағы архив қүжаттарынан Кіші Азиядағы Түрікмен тайпалары туралы мол дерек тапқан. Мүнда Махмуд Қашқари, Рашид-ад-Дин, Әбілғазы жазбаларындағы тайпа атауларыныд бәрі кездеседі. Оғыз-түрікмен тайпасынан өзге қарлүқ, қыпшақ, чигиль (шігіл), үйғыр, аққойлы, Агачері, Күман, Хазар т.б., тайпалар да аталады. Түрік этногенезінің қалыптасуьіна әр кезендерде Араб, Күрт, Рум (Рим) т.б. халықтарының да қатысы болды. XIV—XVI ғасырлардағы Түрік жорықтарына байланысты олар Балқан мен Кипрге енді. Түрік халықтарының қалыптасуы шамамен XV ғасырда аяқталды1.
Түріктердің қүрамында түрік, түрікмен, тахтадж, абдал, зе.йбек т. б. этнографиялық топтар бар. Бүлардың біраз бөлігі көшпелі, жартылай көшпелі болып тіршілік етеді, басым көпшілігі малшы болды. Өзгелері отырықшылыққа айналды2.
Шыңғыс хан әскерлерінің Түркістанды жаулауға келе жатқанын естіген Сүлейман есімді бір әскер басы басқа халықтармен бірге өз жақындарын ертіп көшіп кетеді. Сүлеймен езеннен өтіп бара жатып, ат-матымен суға кетеді. Оның Ерторғыл атты үлы қалады. Әкесінің сапарын ары қарай жалғастырып, Рум тарапына жүріп кетеді3.
Ерторғыл өз серіктерімен күндердің күнінде бір тау аңға-рына келіп жетеді. Осы жерде екі әскер қарама-қарсы үшырасып қалады. Қарсы жолыққан әскер соғыста жеңіліп келе жатқандықтан, бүларды көріп тағы да қашуға әзірленеді. Сол сөт Ерторғылдың оларға жаны ашып, жаралыларына көмек көрсету үшін керуеннің алдына шығып тоқтады. Кімнің пайдалы, ьсімнің зиянды екенін ойлап жатпастан, әлсіреп келе жатқан әскерлерге көмек көрсетеді. Соның арқасыңца жеңіліп қашьш келе жатқан жақ қайта күш жинап, жеңіп қуып келе жатқандарға қарсы соғысып, оларға күйрете соққы береді. Алғашқы соғыста жеңілгендер — селжук түркілері, ал қуғыншылар монғол-татарлар еді. Осындай себеппен әлсіздері әлділерді жеңіп шығады.
Өздеріне көмек көрсетіп, жаудан қүтқарғаны үшін селжук түркілері әсіресе, олардың патшасы Ғиясалдин Көксары Ерторғыл мен оның серіктерін адал дос ретінде қабылдап, оларға Анкаражақтан қоныс береді. Түріктер ездеріне берілген жерге орналасып, малын бағып, тіршілік етеді. Әр уақыт селжук түріктерімен бірге жорыққа аттанып, оларға қызмет керсетеді. Сөйтіп Селжук мемлекетінің біраз өмір сүруіне септігін тигізеді.
Осы селжук түркілері Константинопольдік румдерге шабуыл жасап, Константинополь қаласьш тартьш альш, астана етеді де, Селжук өкіметі атты Түрік мемлекетін қүрады.
Бүлардан басқа Иран селжуктері атты тағы бір түрік өкіметі бар еді. Осман мемлекетінің негізін қүрушы Түркия сүлтандарының атасы Осман хан осы Ерторғылдың үлы болатын. Ерторғыл 1281 жылы қайтыс болады1.
Осман хан түрік шейхтарының ішіндегі ең бір сыпайы, білімді кісісінің Малхатун атты қызына үйленеді. Осы өйел-ден атақты Орхон сүлтан туады. Осман хан осы үлы Орхон-ның басшылығымен Бурса қаласын басып алады. Жеңістің соңынан Осман хан халыққа соңғы өсиет, аманаттарын айтьш, қайтыс болады. Өзінің төж-тағының Бурсаға көшірілуі және оның астана болуы керектігін сол өсиетінде айтып кетеді.
Бурса қаласының османдықтар тарапынан басып алынуы әлемдегі үлы оқиғалардың бірі болды. Сол себепті Осман түріктердің даңқы шығып, беделі артты, іргелі үлкен мемлекеттердің қатарына енді. Бурса қаласы ол кезде әсем қала болған. Дөл осы гүлденіп түрған шағында ол исламның орталығы болды, Осман түріктерінің астанасы осыңда ауысты.
Осман хан жігерлі, заманына лайық білімдар, көреген, дүниеге қызықпайтын қанағатагьш, діндар адам болған. Оның өте кедейлікте өмір сүргеніне жүрттың көзі қайтыс болған кезінде әбден жетеді. Артына қалдырған ешқандай жеке дүние-мүлкі болмаған.
Осман хан 1326 жылы 20 шілдеде 70 жасында қайтыс болды. Қабірі Бурса қаласындағы Манастыр деп аталатын орынға жерленген.2
Түрік халқының калыптасуы мен мемлекетінің нығаюында түркі тілі шешуші рөл атқарды.
Түрік (ескі аты — Осман тілі) — түрік халқының тілі. Түркиядан басқа Жерорта теңізі мен Балқанға тараған. Бүл тілде 60 миллиондай (1992 ж.) адам сейлейді. Ол түркі тілдерінің оғыз тобына жатады. Негізгі екі диалектілік топқа: Батыс немесе түрік-дунай тобына және адакалий, адрио-нополь, босния, македон диалектілері мен Шығыс Анатолия (айдын, измир, караман, конии, сивас) диалектілерін бірік-тірген топқа бөлінеді. Қазіргі түрік әдеби тілінің негізі болған Анкара говоры мен Кипр диалектісі де шығыс Анатолия тобына кіреді. Түрік тілінде жалпы түркі тілдеріндегі сияқты фонетикасындағы дауыстыларда сингарманизм заңы, дауыссыздарда ассимилияция заңы сақталған.
Түрік тілінің негізгі сөздік қоры түркі тілдерімен төр-кіндес. Қазіргі түрік өдеби тілінің нормасы XX ғасырдың 30—50 жылдарында орнықты.
Алғашқы жазба ескерткіштері XIII ғасырға жатады. Жазу ісінде 1928 жылға дейін араб алфавитін қолданды. Ал 1928 жылдан бастап латын алфавитіне көшті.
Түрік халқының қалыптасуы мен нығаюында түркі тілі орасан зор рөл атқарғаны туралы Мүстафа Кемәл Ататүрік былай деді: «Түркия мемлекетін қүрған — түрік халқы, түрік үлты. Түрік үлты деген сөз — түрьсі тілі деген сөз. Түркі тілі — түрік үлтының қасиетті қазынасы. Өйткені, түрік үлты өткеңцегі шексіз бақытсыздықтардың ішінде өзінің адамгер-шілігінің, дәстүрінің, естеліктерінің, мүлделерінің, қысқасы, бүгін өзін үлт ретіңце қалыптастырған барлық қасиеті тілінің арқасында сақталғанын көріп отыр. Түркі тілі — түрік халқының жүрегі, ақыл-ойы»'.
