Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турк мем тар кеш 2010-2011.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
335.87 Кб
Скачать

Ф-ӘД001/026

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика факультеті

Жалпы тарих кафедрасы

«Бекітемін»

ХҚТУ оқу-әдістемелік ісі жөніндегі

вице-президенті техн. ғ.д., профессор

.........................................С.Қ. Тұртабаев

«........».......................................2011 ж.

«ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ» пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандық аты, шифры: 050201-Философия, 050501-Әлеуметтану,050301-Құқықтану, 050302-Халықаралық қатынастар, 050101-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 050102- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 050103-Педагогика және психология

Оқу формасы: күндізгі

Курс: ІІІ

Ү сем

ҮІ сем

Барлығы:

Кредит саны:

1

1

Саѓат саны

45

45

Лекция:

Практикалық

____15____

____15____

Семинар:

-

-

Лабораториялық

ОБС¤Ж:

15

15

СӨЖ:

15

15

Аралыќ баќылау (АБ)

2

2

Қорытынды бақылау:

емтихан

емтихан

Оқу-әдістемелік кешенді құрастырған: т.ғ.к., аға оқытушы Төлегенов Еділ Мейірбекұлы

Мекен жайы, тел және Е-mail: Түркістан қ. Кенесары 2/2, 87057034071, Edil79@rambler.ru

Кафедрадағы жұмыс уақыты: 8:30-16:00

СӨЖ қабылдау күндері, уақыты және қабылдау орны: Жұма, 12:30, 201 каб.

Түркістан-2011

Оқу әдістемелік кешен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Жалпы тарих» кафедрасының «29» тамыз 2008 жылғы кафедра мәжілісінде бекітілген типтік оқу бағдарлама негізінде дайындалған.

Оқу әдістемелік кешенді дайындаған: т.ғ.к., аға оқытуы Төлегенов Еділ Мейірбекұлы

Оқу әдістемелік кешен кафедраныњ №1 хаттама «02» 09. 2011 ж. мєжілісінде қаралды.

Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Э.Зұлпыхарова

Оқу әдістемелік кешен Тарих-педагогика факультетінің №1 «03» қыркүйек 2011 ж.

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы п.ғ.к., доцент Ү.Мелдебекова

1. Кіріспе

Пєн туралы қысқаша сипаттама. Өз дәуірлерінде әлемді дүр сілкіндірген түркі халықтарының тарихын зерттеу қарқыны бүгінгі таңда күн өткен сайын арта түсті. «Қызыл империяның» басқару жылдарында мұндай мүмкіндік берілмеген-ді. Сол жылдары түркі халықтарының тарихы бір-бірінен бөлек зерттеліп, империяның идеологияландырылған тарихына тәуелді етіліп келді. Осы тұста Кеңес өкіметінің түркі халықтарын өз мәдениетінен, әдет-ғұрпынан, төл тарихынан ажыратып, орыс мәдениетінің ішінде ерітуді көздегенін атап өткен абзал. Себебі Ұлы Дала кеңістігінде түркілер империялар құрып, көршілес мемлекеттермен бірде сауда-экономикалық, мәдени және саяси байланыстар құрған, бірде оларға шабуылдар ұйымдастырып, тәуелсіздіктеріне қауіп төндірген.

Көне түркілер батыс пен шығысты байланыстыратын көпір қызметін атқаруымен қатар, Ұлы Жібек жолының дамуына үлес қосты, мәдениетін дамытты. Қытайдың, Рим империясының, Византияның және Иранның ішкі саяси өмірлерінде іздерін қалдырды. ҮІ ғасырдың соңында түркілердің территориялық шекарасы батыста Византиямен, оңтүстікте Парсы елі және Үндістанмен, шығыста Қытаймен шектесті.

Түркі халықтарының тарихын әлеуметтік байланыстар тұрғысынан және олардың саяси тарихын зерттеу талпыныстары жүргізілгенімен, бүгінгі таңда тұтас түркі халықтарының шынайы тарихын айқындайтын еңбектер санаулы. Ал КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіздіктерін алған түркі мемлекеттері мен автономды түркі республикалар түркілер тарихын өз ұстанымдары негізінде жазуға бет бұрды. Бұл үрдістің әрі қарай дамуына байланысты түркілердің төл тарихы өз бағасын алмай келеді.

ХІХ ғасырдың соңна дейін түркі халықтарының тарихы зерттелмей келгенін де атап өткен жөн. Отарланған халықтардың тұтас тарихын зерттеу мәселесі Ресей империясының мүддесіне қайшы келетін. І Петр кезінен бастап, түркі халықтарының мұрасы, жазба әдебиеті және т.б. материалдық мәдениеті сатылы түрде жойылатын. Батыс ғалымдары болса түркі халықтарының тағдыры ендігі жерде Ресей империясының құрсауында дамиды деген тұжырымдар жасайтын.

Пәннің мақсаты: Түркі мемлекеттері тарихы пәні студенттерге өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ жаһандану процессінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды мақсат етеді.

Пәнді оқыту міндеттері

  1. Болашақ мамандарды төл тарихын білуде түркі халықтарының тұтас тарихын жеткізу.

  2. Студенттердің ғылыми қөзқарасы мен санасын қалыптастыру, сонымен қатар тарихы ерекшеліктерін үйрету.

  3. Түркі мемлекеттері тарихы курсын оқып білудің нәтижесінде:

  • ұлжандылық пен отансүйіспеншілік сезімдерін ояту;

  • тұтас тарихи тағдырлас халықтардың қазіргі таңда даму ерекшеліктерімен, олардың даму перспективаларын ашып көрсету;

  • жаһандану заманында азындық халықтардың ұлттық болмысын сақтау жолдары мен оны іске асыру мәселелеріне талдау жасай отырып, студенттердің дұрыс шешім қабылдауына көмектесу;

  • студенттердің тарихи санасын қалыптастыруда түркі халықтарының тұтастық тарихын уағыздау;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]