
- •Түркістан-2011
- •2. Курстың құрылымы:
- •3. Оқулықтар мен web сайттар тізімі
- •4. Бақылау түрлері:
- •5. Студенттің білімін бағалау ережесі
- •6. Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
- •1. «Түркі» этносы және этнонимі
- •2.Түркі этносы және халықтары, олардың территориялық орналасуы
- •Лекция тақырыбы: Салжұқтар мемлекеті
1. «Түркі» этносы және этнонимі
2.Түркі этносы және халықтары, олардың территориялық орналасуы
3.Қазіргі түркі әлемі
Түркілердің тарихы YII-YIII ғасырларда жазылған Орхон – Енисей жазбалары арқылы белгілі. Ол ескерткіштер – бір замандарда түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Монғолия жеріндегі Орхон өзені маңайынан табылған құлпытастағы жазулар. Сондықтан олар «Орхон – Енисей жазуы» деп аталып кеткен. Ескерткіштер – YII-YIII ғасырлардағы түркі ру тайпаларының іргелі елі түркі қағандығының тұсында тасқа қашалған Білге қаған (хан), Күлтегін (әскербасы), Тоныкөк (кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлпытастағы жазулар.
Өтікен тауының шығыс жағындағы Орхон өзені жағалауына, қазіргі Кошо-Сайдам көлінің жағасына тұрғызылған бұл құлпытастар шоғырының айналасы тас кірпіштермен қоршалған.
Енисей құлпытастарын алғаш Г. Спасский зерттесе 1889 жылы орыс ғалымы Н.Н. Ядоинцев Монғолия жерінен оның жаңа нұсқасын тауып, ғалымдар назарына іліктірді. Ескерткіш жазуын белгілі Дания ғалымы В.Томсен оқып, 1893 жылы неміс тіліне аударды (аударма 1895 жылы жарық көрді). Академик В.Радлов басқарған Ресей археологиялық экспедициясы 1894 жылы бұл жазба ескерткіштерді орыс тіліне аударып, 1894 ж.-1897ж. жариялады. Шын мәнінде Орхон жазбаларын дәл әрі толық аударған ғалым С.Е. Малов болды. Ол Орхон – Енисей жазбаларының бірнешеуін аударып, бастырған.
Орхон жазбалары түркілердің 630 жылдан бастап 680 жылға дейін жарты ғасыр бойы Қытай билеушісінің қол астында болғаннан және жаң хандардың билігінен құтылып аз уақытқа болса да өздерінің батыстағы тегі бір туыстарын өзіне бағындырғанын баян етеді.
2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық мемелекеттік университетінде Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі орнатылып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі 10 жылдығына арналған «Байырғы түркі мәдениеті: жазба ескерткіштер» атты халықаралық ғылыми теориялық конференция болып өтті.
Байырғы түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі ең көрнектісі 732 жылы Орхон өзенінің (Монғолия) бойына орнатылған тас ұстыны болса, осы ұстынның тарихта тұңғыш рет жасалған дәлме дәл ғылыми көшірмесі Астанамыздың төрінде, Еуразия мемлекеттік университетінің бас ғимаратындағы 1-ші атриумына мәңгілікке 2001 жылы 18-ші мамырда орнатылды.
«Түркі» сөзі біздің заманымыздан бұрынғы Y ғасырда брінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Осы кезде түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қаратеңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Ұлы даладатүркі мемлекетінің, түркі тілінің қалыптасу дәуірінен беретін Күлтегін ескерткішінде былай деп жазылады: «Әлемнің көгінде аспан төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуінің арасында адам бласы жаратылды. Азамат балсының үстінен менің бабаларым Бумын қаған мени Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, түркі заңдарын шығарып оны бекітті». Мұнда дүниенің төртбұрышын түгел өзіне табындырған алғашқы түркі қағандарының билік құрған уақытымен бйланысты суреттеледі.Махмуд Қашқаридің жазуы бойынша түркілерге шығу тегі жағынан түркі емес, бірақ түрнікше білген халықтардың бәрі жатқызылады. Ол барлық түркі халықтарын сролтүстік және оңтүстік деп екі топқа бөледі, әрқайсында он-оннан халық болған. Солтүстік топқа енгендер: печенегтер, қыпшақтар, оғыздар, яғма, башқұрттар, қырғыздар т.б. Оңтүстік тобына жататындар:шігіл, тухси, яғма, играк, жумыл, ұйғыр, хитайыл, табғаш.
Махмұд Қашқари таза түркі деп қырғыз, оғыз, тухси, шігіл, играк халықтарын атады.