Қорыта келгенде, Түрік мемлекеті XIV ғасырда Кіттті Азия жеріңде үйымдасты. Бүл әскери-феодалдық мемлекет бодцы. XIV—XVII ғасырдың I жартысында оның жер аумағы кеңейді. Бүдан бүрын ежелгі заманда және ертедегі орта ғасырларда түрлі мемлекеттік бірлестіктердің — Хетт патшалығының, Мидияның Ахемен әулеті билеген мемлекеттің, Александр Македонсішй державасының, Селевк әулеті билеген мемле-кеттің, Цонтий патшалығының, Пергамның, Римнің (ежелгі), Византияның, Коний сүлтандығының тағы басқа мемлекет-тердің қүрамына кірді.
Түріктер Византияның Анатолиядағы соңеы иеліктерін 1326 жьшы Бурсаны (Түріктің алғашқы астанасы болған) алды.
Лекция тақырыбы: Орта Азия және Қазақстанды манғолдардың жаулап алуы
1. Манғол мемлекетінің құрылуы
2. «Отрар қырғыны»
3. Харезмшах Мұхаммедке қарсы манғолдардың шабуылы
4. Империяның құрылуы және оның ұлыстарға бөлінуі
Шыңғыс хан үлкен ұлы Жошыға Дешті-Қыпшақты басқару ісін берді. Алайда, 1227 жылы Жошы бір аң аулау кезінде қайтыс болғандықтан ұлдарының бірі Орда мен екінші ұлы Баты аталары Шыңғыс ханға барып, хандық орынға тандау жасауын өтінді. Шыңғыс хан таңдауын Орда деп аталатын отау құрдырып, сонда жасаған. Баты үшін алтын жалаткдн Ақ орда, ал Орда үшін күміс жалатқан Көк орда құрғызған. Осы кезде екінші ұлы Батының әкесі Жошыдан кейін хандық таққд отырғаны жөн деп табылды. Батыс жорығының нәтижесінде 1241 жылға дейін бүкіл Қыпшақ өлкесі, Булғар хандығы, Солтүстік Кавказ, Ресей және Шығыс Еуропаның барлығы дерлік монғолдардың қол астына кірді. Бұл жерлер Бату ханға беріліп, Ақ орда деп аталған. Ал, Ертіс өзенінен Еділ өзеніне дейінгі бөлім Ордаға беріліп, Көк орда деп аталған. Алайда, мемлекеттің шығыс қанатын құрайтын Көк орда Ақ ордаға тәуелді еді. Осы күннен бастап Баты ұлы хан, ал Орда Ичен хан лакдп атымен белгілі болды. Ақ орда Баты хан әулетінің симболы болғаны секілді сонымен қатар мемлекеттің де аты болған еді. Бірақ, Ақ орданың бір бөлігі болғаны үшін мемлекеттің аты да Алтын орда деп аталған.
Мемлекеттің орталығы — Еділ өзенінің жағалауында құрылған Сарай қаласы еді. Батының 1256 жылы өлімінен кейін ұлдары Сартағ және Улакшы да бірінен кейін бірі қайтыс болады. Сондыктан, (1256-1266) бауыры Берке таққа отырды. Берке — ислам дінін қабылдаған алғашқы Алтын орда ханы. Оның кезеңі мемлекеттің ең жарқын кезеңі болды. Оның өлімінен кейін орнына отырған Мөңке Темір (1266-1282) өз атымен ақша шығарған алғашқы хан болып есептеледі. Өзбек хан дәуірінде (1313-1340) әулеттің барлығы мұсылман болған. Оның кезінде мемлекеттің шығыс қанаты Көк орда әулеті құлап, мемлекет орталықтандырылған.
1369 жылдан кейін Жошының басқа ұлдары: Тогай-Темір мен Шайбани ұрпақгарының күшейе түскенін байқаймыз. Тогай-Темір ұрпағы Алтын орданың хандық лауазымын қолға алса, Шайбани ұрпақтары Батыс Сібірде билеуші болды.
1259 жылы қайтыс болған Мөңке орнына інісі Арық Бұқаның отыруын қалаған. Осы кезде қытайдағы ордалардың басында тұрған Құбылай қол астындағы бейлердің қатысуымен болған құрылтайда өзін қаған деп жариялаттырды. Құбылай өзіне астана ретівде Пекинді таңдады. Қарақұрымда орналасқан Арық Бүкдның бұл құрылтайды мойындамауынан барып қағандық тартысы қайтадан басталды. Алайда Құбылай Арық Бүқаны жеңіп, бұл тартыстарды өз пайдасына шешті.
Құбылай ұзаққа созылған тартыстардан соң оңтүстік Қытайды өз қол астына алды. Осылайша, құрылған Құбылай хандығы Қытайда Юан әулеті атымен аталатын жарқын дәуірдің бастауы болды. Мемлекеттің орталығы — Хан балық (Пекин) еді.
Құбылай қаған ретінде Шыңғыс мемлекетінің басқа бөліктерін өзіне тиесілі деп санай бастады. Илхандықтар мұны ұзақ уақыт іс жүзінде қабылдағанымен империялықтың өзге бөліктерінің тәуелділігі тек көзге солай көрінді. Бірақ, Құбылай хандығының бірте-бірте қытайлануы өзге аймақтардағы ықпалын азайтып, біраз уақыттан кейін бұл байланыс мүлдем үзілді.
Лекция тақырыбы: Осман империясы
1. Беиліктердің құрылуы. Осман Бейлігі
2. Османдардың жаулап алу жорықтары
3. Империяның құрылуы. Константинопольді жаулап алуы
4. 17-19 ғғ. Осман империясы
5. XX ғ. басында империяның құлауы.
Константинопольдің құлауымен Византия империясы да өмір сүруін тоқтатады. Константинопольдің атын атын Стамбул деп өзгертіп, Осман империясы астанасын осында көшірді. Түркия Осман империясы болып жарияланды.
Константинопольдан соң іле-шала түріктер бұрынғы Византия мемлекетінің Орта Грециядағы және Пелопеннестегі басқа аймақтарын басып алды. Осыдан кейін түріктер Серб жерлерін толығымен бағындыра бастады. 1459 жылы сербтердің соңғы бекінісі Смедерево құлады, ал 1461 жылы Трапезунд империясының астанасы трапезундты да өзіне қаратты.
II Мехмедтің әскерлері Константинопольді алғаннан кейін арада 25 жыл өткен соң бүкіл Балқан түбегін Дунайға дейін Осман империясына қаратты. Түріктер Молдова мен Валахияға өз ықпалын жүргізді. Осман империясы XV-XVII ғасырларда дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілді. 1514 жылы парсылар, Әзірбайжан, Күрдістан мен Месопатамия бағындырылды.
1956 жылы бүкіл Сирия, Мекке мен Медине, 1957 жылы Каир, бүкіл Египет тізе бүкті. 1553 жылы Грузияның батыс бөлігі, 1574 жылы Кипр мен Тунис, іле-шала Алжир мен Триполи сұлтан сұлтан өкіметін мойындады. Оңтүстік Венгрияны, Критті, Подолия мен Украинаның бір бөлігін басып алды.
XVI ғасырдың ақырындағы бұқара халық көтерілістері, ауыл шаруашылығының құлдырауы салдарынан империяның әскери-лендік жүйесінің іргесі сөгілді. Сөйтіп барған сайын шиеленісе түскен ішкі алауыздықтар Осман империясының әскери қуатын кемітті.
Осман Түріктері XIV – XVIII ғасырдың бірінші жарытысында ұлы империя құрды. Қуатты әскери күштің иесі болды, жер аумағын кеңейтті.1329 жылы Никеяны, 1337 жылы Никомедияны басып алды. 1354 жылы Балкандағы Галипольді және оның маңындағы Византилық бекіністерді бағындырды. I Мурад 1361 жылы немесе 1362 жылы Андрианополь мен Шығыс Фракияны, көршілес аймақтарын, сонан соң Пилиппопольды, Софияны, Шуменді, Ништі басқа да болгар және серб қалаларын өзіне қаратты.
Лекция тақырыбы: Ресей империясы мен КСРО құрамындағы түркі халықтарының тарихы
1. Орыс әскерлерінің Оралдың сол жағалауына қарай жылжуы
2. Патша үкметінің Кавказдағы отарлық саясаты
3.Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы
4. Кеңестер Одағы құрамындағы түркі халықтарының тағдыры
Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.д.д.2-1 мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған.
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпІ ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтық нәсілдерге жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіред
Қазақ халқының шығу тегі туралы аспектілерге лингвистикалық және антропологиялық мәселелер жатады. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіевропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Атап айтқанда, лингвистика жағынан қарғанда - ежелгі европалық- үндіирандық- прототүркілік-түркілік- қазақ. Түркі тілі Алтай тіл семьясына (монгол-манчжұр-танғыс) жатады. Алтай қауымдастығы мезолит дәуірінде Орта Азия мен Байкал бойында пайда болды. Түркі тіліне ғұн, оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар. Тұнғыс-маньчжұр тобына - нанай, эвенкі, манчжұр.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Оған қарақалпақ, қарашай-балқар, башқұрт, қырым татары, қырғыз тілдері кіреді.Ал антропологиялық тұрғыдан қарағанда - европалық-европа-монголдық- монголдық-европалық. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіевропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. 3-1 мыңжылдықтарды қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстанға шығыс жақтан көшпелі тайпалардың, ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғұнжардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. 2 ғ. 1 жартысында орын алды. Бұл кезде солтүстік ғұндардың тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, 6 ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Ғүндардың біріктіруші ролінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты. Мұның өзі тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына әкелді және сол этникалық процестердің бағыт-бағдарын айқындап отырды. Этномәдениеттік жағдайда түркі тілінің одан әрі дамып жайылған аймақтарда сол сияқты моңғол түрінің белгілі әсері де көбейді.
Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтік нәсілге өтуі басталды. Бұл процесс тарихи деректерге қарағанда б.з. 1-5 ғғ. қамтиды, мұның өзі жергілікті жұрттың кескін-кейпіне, оның тіліне әсер еткені даусыз. Б.з. 6 ғасырынан бастап үйсін, қаңлы және басқа тайпалар тарих сахнасынан көрінбейді, аттары аталмайды. Оған себеп, бұл кезде Қазақстан жерінде , оңтүстік аймақта шығыстан Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдығынан болса керек. Олар негізінен байырқу, Бұлақ, қарлұқ, кимек, қыпшақ тайпалары еді. 6 ғасырда Қазақстан жері Түркі қағанаты құрамына енді. Осы қағанаттар құрамында 30-дан астам түркі тілдес ру-тайпалар болды. Үйсіндер мен қаңлылар оларға сіңісіп кеткен. 702 жылы Батыс түркі қағанаты тарағаннан кейін оның орнына Түргеш қағанаты (704-756), Қарлұқ қағанаты (756-940), Оғыздар (9 ғ. соңы 11 ғ. басы), Кимек қағанаты) 893-11 ғ. б.), Қыпшақтар (11-1219 ж.), Қарахандар (942-1212 ж.) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи ролі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Ертіс пен Еділ арасын мекендеді.
Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен екінші мемлекет - ол оңтүстік, оңтүстік шығыс Қазақстанда өмір сүрген Қарахан феодалдық мемлекеті. Бұл мемлекетте қарлұқтардың ықпалы күшті болды. Шығыстан монғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік -шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ.
Алтай жақтан ығыса келіп, өздерінің мемлекеттік бірлестігін құрған наймандар мен керейттер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі әсерін тигізді.
Бірақ осы бір сапырылыс кезінде шығыстан қидандардың (қарақытайлықтардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлайды. 13 ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда мронғол шапқыншылығы басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс Қазақстан жеріндегі Қыпшақ мемлекеті де сондай жағдайға душар болды. Монғолдар екі мемлекеті де қиратты. Сөйтіп, халық болып қалыптасуы процесі 15 ғасырға дейін кешікті.
Монғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыс бұзылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Дегенмен тіл бірлігі жойылмады. Қайта монғолдар түркіленіп кетті. Бірақ бұл кезде бұрынғы екі үлкен нәсілдің байырғы европеидтік және кейін қосылған монғолоидтік нәсілдердің күрделі араласуы нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының (антропологиялық, этникалық, лингвистикалық негізде) бірыңғай тұтас қосындысы келіп шығады.
Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді.
14-15 ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу пооцестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-географиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Үш жүз осылай пайда болды. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік қазақстанды, Орта жүз Орталық, солтүстік Қазақстан, Кіші жүз Батыс Қазақстан да болды.
Ұлы Жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлады. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, шанышқылы, ысты және т.б. Орта жүз Орталық Қазақстан мен солтүстік-шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етті. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ т.б. Кіші жүздің мекені - Сырдың төменгі жағы , Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей жағы. Оның құрамындағы тайпалар одағы -Әлімұлы (Қарасақал, қаркесек, кете, төртқара, шөмекей, шекті. Беріш; Байұлы- адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш; Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны туралы түрлі пікірлер бар.
Осы арада қазақтың үш жүзіндегі тайпалардың бірыңғай болмағанын айту керек. Мәселен, арғын, қыпшақ, алшын сондай-ақ басқа руларға да жататындар үш жүздің қай-қайсысында да кездеседі.
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" , кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында "...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы - Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы . Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей , Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.
Сыр өңірі мен Қаратау - қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер - саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы - Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға - Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында "жерді біріктіру" процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.
"Қасым ханның қасқа жолы" деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды. Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.
16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Ақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды у беріп өлтірді.
Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді.
Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін күресті. 1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қаза болды. Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіп берілді. Сөйтіп, Сыр бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік Қазақстанның жерін кеңейту үшін бір жарым ғасырға созылған күрес біраз бәсеңдеді.
Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. МСондықтан ол қанға қан, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, зекет, ұшыр жинау, айып салу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын "Есім хан салған ескі жол! Деп атады.
16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталыпы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.
Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес "Сібір татарлары" деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды.
1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді.
17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді.
1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында "Жеті жарғы" деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біревдің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.
Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды
Қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды.
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі. 18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші жүзді Әбілхайыр, Орта жүзде Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде -Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді.
16 ғасырдың соңында ойраттар(қалмақтар) төрт тайпалық бірлестіктен тұрды. Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғары ағысында қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының маңындағы хошауыттар, Іле өзенінің жоғары жағындағы шоростар еді.
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан) Оңтүстік қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты.
1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болды. Оның кезінде қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді.
Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты.
Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп атады. "Елім-ай" деген ән туды. Халық ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр бастапан Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастапан әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында "Қара сиыр" деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.
1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, сияқты батырлар бастапан қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кетті. Шуно Дабо бастапан қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қолбасшы болып Әбілхайыр мен Бөгенбай сайланды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайырда тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды.
Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды.
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.
1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.
Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті.
Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.
Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.
Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.
1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады.
1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады.
Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды.
Лекция тақырыбы: Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері
1. Қазақстан
2. Өзбекстан
3. Қырғызстан
Әзірбайжан XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасыр^ың ба-сыңда Алтын Орда басқарушылары мен ильхаңдар арасыңдағы күрестің орталығына айналды. XIII ғасырдың а.яғында Әзірбайжавда қолөнер мен қалалардың едәуір дамуы Еуропа— Азия саудасы үшін маңызды болып табылатын жолдардың кейбіреуі осы жер аумағын басып өтуге негіз болды. Ал сауда жолы осы арада жібек, жүн, мата, аяқ киім және басқа да қолөнер мен көсіпшілік тауарларын өндіруді жандаквдыруға себепші болды. Закавказьенің ірі сауда-қолөнер ор»талығы ильхандардың астанасы — Тебриз болды.
Хулагад мемлекетінің құлауы және XIV ғасырдың алғашқы жартысынан бастап оның жеке хандықтарға бөлініу және олардың ильхандармен болған күресте 1356 жылы Тебризді жаулап алған Алтын Орданың ханы Жәнібекті жақтаған кешпелі жергілікті феодалдар мен көшпелі түркі-монғол ақсүйектерінің күшеюіне жағдай жасады. Тебриз тұрғындарының алтын ордалықтарға қарсы көтерілісінен кезйш едде өкімет монғол ақсүйектерінің бір тобынан екінші тобына көше бастады. 1360 жылы Тебризді басын алған Бағдаіт сұлта-ны Увейс Джеланридтің өз қол астына Әзірбайжан, Персия және араб Ирагы, Армения мен Курдистан кіретн үлкен мемлекет құруына мүмкіндік туды. Джеланридтер мемлекеті Темір шапқыншылығы кезіндегі үзілісті қосқавда 1410 жынға дейін өмір сүрді. Темірліктер арасындағы өзара күресі кезінде ширваншах I Ибрагим жергілікті феодалдардың кө:'мегшен Әзірбайжанды уақтша біріктіріп, астананы Тебризге көшірді. 1410 жыны Әзірбайжанды Қара-Жүсіп жаулап алды. Ол түріктің қара қойлы деген көшпелі түқымының әкімі еді, алайда оны 1468 жылы түріктің ақ қойлы дейтін екінші түқымдасы ығыстырып шығарды. Ал оның басшысы Ұзын-Хасан өз өкіметіне Әзірбайжанды, Арменияны, Иранның біраз бөлігін, араб Ирагы мен Жоғарғы Месопотамияны біріктірген болатын. Ол Шығыста үлкен саяси ықпалы бар қатаң адам еді. Үзын-Хасан Ақ қойлынарды Еуропада күшейіп келе жатқан Осман Түркиясына қарсы одақта деп санады. Бірақ Ақ қойлы мемлекеті көішіенділер құрған басқа да мемлекеттер сияқты ортақ экономикалык негізі мен ортақ саяси мүлделері жоқ қырық құрау ел болды да, Үзын-Хасан өлгеннен кейін өлсіреп, ақыры құлады.
ғасыр ішінде Әзірбайжанда тәуелсіз екі мемлекет: Шекин және Ширван хандықтары болды. XVI ғасырдың бірінші жартысында Әзірбайжан да, Армения сияқты, орасан үлкен Сефеви мемлекетінің құрамына кірді. Қырық құрау тайпалар мен халықтардан құралған бұл мемлекетті XVI ғасырдың аяғына дейін көшпелі түрік тайпаларының феодал шонжарлары басқарды. XVI ғасырдағы Әзірбайжанның бүкіл тарихы Түркияның Сефевидтермен жүргізген соғыстарына толы. Әзірбайжан халқының негізгі бүқарасы феодалдарға тәуелді болған шаруалар еді. Көшіп-қонын жүрген тайпалар арасында үзақ уақыт бойы патриархалдық қатынастардың сарқыншақтары сақталды. Сол кезде Әзірбайжан жер аумағында феодалдық жер меншігінің төрт түрі (1) мемлекеттікжер («дивани»), 2) сарайжері («хассэ»), 3) шіркеу жері («вакф»), 4) жеке меншікжер («мульк») болды. Азық-түлік рентасы рентаның жетекші түрі болып қала берді. Әзірбайжанның қалалары (олардың ішіндегі ең ірілері—Тебриз бен Шемаха) колөнер мен сауданың аса ірі орталықтары болды. Әзірбайжанда істелген жібек маталар басқа елдерге шығарылды, тіпті Еуропа базарларында да қымбат бағаланды. Феодалдық езгі еңсесін түсірген шаруалар мен қала халқы қанаушыларға қарсы талай рет бас көтерді. Олардың ең ірілері— 1537 жылы Ширванда болған шаруалар қозғалысы мен 1571 жылы Тебризде болған қала кедейлерінің кетерілісі. Жергілікті әкім көрсеткен қысым түрткі болған Тебриз кө-терілісі екі жылға созылды, бірақ ақыры қаталдықпен басып тасталды.
XVI ғасырдың ортасынан бастап Қазан мен Астрахань Ресейге қосылғаннан кейін, Орыс мемлекетінің Әзірбайжан мен сауда байланысы арта түсті. Ширванның бегляр-бегімен сауда шарты жасалды. Орыстың сауда адамдары Шемахаға, ал Әзірбайжан квпестері Мәскеу мен Астраханьға барып жүрді. Жағдай Сұлтандық Түркияға қарсы күресте Сефевидтерді орыстардан көмек сүрауға итермеледі. XVI ғасырдың аяғында шах өкіметі Түркияға қарсы жүргізілген соғыста Сефевидтерді қолдағаны үшін Баку мен Дербент қалаларын Ресейге беруді үсынды. 1594 жылы Прикаспьеде, Сулақ өзені бойында және Тарку қаласына жақын жерде екі орыс бекінісі салынды, бұлар он жыл бойы Ресейдің Әзірбайжанға баратын жол үстіндегі тірек пункті болды.