Түркі халықтарының өзіндік дербес ел болуымен мемлекеттігі көрші елдерден мысалы славян, арап, тіпті парсы халықтарына қараған нашар дамыған түркі жұртының арасында шын мәнінде дербес мемлкекеті бар, тез өсіп, өркендеп келше жатқан ел- Түркия Республикасы. Ал Кеңестер Одағы кезімени айтатын болсақ, оның 583 ұлттық аумақтық құрылымының үштен бірі тарихи қалыптасқан түркғі тілді халықтадыукі соның бесеуі қазір тәуелсіз республикалар (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан , Азербайжан ), әзірше автономиялық республика құқығында -9 (Татарстан, Башқұрстан, Чуваш, Нахачеван, Қарақалпақстан, Дағыстан, Сақа елі, Тува, Қабарды-Балқар елі ), 3 автономиялық облыстар дәрежесінде (Хақас елі, Таулы Алтай, Қарашай- Черкес елі), ал 1-і автономиялық округ санатында (Дунған-Ненец елі).
Лекция тақырыбы: Ғұндар
1. Ғұндар тарихы бойынша тарихи деректер
2. Алғашқы орналасу террриториясы
3. Ғұндар империясының құрылуы
4.Еуропалық ғұндар
5. Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Б.з.б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Б.з.д. 4-3 ғғ. Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, б.з.д. 209 жылы бой көтеріп, б.з. 216 ж. дейін дәурен сүрді. Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Модэ) батыр. Б.д.д. 209 жылы Модэ әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, б.з.д 188 ж. ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.).
Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Моде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б.д.д. 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару б.д. 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б.з. 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың б.з.4 ғ. Шығыс және орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.
Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау,егіншілік дамыды.
Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлев тілі де түркі тілі болған. Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.
Ғұндардың қоғамы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген.Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректр ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.
Лекция тақырыбы: Ежелгі орта ғасырлардағы түркі мемлекеттері
1. Батыс түркі қағанаты
2. Шығыс түркі қағанаты
3. Түргеш қағанаты
4. Ұйғыр қағанаты
5. Қарлұқ қағанаты
Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Батыс Түркі қағанатының Қағанаттың этникалық саяси өзегі «он тайпа» (он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер (басқаша он-шадпыт) жайлады. Суяб қаласы (Қырғыстанның Тоқмақ қаласы маңында) ел астанасы болды, ал қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркістан қаласы жанында) еді. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түн жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанат күшейді. Мемлекет шекерасы Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжыды.
Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-егіншілік әдісімен де айналысты. Елдің халқы түркілер де, соғдылар да сауда-саттықпен, мал бағумен, қолөнермен, егіншілікпен қатар айналысты. Қағанаттағы бірінші тұлға - жердің қожасы, әскери билеуші - қаған болды. Қағанаттағы жоғары лауазымдар - жабғы, шад, елтебер, қаған әулетіне ғана лайық атақтар болды. Сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негізгі халқы - мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған, оларды «қара будун»(қара халық) деп атаған. Әлеуметтік жағынан тайпалар - ақ сүйек және вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-салық төледі. Соғыс тұтқындары құлға айналды.
Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғ. 20-ж. барлық ортағасырлық мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар - бір жағынан - Батыс Түркі қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан - Шығыс Түркі қағанаты, Иран және Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады. Сонымен, қарауындағы халықты ұстап тұруға, бағындыруға Батыс түркі қағанаттың орталық үкіметінің шамасы жетпейтін болғандықтан, Батыс Түркі қағанаты өзінің саяси және әскери күшін жоғалтуға мәжбүр болды. Осыны қытайдағы Тан империсы пайдаланып, Батыс Түркі қағанатқа қарсы соғыс жариялайды. Өзара (640-648, 656-657, 658-659 жж.) соғыстар, қырқыстар Жетісуға қытай әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеп соқты. Олар өздері қалаған адамдарын Батыс Түркі қағанатын билетуге тырысты. Барлық Батыс Түркі қағанаттың аймақтары екі губернаторлыққа бөлінді. Жаулап алынған жерлерде қаған орынбасарлары - тудундар алым-салықтың алынуын қадағалады.
679 ж. қытай саясатына қарсы Монголия мен Жетісуда шамамен бір уақытта көтерілістер болады. Монголиядағы көтерілісінің нәтижесі - Шығыс түркі қағанатың қайта орнату. Ал Жетісудағы көтерілісті қытай әскері күшпен басады. Енді барлық шаманы Шығыс Түркі қағанатың қайта бағындыруға салған кезде, Жетісудағы түркеш тайпалары халықты басқарып, 699 ж. (басқа деректер бойынша - 704 ж.) Батыс Түркі қанағатын қайта тәуелсіз мемлекет ретінде орнатады. Сонымен, қарсы тынымсыз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп, Жетісуда саяси жетекші күш болып шығады.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, «сары» және «қара» деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты «сары түргеш» деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - «қара түргеш».)
Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.
Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.
Түргеш қағанатында Үш-еліттен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді. Оның қазасынан кейін «сары» түргештер мен «қара» түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.
Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - қарлұқтар қалды.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді жәнеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.
Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол «бұлақ» деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде «үш қарлұқ» атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты.
940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
Лекция тақырыбы: Оғыз және Қарахандар мемлекеті
1. Оғыздар мемлекеті
2.Қараханиттер мемлекеті
1. Оғыз мемлекеті (9-11 ғғ. басы). 9-10 ғғ. Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар - бузук және үшүк (учук).
8 ғ. ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғ. бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғ. соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенеттерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.
Печенеттермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ продесс болды.
9 ғ. соңы мен 11 ғ. басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғ. б. араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғ.) еңбегінде айтылады.
Орта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғ. оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы - түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге - «иналамиға» - беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.
10-11 ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Европа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.
2. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.) негізін салған Сатұқ Боғра хан (915-955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. 10 ғ. сонына таман Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылды.
Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30-ж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталыпы Бұқарда болған, қарауына ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі - қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.
Арслан-хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады.
1056 ж. Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралыпы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059-1074) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Бограхан харунның (1075-1102)- Қашғар, Баласағұн мен хотан қожасының қоластына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжұқ сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Бограхан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадырхан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады.
Бұған бас себебі - қидан мемлекетінің құрылуы және оның жүргізген сыртқы әскери саясаты болып табылады.
12 ғ. екінші жартысында қидандар Батыс Түркі қағанатына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан-Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды. Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік дін ретінде - ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұн есімі кең мәлім болды.
Лекция тақырыбы: Хазар қағанаты
1. «Хазар» эхтнонимі. Этникалық құрамы
2. Хазар қағандығының құрылуы
3. Ішкі және сыртқы саясаты
4. Діни танымы
Хазарлардың тым ертеректегі өмір-тіршілігі жөніндегі маліметтер онша көп емес. Тек Атилла қайтыс болған кезде Еділдің төменгі сағасында тұрғаны белгілі. Олар VI ғасырда Еділ мен Дон өзені аралығы мен Кавказды билеп тұрған болатын. Сол ғасырдың екінші жартысына қарай сібірлерді өздеріне қосып алып, тез күшейе бастады.
Хазарлардың көршілерімен болған қарым-қатынасы жөнінде. Сасанитдердің Кавказдың оңтүстігін басып алып, жергілікті тайпаларды өзіне бағындыра бастауынан сескенген хазарлар византиялықтармен одақтасуға мәжбүр болды. Хазарлар 627— 628 жылдар арасында кавказдықтарды бағындырды. Сол батыста хазарлардың қолдануына арқа сүйеген Византия армиясы Иранның ішкі өлкелеріне дейін сүғына кіріп, зор жеңістерге жетті.
Хазар қағандығы — Батыс түркі қағандығының, ыдырауынан кейін төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде ҮІІ ғасырдың ортасында құрылған алғашқы феодалдық мемлекет. Астанасы — Семендер (Дағыстанда). Кейін Итил қаласы болды (Төменгі Еділде). Хазар қағандығы Солтүстік Кавказды, Еуропадан Днепрге дейінгі жерлерді иелеңці. Хазарлар — түркі тегінен шыққан халық, олар Шығыс Еуропада ІҮ ғасырдағы хундар заманында пайда болды. ҮІ ғасырда хазарлар Бірінші (Батыс) Түркі қағандығының құрамына кірді, олар түркі тілінде сөйледі. Ол туралы Орхон-Енисей жазуларында айтылады. Хазар тілі бұлғар және чуваш тілдерімен тығыз байланыста.
Хазар қағандығы 735 жылы Кавказдың арғы бетінде арабтардан жеңілді. VIII ғасырдың басыңда Византияның әсерінен хазарларға христиан діні тарала бастады. Арабтар ислам дінін, Византия христиан дінін енгізуге тырысты. VIII ғасырдың бірінші жартысында (731 ж.) Солтүстік Дағыстандағы хазарлардың бір тобы иуда дінін қабылдады. VIII ғасырдың аяғы мен IX ғасырдың басында хазарлар ұрпағы — Обадия Хазар қағандығын басқарды да, өздерінің мемлекеттік дінін иуда деп жариялады. Бірақ осы кезде хазарлар мүсылман мәдениетінің шекаралық облыстары Хорезммен көрші еді. Ал хазарлар хорезмдіктерге қарсы 764 жылы Кавказдың мұсылман облыстарына жорық жасады.
Хазар елі тікелей халифатпен, олардың бас қаласы Итил мұсылман елімен шекаралас болды.