Сефевид — Түрік әскерлерінің қырғын соғыстары кезінде әзірбайжан халқы қатты күйзеліске үшырады. 1555 жылғы шарт бойынша Әзірбайжанның шығыс белігі Сефевидхердің билігіне көшті. Осыдан үш жыл өткеннен кейін (60-жылдардың аяқ кезінде) Әзірбайжан түріктерге бағынды, ал 1590 жылғы Иран және Түрік билеушілерінің арасындағы шарт бойынша бүкіл Закавказье Түрюшға бағындырылды. XVII ғасырда Закавказье өз тарихындағы ең ауыр кезенді бастан кешірді. Сефевидтер мемлекетінде үстемдік жағдай әзірбайжан шонжарларын ығыстырып шығарған иран феодалдарына кешті. 1603 жылы шах I Аббас Түркиямен соғыс бастап, бүкіл Шығыс Закавказьені қаратты. Ол өз жағына жергілікті феодалдарды тартуға тырысып, оларға салық жөнінде жеңілдіктер (мәселен, армян шіркеуіне) берді.
I Аббас өзінің әскери күшін қайта құрды және сыртқы саясатында Осман империясына жау Ресеймен, батыс-еуропалық мемлекеттермен жақындасты.
I Аббастың үстанған саясаты Әзірбайжан мен Армения қалаларының жағдайын жақсартты, оларда қолөнер мен сауда дамыңы. Бұл қалалардың (Тебриз, Баку, Ереван, Шамаха, Ганджа т.б.) өрқайсысында он мыңдаған адам болды.
Әзірбайжан қалаларында көрнекті орындарды иран шонжарлары мен көпестері иеленді.
Армян көпестерінің шоғырланған жері жібекпен халық-аралық сауда жасау орталығы болып табылатын Аракс өзенінің бойындағы Джульфа қаласы болды. Джульфаның сауда үйлері Венеция, Генуя, Марсель, Амстердаммен және басқа да Батыстың ірі қалаларымен өз операцияларын жүргізді.
1605 жылы I Аббас жібекпен сауда жасау орталығын Иранға көшірді де, Джульфаны өртеп жіберді. Астана болған Ис-фаһанның маңыңда орналасқан армян көпестері шахтан үлкен артықшылықтар алып, Ресей мен Үндістанның есебінен өз саудасын кеңейтті.
1604 жылы Армения кезекті бақытсыздыққа үшырады: I Аббас Иранға шегіне отырын, 350 мындай адамды — негізінен армяндарды айдап алып кетті. Жерден алынатын салық (харадж) едәуір өсті, оған ондаған басқа салық, алым және Сефевидтер пайдасына натуралдық міндеткерліктер атқару келіп қосылды. Бүның бәрі шаруалар мен қолөнершілердің жаңадан бас көтеруіне әкеліп соқты, оның ішінде ең күштісі Ширванда 1614 жылы болып өтті. Шах Аббас халық қозғалысын зорға басты. Дөл осы кезде Карабахта толқу, ал 1633 жылы Казвинде үлкен көтеріліс бұрқ ете қалды.
Закавказье халықтарының феодалдар және шетел қанауына қарсы күрес дәуірінде жазба әдебиет пен ауыз әдебиетінде әлеуметтік және патриоттық шығармалар көбейді.
XIII—XV ғасырларда Әзірбайжанда мәдени қызмет саласы анағүрлым өсті, өйткені онда Закавказьенің басқа ел-дерімен салыстырғанда экономикалық жағынан белгілі бір дәрежеде ілгері басушылық болды және орта ғасыр мәдениеті дамуының басты ошақтары — қалалар шапқыншылықтардан өзгелерге қарағанда аз зардап шеккен еді. Мәдениет саласы бойынша монғол шапқыншылығынан қалған ауыр зардаптар бүған дейін жоғары деңгейде өркендеген сарай іші поэзиясының құлдырауына қатты өсер етті. Алайда Низами дәстүрі бүқара халықтың мұң-арманын бейнелейтін ақындар шығармашылығын онан әрі жігерлендіре түсті. Ақын Фазул-лах Нейми (XIV ғ.) исламға бет бүрған көзқарасты дүниеге әкелді. XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында әзірбайжан ақындары парсы тшінде жазуды қойын, өз шығармаларын ана тілінде шығарды. XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында азербайжанның аса көрнекті ақыны Шемахиден шыққан Имад-ад-Дин Несими болды. Ол өзінің шығармаларында қанау мен өділетсіздікке қарсы шығып, жер бетіндегі тіршілік атаулының қуанышын жырлап, дүниеден тыс жерде тіршілік бар дегенге қарсы шықты. Осы себепті де ол айыпқа тартылып, азаптап өлтірілді. XV ғасырдың ал-ғашқы жартысында артына аса үлкен поэзиялық мүра, соның ішінде Шығыста Түркі елдеріне кең таралған «Лөйлі мен Мәжнүн» шығармасын қалдырған өзірбайжанның аса көрнекгі ақыны Мүхаммед Физулла емір сүрді. Оның ұлтын сүюге баулитын шығармалары Орта Шығыс халықтарының еде-биетіне аса зор ықпал етті.
XIV ғасырдың басында Рашид-ад-Дин бастаған бір топ ғалымдар дүние жүзі тарихы бойынша күрделі еңбек — «Шежірелер жинағын» жазды. XIV ғасырда Тебризде ішінде тамаша қолжазбалар жинағы мол кітапханасы, емдеу орны мен обсерваториялы медресесі бар өзіндік «Сауығу үйі» («Дар-аш-Шифа») салынды. Ғылыми есімі Шығысқа белгілі ғалым Насир-ад-Дин Туси 1259 жылы Марита қаласында салған обсерватория өте кең түрде пайдаланылды.
Лекция тақырыбы: Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері
1. Түркменстан
2. Әзербайжан
3. Түркия республикасы
Қырғыздардың ертедегі этникалық тарихы көне тайпалар одақтарымен (хүндар, діліндер, сақтар мен үйсіндер) байланысты. Кейінірек — Түркі қағандықтары мен көшпелі тайпалар бірлестіктері дәуірінде (б.з.б. X ғ.) қырғыздардың құрамына енген тайпалар Саян-Алтай, Ертіс өңірі, Шығыс Тянь-Шань өңірлерін мекендеген түркі тілдес халықтың арасында қалыптасады. Б.з. II мыңжылдықтың бірінші жартысыңда монғолдардың Орта Азияға жасаған шапқыншы-лығынан кейін ежелгі түркі тілдес халықтардың бір бөлігі Орталық және Батыс Тянь-Шаньға, одан ары оңтүстікке қарай Памирге дейін ығысты1.
Бұлар Тянь-Шань өңірінде қалыптасқан қырғыз халқы-ның негізін қалады. Оның құрамына Жетісу мен Мауран-наһрдың түркі тілдес жергілікті тайпалары, соның ішінде қарлүқтар мен үйғырлар, кейінірек XVI—XVII ғасырларда қазақ тектес тайпалар да кірді.
XVI ғасырдың бас кезінде қырғыздар Тянь-Шаньда дербес халық болып қалыптасты. Қырғыз халқының негізін үш үлкен топ құрады: алғашқы екі тобы қосылып «Отыз үл» аталды да, «оң және сол қанат» болып екі бірлестікке бөлінді.
Оң қанат Тағай, Адигине және Мунгуш деген үлкен үш топтан құралды. Тағай ұрпағы Тянь-Шань аймағының негізгі бөлігін, ал келесі екі топты құрайтын рулар Қырғызстанның оңтүстік өңірін мекендеген. Шежіре деректері бойынша қырғыздар 40 тайпадан түрады. Сондықтан оларды «Қырық рулы» ел деп те атайды.
Қырғыз халқының құрамындағы көптеген этнонимдерге қарағанда, халық болып қалыптасу продесінде көне замандар мен орта ғасырларда өмір сүрген сан алуан тайпалардың жиынтығынан қалыптасқан. Жоғарыда аталған тайпалардың кейбіреуі Орта Азияның басқа да халықтары құрамына енген.
Қырғыз халқының құрамына жоғарыда келтірілген үш үлкен тайпалық бірлестіктерден басқа қырғыздардың түркі тегіне қосылмайтын Сарт-Қалмақ, Қалмақ-Қырғыз, Шала қазақ, Келдике, Күркүре және Күрең сияқты кірмелер тобы да бар.
Сонымен, қырғыздар XV—XVI ғасырда ұлт болып қалыптасып, өзінің ұлттық мемлекетін құрды.
Қырғыз халқы — көне мәдениет пен ежелгі мемлекеттің мүрагері. Қырғыз жерін адам баласы б.з.б. ертедегі тас дәуірі (палеолит) кезінен мекендегендігін археологиялық ескерт-кіштер анықтайды. Ертедегі тас дәуірінің құралдары Орталық Тянь-Шань, Ыстықкөл, Ферғана маңынан, неолит дәуірінің ескерткіштері Бішкек, Тоқмақ қалалары мен Ыстықкөл аймағынан, Алай даласынан табылды. Сарыжаз өзені маңындағы 2 үңгірде (Ақшүңқыр қаласы) қызыл бояумен қабырғаға салынған хайуанаттар суреті сақталған. Неолит кезінде тайпалар тас өңдеудің жетілген техникасын (тегістеу, қашау) игерген, садақ пен жебені қолданған, балшықтан ыдыстар жасаған. Мал шаруашылығы мен егіншілік пайда болған. Б.з.б. III мың жылдықтың аяғында еуелі мыстан, кейін қоладан жасаған қарулар тарады. Қола дәуірінде б.з.б. I мың жылдықтың басында қырғыз жеріндегі адамдар екі топқа — егіншілік және мал шаруашылығы тобына бөлінгендігін археологиялық материалдардан байқауға болады.
Б.з.б. VII—VI ғасырда темірден соғылған құралдар мен қарулар пайда болды, көшпелі мал шаруашылығы шешуші шаруашылыққа айналды, мүліктік жіктеу күшейді. Көшпе-лілер, арасында рулық одақ, ал егіншілік аудандарда құл иеленуші мемлекет пайда болды. Солтүстік Қырғызстанда Сақтар (б.з.б. VIII—VII ғ.), кейін үйсіндер (б.з.б. I ғ. мен б.з. V ғ.-ы) өмір сүрді. Оңтүстік аудандар (б.з.б. II—I ғ.) Парфия мемлекетіне, кейін (б.з. I—IV ғ.) Қүшан патшалығына қарады. Қырғызстанның оңтүстік аудандарында IV—V ғасырларда тоған таспа техникасы қолданылады, су диірмені пайда болды, канал жүйесі көбейді, ауыл шаруашынық дақылдарының жаңа түрлері (мақта) егілді.
Экономикалық өмірдің жаңа қоғамдық қатынастарының өзгеруіне байланысты егіншілік аймағында құл иеленуші мемлекет феодалдық мемлекет бірлестіктеріне ауысты, көшпелі тайпаларда да ерте феодалдық мемлекет пайда болды. V ғасырда Солтүстік Қырғызстанда көшпенділер отырық-шылана бастады.
VI—VII ғасырларда Қырғызстан Батыс Түркі қағанды-ғының орталығына айналды. Астанасы — Суяб. Қалаларда қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болды. VI—VIII ғасырларда Батыс Түркі қағандығына қараған тайпалармен бірге өзінің жазуы (Орхон жазуы) болды.
X ғасырдан бастап қырғыздардың Тянь-Шаньды мекендегені жайлы жазба деректерде баяндалады. Ол кезде Шу, Талас далаларында, Ыстықкөл жағалауыңда қалалар мен отырықшылар көбейе бастады. Олар Орта Азияның басқа аймақтарымен қарым-қатынас жасады. X ғасырдың орта шенінен XII ғасырдың соңына дейін қырғыз жеріне Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі қоныс тепті. Оның астанасы ТТТу бойындағы Баласағүн болды. Бұл кезде феодалдық қатынас едәуір дамыды. X—XII ғасырларда өндіргіш күштер сол кездегі дамудың жоғарғы сатысына жетті.
Талас даласы күміс және басқа металл өндірудің орталығына айналды, біраз қалаларда (Баласағүн, Үзген) қолөнер, сауда және мәдениет дамыды.
XIII ғасырдың бірінші ширегінде монғолдар қырғыз жерін жаулап алып, оған көшпелі тайпаларды қоныстандырды.
Тянь-Шаньның бір бөлігі және Шығыс Түркістан Шағатай ұлысының құрамына кірді.
XV ғасырдың екінші жартысыңда солтүсгік қырғыз жеріңде қырғыз тайпалары бірігіп, жеке хандық өз мемлекетін құрды1. XVI ғасырдың бірінші жартысында қырғыздар мемлекеті қазақтармен одақтасып, Моғолстан мен Ойрат шапқыншылығына қарсы табанды күрес жүргізді.
Біріккен казақ-қырғыз әскерлері Моғолстанда үлкен жеңіске жетті. Ол туралы «Тарих-иш-Шах Махмуд бин мырза Фазыл Чорс»— шығармасында: «Қазақтар мен қырғыздар (ендігі жерде) Моғолстанға аттап баса алмады. Ақырында Әбді-Латив сұлтан қазақ Хақназар ханды шауып, көп түтқын мен олжа түсірді. Хақназар хан қазақтар мен қырғыздарды жинап, ізіне түсті. Сұлтан жауды білмей, рақатқа батып, көңіл көтеріп жатты. Ал Хақназар хан мен басқа да алты төре оның ізінен қуып келді. Қазақтар мен қырғыздардың әскері түн ортасында сұлтанға шабуыл жасап, оның әскерін тас-талқан етті. Қатты жараланған сұлтан Хақназар ханға апарылды»2,— дейді. Осы жеңістен кейін біраз жылдан соң Моғолстан қазақтар мен қырғыздардан жеңіліп, Жетісу өңірі мен Тянь-Шаньда Қырғыз-қазақ мемлекетінің үстемдігі нығайды. Моғолстан мемлекетінщ негізгі жер аумағы Қырғыз-қазақ хандығына қосылды. Қырғыз-қазақ хандығы сыртқы жаумен күресте өздерінің жерін кеңейтіл, дербестігін сақтап қалды. Қазақ-қырғыз одағы жоңғарлармен күресте де ынтымақтылық көрсетті.