Орыстардың Еділ бассейініне қол сұғуынан бұрын Хазарлар шығыс славян әлеміне шабуылдап өткен еді. (Біз IX ғасырдың екінші жартысында бірнеше славян халқы хазар қағанына салық төлегенін орыс шежірелері арқылы білеміз.) Хазарлар солтүстікке терендеп енген бұл кезде орыстар әлі нормандар деп аталатын. Орыстар швед тілінде сөйлеген кезде солтүстік Новгородқа жақын жерде тұрған орыс князі қаған шенін иемденгені де тарихтан белгілі. Кейіннен орыс патшасының өз туыстарына, балаларына неміс сөзінен шыққан "князь" термині жиі қосылып, тұрмыста қолданылып кетті.
IX ғасырда Балтық теңізінен Қара тенізге дейінгі аймақ орыстар құрған мемлекет болды. Орыстар хазар хандығынан бірнеше рет соққы жеді. Орыстар 910—915 жылдары Камадая Каспий теңізіне, Хазарға Святослав шапқыншыларын жіберген кезде оларды хазарлар жойып жібергені де тарихтан белгілі.
Мұсылмандар дерегі бойынша орыстардың 943—944 жылдары жасаған шапқыншылығы кезінде Кавказ мүсылмандарының бас қаласы — Бердьев, соңдай-ақ хазарлар қоныстанған жерлер тонауға түсіп, қиратылған. Святославтың үшінші жорығы 965 жылы Хазар қандығына қарсы бағытталды. Бұдан соң бірнеше жыл бойы хазарлар Дағыстанға шектескен жерімен қоса орыстардың қол астында болды. Бірақ кеп уақыт өтпей-ақ орыстар өзі жаулап алған жерді тастап кеггі де, кейін Хазар қағандығы қайта қалпына келді. Ресей үшін бұл сәтті кетіс болды. Егер Святослав Итилде қалып қойған болса, онда орыстар мүсылман әсеріне еріксіз тап болар еді.
Бұл оқиғаның барысын түсіну үшін сол князь Святославьтың басқа жерлердегі әрекетіне назар аудару керек. Оның нормандарға және Батыс Еуропаға жасаған жорықтары алғашында тонаушылық сипатқа ие болды. Орыстардың Каспий теңізіндегі алғашқы қимылдары да осылай болатын.
964—965 жылдары орыс князі Святослав Игоревич Еділге жорық жасап, Хазар қағандығын талқандады.
Хазар қағандығы X ғасырда түгелімен ислам дініне кірді.
Ішкі қайшылықтары мен көшпелі халықтардың шабуылынан талқандалған Хазар қағандығы XI ғасырдың басында өмір сүруден біржола қалды.
Хазар мемлекетінің қүлауына орыстардың жеңісінен басқа мынадай себептер әсер етті: түркі тайпаларының арасында "кундар" немесе "кайилар" деп аталатын түркілердің сонау шығыстағы бір бұтағы осы аласапыран жылжулар кезінде Сырдарияның төменгі ағысындағы ғұздардың иеліктеріне бірінші болып бас сүққан болатын. Осыдан бұрынырақта ғүздардың жартысы ислам дінін кабылдап, екінші жартысымен қырқысып жатқан. Осы қырқысудың арқасыңца ғүз немесе түрікмен халқының жартысы парсы еліне қоныс аударған. Олар барып алдыңғы Азияда Селжуктар империясын қүрды. Ғүздардың екінші жартысының үрыс салып батысқа қарай жылжуы Хазар хандығының қүлауын тездетті. Хазарлар туралы соңғы деректі араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің жазын, курдтардың қолбасшысы Фазлун 1030 жылы хазарларға жорық жасағаны туралы баяндайды.
Қорыта келгенде, хазарлар хандығы ҮІІ-ІХ ғасырлар арасында үздіксіз есіп үлғая берді, хандықтың шығыс шекарасы Жайық (Орал) өзенінен бастап, батысқа Дон өзеніне дейін, ал солтүстікте Мәскеу маңынан, оңтүстіктегі Аралға дейін созылып жатты. Бұл аумақтың ішінде бұлғарлар, ма-жарлар, толын жатқан фин қауымдары, славяндар, кавказдық құрама халықтар т.б. тайпалар аралас-құралас тіршілік етті. Сонысына қарамай, сол бір заманда аталмыш үлан-байтақ өңірде біршама тыныштық, жайлы өмір сүру мүмкіндігі жасалған болатын.
Хазарлар хандығының қүлауы. IX ғасырдың екінші жартысында Еділден өтіп шабуылдай кірген печенегтер хазарлардың апшысын қуырып, сарсануа түсірді. Хазарлардың күн көріс көзі болған сауда-саттық ісі тығырыққа тірелді. Ақыры X ғасырдың соңын ала хазарлардың туы жығылып күйреді. Қолда бар дерек көздерінде келтірілген мәліметтер тым аз болғандықтан нақтылы қай жылы Хазар теңізі (Каспий) деп аталғаны белгісіз. Бұл да сол хазар халқының атынан қалған бір белгі еді.