Лекция тақырыбы: Ресей Федерациясы және басқада мемлекеттер құрамындағы түркі халықтары
1. Автономиялық түркі республикалары
2. Мемлекеттілігі жоқ түркі халықтары
Қырым хандығы түркі тайпаларының XV ғасырда құрған феодалдық мемлекетіғ ол XV ғасырда Алтын орданың ыдырауы нәтижесінде Қырым түбегінде құрылған. Бұл хандықтың құрамына жергілікті түркі тайпалары мен олардың ұлыстары кірді. Олардың ең ірілері – Ширин, Барын, Арғын, Қыпшақ т.б. болды. Тілдері түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Қыпшақ тілінің қалыптасуы Алтын орда ыдыраған дәуірмен тұтас болып келеді. Мұндағы түркі ұлыстары біртіндеп Қырымды тұрақты қонысқа айналдыруымен қатар, өз алдына жеке ел болып бөлініп шығуға талпынды.
XIII ғасырдың аяғында Қырымда түріктің Алтын ордаға тәуелді ерекше уәлаяты құрылған. Алтын орда билеушілерінің өзара қырқысқан күрестерінен кейін ақсуйек – феодалдардың қолдауымен Қырымды 1433 ж. Даулет – Хаджы – Герей хан болып тағайындалды. Ол Литва княздығының жәрдеміне сүйеніп, 1443 ж. Алтын ордадан тәуелсіз Қырым хандығының негізін құрды.
Қырым хандығында өндіргіш күштердің әлсіздігі, көшпенділіктің сақталуы, егін шаруашылығының кең өріс алмауы қажетті тауарлардың, азық-түліктің жетіспеуіне әкеліп соқты. Осындай жағдайда Қырымның феодалдық топтары өзгеден олжа түсіруді көздеген жорықтар жасау арқылы экономикалық дамудағы олқылықтарды толықтыруға тырысты.
Соғыста Қырым хандығы түрлі байлықтарды және құлдыққа сату үшін тұтқындарды молырақ қамтып қалуға ұмтылды, жеңілген елді алым салық төлеуге мәжбүр етті. Қырым хандықтары Русь жеріне, Украинаға бірнеше жорықтар жасады. Қырым ханның әскері Мәскеуді, 1552 ж. Туланы қоршады. XVII ғасырдың бірінші жартысында екі жүз мың орысты тұтқынға алып, Қырымға айдап әкетті. Орыс үкіметінің 1687 – 1689 ж.ж. Қырымға жасаған жорықтары нәтижесіз аяқталды.
XVIII ғ. Орыс-Түрік соғысында Қырым хандығы әлсірей бастады. 1774ж. Күшік-Қайнар бітімі бойынша Қырым хандығы Түркияның саяси бағынышты тәелсіз ел болып табылды. Қырым түркілерінің көне жазба мұралары өте көп болған.
2. Астрахань хандығы-Алтын орда ыдырай бастаған шақта 1459-1460 жылдар шамасында құрылған феодалдық мемлекет. Астанасы – Астрахань қаласы. Оның құрамына төменгі Еділ бойы мен кавказдың далалық жерлері енді. Халқы- түркі тілдес тайпалар. Халықтың негізгі кәсібі – көшпелі мал шаруашылығы болды, оған қоса аң аулау мен балық аулауды кәсіп етті. Астрахань маңында тұз өндірілді. Шаруалар ханға заттай алым-салық төледі.
Ішкі бірліктің жоқтығы Астрахань хандығын әлсіретіп, XV ғасырдың аяғынан бастап ол Қырым хандығының, Ноғай ордасының талауына түсті. 1554 ж. шығысқа барар жол іздеген Орыс мемлекеті қырым хандығы қойған Жоңбыршы ханды Астраханьнан қуып шығып, оның орнына Исмаил Дервиш- Әлиді отырғызды. Ол Қырым татарлары мен ноғайларының көмегіне сүйеніп, Мәскеудің ықпалынан құтылуға күш салды. Орыс әскерлері жаңа жорық ұйымдастырып, ақыры 1556 ж. Астрахань хандығын басып алды да, оны Ресейге қосты. Сонымен Астрахань хандығы 1556 ж. IV Иван жаулап алғаннан бастап Ресейге қарады. Қазан хандығы. Қазанхандығы- Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде Еділ- Кама бұлғарларының жерінде құрылған феодалдық мемлекет. Оған Қазан бұлғарлары, марийлер, чуваштар, удмурдтар, мордварлар мен башқұрттар кірген. Астанасы Қазан қаласы болды. Қазан хандығындағы ұлы Мұхамед әулетінің алғашқы өкілі- Алтын Орданың ханы Мұхамед 1438 ж, ал оның ұлы Махмутбек 1446ж. орнығып, бұл хандықтың дербес өмір сүруіне негіз салды. Қазан хандығы тұрғындарының негізгі кәсібі егіншілік болды және мал шаруашылығымен, бау- бақша, балықшылық және аңшылықпен шұғылданды. Тастан салынған ғимарат сарайлар, биік мұнаралы мешіттер сәулет өнері мен құрылыс техникасының жақсы дамығандығын көрсетеді. Қазан хандығы Русьпен, Сібір, Персиямен сауда- саттық қарым- қатынас орнатты. Қазан хандығында жоғары өкімет билігі ханның қолында болды, бірақ оған ірі феодалдық кеңес бақылау жүргізіп отырды. Олардан кейін сұлтандар мен әмірлер, олардан кейін мырзалар, ұландар, жауынгерлер тұрды. Хандықтағы өндіргіш күштердің көбі қара халық болды, оған алым- салық төлеп, міндеткерліктер атқарып тұратын шаруалар мен басыбайлар, соғыс тұтқындары мен құлдар енді. Әкімшілік тұрғысынан Қазан хандығы ұлыстарға бөлінді. Феодалдар мен шаруалар арасындағы қайшылықтар нәтижесінде халық бұқарасының көтерілістері болып тұрды. ( 1445, 1531, 1545- 1546, 1551 ж) . Мәскеу княздары Рустегі феодалдардың бөлшектенуін, өзара қырқысуларын пайдаланыпXVғасырда Василий II зағип тұсында Қазан хандығына ықпал жүргізуге тырысты. Бір орталыққа бағынған орыс мемлекеті болып біріккеннен кейін III Иван Васильевич тұсында ( 1462-1505 ) Қазан хандығы ыдырады. Түркістанда құрылған түркі хандықтары. XV ғасырдың 1-жартысында Қазақ хандығының құрылуын тарихшы Мұхамед Хайдар Дулати « Тарихи рашиди» атты еңбегінде былай көрсетеді: « Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол жошы әулетінен шыққан хандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек пен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есен бұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батысындағы Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр дүние салды. Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі- ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханның қоластына көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды « қазақтар» деп атады. Керей мен Жәнібек хан 1465-1466 жылдары билік жүргізе бастады. Қазақ хандығының құрамына 4 хандықтағы - Әбілхайыр, Моғолстан, Ноғай және Сібір хандығына қараған көпшілік қазақ тайпалары енді. Алғашқыда қазақ хандығы батыс Жетісу жеріне орналасты. Қазақ хандығы Дешті Қыпшақтан келгендермен бірге Жергілікті рулар мен тайпаларды біріктірді. Қазақ хандығының белгілі жері болумен бірге, оның барлық халқы бір тілде сөйледі, шаруашылығы, тұрмыс-салты жақын болды.
Лекция тақырыбы: Интеграция жолындағы Түркі әлемі
1. Интеграция – Түркі әлемінің сақталынуы мен гүлденуінің кепілі ретінде
2. Интеграцияның негізгі факторлары
3. Мәдени байланыстар - Түркі әлемі бірлігін нығайтушы негізгі фактор ретінде
1991 ж. 1 желтоқсанда болған бүкiлхалықтық сайлауда Н.Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды (қ. Қазақстан Республикасының Президентi). 10 желтоқсанда Қазақ КСР-iн Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешiм қабылданды. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстанның мемл. тәуелсiздiгi жарияланды. 1991 ж. желтоқсанда Тәуелсiз мемлекеттер достастығын (ТМД) құру мәселесi қаралды. Алдымен 8 желтоқсанда Минскiде Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесiп (қ. Беловеж нуы), КСРО-ны құру туралы келiсiм (1922) жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келiсiмге қол қойды. 13 желтоқсанда Орт. Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта бас қосып, “Беловеж келiсiмiн” қолдайтындықтарын мәлiмдедi. 20 желтоқсанда Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызия, Молдова, Ресей, Тәжiкстан, Түрiкменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда кездесiп, 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келiсiм хаттамасына қол қойды (1991). Қазақстанда осыдан кейiн егемен мемл. дамудың қарқынды жолына түстi. Бiртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсiз экон. жүйе, қаржы-кредит, салық және кеден мәселелерi, ҚР-ның мемл. рәмiздерi белгiлендi. 1992 ж. 4 маусымда мемл. жалау, елтаңба (герб), 11 желтоқсанда елұран (гимн) мәтiнi бекiтiлдi. 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды. Осы жылы 29 қыркүйекте Алматы қ-нда Дүниежүзi қазақтарының құрылтайы ашылды.
1993 ж. қаңтарда тәуелсiз Қазақстанның бiрiншi Конституциясы қабылданды. Осыдан кейiн Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейдi. 1995 жылғы наурызда егемендiктiң тағы бiр белесi басталды. Қоғамдық бiрлестiктер көптеп құрылып, бiрқатар маңызды заңдар қабылданды. 1997 ж. ел Президентiнiң Қазақстан халқына үндеуi — “Қазақстан—2030 стратегиясы” жарияланды. Онда барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы, қауiпсiздiгiнiң шарттары айтылды. Сондай-ақ, елдi дамытудың болашаққа арналған жоспар-бағдарламасы көрсетiлiп, оған жан-жақты талдаулар жасалды. 1995 ж. 30 тамызда республикада бүкiлхалықтық референдум өттi, нәтижесiнде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Жаһандану бағытына байланысты әлемде түбегейлi өзгерiстер болып жатыр. ҚР сырттан инвестиция тартып, ел экономикасын, халықтың тұрмыс деңгейiн көтеруге ұмтылып отыр. Осы мақсатқа, ең алдымен, ТМД елдерiмен байланыс күшейтiлдi. Қазақстан 1995 ж. 28 қаңтарда Ресей Федерациясы, Беларусь мемлекеттерiмен бiрлесiп Кеден одағына қол қойды. Кейiн оған Қырғызия, Тәжiкстан елдерi қосылып, Еуразиялық экон. одаққа айналды. 1999 — 2000 ж. ҚР, Өзбекстан, Қырғызия, Тәжiкстан елдерi өзара экон. кеңiстiк құру мақсатында Орт. Азиялық экон. қауымдастыққа бiрiктi. Сондай-ақ, аталған одақтарға мүше емес басқа да ТМД елдерiмен (Украина, Молдова, Әзербайжан, Армения, Грузия, Түрiкменстан) тығыз саяси экон. байланыстар орнатылды. Ресей Федерациясында 2003 ж. Қазақстан жылы болып жарияланды. Өзiнiң геосаяси жағынан ҚР үш өркениеттiң (Шығыс, Батыс, Қытай, т.б.) қиылысқан жерiнде орналасқан. Осыған байланысты ол аталған үш бағытта да аса белсендi сыртқы саясат жүргiзiп отыр. Қытаймен екi арада шекара мәселесi толық шешiлдi, сондай-ақ, сауда-экон. байланыстар жолға қойылған. ҚР шығыс бағытта Жапониямен, Оңт. Кореямен, Үндiстан, Пәкстан, АСЕАН елдерiмен тығыз байланыс орнатқан. Таяу Шығыс елдерiнен Түркия мен ҚР-ның егемендiгiн тұңғыш мойындаған ел ретiнде аса тығыз саяси, экон., мәдени байланыстар жасалуда. Бұған қоса Иран, Ауғанстан, Израиль және араб елдерiмен экон. және мәдени қарым-қатынастар жақсы дамыған. 1995 ж. желтоқсанда Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына толық мүше болуы бұл қатынастарды әрi қарай iлгерi дамытты. 1996 ж. Шанхай ынтымастығы (ҚР, Ресей Федерациясы, Қытай, Қырғызия, Тәжiкстан, кейiннен Өзбекстан) ұйымы құрылды. Азияда бейбiтшiлiк орнату мақсатында Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен 1999 ж. Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенiм шаралары жөнiндегi кеңес шақырылды. Аталған ұйымдардың барлығы да ТМД елдерiнде және Азияда бейбiтшiлiктi сақтау, экон. ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылған. ҚР-на инвестиция тарату мақсатында 2000 ж. 26 — 28 сәуiрде Алматыда “Еуразия-2000” экон. саммитi өттi. Оған Орт. Азия, Кавказ, Ресей Федерациясы, Таяу және Қиыр Шығыс, Оңт.-Шығыс Азия елдерi, Қытай, Үндiстан, Жапония елдерiнiң өкiлдерi, халықар. қаржы және экон. ұйымдар, БҰҰ құрылымдары қатынасты. 2001 ж. 22 қыркүйекте ел тарихында тұңғыш рет Рим папасы Астана қ-на келiп қайтты. 2003 ж. қазанда Астанада әлемдегi ең негiзгi дiндердiң форумы өттi.